Сәлемдесу, журнал толтыру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Оқушының жұмыс дәптері
Ортасы Мағынаны тану
1- тапсырма. С, Д әріптерін көркем жаз Е с і ң д е с а қ т а! С-дауыссыз, қатаң дыбыс Д-дауыссыз, ұяң дыбыс 2- тапсырма. Баспалдақ ойыны. Үлгі: су,
С -
С - -
С - - -
С - - - -
Жұмбақты шешейік. Білезікке қарайық,
Ұқсайды оған қай әріп? Жауабы: Сергіту сәті.
Дың – дың қоңыраумын,
Дың- дың соғыламын,
Дың – дың мектепке
Дың-дың шақырымын.
Сағат Сағат - тәуліктiң ағымдағы уақытын анықтайтын және бір тәуліктен кіші уақыт аралықтарының ұзақтығын бірліктермен өлшейтін құрал. Сағаттың түрлері: қалта сағаттары, қол сағаттар; үстелге қоятын сағаттар, қабырға сағаттары, жерде тұратын сағаттар, мұнаралы сағаттар, күн сағаттары, жалынды сағаттар, құмсағаттар, механикалық сағаттар, кварц сағаттары, электрондық сағаттар, астрономиялық сағаттар, атом сағаттары.
Тапсырма: Сағат, қалта, қабырға, уақыт сөздерін буынға бөліп жаз. 3-тапсырма
Үйге тапсырма: Тақпақты жаттап келу Сарымсақ, жуа, ет қосып,
Сәлима самса пісірді.
Сүттен жасап тәтті ас,
Сүзбені шиден түсірді.
Соңы /Ой қозғау/ "Кім жылдам?"
Сыныбыңда кімнің есімі С, Д әрпінен басталған?
(Оқушылыр тақырып бойынша бір-біріне сұрақ қояды)
Рефлексия Сабақтың мақсаты мен оқу мақсаттары орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді?
Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?
Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма ? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)
Уақытты қалай пайдаландым?
Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?