Мақсаты: Оқушыларға сайысымыздың барысымен және мақсаттарымен таныстыру Оқушыларға көңіл-күй сыйлап,эстетикалық талғамдарын қалыптастыру.
Көрнекілігі: Мадақтау қағаздар, сахна шармен безендіріледі.
Жүргізуші: Армысыздар, оқушылар мен ұстаздар! « Ең-әдемі» байқауына қош келдіңіздер!» Бұл байқау эстетикалық тәрбие беруді көздейді. Өйткені қыздарға жан сұлулығымен тән сұлулығы бірдей болғандығы жарасады. Сондықтан ибалы, инабатты қыздарымыз көбейе берсін деген ниетпен бастауға рұқсат етіңіздер. «Ең әдемі» атты байқауымыздың шарттарымен таныстыра өтсек.
1. «Тегін білу, тектілік» өзін – өзі таныстыру
2. «Той көйлегім үстімде» сән үлгі 3.Менің арманымдағы көйлек» өз арманын дағы көйлектің суретін салу
4. «Қыздарға әсемдік жарасады» Сән киім үлгісін көрсету
Жүргізуші: Қыз сыны, қыз өнері, қыз әдебі,
Тал бойына жарасқан күлкі әлемі.
Бір көріп таң қалдырмай сахнада,
Өмірде сақталсыншы бұл әдебі - дей келе сұлу да сымбатты қыздарымызды ортаға шақырамыз
Өнерпаздар өнерін салыстырып,
Бәйге үшін терлетер шабыстырып.
Әділдікті қолдайтын баға беріп,
Жіберейік әділқазыларды таныстырып.
( қолдарынызға берілген турлі - түсті қағаздың өзіңе ұнаған арудың топ түсін дауыс беру мақсатында банкаға саламыз .)
Жүргізуші: Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші
Аруы деп мектептің жүрейікші
Әділқазыларға тек әділдікті,
Ал аруларға тек сәттілік тілейікші!
Жүргізуші: Өнер қуып арулар өтер деймін,
Бір басына өнері жетер деймін.
Бәсекеге түскен бес ару кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтер деймін.
Таныстырсын өздерін,
Тамылжытып сөздерін–келесі кезекті
«Тегін білу, тектілік» өзін – өзі таныстыру сайысымызға берсек.
(Аруларымыз кезек-кезек өздерін таныстырады)
Жүргізуші: Сымбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы ай менен таласатын.
Өнеріне сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасасың –дей келе сайысымыздың «той көйлегім үстімде» Сән киім үлгісін көрсету бөліміне берсек.
(Аруларды кезек-кезегімен ортаға шақырымыз, сән үлгісін көрсетеді және таныстырады)
Қыздарымыз келесі сайсымызға дайындалғанша ортаға Айдана апайларынмен сергіту сәтін өткізіп жіберейік
Жүргізуші: Жадырап сәуле бейне күн дидары.
Бұлбұлдай дауысыңмен ән силашы,
Күй тартып, би де биле, өлең оқы
Аруға қай өнер де жарасады – 3- сайысымыз « менің арманымдағы көйлек» яғни аруларымыз өз армандарындағы сән үлгісін қағаз бетіне түсіреді
Жүргізуші: Қыздар,қыздар кімсіңдер?
Күлімдеген күнсіңдер
Шұғылалы шуақты,
Таңғажайып дүрсіңдер
Қыздар,қыздар,кімсіңдер?
Мына бізбен бірсіңдер
Осынау дархан өмірді,
Думандатып жүрсіңдер- Айымның орындауында әнге кезек береміз
Жүргізуші:Қыздарға әсемдік жарасады,
Ай көркі биіктерге таласады.
Болмаса сұлу қыз, ару әйел
Табынып еркіндікпен санасады – Соңғы бөліміміз « қыздарға әсемдік жарасады» (өзінің ұнататын киіміне сән үлгісі) Жүргізуші: Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
«Қыз өссе -елдің көркі» деген сөзді
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам?!
Ал енді оқушылар біз сайысымыздың шегіне де жеттік енді барлығымыз әділ болу үшін өзімізге ұнаған сұлу қыздардың топтық түсін банкаға саламыз.
Біздің апайларымыз ұпай сандарын есептеп шығарғанша барлығымыз ортаға би алаңына шығамыз
Құрметті қонақтар, келгендеріңізге көп-көп рахмет!