Көрнекілігі: слайдтар Өткізудің формасы



бет2/4
Дата16.10.2022
өлшемі21,88 Kb.
#43435
түріСабақ
1   2   3   4
Байқадам Гүлмариям: Бірлік елдіктің, ұлт болып ұйысып отырудың басты кепілі саналған. Сондықтан, ел тізгінін қолына ұстаған адамдар - ақсақалдар, билер, хандар ел ішіндегі асқынған дау, ушыққан жанжалды тыйып, шешім қабылдағанда ел бірлігіне сына түспеу жағына баса көңіл бөлген.
Жоракулова Мерей: Елбасы да өз сөзінде «қазақстанның болашағы сендердің қолдарында» дей отырып, жастарға еліміздің болашағы солардың қолында екендігін үнемі айтып келеді.


Иманәлі Баян: Яғни, мемлекет басшысы үлкен талпыныспен қарап, халыққа деген үлкен сенімін білдіреді. Қазақстан сияқты көпұлтты мемлекет үшін, әрине, бұл өте қажет. «Бірлік бар жерде тірлік бар» деген. Ендеше қазақ халқы бірлігін көрсету қажет.
Қали Айжан: Дүниеде тыныштық пен бейбітшіліктен асқан бақыт жоқ десек, әр үйде бақыт шамы жарқырап жануы үшін бірлігімізді нығайтуға ат салысуымыз керек. Қай сала болсын, бірігіп,бас қосып атқарылған іс баянды болары хақ
Амиртаева АйсұлуБірлік дегеніміз - ортақ жұмыс жасағанда ұйымшылдық көрсету, жаныңдағы достармен тату өмір сүру, өзгелерді де тыңдау, өзгенің де қамын ойлау, көпшіл болу.


Қиясова Аиша: Бірлік түбі тірлік деп қазақ халқы бекер айтпаған. Адамдардың арасында бірлік болу керек Адамдар арасында бірлік болса, олар ынтымақта, тату - тәтті өмір сүреді. Біз бәріміз өзара сыйласып, ұйымшылдық көрсетксек қана бірлікке қол жеткізуге болады. Бүгі біздің елімізде көптеген ұлттар тұрады,олар бір-бірімен тату жақсы араласады. Біз берекелі ел болуымыз үшін ынтымақ, бірлік қажет. Әнет баба ынтымақта болсаңдар еш жау ала алмайдыд еген .


Токиева Жанель: «Халық айтса, қалып айтпайды» дегендей, дана халқымыз бүкіл тіршіліктің, адамзат жаратылысының бүкіл мәнісін «Бірлік түбі – тірлік» деген екі ауыз сөзбен түйіндеген екен. Ауызбірліксіз ешкімнің де, ешбір елдің де ешқашан асығы алшысынан түспеген. 
Мұғалім: Қазақтың бір қасиеті, ешкімнің ала жібін аттамауға, көрші-көлем, ағайын-жұртпен, алыс жақынмен тату-тәтті, сыйлас болуға үгіттеген. Адам баласы әу баста жер бетіне жаралғаннан-ақ қауымдасып күн кешу арқылы сыртқы табиғи күштер мен жыртқыш хайуанаттардың, нешебір аждаһалардың тажалына төтеп бере білді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет