Қазақстан Республикас Ғылым және Жоғары білім министрлігі
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Филология институты
С. Қирабаев атындағы «қазақ тілі мен әдебиет» кафедрасы
СӨЖ Көркем шығарманың тақырыбы мен идеясына әдебие теориялық талдау Орындаған: Жұпқалиева Жансая
Қабылдаған: Бораш. Рысгүл
Алматы, 2023
Көркем шығарманың жетілуінің өлшемі - оның көркемдік деңгейі. Көркем шығармада біз мазмұн мен форманы бөліп көрсетеміз. Мазмұнды және формальды композициялардың шекаралары, біз білетіндей, тым ерікті және түсініксіз. Алайда, мұндай бөлу жұмысты тиімді түсіну үшін қажет. Ондағы басты нәрсе - мазмұндық компонент. Мазмұнның маңыздылығы ондағы зерттелетін өмір құбылыстарының, ондағы ашылатын идеялардың адам үшін маңыздылығымен алдын-ала анықталған. Бірақ мағынасы ашылғанда, мінсіз және сәйкес формада бейнеленгенде ғана оқырман оны дұрыс қабылдауы маңызды. Сонымен, көркемдік дегеніміз - маңызды мазмұн мен оған сәйкес келетін мінсіз форманың үйлесімді үйлесімінен тұратын шығарманың көркемдік сапасы. Оның барлық құрамдас бөліктері арасында толық сәйкестік, идеялық мазмұнмен жүйеленген үйлесімділік болатын жұмысты ғана жоғары көркемдік деп атауға болады.
Оқырман (бірінші кезекте мұғалім мен оқушы) әдебиетке шынайы көзқараспен қарап, оны сөз өнері ретінде қабылдаған жағдайда ғана белгілі бір кемшіліктерді жоюға болады. Талдау - бұл адекватты тәсілдердің бірі, яғни шығарманы оқи отырып, автордың ниетіне жақын.
Көркем шығарманың тақырыбы мен идеясы
Мазмұн мен пішіннің байланысы секілді тақырып пен идея да әрқашан бірлікте болады. Идеясыз тақырып, тақырыпсыз идея болмайды. Тақырып – жазушы суреттеп отырған өмір құбылысы болса, идея жазушының сол өзі суреттеп отырған өмір құбылысы туралы айтқысы келген ойы, сол өмір құбылысына берген бағасы.
Шартты түрде, шығарманың тақырыбы сауал десек, идеясы – жауап деуге болады. сонда бір сауалдың бірнеше жауабы болатыны секілді, бір тақырыптан бірнеше идея тууы мүмкін. Әрбір әдеби шығармада көрініс тапқан оқиғалар, кейіпкерлер сол шығарманы жазған суреткердің көзқарасына, дүниетанымына сай болады. Сондықтан, бір тақырыптың өзінен дүниетанымы әртүрлі суреткерлердің әрқайсысы әртүрлі идея туғызады. Сондай-ақ, бір шығармада бір ғана тақырып пен идея болуы шарт емес. Шағын көлемді шығармада солай болуы мүмкін, ал, көлемді кесек туындылар да күрделі болады. Идея – көркем туындының өн бойына, бар бітім-болмысына ажар беріп тұрады. Идеясы әлсіз, айтар ойы құнсыз, солғын туындының тақырыбы жарқырап, мен мұндалап тұрғанымен оқыған адамға ләззат сыйлай алмайды. Әдемі идеяны көрсететін – тақырып, ал тақырыпты ашатын – идея.
Мысал: «Абай жолы» роман-эпопеясының ең басы бала Абайдың оқудан елге оралғаны суреттеледі. Осы эпизодтарда: Тақырыбы - туған жер, идеясы – сағыныш, тақырыбы – ана, идеясы – мейірім, тақырыбы – әке, идеясы – қаталдық. Осылайша, әрқайсысы бір тақырып пен бір идея құрап, өзара тұтасып өрби береді.
Бірақ көркем шығарманың идеясын айқындау тек оның мазмұнын ғана айту емес, сол идеяны образ арқылы (адам образы) оқушыларының ой-сезіміне қалай жететіндігін ашу.
Шығармадағы оқиға байланысы, дамуы, дәлелденуі, шарықтау шегі, шешуі, қысқа айтқанда, құрылысы,адам образы, олардың жасалу жолдары -бәрі шығармадағы негізгі идеяны оқушыларға жеткізу үшін керек екендігі сөзсіз.
Әйтсе де шығарманың идеясын ашу үшін осылардың ішінде шешуші орын алатыны -адам образы. Олардың өзара күрес-тартысын, іс-әрекетін наным-сенімін,мінез-құлқын суреттей келе, жазушы оқушыларының ой-сезіміне әсер етеді және өзінің ойын ең алдымен сол образдар арқылы жеткізеді.