Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды даярлық сыныптарында ұйымдстырылған оқу қызметтерін ұйымдастыру бойынша


Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде жоғары оқу орындарының оқу үдерісін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар



бет43/63
Дата06.01.2022
өлшемі1,33 Mb.
#15854
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   63
Байланысты:
2020-2021ж.-Әдістемелік-ұсынымдар-1

Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде жоғары оқу орындарының оқу үдерісін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар

1-тарау. Жалпы бөлім.

1. Осы 2020-2021 оқу жылында жоғары оқу орындарының оқу үдерісін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар (бұдан әрі – Ұсынымдар) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының (бұдан әрі - ЖЖОКБҰ) басшыларына, ЖЖОКБҰ құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына, білім беру бағдарламаларының басшыларына, профессорлық-оқытушылық құрамға (бұдан әрі – ПОҚ) 2020-2021 оқу жылында ЖЖОКБҰ білім беру үдерісін тиімді ұйымдастыру және академиялық саясатты іске асыру мақсатымен көмекші құрал ретінде әзірленген.

2. COVID-19 белсенділік жағдайында жаңа оқу жылында ЖЖОКБҰ ұйымдастырушы іс-шаралардың келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылуы қамтамасыз етіледі:

1) ЖЖОКБҰ-ның оқу корпустары мен жатақханаларында санитариялық-эпидемиологиялық режимді (бұдан әрі – СЭР) қамтамасыз ету;

2) барлық қызметкерлер мен білім алушыларды СЭР-мен қамтамасыз ету регламентімен таныстыру;

3) білім беру қызметін карантин жағдайын ескере отырып ұйымдастыру;

4) АКТ қолданумен жұмыс дағдыларын үйрену үшін ПОҚ біліктілігін арттыру;

5) жеке білім беру контентін (онлайн курстарды) әр түрлі білім беру платформаларында барлық деңгейлер бойынша әзірлеу;

6) Сапаны қамтамасыз ету саясаты мәнмәтініндегі оқу сапасының мониторингі;

7) академиялық адалдық қағидаларын сақтау,

8) аралық және қорытынды аттестаттау өткізу процедураларының прокторинг жүйесін қамтамасыз ету;

9) университет қызметін техникалық жарақтау, қашықтан және аралас оқыту форматтарының талаптарына сәйкес құжат айналымы мен қатысымды, оқу үдерісін ұйымдастыру (электронды құжат айналымы, электронды кесте, электронды кітапхана және т.б.)

3. ЖЖОКБҰ өзінің Даму стратегиясын, Академиялық саясатты, сонымен бірге жаңа оқу жылына білім беру үдерісін ұйымдастыру форматын жаңартуы ұсынылады.

4. Әрбір нақты өңірдегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып және белгілі әкімшіліктік-аумақтық бірліктің бас санитариялық дәрігерінің шешімдері негізінде ЖЖОКБҰ СЭР-нің әр түрлі деңгейлерін қамтамасыз етеді.

5. Карантин кезінде білім беру үдерісі келесі форматта ұйымдастырылуы мүмкін:

1) қашықтықтан оқыту;

2) аралас оқыту.

6. Қашықтықтан оқыту - педагог қызметкерлері мен білім алушылардың өзара және оқыту құралдарымен педагогикалық, сонымен бірге ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданып, уақыты мен кеңістігі мақсатқа сай ұйымдастырылған және келісілген өзара әрекет ету процесі.

7. Аралас оқыту – бұл ЖЖОКБҰ-ның білім беру порталында орналасқан арнайы электронды оқу материалдары қолданылатын онлайн оқытумен дәстүрлі күндізгі оқытуды үйлестіру негізінде білім беру үдерісін ұйымдастыру.

8. Осы ұсыныстар мақсаты – карантин жағдайында қашықтықтан немесе аралас оқыту форматында білім беру үдерісін ұйымдастыруға ЖЖОКБҰ-ның және ПОҚ-ның әдістемелік көмек көрсетуі.

9. Осы ұсыныстар келесі міндеттерді шешуге бағытталған:

1) ЖЖОКБҰ-ның білім беру үдерісін қашықтықтан оқытуды және оның сапасын қамтамасыз ету форматында ұйымдастыру;

2) ЖЖОКБҰ-ның оқу корпустарында, жатақханаларында және аумақтарында санитариялық-эпидемиологиялық режимді қамтамасыз ету;

3) оқыту технологияларын/әдістерін қолдану бойынша ұсыныстар: төңкерілген оқыту, онлайн-курс, аралас (белсенді емес) курс, аралас (интерактивті), интерактивті онлайн курс;

4) кәсіби тәжірибелер мен теоретикалық оқытудың барлық түрлерін біріктіру;

5) ЖЖОКБҰ-ның жеке курстарын онлайн платформаларда әзірлеу;

6) қашықтықтан оқыту форматында аралық және қорытынды аттестаттау кезінде прокторинг жүйесімен қамтамасыз ету;

7) білім алушыларда білім беру бағдарламасының контенті арқылы сандық дағдыларды қалыптастыру;

8) ЖЖОКБҰ-да көпшіліктік ашық онлайн-курстарды қолдану есебінен аралас оқытуды енгізу;

9) ЖЖОКБҰ-мен онлайн-курстарды қолданып желілік білім беру бағдарламаларын іске асыру кезінде өзара әрекеттерді кеңейту.

10. Осы ұсыныстарда келесі терминдер мен анықтаулар қолданылады:

1) қашықтықтан білім беру технологиялары (ҚББТ) – білім алушы мен педагогтың жанама (қашықтықта) немесе толығымен жанама өзара әрекеттер кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен телекоммуникациялық құралдарды қолданып жүзеге асырылатын оқыту;

2) төңкерілген оқыту – бұл оқытушы өз бетімен онлайн оқу үшін дәріс материалын беретін оқыту моделі, ал күндізгі оқуда материалды практикалық бекіту өтеді. Білім алушылар видеодәрістерді көру арқылы өз бетімен білім алады және өзін-өзі тексеруге тест тапсырмаларын орындайды. Білім алушылар материалды өз бетімен оқығаннан кейін күндізгі сабақтарда дәрістер мазмұнын талқылайды, үй жағдайында алынған білімдерін тәжірибеде қолданады, оқытушымен кеңеседі;

3) білім беру порталы – ҚББТ бойынша білім беру үдерісін ұйымдастыруға мүмкіндік беретін әкімшілік-академиялық және оқу-әдістемелік ақпараттан тұратын ақпараттық ресурстар мен Ғаламтор сервистерінің жүйелік-ұйымдастырылған, өзара байланысты жиынтығы;

4) көпшіліктік ашық онлайн курс (бұдан әрі – КАОК) – электронды оқыту технологиясын қолданып және Ғаламтор арқылы ашық қолжетімділікпен көпшіліктік интерактивті қатысумен оқытушы курс;

5) онлайн прокторинг – тұлғаны тексеру және онлайн-емтихандардан өту нәтижелерін растау жүйесі;

6) сандық білім беру ресурстары (бұдан әрі – СББР) – бұл интерактивті нысанда оқытуды қамтамасыз ететін пәндер және (немесе) модульдер бойынша дидактикалық материалдар: фотографиялар, видеоүзінділер, статикалық және динамикалық модельдер, виртуалды нақтылық және интерактивті модельдеу объектілері, дыбыс жазбалары және өзге сандық оқу материалдары;

7) оқытуды басқару жүйесі (LMS) – электронды оқытуды, виртуалды сыныптар мен онлайн-курстарды қоса алғанда, барлық оқу іс-шараларын жоспарлауға, өткізуге және басқаруға арналған жоғары деңгейлі, стратегиялық шешім;

8) синхронды оқыту – тыңдаушылармен және оқытушылар арасында шынайы уақыт режимінде өтетін онлайн-оқытудың әртүрлігі. Тыңдаушылар ақпарат алады, онымен өз бетімен немесе топтарда жұмыс істейді, барлық кезең үшін бірыңғай уақытта кез келген орыннан оны басқа қатысушылармен және оқытушылармен талқылайды;

9) асинхронды оқытубілімді немесе ептілікті беру үдерісі белгілі бір орынға және уақытқа байланыстырылмаған оқыту форматы;

10) геймификация (игрофикация) – онлайн-оқыту үдерісіне техникасы оқытуды ережелермен, рөлдермен, виртуалды марапаттаулармен, миссиялармен, ойын мақсаттарына қол жеткізу үшін тиянақты таңдау жасау мүмкіндігімен тартымды ойын процесіне айналдыратын ойын маңыздылығын беру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет