7.1 Тараптар осы Шарт шеңберіндегі өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше
орындамаған жағдайда барлық даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының
қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.
шотында/мемлекеттік кәсіпорындардың, дауыс беретін акцияларының елу және одан астам
проценті мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың есеп шотында ақша жетіспеген жағдайларды
қоспағанда, егер Тапсырыс беруші Өнім берушіге тиесілі қаражатты Шартта көрсетілген
мерзімдерде төлемесе, Тапсырыс беруші Өнім берушіге мерзімі өткен әрбір күн үшін тиесілі
соманың 0,1 % (нөл бүтін оннан бір) мөлшерінде ұсталған төлемдер бойынша тұрақсыздық
айыбын (өсімпұл) төлейді. Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (өсімпұл) жалпы сомасы Шарттың
жалпы сомасының 10 %-ынан аспауға тиіс.
7.3 Қызмет көрсету мерзімдерін өткізіп алған жағдайда, Тапсырыс беруші Өнім берушіден ол
міндеттемелерін толық орындамаған жағдайда мерзімі өткен әрбір күн үшін шарттың жалпы
сомасының 0,1 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады)
не міндеттемелерін тиісінше орындамаған (ішінара орындамаған) жағдайда мерзімі өткен
әрбір күн үшін орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,1 % мөлшерінде тұрақсыздық
айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады). Бұл ретте тұрақсыздық айыбының
(өсімпұл) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасының 10 %-нан аспауға тиіс.
7.4 Өнім беруші Қызмет көрсетуден бас тартқан немесе Шарт бойынша Қызмет көрсету мерзімі
өткен күннен бастап, бірақ Шарт қолданысының аяқталу мерзімінен кешіктірмей, бір айдан аса
мерзімге Қызмет көрсету мерзімін өткізіп алған жағдайда, Тапсырыс беруші Өнім берушіден
мерзімі өткен әрбір күн үшін шарттың жалпы сомасының 0,1 % мөлшерінде тұрақсыздық
айыбының (айыппұл, өсімпұл) сомасын өндіріп ала отырып, бір жақты тәртіпте осы Шартты
бұзуға құқылы.
7.5 Тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) төлеу Тараптарды осы Шартта көзделген
міндеттемелерді орындаудан босатпайды.
7.6 Егер кез келген өзгеріс Өнім берушіге Шарт бойынша қызмет көрсету үшін қажетті құнның
немесе мерзімдердің азаюына әкелетін болса, Шарт сомасы немесе қызмет көрсету кестесі,
немесе екеуі де тиісінше түзетіледі, ал Шартқа тиісті түзетулер енгізіледі. Өнім берушінің
түзету жүргізуге барлық сұрау салулар Өнім беруші Тапсырыс берушіден өзгерістер туралы
өкім алған күннен бастап 30 (отыз) күн ішінде ұсынуға тиіс.
7.7 Өнім берушінiң осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін Тапсырыс берушінің алдын-ала
жазбаша келісімінсіз біреуге не толық, не ішінара беруіне рұқсат етілмейді
7.8 Тапсырыс беруші Өнім берушінің осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамауына
байланысты мемлекеттік сатып алу туралы шарт бұзылған жағдайда оның орындалуын
қамтамасыз етуді қайтармайды
Достарыңызбен бөлісу: