Корреляциялық талдау Дәріс жоспары


Корреляциялық байланыс Бағыты бойынша тура және кері корреляциялық байланыс деп бөлінеді



бет2/3
Дата28.04.2023
өлшемі1,75 Mb.
#87838
1   2   3
Байланысты:
корреляция

Корреляциялық байланыс

Бағыты бойынша тура және кері корреляциялық байланыс деп бөлінеді.

Тура корреляциялық байланыс – бір айнымалының мәндері өскенде екінші айнымалының мәндері өсетін (су құбырындағы судағы стандартты емес сынамалар артқан кездеде, іш сүзегімен аурудың артуы) байланыс.

Кері корреляциялық байланыс – бір айнымалының мәндері кемігенде екінші айнымалының мәндері өсетін («В» сарауруына қарсы екпе жұмысының ауқымын көбейткен сайын, онымен ауыратындардың кемуі) байланыс.

Корреляциялық байланыс

Тура байланыс кезінде корреляция коэффициенті «0»-ден «+1»-ге дейінгі мәндерді қабылдайды.

Кері байланыс кезінде корреляция коэффициенті «-1»-ден «0»-ге дейінгі мәндерді қабылдайды.

Егер корреляция коэффициенті «0»-ге тең болса, онда құбылыстар арасында байланыс болмайды.

Егер корреляция коэффициенті «+1» немесе «–1» болса, онда құбылыстар арасында байланыс функционалдық болады.

Шашырау диаграмасы

Шашырау диаграммасы - екі айнымалы арасындағы корреляциялық тәуелділікті көрсететін көрнекі әдіс.


Тура байланыс
Кері байланыс
Байланыс жоқ

Пирсонның корреляция коэффициенті

Сызықты (жұптасқан Пирсонның) корреляция коэффициенті – байланыстың күшін және бағытын сипаттайтын көрсеткіш:


мұндағы rxy – корреляция коэффициенті,
х, у – корреляцияланатын қатар,
, - орта шамалар.
Корреляция коэффициенті параметрлік коэффициент болып табылады.

Корреляция коэффициентінің мәнділігі жөніндегі жорамалды тексеру:

1. H0 және H1 жорамалдарын анықтаймыз :

  • H0: r=0 (корреляция жоқ),
  • H1: r ≠0.
  • 2. α мәнділік деңгейін береміз,
  • 3. Критерий статистикасын есептейміз:

t статистикасы еркіндік дәрежесі (n-2) ге тең болатын Стьюдент таралуы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет