Бағыты бойынша тура және кері корреляциялық байланыс деп бөлінеді.
Тура корреляциялық байланыс – бір айнымалының мәндері өскенде екінші айнымалының мәндері өсетін (су құбырындағы судағы стандартты емес сынамалар артқан кездеде, іш сүзегімен аурудың артуы) байланыс.
Кері корреляциялық байланыс – бір айнымалының мәндері кемігенде екінші айнымалының мәндері өсетін («В» сарауруына қарсы екпе жұмысының ауқымын көбейткен сайын, онымен ауыратындардың кемуі) байланыс.
Корреляциялық байланыс
Тура байланыс кезінде корреляция коэффициенті «0»-ден «+1»-ге дейінгі мәндерді қабылдайды.
Кері байланыс кезінде корреляция коэффициенті «-1»-ден «0»-ге дейінгі мәндерді қабылдайды.
Егер корреляция коэффициенті «0»-ге тең болса, онда құбылыстар арасында байланыс болмайды.
Егер корреляция коэффициенті «+1» немесе «–1» болса, онда құбылыстар арасында байланыс функционалдық болады.
Шашырау диаграмасы
Шашырау диаграммасы - екі айнымалы арасындағы корреляциялық тәуелділікті көрсететін көрнекі әдіс.
Тура байланыс
Кері байланыс
Байланыс жоқ
Пирсонның корреляция коэффициенті
Сызықты (жұптасқан Пирсонның) корреляция коэффициенті – байланыстың күшін және бағытын сипаттайтын көрсеткіш:
мұндағы rxy – корреляция коэффициенті,
х, у – корреляцияланатын қатар,
, - орта шамалар.
Корреляция коэффициенті параметрлік коэффициент болып табылады.
Корреляция коэффициентінің мәнділігі жөніндегі жорамалды тексеру:
1. H0 және H1 жорамалдарын анықтаймыз :
H0: r=0 (корреляция жоқ),
H1: r ≠0.
2. α мәнділік деңгейін береміз,
3. Критерий статистикасын есептейміз:
t статистикасы еркіндік дәрежесі (n-2) ге тең болатын Стьюдент таралуы