Көркемөнер-технологиялық бағыттың «Физика» пәні бойынша техникалық және кәсіптік білімнің үлгілік оқу бағдарламасы



бет1/3
Дата26.06.2023
өлшемі301,64 Kb.
#103442
түріБағдарламасы
  1   2   3


Қазақстан Республикасы
Оқу- ағарту министрінің
20___ жылғы _______
№ бұйрығына
75- қосымша





Көркемөнер-технологиялық бағыттың «Физика» пәні
бойынша техникалық және кәсіптік
білімнің үлгілік оқу бағдарламасы


1-тарау. Жалпы ережелер

1. Көркемөнер-технологиялықбағыттың «Физика» пәні бойынша техникалық және кәсіптік білімнің үлгілік оқу бағдарламасыҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 8170 тіркелген) және «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 29031 тіркелген) бұйрықтарына сәйкес әзірленді.


2. «Физика» оқу пәнін оқытудың мақсаты - білім алушыларда ғылыми дүниетаным негіздерін, әлемнің жаратылыстану-ғылыми бейнесін тұтас қабылдауды, өмірлік маңызды практикалық міндеттерді шешу үшін табиғат құбылыстарын байқау, талдау және жазу қабілетін қалыптастыру.
3. Бағдарламаны іске асыру мынадай міндеттерді шешуді көздейді:
1) білім алушыларда ғылыми дүниетаным негіздерін, әлемнің жаратылыстану-ғылыми бейнесін тұтас қабылдауды, өмірлік маңызды практикалық міндеттерді шешу үшін табиғат құбылыстарын байқау, талдау және жазу қабілетін қалыптастыру;
2) білім алушылардың әлемнің қазіргі заманғы физикалық бейнесінің негізінде жатқан іргелі физикалық заңдар мен қағидаттар, табиғатты ғылыми тану әдістері туралы білімдерін игеруіне жәрдемдесу;
3) білім алушылардың интеллектуалдық, ақпараттық, коммуникативтік және рефлексивті мәдениетін, физикалық эксперимент пен зерттеуді орындау дағдыларын дамытуға ықпал ету;
4) білім алушыларда физика жалпыадамзаттық мәдениеттің элементі болып табылатыны туралы, Физика дамуының қоғам, техника және басқа да ғылымдардың дамуымен байланысы туралы түсініктерді қалыптастыруға ықпал етуге;
5) білім алушылардың күнделікті өмірде, оқуда және одан әрі еңбек қызметінде проблемалық жағдайларды шешу үшін үйренген физикалық білімдерін пайдалануға игеруіне ықпал етуге;
6) білім алушыларда заттардың әртүрлі физикалық құбылыстары мен қасиеттерін, физикалық терминдерді, физикалық білімді, зияткерлік және жалпы өнерге қатысты мәдениет деңгейін түсінуді дамыту.
Физиканы оқуға деген қызығушылықты, шығармашылық қабілеттер мен мотивацияны дамыту үшін физикалық білімді игерудің барлық кезеңдерінде тапсырмаларды тиімді пайдалануға болады. Бұл ретте Бірліктердің Халықаралық жүйесін, оның негізгі және туындыларын, еселіктерін және үлестік бірліктерін қатаң пайдалану қажет. Бағдарламада зертханалық жұмыстарды жүргізуге Оқу уақытының 10% дейін бөлінеді.
Бағдарламада материалды зерттеудегі сабақтастық, математика, биология, химия, география, тарихпен пәнаралық байланыс қарастырылған.
4. Оқу пәнінің мазмұны 9 бөлімді қамтиды:
1) механика;
2) молекулалық физика;
3) электр және магнетизм;
4) тербелістер;
5) толқындар;
6) оптика;
7) кванттық физика;
8) нанотехнология және наноматериалдар;
9) космология.
«Механика» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) кинематика;
2) динамика;
3) статика және гидростатика
4) сақталу заңдары;
5) гидродинамика.
«Молекулалық физика» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) молекулалық физика;
2) газ заңдары;
3) термодинамика негіздері;
4) сұйық және қатты денелер.
«Электр және магнетизм» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) электростатика;
2) тұрақты ток;
3) әртүрлі ортадағы электр тогы.
4) магнит өрісі;
5) электромагниттік индукция.
«Тербелістер» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) механикалық тербелістер;
2) электромагниттік тербелістер;
3) айнымалы ток.
«Толқындар» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) электромагниттік толқындар.
11. «Оптика» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) толқындық оптика;
2) геометриялық оптика.
«Кванттық физика» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) атомдық және кванттық физика;
2) атом ядросының физикасы.
«Физика» оқу пәнінің негізгі мазмұны:
1) «Кинематика».
Дене қозғалысы кинематикасының негізгі теңдеулері мен графиктері; салыстырмалы қозғалыс; қисық сызықты қозғалыс кинематикасы.
2) «Динамика».
Күштер; күштерді қосу; Ньютон заңдары; бүкіл әлемдік тартылыс заңы; гравитациялық өрістегі дене қозғалысы;
3) «Статика және гидростатика».
Массалар центрі; тепе-теңдік түрлері; қатынас ыдыстар; Паскаль заңы; атмосфералық қысым; Торричелли тәжірибесі.
4) «Сақталу заңдары».
Механикадағы импульс және энергияның сақталу заңдары; серпімді және серпімсіз соқтығысулар;
5) «Гидродинамика».
Газдар мен сұйықтардың ламинарлық және турбуленттік ағысы; денелердің тұтқыр сұйықтағы қозғалысы;
№ 1 Зертханалық жұмыс: «Тұтқыр сұйықта қозғалатын кішкентай шардың қозғалысын зерттеу».
6) «Молекулалық физика».
Молекулалық кинетикалық теориясының негiзгi қағидалары; термодинамикалық параметрлер; кристалл және кристалл емес заттар; қатты денелердің; сұйықтар мен газдардың моделі; молекулакинетикалық теорияның негізгі теңдеуі;
7) «Газ заңдары».
Идеал газ күйінің теңдеуі; изопроцестер; адиабаталық процесс.
8) «Термодинамика негiздерi».
Идеал газдың ішкі энергиясы; термодинамикалық жұмыс; жылу мөлшері; жылусыйымдылық; термодинамиканың бірінші заңы; термодинамиканың бірінші заңын әртүрлі процестерге қолдану; адиабаталық процесс; термодинамиканың екінші заңы; жылу қозғалтқыштары.
9) «Сұйық және қатты денелер».
Қаныққан және қанықпаған бу; ауаның ылғалдылығы; шық нүктесі; сұйықтың беттік керілуі; жұғу; қылтүтіктік құбылыстар.
10) «Электростатика».
Электр заряды; Кулон заңы; электр өрісі; электр өрісінің кернеулігі; біртекті электр өрісіндегі электр өрісінің кернеулігі мен потенциалдар арасындағы байланыс; электрсыйымдылық; конденсаторлар; сыйымдылықтың өлшем бірлігі және электр өрісінің энергиясы.
11) «Тұрақты ток».
Электр тогы; ток көзінің элерктр қозғаушы күші мен ішкі кедергісі; толық тізбек үшін Ом заңы; электр тогының жұмысы мен қуаты; ток көзінің пайдалы әсер коэффициенті; пайдаланылған энергия құны.
Практикалық жұмыс: «Тұрмыстық құралдардың тұтынатын қуаты мен жұмысын есептеу».
12) «Әртүрлі ортадағы электр тогы».
Металдардағы электр тогы; асқын өткізгіштік; жартылай өткiзгiштердегi электр тогы; жартылай өткізгішті құралдар; электролит ерiтiндiлерiндегi электр тогы; электролиз заңы; газдардағы және вакуумдегi электр тогы.
№ 2 Зертханалық жұмыс: «Электролиттердегі электр тогының пайда болуын зерттеу».
13) «Магнит өрісі».
Магнит өрісі; тогы бар өткізгіштердің әсері; Ампер тәжірибесі; магнит индукциясының векторы; бұрғы ережесі; Ампер күші; зарядталған бөлшектердің магнит өрісіндегі қозғалысы; заттардың магниттік қасиеттері; жасанды магниттер; соленоид.
14) «Электромагниттiк индукция».
Магнит ағыны; электромагниттiк индукция; электромагниттiк индукция заңы; Ленц ережесі; магнит өрісінің энергиясы; электрқозғалтқыш және тұрақты токтың электрогенераторы.
15) «Механикалық тербелістер».
Гармоникалық тербелістердің теңдеулері мен графиктері.
16) «Электромагниттік тербелістер».
Еркін және еріксіз электромагниттік тербелістер; механикалық тербелістер мен электромагниттік тербелістер арасындағы ұқсастық.
17) «Айнымалы ток».
Айнымалы ток генераторы; еріксіз электромагниттік тербелістер; айнымалы ток; электр тізбегіндегі кернеу резонансы; Қазақстандағы және дүние жүзіндегі электр энергиясын өндіру және қолдану.
№ 3 Зертханалық жұмыс: «Трансформатор орамасындағы орам санын анықтау».
18) «Электромагниттік толқындар».
Электромагниттік толқындардың жұтылуы мен шығарылуы; радиобайланыс; детекторлы радиоқабылдағыш; аналогты-сандық түрлендірулер; байланыс арналары; байланыс құралдары.
19) «Толқындық оптика».
Жарықтың интерференциясы; жарықтың дифракциясы; дифракциялық торлар; жарықтың поляризациясы.
№ 4 Зертханалық жұмыс: «Дифракциялық тордың көмегімен жарықтың толқын ұзындығын анықтау».
№ 5 Зертханалық жұмыс: «Поляризация құбылысын бақылау».
20) «Геометриялық оптика».
Геометриялық оптика заңдары; жазықпараллель пластинадан шағылу; толық ішкі шағылу; оптика-талшықты тасымалдаушылар; оптикалық құралдар.
№ 6 Зертханалық жұмыс: «Шынының сыну көрсеткішін анықтау».
21) «Атомдық және кванттық физика».
Жарықтың корпускулярлықтолқындық табиғатының біртұтастығы; сәулеленудің түрлері; спектрлер; спектрлік құралдар; спектрлік анализ; инфракызыл және ультракүлгін сәулелену; рентген сәулелері; электромагниттік сәулелену шкаласы; фотоэффект; фотоэффектіні қолдану; жарық қысымы; жарықтың химиялық әсері; лазерлер; голография; фотография; томография.
22) «Атом ядросының физикасы».
Табиғи радиоактивтілік; радиоактивті ыдырау заңы; атомдық ядро; ядроның нуклондық моделі; изотоптар; ядродағы нуклондардың байланыс энергиясы; ядролық реакциялар; жасанды радиоактивтілік; ауыр ядролардық бөлінуі; тізбекті ядролық реакция; сындық масса; радиоактивті сәулелердің биологиялық әсері; радиациядан қорғану; ядролық реактор; ядролық энергетика; термоядролық реакциялар.
№ 7 Зертханалық жұмыс: «Жартылай ыдырау периодын анықтау».
23) «Нанотехнология және наноматериалдар».
Нанотехнологияның негізгі жетістіктері; өзекті мәселелелері және дамуы; наноматериалдар.
24) «Космология».
Жұлдыздар әлемі; жұлдызға дейінгі қашықтық; айнымалы жұлдыздар; біздің Галактика; басқа Галактикалардың ашылуы; квазарлар; Үлкен жарылыс теориясы; қызыл ығысу және Галактикаға дейінгі қашықтықты анықтау; қара құрдым; Әлемнің ұлғаюы; Әлемнің эволюциясының негізгі кезеңдері; әлемнің моделдері; өмір және Әлем туралы ойлар; қара материя; нетронды жұлдыздар; аса жаңа жұлдыздар; Герцшпрунг-Рассел диаграммасы.
5. Оқу бағдарламаларын әзірлеу кезінде білім беру ұйымының мүмкіндігі бар:
1) оқытудың әртүрлі технологияларын, оқу процесін ұйымдастырудың нысандарын, әдістерін және бақылау түрлерін таңдау;
2) оқу уақыты сағаттарының жалпы көлемін бөлімдер мен тақырыптарға бөлуге (пәнді оқуға бөлінген сағат көлемінен);
3) нақты дәлелдер мен фактілерге негізделген пәннің бөлімдері мен тақырыптарының реттілігін өзгерту;
4) жұмыс берушілердің талаптары және бөлімдер мен тақырыптар тізбесін тереңдету және кеңейту мақсатында өңірлік компонентті енгізу және бөлімдер, бөлімшелер мен тақырыптарды дайындық бағыты бойынша элементтерді енгізуге байланысты тақырыптардағы сағат көлемі мен пәннің мазмұнын 25% - дан аспайтындай өзгерту.
6. Оқу жүктемесінің көлемі даярлықтың бағыттары мен біліктілігіне байланысты 72-96 сағатты (3-4 кредит) құрайды.
7. Оқу пәнін іске асыру кезінде дәптерлер мен жазбаша жұмыстарды тексеру көзделеді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет