«Көркем жазу» бағдарламасының мақсаты


Оқушының сабаққа қамтылуы



бет22/41
Дата15.12.2023
өлшемі4,27 Mb.
#138725
түріСабақ
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   41
Оқушының сабаққа қамтылуы

Барлық оқушылар: Топта, жеке жұмыс істеуді үйренеді; Жаңа білім туралы ақпараттарды біледі; Адам өміріне маңыздылығын түсінеді.

Оқушылардың басым бөлігі: Тақырыпты күнделікті өмірмен байланыстыра алады, тапсырмаларды түсінеді.

Кейбір оқушылар: Өз бетімен жұмыс жасау барысында белсенділік танытады; еркін сөйлейді.

Күтілетін нәтиже

-әріптерді каллиграфия талаптарына сай жазуға дағдыланады;
-әріптер сырын толық игеруге мүмкіндік алады;
-грамматикалық тапсырмаларды орындай алуға машықтанады;
-шығармашылық тапсырмаларды орындап үйренеді.
- сауатты жазу дағдылары қалыптасады;

Алдыңғы тақырып
/үй тапсырмасы/

И, Й әріптері. Ит

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы
/Миға шабуыл/
Қызығушылықты ояту



Сәлемдесу, журнал толтыру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Оқушының жұмыс дәптері

Ортасы
Мағынаны тану



1- тапсырма. Ғ, Г әріптерін көркем жаз
Е с і ң д е с а қ т а!
Ғ-дауыссыз, ұяң дыбыс
Г-дауыссыз, ұяң дыбыс
2- тапсырма. Өлеңді көшіріп жаз
Мектеп қамқор анамыз,
Өсіп білім аламыз.
Өнерпаз боп өсетін,
Біз оқушы баламыз.
Ғарыш
Жерді қоршаған бүкіл дүние Әлем немесе Ғарыш деп аталады. Адам ерте кезден ақ Әлем денелерінің Жердегі құбылыстарға әсерін зерттеп, білуге тырысқан. Аспан әлемінде көптеген жұлдыздар, шоқ жұлдыздар бар. Аспан әлемінде 9 ғалам бар. Сол ғаламның үшіншісі Жер деп аталады. Ал біздер сол Жер ғаламында өмір сүреміз.
Тапсырма: Ғарыш сөзіне дыбыстық талдау жаса
Ғ-________________________________________
а-_________________________________________
р-_________________________________________
ы-_________________________________________
ш_________________________________________


3-тапсырма. Адасқан буынды тап және жаз
Үйге тапсырма: Жаттап келу
Гитара мен гармонды,
Грециядан әкелді.
Газет, галош, мәсіні,
Гүлім әпке әперді.

Соңы
/Ой қозғау/
"Кім жылдам?"



Сыныбыңда кімнің есімі Ғ, Г әрпінен басталған?
(Оқушылыр тақырып бойынша бір-біріне сұрақ қояды)

Кері байланыс

"Екі жұлдыз, бір тілек"

Бағалау

Смайликпен бағалау

Қосымша ақпарат

Ғаламтордан, газет-журналдардан таңдаған тақырыптары бойынша мәліметтер жинау



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет