«Көркем еңбек» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі



бет2/6
Дата27.09.2022
өлшемі144,9 Kb.
#40518
1   2   3   4   5   6
Көркем еңбек
Бастауыш сыныптардағы жаңартылған оқу бағдарламасының ерекшелігі «Бейнелеу өнері» және «Еңбекке баулу» оқу пәндерін біріктіретін «Көркем еңбек» кіріктірілген пәнін енгізу болып табылады. Ол әртүрлі шығармашылық әрекет барысында көркем-технологиялық білімдерді, қабілеттер және дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.
Түрлі материалдармен жұмыс істеу білім алушылардың технологиялық ойлауын, көркем-эстетикалық талғамын, шығармашылық, есте сақтау қабілеттерін, кеңістіктік қиялын, фантазиясы мен қол моторикасын дамытуға, көзбен нақты мөлшерлеу қабілетін жетілдіреді.
«Көркем еңбек» оқу пәнінің маңыздылығы шынайы болмысты эстетикалық қабылдауды және еңбекқорлыққа тәрбиелеуді, адамның қоршаған әлеммен өзара байланысы туралы білімді қалыптастырудың бірден-бір құралы болып табылады.
«Көркем еңбек» пәнін оқытудың мақсаты – жеке тұлғаның қалыптасуы және өз ойын білдіруінің негізі ретінде, рухани-адамгершілік мәдениетін дамыту, шығармашылық, кеңістіктік-образдық ойлауын, көркемдік-технологиялық білімінің негізін қалыптастыру.
Оқу бағдарламасының мазмұны көркемдік-шығармашылық іс-әрекеттің алуан түрін қарастырады. Сабақта іске асырылатын қөркемдік іс-әрекеттің түрлерін «Көркем еңбек» пәнінің мұғалімі анықтайды. Сонымен бірге міндетті түрде қөркемдік іс-әрекеттің үш түрі жүзеге асырылады: конструктивті, бейнелеу, сәндік.
«Көркем еңбек» пәні бойынша қалыптастырушы бағалау өткізіледі. Пән бойынша білім алушылардың қалыптастырушы бағалау нәтижелері оқушылар мен ата-аналарға берілетін кері байланыс үшін материал болып саналады.
«Көркем еңбек» пәні бойынша жартыжылдық соңында және оқу жылының соңында «есептелінді»/«есептелінген жоқ» бағасы сынып журналына қойылады.
Оқу процесінде әр түрлі жұмыстарды орындау барысында еңбек гигиенасының және қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтау қажет.
«Көркем еңбек» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
1) 1-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 33 сағат;
2) 2-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағатты құрайды. 5,7-сыныптарға арналған «Көркем еңбек» пәнінен жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасы оқу мақсаттары жүйесі арқылы ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Оқу бағдарламасының мақсаты – өнер және еңбек технологиясы саласында функционалды сауаттылықты қалыптастыру, шындыққа шығармашылықпен қарайтын тұлға дамыту.
«Көркем еңбек» оқу пәнінің бағдарламасы:
- қоршаған ортада өнер, дизайн мен технология туралы түсінік пен білімді дамытуға;
- Қазақстан және әлем халықтарының көркем-мәдениет мұрасын оқып үйренуге;
- өнер мен дизайнның көркем тәсілдері арқылы шығармашылық идеяларды, технологиялық дағдыларды дамытуға;
- зерттеу, жасау, талдау, нысандарды көркем түрлендіру үдерісінде оқушылардың шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытуға;
- оқу қызметінің барлық түрлерінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану арқылы тәжірибе алуға (зерттеу, идеялардың шығармашылықпен іске асыру, жұмыстардың таныстырылымы);
- жұмыс нәтижесі үшін түрлі ақпарат көздері мен ресурстарының маңыздылығын түсіне отырып, зерттеу мен пайдалануға;
- эстетикалық, еңбекке баулу, экономикалық, экологиялық, патриоттық тәрбиелеу мен рухани-өнегелік құндылықтарын қалыптастыруға;
- уақыт, материалдың қасиеті мен басқа да факторлардың әсерін анықтап және оны ескере отырып қызметін өз бетінше жоспарлай алуға;
- оқу мақсаттарына жетуде бірігіп жұмыс істеуді ұйымдастыру (жеке, жұптық және топтық жұмыс) бойынша тәжірибе жинауға бағытталған.
Жалпы негізгі білім беру жүйесіндегі «Көркем еңбек» пәнінің ерекшелігі әртүрлі өнер түрлерін зерделеу, идеяларын өнер тәсілдері арқылы көрсету, әмбебап (тұрмыстық) және арнайы (пәндік) білімдер мен икемділікті, материалдар мен нысандарды түрлендіру және көркем өңдеу дағдыларын, үй шаруашылығын жүргізу, технологиялар мен техниканы қолдану машықтарын иелену болып табылады.
«Көркем еңбек» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

  1. 5-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты;

  2. 7-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты құрайды.

Оқу бағдарламасының мазмұны материалдарды 5 ортақ білім беру бағыттары арқылы оқып-үйренуді қарастырады:
- Визуалды өнер;
- Сәндік-қолданбалы шығармашылық;
- Дизайн және технология;
- Үй мәдениеті;
- Тамақтану мәдениеті.
«Визуалды өнер» мен «Сәндік-қолданбалы шығармашылық» бөлімдерінің тақырыптары ер балалар мен қыз балалар үшін бірдей.
«Визуалды өнер» бөлімінің мазмұны:
- классикалық және заманауи өнер;
- қазақстандық суретшілердің шығармашылы;
- бейнелеу өнері жанрлары мен түрлері;
- сандық өнер (фотосурет, анимация, медиа құралдар);
- бейнелеу (визуалды) өнерінің көркем тәсілдері;
- көркемдік материалдар және техникалармен эксперименттеу бөлімдерін қамтиды.
«Сәндік-қолданбалы шығармашылық» бөлімінің мазмұны:
- сәндік-қолданбалы өнер ерекшеліктері мен негізгі пішіндері, Қазақстанның және басқа елдердің сәндік-қолданбалы өнері;
- сәндік-қолданбалы өнер материалдары, технологиялары мен құралдары; Ұлттық ою-өрнек; Ішкі көріністі сәнді безендіру қарастырады.
«Дизайн және технология» (ер балалар) бөлімінің мазмұны:
- негізгі конструкциялық, табиғи, жасанды және дәстүрлі емес материалдарды;
- материалдарды өңдеу құралдары мен жабдықтарын;
- материалдарды әртүрлі тәсілдермен өңдеуді;
- әртүрлі материалдардан бұйым дизайнын;
- ұлттық тұрмыстық заттарды дайындау технологиясын;
- қазақстандық және әлемдік сәулет ескерткіштерін;
- макеттеуді;
- ішкі көрініс дизайнын;
- робототехника, көлік құралдарын модельдеуді қамтиды.
«Дизайн және технология» (қыз балалар) бөлімінің мазмұны:
- негізгі тоқыма, табиғи, жасанды және дәстүрлі емес материалдарды;
- тоқыма материалдарын өңдеу құралдары мен жабдықтарын;
- тоқыма материалдарын әртүрлі тәсілдермен өңдеуді;
- тоқыма материалдарынан бұйым дизайнын;
- сән индустриясын, стиль және образ, ұлттық киім элементтерін дайындау технолоиясын қамтиды.
«Үй мәдениеті» бөлімінің мазмұны (ер балалар):
- тұрғын үйдің экологиясын;
- өсімдік шаруашылығы, сәндік өсімдіктер шаруашылығы, ландшафтты дизайн негіздерін;
- электр қуатының көздері туралы жалпы мәліметтерді, тұрмыстық техника және электр құралдарын қолдану мен жөндеуді;
- тұрмыстық жөндеу жұмыстарын, ішкі көріністі ұйымдастыру мен жоспарлауды қамтиды.
«Үй мәдениеті» бөлімінің мазмұны (қыз балалар):
- жеке гигиенаны, тұрғын үй экологиясын;
- өсімдік шаруашылығы, сәндік өсімдіктер шаруашылығы, ландшафтты дизайн негіздерін;
- киім күтімі мен ұзақ мерзімді сақтауды қамтиды.
«Тамақтану мәдениеті» бөлімінің мазмұны:
- дұрыс тамақтану негізін;
- дастарқан басында өзін-өзі дұрыс ұстау ережелерін, дастарқанды жабдықтауды;
- тағам әзірлеу технологиясын; Әлем халықтарының тағамдарын қамтиды.
Жалпы негізгі білім беру жүйесіндегі «Көркем еңбек» пәнінің ерекшелігі әртүрлі өнер түрлерін зерделеу, идеяларын өнер тәсілдері арқылы көрсету, әмбебап (тұрмыстық) және арнайы (пәндік) білімдер мен икемділікті, материалдар мен нысандарды түрлендіру және көркем өңдеу дағдыларын, үй шаруашылығын жүргізу, технологиялар мен техниканы қолдану машықтарын иелену болып табылады.
Ұзақ мерзімді және орта мерзімді жоспарларда ұсынылатын әрекет түрлері, «Өнер» білім саласы бойынша тақырыптар бейнелеу өнері мен көркем еңбек компоненттерінің мәнмәтінінде оқылатындай етіп құрылған Қысқа мерзімді жоспар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет