Көрмейтін және нашар көретін білім алушыларға арналған бастауыш білім беру деңгейінің 3-4-сыныптары үшін



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата15.12.2023
өлшемі314,72 Kb.
#138384
1   2   3   4
 
 
2 - тарау. Оқу процесін ұйымдастырудағы педагогикалық тәсілдер 
5. «Ақпараттық - коммуникациялық технологиялар» пәні бойынша оқу 
процесін ұйымдастыруда саралау, іс-әрекеттік, ойын, интегративті, жүйелілік 
сияқты педагогикалық тәсілдер қолданылады. 
6. Саралап оқыту тәсілі - орталық көз өткірлігі және оқу материалының 
күрделігі мен тапсырманың көлеміне қарай білім алушыларды топқа бөлуді 
қарастырады: 
1) дыбысталатын Jaws (Джовс) программмасын қолдануда естіп қабылдау 
арқылы ақпараттық-коммуникациялық технологиялрды (бұдан әрі - АКТ) 
меңгеретін мүлдем көрмейтін білім алушылар тобы; 
2) көз анализаторларының ауруларын есепке алып, уақыт аралығын 
сақтай отырып, көріп қабылдауы арқылы АКТ-ды меңгеретін нашар көретін 
білім алушылар тобы.
7. Іс-әрекетті тәсілді қолдану кезінде білім алушыларға АКТ пәнінен 
білім алуы үшін арнайы жағдайлар жасалынады, соның негізінде кезеңдерге 
бөліп түсіндіреді, тапсырмаларды орындау барысында кезектілікті сақтайды, 
оқуда тым баяу қарқынды пайдаланады
.
8. Ойын тәсілі оқу процесінің тиімділігін арттырады, ынталандырудың әр 
түрлі тәсілдерін қолдануға, қиыншылықтарды, кедергілерді, психологиялық 
кедергілерді жеңуге мүмкіндік береді. 
9. Интегративті тәсілді қолдану барысында білім алушылар өз бетінше 
сұрақ кояды, қорытынды жасайды: алгебра, биология, химия, сурет салу, дене 
шынықтыру, физика пәндерінен білімділік, танымдылық міндеттерді шешу 
модельдерін жасайды, қолданады және жаңартады. 
10. Жүйелілік тәсілі АКТ пәнінде көрсетілген бөлімдерді кезеңдерге 
бөліп, оқу материалының біртіндеп күрделенуін қарастырады, ол жаңа тақырып 
өткен тақырыптан туындайтынын көрсетеді.



11. Педагогикалық тәсілдерді іске асыру арқылы жүзеге асырылады: 
1) заттарға тән, маңызды белгілерін анықтауға үйрету, салыстыра алу 
біліктілігінің дамуы, жалпылау, топтастыру, талдау,қорытынды жасау;
2) сөйлеу әрекетін тудыру, білім алушылардың сөйлеу әрекетіне бақылау 
жасау; 
3) қызмет түрінің ауысуына, есте сақтауына, зейініне, қабылдауының 
дамуына бағытталған жаттығуларды пайдалану; 
4) топпен жұмыс жасауды ұйымдастыруда ойын сәттерін қолдану; 
5) ақпаратты жинау, өңдеу, сақтау және таратуда сыни ойлауды қолдану; 
6)көру қабілеті бұзылған білім алушылардың танымдық қызығушылығын 
күрделілігіне қарай ажырататын сараланған тапсырмаларды қолдану. 
12. Көру қабілеті бұзылған білім алушылардың үздіксіз компьютер 
алдында отыруы 10 минуттан аспайды. Сабақ ортасындағы сергіту сәті жалпы 
бұлшық еттің, көрудің (қалдық көру қабілеті бар және нашар көретіндерде) 
және тактильдің кернеулігін босатады; білім алушылардың көру кернеулігін 
жою үшін жаттығу жасалады. 
13.
Аталған пән бойынша оқыту ерекшелігі: 
1) Jaws for Windows (Джовс фо Виндовз) дыбысталатын программмасы 
мен «Экранды лупа» программмасының көмегі арқылы ақпаратты сақтау 
(компьютер суреттерді, сандарды, мәтіндерді жадыда сақтап алады) және 
ақпаратты жіберу (адамнан компьютерге, компьютерден компьютерге, 
компьютерден адамға), ақпаратты өңдеу саласында компьютердің 
мүмкіндіктері (компьютер сурет салады, есептейді, жазады) туралы ойларды 
қалыптастырады; 
2) жалпы (ақпарат, тіл, білім, модель, алгоритм, құрылым) және жеке 
(деректер, дерек кестелері, объектілер, атаулар, құндылықтар, шарттар, 
процедуралық реакциялардың құрылымдары) сияқты негізгі түсініктерімен 
танысу; 
3) он саусақты әдіс арқылы пернетақтамен жұмыс жасау дағдыларын 
қалыптастыру (теру, нөмірлерді теру, экранда объектілерді тіркеу және 
қозғалысты басқару, менюде жұмыс режимдерін таңдау); 
4) информатикға тән әдістерді көрсететін қызметті меңгеру: форматтау 
(проблемаларды шешу және олардың компьютерлеріне назар аудару), 
алгоритмдеу (қарапайым құрылымның кейбір түрлеріне жазылу, мысалы, 
«тармақталған», «таңдау», «цикл») компьютерді пайдалану арқылы 
практикалық міндеттерді шешу (ауа-райы, өсімдіктер мен жануарлардың өмірін 
бақылау кезінде компьютерлік күнделікті сақтау); 
5) көру қабілеті зақымдалған білім алушыларға арналған электронды 
лупалар мен оның арнайы қосымша мүмкіндіктерін зерттеу болып табылады. 
14. Оқу процесінде материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз 
етудің қажеттілігі мүлде көрмейтін білім алушылардың келесі білім беру 
мұқтаждықтарының ерекшелігін ескере отырып және білім берудің түзету 
бағыттылығына байланысты: 



1) заттық-кеңістікті ортаның үйлесімділігі мен қауіпсіздігі үшін (шығып 
тұратын бұрыштардың болмауы, есікке еркін кіріп жүру және парталар 
арасында еркін жүру), мектеп ішін тек қажетті заттармен ғана қамтамасыз етуді 
қарастырады; 
2) көрмейтін білім алушылардың оқуындағы ерекшеліктерді ескере 
отырып, мектептің ішін арнайы құрал-жабдықтармен (сипап сезуге, естуге, 
көруге бағытталған) қамтамасыз ету; 
3) табиғи және қолдан жасалған жарықты пайдалана отырып, қалдық 
көруі бар және жарықты сезетін көзі көрмейтіндерге жарық режимін 
пайдалануды сақтау; 
4) офтальмологтың ұсынысына сәйкес жарықты сезе алатын және қалдық 
көруі сақталған көзі көрмейтін білім алушылардың сыныптағы орнын анықтау 
керек.
15. Көрмейтін білім алушылардың ыңғайлы жағдайда білім алуын 
қамтамасыз ету үшін келесі әрекеттер қолданылады: 
1) жеке компьютер, Jaws for Windows (Джовс фо Виндовз) дыбыс шығару 
арқылы жұмыс істейтін 
программамен
қамтамасыздандыру; 
2) «Экранды лупа» 
программ
масы суретті үлкейтуге, өңін, контрасты 
өзгертуге мүмкіндік береді;
3) интерактивті тақтаны; 
4) құрылғылар мен байланыс арасындағы деректер алмасу үшін жоғары 
сапалы ашық қатынау желісін; 
5) перифериялық құрылғылар: брайльді принтер, брайльді сканер, 
монитор, дауыстап оқитын кітаптар, мультимелиялық презентациялар, 
электронды оқу құралдары, заттық оқыту жүйесі, оқытуға арналған 
компьютерлік ойындар, видео роликтер; 
6) жалпақ рельефпен жасалған, көрнекілік-графикалық материалдары бар 
ірі және рельефті-нүктелі қарпімен жазылған арнайы оқулықтар, дыбыстық 
материалдар; 
7) арнайы оқу құралдары: брайльді құрылғылар, жалпақ жазуға арналған 
құрылғылар, грифельдер, қалың (брайльдік) қағаздар жасалынған дәптерлер; 
рельефті-нүктелі қарпімен жазылған мәтінді дидактикалық құралдар; сезіп 
қабылдауына арналған (тотальді мүлде көрмейтіндерге) және жалпақ рельефте 
жасалған көрнекі-графикалық құралдар; сипап және көріп сезуге арналған 
(қалдық көруі мен жарықты сезгіштігі бар білім алушыларға), жалпақ рельефті, 
бірақ түрлі-түсті рәсімделінген, көрнекі-графикалық құралдар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет