Сәлемдесу, журнал толтыру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Оқушының жұмыс дәптері
Ортасы Мағынаны тану
1- тапсырма. Б, Х әріптерін көркем жаз Е с і ң д е с а қ т а! Б-дауыссыз, ұяң дыбыс Х-дауыссыз, қатаң дыбыс 2- тапсырма Менің атым Көркем. Мен Астана қаласында тұрамын. Наурыз мерекесіне орай, ауылдағы атам маған хат жазыпты.
"Айналайын, Көркемжан. Халдарың қалай, әке-шешең аман ба, сабағың қалай? Бізде бәрі жақсы, әжең екеуміз сендерді сағындық. Ал енді, жыл басы Наурыз мерекесі құтты болсын. Сендерге бір бата беріп жіберейін:"
Ұлыс күні қазан толса,
Ол жылы ақ мол болар.
Ұлы кісіден бата алса,
Сонда олжалы жыл болар.
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын.
Қайда барса жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін,
Бәле-жала жерге енсін!
Енді мен атам мен әжеме хат жазайын.
Құрметті, ата-әже! 3-тапсырма. Жаңа сөздерді тап
Үйге тапсырма: Тақпақтарды жаттап келу Бота, бұзау, балапан,
Бақ ішінде ойнап жүр.
Бұлақ жақта бақа көп,
Бақ-бақ қуып Мойнақ жүр.
Соңы /Ой қозғау/ "Кім жылдам?"
Сыныбыңда кімнің есімі Б, Х әрпінен басталған?
(Оқушылыр тақырып бойынша бір-біріне сұрақ қояды)