Көрмейтін және нашар көретін білім алушыларға арналған бастауыш білім беру деңгейінің 3-4-сыныптары үшін



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата15.12.2023
өлшемі314,72 Kb.
#138384
1   2   3   4
 
 
3 - тарау. «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәнінің 
мазмұнын ұйымдастыру
16. «Ақпараттық - коммуникациялық технологиялар» пәні бойынша оқу 
жүктемесінің көлемі: 



1) 3 сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты; 
2) 4 сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды. 
17. Бағдарлама мазмұны 3 бөлімді қамтиды: 
1) «Компьютер және программалар» бөлімі; 
2) «Ақпаратты өңдеу және көрсету» бөлімі; 
3) «Интернет желісінде жұмыс» бөлімі. 
18. «Компьютер және программалар» бөлімі келесідей бөлімшелерді 
қамтиды: 
1) компьютердің құрылғылары; 
2) программалық қамтамасыз ету; 
3) қауіпсіздік техникасы. 
19. «Ақпаратты өңдеу және көрсету» бөлімі келесідей бөлімшелерді 
қамтиды: 
1) мәтіндер; 
2) графика; 
3) презентация; 
4) мультимедиа. 
20. «Интернет желісінде жұмыс» бөлімі келесідей бөлімшелерді қамтиды: 
1) ақпаратты іздеу; 
2) ақпарат алмасу; 
3) интернет желісіндегі қауіпсіздік. 
21. 3-сыныпқа арналған «Ақпараттық - коммуникациялық технологиялар» 
пәнінің базалық мазмұны: 
1) компьютер: компьютердің құрылғылары: енгізу және шығару 
құрылғылары; программалық қамтамасыз ету: компьютерлік программалардың 
қызметі (сілтеуіш, суреттерді көруге арналған программалар); программалар 
менюі; меню командаларын қолдану; файлдар мен бумалар; компьютерде 
файлдарды ашу және сақтау; қауіпсіздік техникасы: қауіпсіздік техникасының 
ережелері (нашар көретін білім алушыларға арналған); Jaws for Windows 
(Джовс фо Виндовз) дыбыс шығару арқылы жұмыс істейтін программасын 
пайдалану арқылы файлдармен және бумалармен жұмыс жасау кезіндегі 
«ыстық пернелер» комбинациясы (көрмейтін білім алушыларға арналған);
2) ақпаратты өңдеу және көрсету: мәтіндер: мәтіндік редактордың 
қызметі; программмалар менюі; мәтінді теру және өңдеу; символдар мен 
абзацтарды пішімдеу; мәтінмен болатын операциялар; таңбаларды кірістіру 
(нашар көретін білім алушыларға арналған); мәтінді теруге арналған тренажер 
түрлері мен олардың мақсаты, (көрмейтін білім алушыларға арналған) он 
саусақпен мәтінді теру әдісі; графика: графикалық редактордың қызметі; 
суреттерді ашу және сақтау; редактор құралдарын қолдана отырып сурет салу; 
түстер палитрасы; суреттерді өңдеу; суретті кесу, айналдыру және өлшемін 
өзгерту; сурет бөліктерінің көшірмесін жасау (нашар көретін білім алушыларға 
арналған); Jaws for Windows (Джовс фо Виндоус) программмасы арқылы 
Windows (Виндоус) графикалық аясындағы жұмыстың визуалды емес негізі; 



презентация: презентация құру программмаларын тағайындау; программма 
менюі; презентацияны ашу және сақтау; слайдқа суреттер мен мәтінді қою; 
келесі слайдқа ауыстыру; презентация дизайны; дыбысты қосу; көрмейтін және 
нашар көретіндерге арналған Jaws (Джовс) визуалды емес арнайы 
дыбысталатын функциясы бар программмасы; мультимедиа: дыбыстық 
ақпаратты енгізу және шығару құрылғылары; дыбыс редакторының қызметі; 
дыбысты жазу, өңдеу және ойнату; дыбыс эфектілерін қолдану; 
тифлотехникалық құрылғылардың жұмыс істеу принципі; көрмейтін және 
нашар көретін білім алушыларға арналған MS Word (МС Ворд) 
программмасындағы «жылдам пернелер» навигация режимі; 
3) Интернет желісінде жұмыс: ақпаратты іздеу: веб-парақшаларын 
қарауға арналған программмалар; іздеу жүйелері; түйінді сөздер бойынша 
іздеу; ақпарат алмасу; ақпарат алмасу тәсілдері; белгіленген мәтінді және 
суретті құжатқа көшіру; Интернет желісіндегі қауіпсіздік: интернет желісінде 
жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік ережесін сақтау (нашар көретін білім 
алушыларға арналған); Jaws for Windows (Джовс фо Виндоус) көмегімен 
«жылдам пернелер»навигациялық режиміндегі виртуалды курсор мен таңбалар 
(көрмейтін білім алушыларға арналған).
23. 4-сыныпқа арналған «Ақпараттық - коммуникациялық технологиялар» 
пәнінің базалық мазмұны: 
1) компьютер: компьютер құрылғылары: компьютердің ішкі және сыртқы 
құрылғылары; программалық қамтамасыз ету: файлдар және бумалармен 
жұмыс; файлдармен және бумалармен операция жасау (құру, көшіру, орнын 
ауыстыру және жою), файлдармен және бумалармен жұмыс жасауда 
мәнмәтіндік менюді қолдану; компьютерден ақпаратты іздеу (бума, файл, 
мәтіннің үзіндісі); Jaws for Windows (Джовс фо Виндоус) дыбыс шығару 
арқылы жұмыс істейтін программмасының көмегімен (көрмейтін білім 
алушыларға арналған) мәтінді құру, көшіру, орнын ауыстыру және жою; 
қауіпсіздік техникасы: экранмен жабдықталған құрылғылармен жұмыс жасауда 
техника қауіпсіздігі (нашар көртін білім алушыларға арналған); «Экранды 
лупа» (көрмейтін білім алушыларға арналған) программмасын тағайындау; 
2) ақпаратты ұсыну және өңдеу: мәтіндер: мәтіндік құжаттағы 
иллюстрациялар; суреттер мен сәндік мәтінді кірістіру; маркерленген және 
нөмірленген тізімдер; мәтіннің үзіндісін құжат ішінен іздеу (нашар көретін 
білім алушыларға арналған); Jaws for Windows (Джовс фо Виндоус) дыбыс 
шығару арқылы жұмыс істейтін программма көмегі арқылы мәтін 
редакторымен 
жұмыс; 
Блокнот, 
Wordpad 
(Вордпад) 
стандартты 
программмалары он саусақты әдіс арқылы мәтінді теруде «ыстық пернелер» 
комбинациясы (көрмейтін білім алушыларға); графика: графикалық 
редакторлар; фотосуреттерді өңдеу (жарық, контраст, рамка); коллаж жасау 
(нашар көретін білім алушыларға арналған); Jaws for Windows (Джовс фо 
Виндоус) дыбыс шығару арқылы жұмыс істейтін программманы (көрмейтін 
білім алушыларға арналған) қолдана отырып графикалық интерфейстің негізгі 



элементтері; презентациялар: слайд макеті; презентациядағы нысандарға 
анимацияны баптау; презентацияға суреттерді, сәндік мәтінді, видео және 
дыбыс жазбаларын қою; PowerPoint (Пауэр Пойнт) офис программмасымен 
жұмыс жасау кезінде (көрмейтін білім алушыларға арналған) «ыстық пернелер» 
комбинациясын қолдану; мультимедиа: дыбыспен жұмыс жасауға арналған 
программмалар; дыбыспен жұмыс жасауға арналған ішкі және сыртқы 
құрылғылар; дыбыс редакторында әуен жазу; видео жазбаны жазуға және 
көруге арналған ішкі және сыртқы құрылғылар; видео редакторлардың 
көмегімен видеоны жазу және оны өңдеу; видео үзінділерін көшіру, орнын 
ауыстыру және жою; (нашар өретін білім алушыларға); түрлі сөйлеу 
синтезаторлары; ақпаратқа визуалды емес қолжетімділіктің альтертативі 
программмалары (көрмейтін білім алушыларға арналған). 
3) Интернет желісіндегі жұмыс: ақпаратты іздеу: браузер құралдары 
(бетбелгілер орнату, жүктеулерді және тарихын қарау); ақпарат алмасу; 
Интернет арқылы мәліметтер жіберу, электронды пошта арқылы тіркелген 
файлдары бар хабарламаларды жіберу және алу; Интернет желісіндегі 
қауіпсіздік: құпиясөздер, сенімді құпиясөздің критерийлері (нашар көртін білім 
алушыларға); Jaws for Windows (Джовс фо Виндоус) көмегімен «жылдам 
пернелер» навигация режимындағы виртуалды курсор мен таңбалар (көрмейтін 
білім алушыларға арналған). 
24. Көру қабілеті бұзылған білім алушылар үйренеді: 
1) компьютермен жұмыс жасауда алғашқы дағдыны қалыптастыруды; 
2) мәтінді теруде он саусақты әдісті пайдаланып пернетақтамен оңай 
қолдануды; 
3) «Экранды лупа» программмасымен жұмыс жасауды;
4) Jaws for Windows (Джовс фо Виндоус) программмасының көмегімен 
негізгі базалық мәтінді Блокнот, WordPad (ВордПад) арқылы өңдеуді; 
5) білім алушылардың заманауи ақпараттық кеңістік туралы алғашқы 
ойларын кеңейтуді;
6) интернет желісінің қызметін қолдануды;
7) 
WordPad 
(ВордПад), 
Блокнот, 
Word 
(Ворд) 
стандартты 
программмалардың арнайы мүмкіндіктерін қолдануды;
8) интернетте визуалды емес бақылау және Windows (Виндоус) 
графикалық интерфейспен жұмыс жасау негіздерін; 
9) PowerPoint (ПауэрПойнт) офис программасымен жұмыс жасау 
негіздерін; 
10) мәтінді рәсімдеудің негізгі ережелерін сақтай отырып, стандартты 
мәтінді өңдейтін негізгі функцияларын қолдануды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет