Жиілік сөздік — белгілі бір текст көлеміндегі немесе магнитті тексте таспа жазбасының бір үзігіндегі, сол сияқты нақты бір келемде жинақталған анкеталық анықтамалардағы сөздердің не оның тұлғаларының (сөз тұлғалардың), не сөз тіркестерінің, сондай-ақ грамматикалық тұлғалардың, буындардың, дыбыс таңбалары мен оның тіркестерінің қолдану жиілігі көрсетіліп берілген тізбесі. Өзіндік құрлысына қарай, ондағы тілдік материалдардың орналасуына қарай Жиілік сөздік:
әліпбилі - Жиілік сөздік;
Жиілік сөздік;
кері әліпбилі - Жиілік сөздік болып үш түрге бөлінеді.
Олардың әрқайсысының езіне тән мазмұны мен өзіндік мақсат-міндеті бар. Әліпбилі - Жиілік сөздік белгілі бір зерттеуге алынған текст көлеміндегі сөздердің не олардың сөз тұлғаларының қолданылу жиілігі керсетіле отырып, алдыңғы әріптері бойынша қатаң әліпби тәртібімен берілген тізбесі. Жиілік сөздіктің бұл түрі:
зерттеуге қажет болған лексикалық топтарды оңай ажыратуға, ондағы керек сөздерді (өзтұлғаларды) қиындықсыз тез тауып алуға;
қаралынып отырған текстің стильдік сапасын таңдауға;
зерттеуге алынған шығарма тілінің лексикалық байлығы мен оны жазған автордың сөз қолданылуындағы тілдік ерекшеліктері мен шеберлігін білуге;
морфологиялық дублеттердің (педагогикалық-педагогтық-педагогтік), фонетикалық дублеттердің (сөйтіп-сүйтіп, қазір-кәзір; кәне-кәні-қані) қай нұсқаларының жиі, қай нұсқаларының сирек қолданылатындығын білу арқылы олардың орнықтылығын анықтауға; сондай-ақ, жарыса қолданылатын сөздердің қай нұсқаларының әдеби норманың талабынан шығатындығын анықтауға жәрдемдеседі.
Жиілік сөздік белгілі бір зерттеуге алынған текстегі сездердің, не оның тұлғаларының қолданылу жиілік санына қарай қатаң кемімелі тәртіппен орналасқан тізбесі. Егер мұнда сөздер мен оның тұлғаларының қолданылу жиілік саны бірдей болып келсе, онда олар әліпбилі-жиілік сөздіктегідей алдыңғы әріптері бойынша қатаң әліпби тәртібімен беріледі. Жиілік сөздіктің бұл түрі:
сөздік құрамындағы лексик. топтардың (кірме сөздер, терминдер, жаңа сөздер, кенерген сөздер т. б.) мөлшер шамасын нақтылауымызда және ондағы қажет болған жиіліктегі сөздердің қандай лексикалық топтарға жататындығын анықтауда;
тілдерді оқытудың тиімділігін арттыру үшін пайдалануда;
шет ел тілдерін оқытуға байланысты әдістемелік құралдарды құрастыруда;
оқулықтар мен кемекші оқу құралдарын дайындауда ондағы тілдік материалдарды тиімді орналастыруда;
лексикографикалық жұмыстарды құрастыруда;
тілімізге жаңадан ене бастаған сөздер мен сөз қолданыстардың өміршеңдігін анықтауда, сондай-ақ ана тілі материалдарын (мәліметтерін) туыстас және туыс емес тілдермен салыстыра (типологиялық) зерттеуімізде аса қажетті көмекші құрал бола алады.
Кері әліпбилі Жиілік сөздік - белгілі бір зерттеуге алынған текст көлеміндегі сөздердің, оның тұлғаларының соңғы әріптері бойынша қатаң кері әліпби тәртібімен берілетін, текстегі қолданылу жиілігі қоса көрсетілетін тізбесі. Жиілік сөздіктің бұл түрі зерттеушіге сөздің негізгі бөлшектерін (лексикалық және грамматикалық тұлғаларды) ажыратып тануымызда және ол белшектердің тілдегі қолданыстарына талдамалар жасауымызға көмектеседі. Мысалы, тілімізде сөз тудырушы қосымшалардың жұмсалуында ауытқушылықтың болатындығы, сондай-ақ, сөздерге тиісті қосымшалардың нормаға айналған түрлерін орынсыз жалғап қателесу жиі кездесетіндігі және морфологиялық тәсілі арқылы сөз тудыру әрекетінің әдеби тілге кейде ұтымды еніп, жалпыға ортақ болып келетін дұрысы да, енбейтін бұрысы да болатындығы байқалады. Мұндай мәселелердің басын ашуда бізге кері әліпбилі - Жиілік сөздіктің берер мәліметі, көрсетер көмегі мол. Кері әлпібилі - Жиілік сөздіктегі сөз тұлғаларының соңғы әріптеріне қарай бірыңғайласып әліпбилік тәртіппен орналасуы, біріншіден, зерттеушінің сөз тудырушы және сез түрлендіруші грамматикалық қосымшаларды қиындықсыз тез тауып алуына көмектессе, екіншіден, омонимдес қосымшалардыңсыңарларын бір-бірінен ажырата білуге де үлкен септігін тигізеді. Ал, олардың текстегі қолданысын көрсететін жиілік көрсеткіштері ол қосымшалардың тұрақты, тұрақсыздығын, өнімді, өнімсіздігін нормалану жағдайындағы ерекшелік сипатын анықтауға жәрдемдеседі. Кері әліпбилік - Жиілік сөздіктің сондай-ақ, сөздердің тұлғалық (морфология) белшектерін оқытуда да, оған байланысты оның оқыту әдістемесін тиімді ұйымдастыруға да көрсетер септігі мол. Ең апғашқы Жиілік сөздік қатарына неміс стенографиясы системасын жетілдіру мақсатымен жасалған Ф. Кэдинг сөздігі жатады. Онда стенографистердің күнделікті тіршілігінде орындап жүрген іс қағаздарындағы текстер алынған. 11 млн. сөз қолданыстан тұратын текст материалын өңдеуге 5 мың адам қатысқан. Бастапқы кезде Жиілік сөздіктер белгілі бір топ адамдардың не тікелей зерттеушілердің ғана қажет еткен мақсат-мүдделеріне байланысты туса, бүгінде ол қоғам үшін, ондағы ғылым мен тұрмыстық қажеттілік үшін құрастырылуда. Соңғы жылдары тіл білімінде оның жаңа бір сапасы болып қапыптаса бастаған лингвистикалық статистиканың (қ. Лингвистикалық статистика) қарастыратын мәселенің ішінде Жиілік сөздіктер тақырыбы негізгі орын апады. Олар жоғарыда атап көрсеткеніміздей лингвостатистикалық зерттеулер мен кемекші оқу-әдістемелік құралдар жасауда пайдасы зор. Тіл білімінде Жиілік сөздіктер шартты түрде көлемі мен мазмұнына қарай: салалы Жиілік сөздіктер және белгілі бір тілдің толық Жиілік сөздікігі деп екі үлкен топқа бөлінеді. Мұнда сапалы Жиілік сөздіктер келемі жағынан да, мазмұндық сипаты жағынан да белгілі бір тілдің толық Жиілік сөздікнен кіші болып келеді. Қазақ лексикографиясында Жиілік сөздік атауы 60-жылдардың ортасынан бастап қолданыла бастады. Бүгінге дейінгі қазақ тілі білімінде қазақ текстерінен түзілген оннан аса Жиілік сөздік жарық керді. Олардың бәрі де салалы Жиілік сөздік түріне жатады. Ал, қазақ тілінің толық Жиілік сөздігін жасау - апдағы іс.