«Көркем жазу» бағдарламасының мақсаты


Оқушының сабаққа қамтылуы



бет29/41
Дата15.12.2023
өлшемі4,27 Mb.
#138725
түріСабақ
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   41
Байланысты:
1 сынып Көркем жазуу

Оқушының сабаққа қамтылуы

Барлық оқушылар: Топта, жеке жұмыс істеуді үйренеді; Жаңа білім туралы ақпараттарды біледі; Адам өміріне маңыздылығын түсінеді.

Оқушылардың басым бөлігі: Тақырыпты күнделікті өмірмен байланыстыра алады, тапсырмаларды түсінеді.

Кейбір оқушылар: Өз бетімен жұмыс жасау барысында белсенділік танытады; еркін сөйлейді.

Күтілетін нәтиже

-әріптерді каллиграфия талаптарына сай жазуға дағдыланады;
-әріптер сырын толық игеруге мүмкіндік алады;
-грамматикалық тапсырмаларды орындай алуға машықтанады;
-шығармашылық тапсырмаларды орындап үйренеді.
- сауатты жазу дағдылары қалыптасады;

Алдыңғы тақырып
/үй тапсырмасы/

З, Ә әріптері. Зығыр

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы
/Миға шабуыл/
Қызығушылықты ояту

Сәлемдесу, журнал толтыру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Оқушының жұмыс дәптері

Ортасы
Мағынаны тану



1- тапсырма. Ж, П әріптерін көркем жаз


Е с і ң д е с а қ т а!
Ж-дауыссыз, ұяң дыбыс
П-дауыссыз, қатаң дыбыс
2- тапсырма. Суретке қарап сызба бойынша сөйлем құра




Жаңылтпашты кім тез жаттай алады?
Пеш үстінде бес мысық,
Бес күзетші – бес пысық


Жайлау


Жайлау – жазғы қоныс. Жайлауды суы мол, шөбі шүйгін, маса-сона, шыбын-шіркейі аз жерлерден таңдайды. Онда жылдың үш маусымында да ел болмайды. Күзде иен жұртқа қаулап майда көк өседі. Қыста аппақ қар басып жатады. Ал жазға қарай жайлаудың шөбі жетіле бастайды. Ол кезде жер беті масаты кілемнің түріндей құлпырады. Қыста әбден арықтап, көтерем болып шыққан мал жайлауға іліккеннен соң-ақ тойынып секіреді. Мал ғана емес, адамдар да серігіп, жиын-той өткізіп, аунап-қунап қалады. Бие байлап, қымыз ішеді, айран ұйытып, құрт жинайды, ірімшік қайнатады. Қысқа арнап азық-түлік жинайды.
Тапсырма: Буынға бөлінбейтін сөздерді теріп жаз
3-тапсырма. Ребусты шешіп, сөйлем құрап жаз
7+ су, 5 + ік, 100 + ім
Үйге тапсырма: Тақпақты жаттау
Пернеш келді дүкенге,
Пияз, сәбіз алмақшы.
Пісіруге дәмді ас,
Палауға оны салмақшы.

Соңы
/Ой қозғау/
"Кім жылдам?"
10 мин

Сыныбыңда кімнің есімі Ж, П әрпінен басталған?
(Оқушылыр тақырып бойынша бір-біріне сұрақ қояды)

Кері байланыс

"Екі жұлдыз, бір тілек"

Бағалау

Смайликпен бағалау

Қосымша ақпарат

Ғаламтордан, газет-журналдардан таңдаған тақырыптары бойынша мәліметтер жинау



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет