Көркем қолданбалы өнер жəне кəсіптік білім кафедрасы



Pdf көрінісі
бет5/8
Дата12.03.2017
өлшемі0,5 Mb.
#9045
1   2   3   4   5   6   7   8

 

 

1) Құрастыру 

сызбаларын 

бөлшектеу реті. 

2) Басты көріністі 

таңдау. 


3) Қималар мен 

тіліктерді 

орналастыру. 

2)  Құрастырылған 

сызбалардағы 

кескіндер 

8  [1] Борисов Д.М. и др. 

Черчение М., 

Просвещение, 1988;  

261-270 бет.   

[2] Боголюбов С.К., 

Воинов А.В. Черчение. 

М., Машиностроение, 

1982; 263-266. 

[21] Селиверов М.М. 

Черчение М., В.Ш., 

1985;  292-295 бет. 

Сұлба 


 

 

1) Жалпы мəлімет 



беру.                                    

2) Сұлбалардың 

түрлері жəне 

типтері. 

3)Сұлбаларды 

орындауға 

қойылатын 

талаптар. 

9  [1] Борисов Д.М. 

Черчение. М., 

Просвещение, 1988;  

271-275 бет. 

[2] Борисов С.К. 

Воинов А.В. Черчение. 

М., Машиностроение, 

1982, 266-267 бет. 

[21] Селиверстов М.М. 

Черчение. М., В.Ш. 

1985;  195-197 бет. 

10 


Механизмінің 

кинематикалық 

сұлбасын 

тұрғызу.  

  

 

Студентерге 



механизмнің 

кинематикалық 

сұлбасының 

орындалуын 

үйрету.  

 

1



[1] Борисов Д.М. И др. 

Черчение. М., 

Просвещение, 1988, 

279-284 бет. 

[2]Боголюбов С.К. , 

Воинов А.В. Черчение. 

М., машиностроение, 

1982, 267-276 бет. 


[19]  Василенко  Е.А. 

Практикум 

по 

черчению. 



М., 

Просвещение, 

1986, 

134-150 бет. 



11 

Сұлбалар. 

  

 

1) Электрлік сұлба                           



2)Пневматикалық 

сұлба                                   

3) Гидравликалық 

сұлба. 


 

1



[1] Борисов Д.М. и др. 

Черчение М., 

Просвещение ,1988; 

279-284 бет. 

[2]Боголюбов С.К. , 

Воинов А.В. Черчение. 

М., Машиностроение, 

1982; 270-279. 

[22]Федоренко 

В.А.,  Шошинов  А.И. 

Справочник 

по 


машиностроительному 

черчению. 

Л., 

Машиностроение, 



1981, 397-414 бет. 

12 


Құрылыс 

сызбалары. 

  

1) Құрылыс 



сызбалары туралы 

жалпы мəлімет.                                    

2) Құрылыс 

құжаттарының 

түрлері.                        

3) Құрылыс 

сызбаларын оқу. 

 

1



[1] Борисов С.Д. и др. 

Черчение. М., 

Просвещение, 1988;  

304-308 бет. 

[2] Боголюбов С.К., 

Воинов А.В. Черчение. 

М., Машиностроение, 

1982; 279-281 бет. 

[23] 


Анисимов 

А.А.  и  др.  Черчение  и 

рисование. 

М., 


Стройиздат,  1983;  281-

283 бет 


13 

Құрылыс 


сызбалары. 

 

1) Қабаттар 



жоспары.                                    

2) Құрылыс 

сызбаларындағы 

кескіндер: үйдің 

тілігін орындау. 

 

1



[1] Борисов Д. , 

Черчение. М., 

Просвещение, 1988; 

Стр.308-324. 

[2] Боголюбов С.К., 

Воинов А.И. Черчение. 

М., Машиностроение, 

1982, 279-285 

 

14 



Ғимараттың 

жоспарын 

тұрғызу. 

1.Құрылыс 

сызбаларын оқу 

жəне орындау. 

1



[17]Киров Ю.И. 



Строительное 

черчение и рисование. 



 

2.Ғимарат 

бөліктерінің 

орындалу реті. 

 

М., В.Ш.1988; 111-123 



бет. 

[2] Боголюбов С.К., 

Воинов А.В. Черчение. 

М., Машиностроение, 

1982; 279-281 бет. 

[14] Брилинг Н.С. 

Задания по черчению. 

М., Стройиздат, 1984, 

174-179 бет 

15 


Құрылыс 

сызбалары. 



 

 

Ғимараттын 



тілігін жəне 

фасадын тұрғызу. 

 

1



[1]  Борисов Д.М. и др. 

Черчение. М., 

Просвещение , 1988; 

325-333 бет.                   

[4]  Брилинг Н.С. 

Задания по черчению 

М., Стройиздат, 1984 

 

7. ПРАКТИКАЛЫҚ, СЕМИНАРЛЫҚ, ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ 

ЖƏНЕ СТУДИЯЛЫҚ  САБАҚТАРҒА  ƏДІСТЕМЕЛІК  НҰСҚАУЛАР. 

№ 1 студиялық  сабақ 

Тақырып: Сызбаға өлшемдер түсіру əдісі 

Студиялық сабақтың мазмұны:  

Техникалық бөлшектердің көрінісін тұрғызу жəне өлшемдер түсіру.  



Студиялық сабақтың мақсаты: Бөлшек сызбасын дұрыс оқу жəне қажетті 

мəліметтерді сызбаға түсіру əдістерін үйрету. 



Тақырыпта қолданылатын сөздер: проекция, нұсқама, МСТ.  

Қарастырылатын негізгі сұрақтардың қысқаша мазмұны: 

Сызбада  кескінделген  нəрсенің  мөлшерін  көрсету  үшін  өлшем  сызықтарын 

жүргізеді  де,  оның  үстіне  өлшем  сандарын  жазады.  Өлшем  сандары 

сызбаның  масштабына  байланыссыз  болады:  олар  сызбасы  сызылған 

нəрсенің  нақты  өлшемдерін  көрсетеді.  Сызбадағы  өлшемдердің  жалпы  саны 

мүмкіндігінше аз болуы, бірақ нəрсені жасап шығару жəне оның өлшемдерін 

бақылау  үшін  жеткілікті болуы  керек.  Нəрсенің  бір бөлігінің  өлшемдерін əр 

кескінде қайталаудың қажеті жоқ. 



Əдістемелік нұсқаулар: Варианттар бойынша серіппелердің өлшемдерін 

анықтап, сызбасын орындау. Анықтама əдебиеттерімен жұмыс жасау. 



Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 

1) Пластинканың қалыңдығы сызбада қалай көрсетіледі? 

2) Сызбалар жинағының сыртын толтыру. 

3) Формат жиегі қалай сызылады? 

4) Негізгі жазу форматтың қай жеріне орналасады? 

5) Негізгі жазуда қандай мəліметтер беріліеді? 



Əдебиет: [1]  Борисов Д.М. и др. Черчение. М., Просвещение,1988; 37-42 бет. 

[14]  Брилинг  А.С.  и  др.    Задания  по  черчению.  М.,  Стройиздат,  1984:  8-11 

бет. 


[2] Боголюбов С.К. ,Воинов А.В. Черчение. М., Машиностроение, 1982. 

Ж.Есмұқанов Сызу  Алматы, Рауан. 2000. 



 

№ 2 студиялық  сабақ 

Тақырып: Түйіндесулер. 

Студиялық сабақтың мазмұны:  

1. Түйіндесу нүктелері.  

2. Түйіндесу сызықтары. 

3. Түйіндесу ортасы. 



Студиялық  сабақтың  мақсаты:  ЕСКД  стандарттарына  сай  негізделген 

сызбаны  дайындау  жəне  жалпы  ережелерді  орындауды,  техникалық 

формалардың пішінін сызуда геометриялық салуларды қолдануға үйрету. 

Тақырыпта  қолданылатын  сөздер:  түйіндесу,  іштей  жанасу,  сырттай 

жанасу.  



Қарастырылатын негізгі сұрақтардың қысқаша мазмұны: 

1. Түйіндесу нүктелері 

Сызбада  көптеген  бөлшек  беттері  бір  сызықтың  екінші  сызыққа  біртіндеп 

өтуімен  кескінделеді.  Мұндай  сызықтар  бөлшектердің  конструктивтік 

ерекшеліктеріне,  олардың  дайындалу  технологиясына, атқаратын  қызметіне, 

эстетикалық талаптарға байланысты анықталады.  

       Бір  сызықтың  екінші  сызыққа  біртіндеп  өтуі  сызбада  түйіндесу  деп 

аталады. Түйіндесуді тұрғызу үшін қажетті элементтер: түйіндесу нүктелері, 

түйіндесу  доғасының  радиусы  мен  ортасы.  Түйіндесу  нүктелері  К  əрпімен 

белгіленеді. 

 2. Түйіндесу сызықтары. 

Түйіндесулерді тұрғызу үш теориялық жағдайға негізделген:  

1).Егер  жанасу  нүктесі  арқылы  өткен  түзу  шеңбердің  радиусына 

перпендикуляр болса, онда түзу шеңберге жанасады.  

2).Егер  жанасу  нүктелері        шеңберлерді  ортасын  қосатын  бір  түзудің 

бойында орналасса, ондай шеңберлер жанасады. 

3).Радиустары  бірдей  екі  шеңбердің  түйіндесу  доғасының  ортасы  осы 

шеңберлердің  орталарын  қосатын  түзуге  түсірілген  перпендикулярда 

орналасқан.  Екі  шеңберді  доғамен  түйіндестіру  іштей  жəне  сырттай  жанасу 

болып бөлінеді.                           



 3. Түйіндесу ортасы. 

Екі  шеңбер доғасын  үшінші шеңбер доғасымен  түйіндестіру  үшін  түйіндесу 

ортасын  табу  керек.  Ол  үшін  берілген  шеңберлер  радиустарына    түйіндесу 

доғасын жеке-жеке қосу немесе азайту керек. 



Əдістемелік нұсқаулар: Құрастыру сызбалары туралы жалпы мəліметтер 

мен орындау ережелерін конспектілеу. Анықтама əдебиеттерімен жұмыс 

жасау. 

Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 

Түйіндесулерді сызу. 



Түйіндесу нүктелері, ортасы қалай табылады? 

Екі шеңбер доғасының түзумен түйіндесуі. 

Екі түзудің шеңбер доғасымен түйіндесуі. 

Екі  шеңбер  доғасын  радиусы  берілген  үшінші  шеңбер  доғасы  арқылы 

түйіндестіру.   

Əдебиет: [1] Борисов Д.Н. Черчение М., Просвещение ,1988;  46-66 бет, 

[2]  Боголюбов  С.К.,  Воинов  А.В.  Черчение  М.  Машиностроение,1982;  42-49 

бет. 

[8] Чекмарёв А..А. Инженерная графика. М.,В.Ш.1980,  64-89 бет. 



[6] Миронова Р.С. Инженерная графика. М., Академия, 2006; 

[16] Фролов С.А. и др. Машиностроительное черчение, 1981; 

[12] Егоров Ф.И. Черчение и рисование М., В.Ш.1981;  

 

№ 3 студиялық  сабақ 

Тақырып: Көріністер. 

Студиялық сабақтың мазмұны:  

1) Көріністер туралы жалпы түсінік 

2) Басты көріністі таңдау 

3) Косымша жəне жергілікті көріністер  



Студиялық  сабақтың  мақсаты:  Сызбаларды  орындауда  тік  бұрышты 

проекциялар  жүйесін  пайдалануды,  көріністерді  орындауда  кездесетін 

шарттылықтарды білуге үйрету. 

Тақырыпта  қолданылатын  сөздер:    негізгі,  қосымша,  жергілікті, 

еуропалық жəне америкалық жүйе. 



Қарастырылатын негізгі сұрақтардың қысқаша мазмұны:  

1) Көріністер туралы жалпы түсінік 

Нəрсе  кескінін  сызбада  тік  бұрыштап  проекциялау  əдісімен  алады. 

Проекцияның  негізгі  жазықтықтары  етіп  кубтың  алты  қабырғасын  алады. 

Нəрсе  бетінің  қараушыға  көрінетін  бетін  көріністер  деп  атаймыз.  Кескіндер 

санын  азайту  үшін  сызбада  нəрсе  бөлігінің  көрінбейтін  жерлерін  үзік 

сызықтармен көрсетуге болады.                                      



2) Басты көріністі таңдау.  

Нəрсені  негізгі  алты  проекция  жазықтығына  проекциялау  арқылы  шыққан 

көріністер  негізгі  деп  аталады.  Олардың  атаулары:  алдыңғы,  үстіңгі,  сол 

жағынан,  оң  жағынан,  астынан,  артынан  қараған  көріністер.  Сызбада 

фронталь проекция жазықтығындағы кескін басты көрініс болып есептеледі. 

Нəрсенің пішіні мен өлшемі жағынан көп мағұлмат беретіндей етіп, фронталь 

проекция жазығына параллель орналастырады. 

3) Қосымша көріністер 

Бөлшекті  немесе  оның  бір  бөлігін  негізгі  проекция  жазықтықтарына 

параллель  емес  жазықтыққа  проекциялау  арқылы  алынған  көрініс  қосымша 

көрініс  деп  аталады.  Қосымша  көрініс  негізгі  көрініспен  проекциялық 

байланыста  орындалса,  оның  үстіне  жазып  белгілемейміз,  керісінше 

жағыдайда  үстіне  жазамыз  да,  кескіннен  қарау  бағытын  бағыттамамен 

көрсетіп, əріппен белгілейміз. 


4) Жергілікті көріністер 

Бөлшектің  жекелеген,  шектеулі  бөлігінің  кескіні  жергілікті  көрініс  деп 

аталады.  Берілген  көріністерде  бұйымның  қандай  да  бір  бөлігінің  пішінін 

көрсету мүмкін болмаған жағдайда жергілікті көріністер қолданылады. 



Əдістемелік нұсқаулар: Құрастыру сызбалары туралы жалпы мəліметтер 

мен орындау ережелерін конспектілеу. Анықтама əдебиеттерімен жұмыс 

жасау. 

Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 

Сызбадағы негізгі көріністерді атаңыз. 

Сызбада басты көріністі қалай таңдайды?  

Жазық  фигураларды  аксонометриялық  проекцияда    орындау  тəсілдерін 

атаңыз. 

Қандай жағдайларда қосымша жəне жергілікті көріністер белгіленеді? 

Жазулар кескін үстіне қалай орналастырылады? 

Əдебиет: [1] Борисов Д.М. и др.Черчение. М., Просвещение, 1988; 66-71 бет. 

[2] Боголюбов С.К., Воинов В.А. Черчение. М., Машиностроение,1982.  

128-132 бет. 

[9] Чекмарёв А.А.Справочник по машиностроительному черчению. М., В.Ш., 

2002;  40-43 бет.  

[6] Миронова Р.С. Инженерная графика. М.,Академия 2001г; 171-174 бет 

[19]  Василенко  Е.А.  Практикум  по  черчению. М.,  Просвещение,  1984; 41-46 

бет.  

[3] Боголюбов С.К. Задания по курсу черчения. М., Ш., 1984;  91-94 бет. 

 

№ 4 студиялық  сабақ 

Тақырып: Қималар. 

Студиялық сабақтың мазмұны:  

1) Қима туралы түсінік. 

2) Қабаттасқан қималар. 

3) Оңашаланған қималар. 



Студиялық  сабақтың  мақсаты:  ЕСКД  стандарттарына  сай  негізделген 

сызбаны  дайындау,  қималарды  орындауда  кездесетін  шарттылықтарды 

білуге дағдыландыру. 

Тақырыпта  қолданылатын  сөздер:  қималар,  оңашаланған,  қабаттасқан, 

симметриялы, симметриялы емес, қиюшы жазықтық.  



Қарастырылатын негізгі сұрақтардың қысқаша мазмұны: 

1) Қима туралы түсінік. 

Сызбаны  орындағанда  көріністер  саны  ең  аз  болуы,  бірақ  нəрсенің  пішінін 

осы  сызба  бойынша  анықтауға  жеткілікті  болуы  керек.  Қима  деп  нəрсені 

жазықтықпен  ойша  қиғаннан  шыққан  фигураның  кескінін  айтады.  Қимада 

нəрсе  ойша  кесіледі  де,  оның  қиюшы  жазықтықта  орналасқан  бөлігі  ғана 

кескінделеді. 



2) Қабаттасқан қималар. 

Сызбада  орналасуына  қарай  қима  қабаттасқан  жəне  оңашаланған  қималар 

болып бөлінеді. Қабаттасқан қима нəрсенің көрінісін шектейтін сызықтардың 


ішінде  орындалады.  Қабаттасқан  қима  фигурасын  шектейтін  сызық  жіңішке 

тұтас  болады.  Қабаттасқан  қима  нəрсе  көрінісін  оқуды  қиындатады,  кейде 

қиманың өзін де түсіну қолайсыз болады. 

3) Оңашаланған қималар. 

Оңашаланған  қима  сызбада  бос  орынға  салынады,  оны  негізгі  тұтас  жуан 

сызықпен  шектейді.  Негізгі  тұтас  жуан  сызық  нəрсенің  көрінетін 

контурының  кескіні  үшін  де  қолданылады.  Оңашаланған  қиманы  қима 

сызығының созындысына орналастыруға болады.  

Əдістемелік нұсқаулар: Құрастыру сызбалары туралы жалпы мəліметтер 

мен орындау ережелерін конспектілеу. Анықтама əдебиеттерімен жұмыс 

жасау. 

Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 

Қабаттасқан қима дегеніміз не? 

Оңашаланған қималар қалай орналастырылады? 

Қиюшы жазықтықтың ізінің бағытына қарай қималар қалай болып бөлінеді?  

Қималар сызбада қалай белгіленеді? 

Қималар қалай штрихталады?  

Қималарды  орындауға  арналған  графикалық  тапсырмалар.  «Біліктің» 

қимасын орындау. 

Көріністер. Қосымша жəне жергілікті көріністер тақырыбын қайталау. 

Əдебиет: [1] Борисов Д.М. и др. Черчение. М., Просвещение, 1988; 72-75 бет. 

[6] Миронова Р.С. Инженерная графика. М., Академия,2002; 174-178 бет. 

 [2]  Боголюбов  С.К.,  Воинов.В.А.  Черчение.М.,  «Машиностроение»,  1982; 

131-132 бет. 

[15] Мирзоян Э.Д. и др., «Машиностроительное черчение».,1981; 72-80 бет. 

[8] Чекмарёв А.А. История графика М., В.Ш.,2003;2003; 150-153 бет.  

[13]  Суворов  С.Г.  Машиностроительное  черчение  в  вопросах  и  ответах.  М., 

Машиностроение , 1981; 170-178 бет. 



 

№ 5 студиялық  сабақ 

Тақырып: Қарапайым тіліктер. Кескін мен тілікті біріктіру. 

Студиялық сабақтың мазмұны:  

1) Қарапайым тіліктердің классификациясы. 

2) Көрініс бөлігі мен тілік бөлігін біріктіру. 

Студиялық  сабақтың  мақсаты:  ЕСКД  стандарттарына  сай  негізделген 

сызбаны  дайындау,  тіліктерді орындауда  кездесетін  шарттылықтарды  білуге 

дағдыландыру. 

Тақырыпта қолданылатын сөздер: тілік, қарапайым жəне күрделі тіліктер, 

тік, көлденең, көлбеу. 



Қарастырылатын негізгі сұрақтардың қысқаша мазмұны: 

1) Қарапайым тіліктердің классификациясы. 

Қиюшы жазықтықтың санына қарай, тілік қарапайым жəне күрделі болып екі 

топқа  бөлінеді.  Бір  ғана  қиюшы  жазықтықтың  көмегімен  алынған  тіліктк 

қарапайым  тілік  деп  атаймыз.  Қарапайым  тіліктер    қиюшы  жазықтықтың 



горизонталь  проекция  жазықтығымен  салыстырғандағы  орнына  қарай  

горизонталь, вертикаль жəне көлбеу болып үш түрге бөлінеді.  

Нəрсені  горизонталь  проекция  жазықтығына    перпендикуляр  жазықтықпен 

қиғанда  вертикаль  тілік  шығады.  Вертикаль  тіліктің  өзі    фронталь,  профиль 

тілік болып бөлінеді. 

Егер  қиюшы  жазықтық  горизонталь  проекция  жазықтығына  қандай  да 

болмасын бұрыш жасай орналасса, ондай тілік  көлбеу тілік деп аталады. 

2) Көрініс бөлігі мен тілік бөлігін біріктіру. 

Егер  тетікбөлшек  симметриялы  фигураларға  проекцияланатын  болса, 

сызбада  көріністің  жартысын  тіліктің  жартысымен  қосып,  біріктіріп  сызуға 

болады.  Мұндайда  көрініс  бөлігіне  көрінбейтін  бөліктердің  сызықтарын 

салып қажеті жоқ. Көрініс пен тіліктің арасы жіңішке үзік нүктелі сызықпен 

бөлінеді. 



Əдістемелік нұсқаулар: Құрастыру сызбалары туралы жалпы мəліметтер 

мен орындау ережелерін конспектілеу. Анықтама əдебиеттерімен жұмыс 

жасау. 

Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 

Қарапайым тіліктердің түрлерін атаңыз. 

Көрініс пен тілік бөлігін қандай жағдайда біріктіруге болмайды? 

Көрініс пен тілік арасы қай уақытта ирек сызықпен бөлінеді? 

Қарапайым тіліктерді орындау.  

Тіліктер тақырыбы бойынша теориялық материалдарды қайталау. 



Əдебиет: [1] Борисов Д.М. и др. Черчение. М., Просвещение, 1988; 75-84 бет. 

[4] Бахитов Ю.Н. Сборник заданий по техническому черчению. 

[2]  Боголюбов  С.К.,  Воинов  А.В,  Черчение.  М.,  Машиностроение,1982;  132-

135                                       бет. 

[13]  Суворов  С.Г.  и  др.    Машиностроительное    черчение  в  вопросах  и 

ответах.  М., Машиностроения,1981: 15-20 бет. 

[3] Боголюбов С.К. Задания по курсу черчения. М., В.Ш.,1984. 116-123 бет. 

[6] Миронова Р.С. Инженерная графика. М. Академия, 2001,  174-178 бет 



 

№ 6 студиялық  сабақ 

Тақырып: Сатылы тіліктер. Сынық тілік. 

Студиялық сабақтың мазмұны:  

1) Бір-біріне параллель бірнеше қиюшы жазықтықтар. 

2) Бөлшекті өзара қиылысатын жазықтықтармен қию. 

Студиялық  сабақтың  мақсаты:  ЕСКД  стандарттарына  сай  негізделген 

сызбаны  дайындау,  тіліктерді орындауда  кездесетін  шарттылықтарды  білуге 

дағдыландыру. 

Тақырыпта қолданылатын сөздер:  тілік, қарапайым жəне күрделі тіліктер, 

тік, көлденең, көлбеу. 



Қарастырылатын негізгі сұрақтардың қысқаша мазмұны:  

Ішкі құрылысы тек бір қиюшы жазықтықпен анықталмайтын тетікбөлшектер 

өндірісте 

жиі 


кездеседі.Мұндай 

жағдайларда 

 

бірнеше 


қиюшы 

жазықтықтардың көмегімен  алынған  тіліктер қолданылады. 



Екі немесе одан да көп қиюшы жазықтықтардың  көмегімен алынған тіліктер 

күрделі  тіліктер  деп  аталады.  Осы  қиюшы  жазықтықтардың  өзара 

орналасуына қарай, күрделі тілік сынық жəне сатылы болып екіге бөлінеді. 

1) Сатылы жəне сынық тіліктер. 

Сатылы  тілікте  қиюшы  жазықтықтар  өзара  параллель    болады,  ал  сынық 

тілікте олар доғал бұрыш жасап қиылысады. 

Сатылы 


тілік 

жүргізілген 

қиюшы 

жазықтықтардың 



проекциялар 

жазықтықтарына  қарағандағы орнына байланысты    горизонталь, фронталь 

жəне  профиль  сатылы  тілік  болуы  мүмкін.  Қиюшы  жазықтықтардың  

біреуінен екіншісіне өтетін  жерлерге бұрылу белгілері қойылады. 

Сынық  тілікте  қиюшы  жазықтықтардың  біреуін    олардың    қиылысу 

сызығынан  айналдырып,  екіншісімен  беттестіреді.  Сонда  қима  проекция 

жазықтығына параллель   бір жазықтықта орналасады. 

2) Күрделі тіліктерді орындау. 

Сатылы  фронталь  тілік    алдыңғы  көріністің  орнына,    сатылы  горизонталь 

тілік  үстіңгі  көріністің  орнына,  ал  сатылы  профиль  тілік  сол  жақ  көріністің 

орнына салынады.  

Сынық  тілікте  беттескен  қиюшы  жазықтықтар      негігі  проекция 

жазықтықтарының  біреуіне  параллель  болса,  онда  сынық  тілік  оған  сəйкес 

көріністің орнына салынады. 

Əдістемелік нұсқаулар: Құрастыру сызбалары туралы жалпы мəліметтер 

мен орындау ережелерін конспектілеу. Анықтама əдебиеттерімен жұмыс 

жасау. 

Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 

Тіліктердің белгіленуі қандай? 

Қималардың штрихталуы. 

Сатылы  тілікті  орындағанда  қиюшы  жазықтыққа  түскен  кескін  қалай 

орындалады? 

Нəрсенің  ішкі  жəне  сыртқы  пішінінен  толық  мағұлмат  алу  үшін  сызбалар 

қандай байланыста орындалады? 

Сызбада  қажетті  тіліктерді  орындауға  машықтануға  арналған  графикалық 

тапсырмалар. 

Күрделі  тіліктер  тақырыбын  қайталау.  Тіліктер  тақырыбына  берілген 

графикалық тапсырмаларды аяқтау. 

Əдебиет: [1]Борисов Д.М. Черчение. М., Просвещение ,1988; 78-79 бет. 

[2] Боголюбов С.К., Воинов А.В. Черчение М., Машиностроение, 1982; 136-

138 бет. 

[6] Миронова Р.С. Инженерная графика. М., Академия,2001; 153-156 бет. 

[14] Брилинг Н.С. Задания по черчению. П., Стройиздат,1984; 91-95 бет. 

[19]Василенко Е.А. и др. Практикум по черчению. М., Просвешение,1982; 98-

103 бет. 

[3] Боголюбов С.К. Задания по курсу черчения. М., В.Ш.,1984. 159-188  бет. 



 

№ 7 студиялық  сабақ 

Тақырып: Бұрандалар туралы жалпы түсінік. 

Студиялық сабақтың мазмұны:  

1) Бұрандалардың белгіленуі. 

2) Бұрама беттер жəне бұрандалар. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет