Бес асыл іс
|
Адам бойындағы қасиеттер
|
Бес дұшпан
|
Талап
|
Өсек
|
Еңбек
|
Өтірік
|
Терең ой
|
Мақтаншақ
|
Қанағат
|
Еріншек
|
рақым
|
Бекер мал шашпақ
|
Талап:
Таудай болса талабың,
Бағың болып жанамын.
Мен бар жерде болмайды
Алынбас еш қамалың.
Еңбек:
Жасампаз төлді түлетіп,
Жаңғыртқан қайта мың рет.
Шөлейтті жерді гүл етіп,
Жайқалтқан мен бір құдірет.
Терең ой:
Қыран қанат құстаймын,
Талабыңды ұштаймын.
Зерделіге достаймын,
Дарындыны қоштаймын.
Қанағат:
Сараңдық пен обырдың,
Құнығудың қандайын.
Жөнге салам бастан-ақ,
Тыйып ұстап әрдайым.
Рақым:
Шарапаттан тұратын
Мен боламын рақым.
Тек жақсылық жолында
Салтанатын құратын.
Міне, балалар, адам біреуге жақсылық жасау үшін, жүрегі жақсылыққа толы болу үшін осы қасиеттерді бойларына сіңіре білу керек.
ІІ бөлім. Мен адаммын
Адамдар біріне-бірі жақсылық жасау үшін әдепті болып өсу керек екен.
1-оқушы:
Ата-анаңның тілегі –
Адам болып өскенің.
Адалдықтың белгісі –
Адал болып өскенің.
2-оқушы:
Әдептілік дегенің –
Әрқашан да керегің.
Әсемпаздық дегенің -
Әуре-сарсаң, әлегің.
3-оқушы:
Тәртіпті бала – сүйініш,
Төбең бір көкке жетеді.
Тәртіпсіз бала – күйініш,
Төмендеп басың кетеді.
4-оқушы:
Кім үлкенді тыңдаса,
Кім үлкенді сыйласа,
Үлкен болған кезінде
Сыйлы болмақ өзі де.
5-оқушы:
Атам маған әманда
«Кішіпейіл» бол деген.
Ата сөзі санамда,
Мақтанбауды жөн көрем.
6-оқушы:
Атам маған әманда
«Әдепті жан бол» деген.
Ата сөзі санамда,
Жасы үлкенге жол берем.
Сергіту сәті: «Әдепті бала».
Адамдар арасындағы ізгілік, сыйластық қарым-қатынасынан әдептілік туады.
Жақсылық жасау – адам бойындағы асыл қасиет. Жақсы адам қол ұшын беруге, жәрдем етуге, жанашырлық танытуға, көмек көрсетуге, қолдау жасауға әрдайым дайын тұрады. Риясыз жақсылықты жасау – биік адамгершіліктің белгісі.
ІІІ бөлім. Жүрек жылуы
Жағдаяттар
Сен мектепке асығып бара жатырсың. Бір әжей жолдан өте алмай тұр екен. Сен не істер едің? Әжейге көмектесер ме едің?
Айарудың сіңлісі Айназ дүниеге келді. Үйдегілер қуанышты. Туыстары жақсы тілек айтып, әкелген сыйлықтарын беріп жатыр. Айару бұған өкпелі. Айарудың қылығы дұрыс деп ойлайсыңдар ма?
Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырғанда не істеу керек?
Үлкен кісімен қашанда қалай сөйлесу керек?
Қорытындылау
Жақсылық – жан шуағы. Адамдар бір-біріне жақсылық істеуден жалықпаса өмірде сыйластық, қамқорлық, достық, сүйіспеншілік қарым-қатынс болады. Ал қоғамда бірлік, ынтымақ, татулық орнайды.
Қазақта «Батаменен ел көгерер, Жауынменен жер көгерер» деген нақыл сөз бар.
Көрініс
Тоғыз жасар Жетес Төле биге сәлем бере барыпты. Сонда Төле би былай деген екен:
Бата басқа, қына тасқа, ақыл жасқа, не қалайсың, балам?
Сонда Жетес бала:
О, қасиетті баба! Ат берсеңіз өліп қалады, тон берсеңіз тозып қалады. Ат, тонға бергісіз өлмейтін, өмірі естен кетпейтін бір өсиет атсаңыз ризамын, - депті.
Онда қолыңды жай, балам, - депті Төле би.
Бір үйдің баласы болма,
Көп үйдің санасы бол.
Бір елдің атасы болма,
Бір елдің данасы бол.
Бір тонның жағасы болма,
Көп қолдың ағасы бол.
Ақты «Ақ» деп бағала,
Қараны «Қара» деп қарала.
Өзегің талса өзен бойын жағала,
Басыңа іс түссе көпшілікті сағала.
Өзіңе кәміл бол,
Халқыңа әділ бол.
Жауыңа қатал бол,
Досыңа адал бол!
Өзінің саналы өмірінде Төле би бабамыз шындық, әділет, адалдық жолында қызмет атқарған. Сөйтіп, ол халқының бақыты, болашағы, бірлігі үшін бүкіл ғұмырын сарп етті.
Балаларға өзін осы сабақтан кейін қандай бала деп есептейтінін жазғызу.
Жаман мінез-құлықтарын параққа жазғызып, жартқызу.
Ал, енді өз бойыңда қандай жақсы және жаман мінез-құлық белгілері бар деп ойлайсың?
Осы сұрақ төңірегінде өз бойларыңдағы ұнамды және ұнамсыз қылықтарыңды немесе қасиеттеріңді жазып шығыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |