Көркем шығарманы мазмұн мен түрге салыстырмалы түрде бөлу



бет3/9
Дата31.12.2021
өлшемі0,7 Mb.
#23033
1   2   3   4   5   6   7   8   9

 Әдеби шығарманың бойында бір-бірімен байланысып, жалғасып, тұтаса келіп, көркемдік жүйе дәрежесінде қалыптасқанда және сол шығарманың идеялық мазмұнымен ажырамас бірлік-бірлестік тауып, соны әсерлі жеткізгенде - сонда барып нақтылы шығармадағы көркемдік формаға айналады. Жазушының өмір шындығына бойлауы, оны сезініп-түсінуі және сол шындықты сөзбен мүсіндеп жеткізу шеберлігі - міне, осы екеуі Көркемдік түрдің (форманың) жасалу шарты. Сөйтіп, әдеби шығарманың Көркемдік түрі дегеніміз сол шығарманың мазмұнына сәйкестендіріліп, әр түрлі бейнелеу құралдарын орнымен пайдаланып, көптеген сурет-айшықтардан өрілген, бір жүйеге келтірілген өрнек. Оның мағыналы көркемдігі шығарманың идеялық мазмұнымен қабысуынан, мазмұн мен түрдің бірлік-бірлестігінен туады. Осындай бірлестік негізінде Көркемдік түр мағыналық сипат алады. Сондыктан мазмұн мен түрді, олардың жеке қүрамды бөліктерін жекелеп қарастыру қажет болады. Соның өзінде де мазмұн мен түрдің бірлестігін, жекелеген бөлшек, айшықтардың өзара байланысын, Көркемдік түрдің тұтастығын ескеру шарт. Көркемдік түрдің кестесін бұзып, әр жібін үзіп, бөлек алғандай болса, бойынан жаны кетіп, өңсіз, ажарсыз құр қаңқасы қалғандай көрінуі ықтимал. Онда шығарманың бізді тамсандырып, таңқалдырған көркемдеп жасалған өрнегі ыдырап, оған тән жарасымды гармониясы әсерлі болып шықпайды



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет