Білім беру бағдарламасына әдістемелік ұсынымдар



Pdf көрінісі
бет1/7
Дата28.01.2017
өлшемі0,62 Mb.
#2865
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 



«Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚ  



БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНА  

ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Астана 

2016 

 

 



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 

«Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы базасында әзірленген 

 

 

Пікір жазғандар: 

 

А.Салиева, п.ғ.к. 

А.Кенесова, меңгеруші 

Г. Біртаева, әдіскер 

 

 

 

 

Мектепалды даярлық  білім беру бағдарламасына әдістемелік ұсынымдар. - 



Астана, 2016. - 70 бет. 

 

 



 

 

 



Мектепалды даярлық білім беру бағдарламасының әдістемелік 

ұсынымдарында мектепалды даярлық сыныптарында балалардың біліктерін, 

дағдылары мен шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруға ықпал ететін 

оқыту үдерісін қамтамасыз ету қарастырылған. 

Бұл әдістемелік ұсынымдар білім беру салаларын кіріктіруді ескере 

отырып, нормативтік талаптар негізінде әзірленді, сондай-ақ мектепке дейінгі 

және бастауыш білім берудің сабақтастығы мен үздіксіздігін қамтамасыз етеді. 

Аталған әдістемелік ұсынымдар жалпы білім беретін мектептердегі 

мектепалды даярлық сыныптарының педагогтары мен жалпы ана-аналар 

қауымына арналған. 

Мектепалды даярлық  білім беру бағдарламасына әдістемелік ұсынымдар 

ҚР БҒМ «Мектепке дейінгі балалық шақ» Республикалық орталығының  (№2 

хаттама 2016 жыл 8 ақпан) Ғылыми –әдістемелік кеңесінде қаралды және 

ұсынылды.  

 

                                                                                    

 

 

 

 

© «Мектепке дейінгі балалық шақ» 



республикалық орталығы, 2016 

 

 

 

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА 

 

  

Мектепалды даярлық  білім беру бағдарламасына  әдістемелік ұсынымдар 



республикадағы  30  пилоттық  мектеп  аясында  саралаудан  өткізілуші 

Мектепалды  даярлық  білім  беру  бағдарламасының  (бұдан  әрі-  Бағдарлама) 

негізгі бөлігі болып табылады.  

Әдістемелік  ұсынымдар  тәрбиелік,  дамытушылық,  оқыту  міндеттерінің 

бірлігін  қамтамасыз  етуді  және  балаларды  мектепте  оқытуға  дайындауды 

қарастырады.  



Әдістемелік  ұсынымдардың  мақсаты  –  жаңартылған  Мектепке  дейінгі 

тәрбие  мен  оқытудың  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  стандарты  талаптарына 

сәйкес Бағдарлама мазмұнын іске асыру бойынша   әдістемелік көмек көрсету.  

Міндеттері: 

білім  беру  үдерісін  тиімді  ұйымдастыру  үшін  кеңістіктік-заттық 



дамытушы ортаны құруға мүмкіндік беру; 

 

педагогтардың кәсіби құзіреттіліктерін қалыптастыруға көмектесу; 

білім  беру  салаларын  кіріктіру  негізінде  балаларды  рухани-



адамгершілікке тәрбиелеу мен дамыту үшін жағдайлар жасау; 

балалардың мектепте оқуға қажетті тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру; 



балаларды  тәрбиелеу  және  оқыту  мәселелерінде  педагогтар  мен  ата-

аналардың өзара байланысын қамтамасыз ету. 

Әдістемелік  ұсынымдарда  балалардың  жеке  ерекшеліктерін  ескере 

отырып,  «Денсаулық»,  «Қатынас»,  «Таным»,  «Шығармашылық»,  «Әлеуметтік 

орта» білім беру салаларын кіріктіру арқылы сабақтарда, өз бетінше әрекетте, 

режимдік  сәттерде,  ата-аналармен  жұмыс  істеуде  білім  беру  үдерісінің  негізгі 

бағыттары бойынша бағдарлама мазмұнын іске асырудың түрлері мен әдістері 

ашылған. 

«Денсаулық» білім беру саласында «Денсаулық және дене бітімі», «Қозғала 

білу  және  сенімділік»,  «Ынтымақтастық  және  басқару»,  «Шығармашылық 

қабілеттер»  бөлімдерінде  балалардың  денсаулығын  нығайту  бойынша  қимыл 

белсенділігінің түрлері мен әдістері  берілген. 

«Қатынас»  білім  беру  саласында  «Тыңдалым  және  айтылым»,  «Оқылым» 

және «Жазылым» бөлімдері арқылы байланыстырып сөйлеуді дамыту, белсенді 

сөздік  қорды  байыту  және  тілдің  дыбыстық  мәдениетін  қалыптастырудың 

жолдары мен құралдары қарастырылған.  

«Таным»  білім  беру  саласы  танымдық-зерттеу  әрекетін  қалыптастырады, 

құрастыру,  шығармашылық  қиялдау  мен  логикалық  ойлау  дағдыларын 

дамытады,  заттар  мен  құбылыстар  туралы  табиғатты  тануға  деген  алғашқы 

түсініктерді  орнықтырады,  өзін  табиғаттың  бір  бөлігі  ретінде  тани  отырып, 

қоршаған  әлемге  деген  дұрыс  қарым-қатынасын  қалыптастыру  әдістері  мен 

тәсілдерін ашып көрсетеді.  

«Шығармашылық»  білім  беру  саласында  баланың  бойында  эмоциялық-

сезімдік  саланы  дамыту  үшін,  шығармашылық  қабілет,  ойлау  мен  қиялдауды 

қалыптастыру,  өзінің  ішкі  әлемін  көркем  түрде  беруге  талпынысы,  көркем-



 

музыкалық  әрекет  арқылы  өнер  әлеміне  баулу  және  балалардың  көркем 



әрекетінің  алуан  түрлерін  өзара  кіріктіру  жөнінде  әдістемелік  ұсынымдар 

берілген.   

«Әлеуметтік  орта»  білім  беру  саласында  әлеуметтік  ортада  бейімделе 

білуге,  өз  халқына,  Отанына  деген  сүйіспеншілік  сезімін,  төзімділікті 

қалыптастыруға,  рухани-адамгершілік  қасиеттерді  дамыту  жөніндегі 

ұсынымдар қарастырылған.   

Әрбір  білім  беру  саласындағы  күтілетін  нәтижелер  Бағдарламаның  оқу 

мақсаттарының жүйесі арқылы берілген.  

Әдістемелік  ұсынымдарда  мектепалды  даярлық  сыныбында  педагогтың 

қалауымен ауыстыруға болатын  сабақтарды бөлу үлгісі анықталған. 

Барлық  іс-шаралар  мен  сабақтар  болашақ  бірінші  сынып  оқушысын 

оқытуды  ғана  қарастырып  қоймайды,  сондай-ақ  олардың  белсенділігін, 

дербестігін,  шығармашылық  қабілеттерін,  танымдық  қызығушылықтарын, 

құрбы-құрдастары  және  ересек  балалармен  қарым  қатынас  жасау  біліктерін 

дамытумен ерекшеленеді. 

   


        

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



 

КЕҢІСТІКТІК-ЗАТТЫҚ ДАМЫТУШЫ ОРТАНЫ ҚҰРУ 

  

Мектепалды даярлық бағдарламасын жүзеге асыру үшін, дамытушы білім 



беру орта келесі ұстанымдарды ескере отырып құрылады: 

түрлі 



тақырыптық 

материалдар 

мен 

құралдарды 



және 

тәрбиеленушілердің  заттық  ортамен  өзара  әрекеттесуіндегі  белсенділігін 

қарастыратын  ақпараттылығы; 

білім  беру  ұйымының  түрімен,  тәрбиелеу  мазмұнымен,  мәдени  және 



көркем 

дәстүрлерімен, 

климаттық-географиялық 

ерекшеліктерімен 

анықталатын  вариативтілігі; 

барлық  тәрбиелеу-оқыту  үдерісінңғ  құрамдас  бөлімдерін  және  түрлі 



кеңістіктік-заттық  дамытушы  ортаның  құрамдас  бөлімдерін  қолдану 

мүмкіндігін қамтамасыз етуді қарастыратын көпфункционалдылығы; 

кеңістіктік-заттық  дамытушы  ортаны  толықтырудың  қажеттілігі  мен 



жеткіліктілігін, сондай-ақ тәрбиеленушілердің өз ойларын білдіру мүмкіндігін, 

әрбір  баланың  жақсы  көңіл-күйі  мен  жеке  қолайлылығын  қарастыруға 

мүмкіндік беретін педагогикалық мақсатқа сәйкестігі; 

кеңістіктік-заттық  дамытушы  ортаның  өзгеру  мүмкіндігін  қамтамасыз 



ететін, жағдайға байланысты кеңістіктің сол немесе әлдебір басқа функциясын 

алдыңғы жоспарға қоюға мүмкіндік беретін түрленушілігі. 

Дамытушы  ортаны  құруда  кеңістіктік-заттық  дамытушы  ортаны  қыздар 

мен  ұлдарға  арналған  ерекше  материалдармен  қамтамасыз  ету  қажеттілігі 

ескеріледі.  Кеңістіктік-заттық  дамытушы  ортаны  құруда  білім  беру  салаларын 

кіріктіру  ұстанымдары  ескеріледі.  Білім  берудің  бір  саласына  арналған 

материалдар  мен  құралдарды  басқа  білім  беру  салаларын  іске  асыруда 

қолдануға болады.   

Мектепке  дейінгі  білім  беру  деңгейінде  баланың  қимыл  белсенділігін 

белсендіру мақсатында, құралдарды таңдау дамытушы тапсырмаларды көбірек 

шешуге  мүмкіндік  беретін  баланың  әрекеттері  түрлерінде  (ойын,  өнімдік, 

танымдық-зерттеу,  коммуникативтік,  еңбек,  көркем-музыкалық  әрекет,  көркем 

әдебиетті қабылдау) іске асырылады.   

Құралдарды  таңдау  негізгі  білім  беру  бағдарламасын  іске  асыруда, 

балалармен  жұмыс  істеудің  негізгі  және  жетекші  әрекет  түрі  ретінде  ойын 

арқылы жүзеге асырылады.   



Өнімді әрекетке арналған құралдар: 

бейнелеу әрекетіне арналған құралдар жиынтығына сурет салу, мүсіндеу 



және жапсыруға арналған материалдар жатады; 

құрастыруға  арналған  құралдарға  құрылыс  материалдары,  әртүрлі 



құрастыру бөлшектері, түрлі-түсті және түрлі фактурадағы қағаздар, сондай-ақ 

табиғи және қалдық материалдар жатады. 



Танымдық-зерттеу  әрекетіне  арналған  құралдарға  шынайы  әрекетте 

зерттеуге арналған нысандар мен бейнелі символикалық материалдар, шынайы 

уақытта зерттеу үшін нысандарға қатысты сенсорлық дамытуға арналған түрлі 


 

материалдар  жатады.    Материалдардың  осы  топтарына  іс-әрекет  барысында 



балалардың  осы  материалдардың  алуан  түрлі  қасиеттерімен  танысуға  және 

оларды  ретке  келтірудің  түрлі  тәсілдерін  үйренуге  мүмкіндік  беретін  табиғи 

нысандар кіреді.  

 

Қимыл  белсенділігіне  арналған  материалдар  мен  құралдарға  жүру, 

жүгіру  мен  тепе-теңдікті  сақтауға,  секіру,  лақтыру  мен  қағып  алуға,  еңбектеу 

мен өрмелеуге, жалпы дамытушы жаттығуларға арналған құралдар жатады. 



Ойын әрекетіне арналған құралдарға мыналар жатады: ойыншықтар, 

түрлі  ойындық  атрибуттар  мен  ойын  материалдары.  Барлық  ойын  құралдары 

ойын бөлмесінде, спорт залында және алаңда орналасады. Ойынды өткізу үшін 

ойын жәшіктері жасалады: жалпы (әртүрлі ойыншық жиынтықтары), драмалық 

(драмалық  ойындар  мен  қойылымдарға  арналған  киімдер  мен  костюмдердің, 

күрделі емес декорациялардың элементтері, құрал кешендері), үстел үсті және 

құрылыс ойындарына арналған (ағаш, пластмасса, металл конструкторлар және 

басқалар).  Барлық  құралдар  қолайлы  және  оңай  түрленуі  қажет.  Балалар 

ойынды  өз  бетінше  таңдай  алатындай,  бір  ойыннан  екінші  ойынға  ауыса 

алатындай болғаны жөн. Ойыншықтар қауіпсіз, қызық, тартымды және ашық, 

бірақ  қарапайым  болуы  керек.  Ойыншықтар  баланың  зейінін  өзіне  аудармай, 

олардың ойларын белсендіруге ықпал етуге тиіс.    



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

БАЛАЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУ ЖӘНЕ ОҚЫТУ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ 



ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ МЕН ӘДІСТЕРІ 

 

Педагог күнделікті өз іс-әрекетінде  баланың жеке тәжірибесін жинақтауға, 

тереңдетуге,  жүйелеуге  мүмкіндік  беретін,  іс-қимылдардың  жаңа  тәсілдерін 

меңгертетін,  байланыс  пен  тәуелділіктің  арақатынасын  сезінетін  сабақтарды 

ұйымдастыру тәсілін өзі анықтайды. 

Балаларды  оқыту  қызықты,  проблемалық-ойын  болуы  тиіс,  бала  

субъективті  тұрғыдан  өзінің  дербестігі  мен  шығармашылығының    үнемі  өсуін 

қамтамасыз етуі қажет. 

Педагогикалық  үдерісті  құруда  көрнекі-тәжірибелік  әдістерге  жеткілікті 

мән берілуі тиіс, сондай-ақ бақылау, экскурсия, қарапайым тәжірибелер, өзекті-

жағдайлық  ойындар  мен  басқа  да  әрекеттерді  ұйымдастыру  тәсілдерін 

қолдануға басымдық танытылуы қажет. 

Білім беру үдерісі балалардың еркін әрекеттері ересектер мен балалардың 

бірлескен іс-әрекеттерінің тең арақатынасы негізінде құрылады. 

Ересектер  серіктес-қатысушы  ретінде,  балалардың  іс-әрекет  мазмұнына 

және    түр-түсіне  деген  қызығушылығына  сүйене  отырып,  психологиялық 

тұрғыдан мәжбүрлеусіз оқуға тартылады. 

Білім беру үдерісінің негізін қалайтын тәсілдерге келесілер жатады:  

-

тұлғалық мәні бар іс-әрекеттерді ұйымдастыру; 



-

материалды берудің тұтастығы (блоктап оқыту); 

-

білім беру үдерісін ұйымдастырудың жүйелілігі; 



-

кіріктіру негізінде заманауи педагогикалық технологияларды қолдану; 

нақты  бейнелер,  тәжірибелік  мысалдар  (интерактивті  жабдықтарды 



қолдану) арқылы материалдарды зерделеу.  

Жұмбақ,  ребус,  кроссворд  шешу,  шығармашылықпен  және  еркін  сурет 

салу,  қарапайым  есептер  құрастыру  сияқты  тәсілдерді  қолдану  оқытуды 

қолжетімді  әрі  сапалы  етеді,  оны  танымдық  және  қызықты  сабаққа 

айналдырады.  Сабақтағы  ахуалды  қуанышпен,  жылы  шыраймен,  ыстық 

ықыласпен  толықтыру,  баланың  жетістіктерімен  және  сәтсіздіктерімен  бөлісу, 

баланы  әрқашан  атымен  атау,  оның  қызығушылықтары  мен  қажеттіліктерін 

сезіну,  әрекеттерін  бағыттап  отыру,  бастамалары  мен  шығармашылығын 

ынталандырып отыру ерекше маңызға ие.   

 

Балаларды тәрбиелеу мен оқыту мазмұны 

Бұл жастағы балалар болашақта мектепте оқуға деген қызығушылықтарын 

таныта бастайды. Болашақта мектепте оқу мектепалды даярлық сыныптарында 

ерекше  бейімділікті  қажет  етеді.  Мектепке  деген  қызығушылық  ересектермен 

қарым-қатынас  жасау,  мұғаліммен  жүздесу,  оқушылармен  бірге  жұмыс  істеу, 

мектепке  бару,  мектеп  тақырыбында  мазмұнды-рөлдік  ойындар  ойнау  және 

табиғи жолдар арқылы дамиды. Ең бастысы – балалардың дамып келе жаткан 

қызығушылықтарын  өз  жетістіктерінің  ұлғая  түсуін  сезінумен,  жаңалықты 

меңгеруімен  және  танымдық  қажеттілікпен  байланыстыра  отырып,  жаңа 

әлеуметтік  ұстанымға  («Оқушы  болғым  келеді»)  ұштастыру  керек.  Педагог 



 

балалардың зейіні мен есте сақтауын дамытуға талпынады, қарапайым өзін-өзі 



бақылау,  өз  әрекетін  өз  бетінше реттеу  қабілеттерін  қалыптастырады.  Аталған 

қабілеттердің  қалыптасуына  балалардан  нысандарды  бірнеше  белгілері 

бойынша  салыстыру,  қателерді  іздеу,  есте  сақтау,  жалпы  ережені  қолдану, 

әрекеттерді  шарттарға  сәйкес  орындау  талап  ететін  алуан  түрлі  ойындар 

көмектеседі.  Мұндай  ойындар  баламен  немесе  мектеп  жасына  дейінгі  ересек 

балалармен күнделікті өткізіледі. 

Мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  толыққанды  жағдайда  дамыту  үшін, 

оның  өз  құрбы-құрдастарымен  және  ересектермен  мазмұнды  қарым-қатынас 

жасауы  тиіс.  Педагог  әр  баламен  қарым-қатынас  жасау  практикасын 

түрлендіруге  тырысады.  Қарым-қатынас  пен  ынтымақтастық  жағдайын 

қалыптастыра  отырып,  ол  балаға  сенімділік,  мейірімділік  пен  сыйластық 

танытады. Сонымен қатар педагог баланы жаңа білікке, әрекет тәсіліне үйрету 

кезінде  тәжірибені  тікелей  бере  алады;  тәрбиеші  балалардың  әрекетіне  тең 

құқылы  қатысушы  болған  жағдайда,  тең  серіктес  атанады;  педагог  балаларға 

мәселені  шешу  үшін  арнайы  көмек  сұрап  жүгінгенде,  балалар  ересектердің 

«жіберген» қателерін жөндегенде, кеңес бергенде, «ересек қамқоршы» ретінде 

көрінеді.  

6  жастағы  балалардың  өзіндік  сана-сезімінің  маңызды  көрсеткіші  –  бұл 

өзіне және басқаларға құнды қарым-қатынасы. Өзінің болашақ ықтимал бейнесі 

туралы  оң  түсінігі  алғаш  рет  оның  кейбір  өз  кемшіліктеріне  сын  тұрғысынан  

қарағанда,  ересектердің  көмегімен  оларды  түзетуге  талпыныс  жасағанда 

қалыптаса бастайды. Дегенмен, мектеп жасына дейінгі балалардың мінез-құлқы 

оның  өзі  туралы  ойымен,  өзінің  қандай  болу  керектігі  туралы  түсініктерімен 

өзара  қатынаста  болады.  Баланың  айналадағы  әрекеттерді  оң  сипатта 

қабылдауы  өзінің  тікелей  «Меніне»,  іс-әрекеттер  жетістігіне,  достаса  білу 

қабілетіне,  өзара  әрекеттесу  барысында  олардың  жағымды  тани  білуіне 

байланысты. Мектеп жасына дейінгі бала өзара әрекеттесу барысында сыртқы 

дүниемен және адаммен белсенді әрекетке түседі, оны таниды, сондай-ақ өзін 

де  таниды.  Бала  өзін-өзі  тану  арқылы  өзі  туралы  және  өзін  қоршаған  әлем 

туралы  белгілі  бір  білімдер  жиынтығына  ие  болады.  Өзін-өзі  тану  тәжірибесі 

құрбы-құрдастарының  арасындағы  жағымсыз  қарым-қатынастар  мен  кикілжің 

жағдайларды  жеңу  қабілеттері  мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  қалыптасу 

алғышарттарын  құрайды.  Өзінің  мүмкіндіктері  мен  ерекшеліктерін  тани  білу 

қоршаған адамдардың құндылықтарын түсінуге әкеледі. 

6-7 

жастағы  балаларды  тәрбиелеу  мен  оқыту  олардың  дене,  ақыл-ой, 



адамгершілік,  эстетикалық  дамуына,  денсаулықтарын  нығайтуға,  сондай-ақ 

білім, білік және дағдыларын жетілдіруге бағытталған.  

Үлгілік  оқу  жоспарына  сәйкес,  мектепалды  даярлық  сыныптарында 

ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің көлемі аптасына – 24 сағат, оның ішінде 

4 сағат - вариативтік бөлім. 

Осы жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқыту бағдарламасының мазмұнын 

меңгеру білім беру саласын кіріктіру және заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны 

қамтамасыз ету арқылы іске асады.  



 

 



Білім беру салалары мазмұнын кіріктіру 

Кіріктіру  –  бұл  түрлі  білім  беру  салалары  мазмұнының  өзара  сіңісуі  мен 

өзара бірге әрекеттесуі. Кіріктірудің ерекшелігі білім беру үдерісінің тиімділігін 

арттыратын,  шаршау  мен  қалжырауды  басатын  түрлі  білім  беру  салалары 

материалдарының  логикалық  өзара  шарттылығы,  өзара  байланысы  болып 

табылады. 

Білім  беру  іс-әрекеті  алуан  түрлі  әдістер  мен  тәсілдерді  қолдана  отырып, 

түрлі  іс-әрекеттерді  ұйымдастыру  арқылы  білім  беру  салаларын  кіріктіру 

жолымен іске асады. 

Білім  беру  әрекеті  білім  беру  салаларын  кіріктіру  жолымен  жүзеге 

асырылады және баланың эмоциялық дамуына, оқуға деген ынтасын арттыруға, 

танымдық қызығушылығын, әлемнің толық сипатын қалыптастыруға және ой-

өрісін кеңейтуге мүмкіндік береді. Білім беру саласының мазмұнын кіріктіру: 

біртұтас үдеріс аясында білім беру саласының мазмұнын іске асыруды; 



баланың  тұлғалық  қасиетін  және  оның  қоғамға  үйлесімді  енуін 

қалыптастыруды қамтамасыз етеді. 

Кіріктіру  ұстанымына  сәйкес  білім  беру  әрекеті  барысында  бір  білім 

саласы  басқа  білім  беру  салаларының  міндеттерін  бір  мезгілде  шешуі  керек. 

«Денсаулық»  білім  беру  саласының  міндеттерін  шешкенде,  сондай-ақ 

«Әлеуметтік  орта»  білім  беру  саласына  қатысты  дағдылар  да  қалыптасады, 

«Таным», «Қатынас» және т.б. салаларына қатысты білімдер мен икемділіктер 

орнығады.  

 

 



 

 

 



 

 

 



10 

 

Мектепалды даярлық топтары мен сыныптарында ұйымдастырылған оқу 



іс-әрекеттерін жоспарлау үлгісі 

 

 

Денсаулық  





сағат 

Қатынас  

6 сағат 

 

Таным 

3 сағат 

Шығармашыл

ық 

5 сағат 

Әлеуметтік орта 

2 сағат 

ДН

 



 

  Дене 


шынықтыру 

-1 


Тіл дамыту 

және көркем 

әдебиет-1 

Орыс тілі-1 



 

 

Музыка- 1 



 

СН

 



 

 

 



Дене 

шынықтыру 

-1 

Орыс тілі-1 



  

Қарапайым 

математикалық 

ұғымдарды 

қалыптастыру-

Сурет салу- 1    Вариативті компонент 1 



 

СР

 



 

 

 



 

 

 



Сауат ашу және 

жазу негіздері - 

Вариативті 



компонент 1 

Жаратылыстану 

және экология 

негіздері- 1 

Музыка - 1 

Өзін-өзі тану -1 

БС

 

 



 

 

 



 

Қауіпсіз 

мінез-құлық 

негіздері, 

валеология- 

 



Сауат ашу және 

жазу негіздері - 

0,5 

Тіл дамыту 



және көркем 

әдебиет-0,5 

Вариативті 

компонент 1 

 

Мүсіндеу - 1    Қоршаған 



ортамен 

таныстыру -0,5  

Драма - 0,5 

ЖМ

 



 

 

 



 

 

Дене 



шынықтыру 

-1 


Ағылшын  тілі- 

1  

Құрастыру- 0,5 

Қарапайым 

математикалық 

ұғымдарды 

қалыптастыру -

0,5 


Жапсыру-1     Вариативті компонент 1 

 

 



Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің ұзақтығы: 25-30 минут 

Жалпы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің көлемі – 20, вариативті бөлік  – 4 сағат. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет