6. Корреляция коэффициентінің мәнділігі жөнінде жорамалды тексеру
Корреляциялық талдау
Эпидемиологияның ең маңызды міндеттерінің бірі қауіп қатер факторы болып табылады.
Медицинадақауіп қатер факторы – бұл аурудың пайда болуына мүмкіндік туғызатын фактор (мысалы, темекі тарту - жүрек талмасы немесе қатерлі ісікке алып келетін қауіп қатер факторы, су жүйесіндегі болатын апат – іш өту ауруына алып келетін қауіп қатер факторы).
Ауру асқынуындағы қауіп қатер факторын сандық жағынан бағалау үшін корреляциялық талдау әдіс қолданылады.
Корреляциялық талдау
«Корреляция» терминін алғаш рет француз палеонтологы Ж. Кювье енгізді, ал статистикада оны Ф. Гальтон алғаш қолданды.
Ж. Кювье
(1769 - 1832)
Ф. Гальтон
(1822 - 1911)
Корреляцилық талдау – бұл екі немесе одан көп кездейсоқ шамалардың арасындағы байланыстың тығыздығын және бағытын анықтайтын сандық әдіс.
Корреляция коэффициенті
Байланыстың күшін бағалау үшін корреляция теориясында ағылшын статистигі Чеддоктың шкаласы қолданылады
Корреляция коэффициенті – байланыстың күшін және оның бағытын сипаттайтын, [-1, 1] аралығынды мәндерін қабылдайтын көрсеткіш.