Көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт Тапсырыс берушінің өңірі Шарттың нөмірі шарттың күні Бұдан әрі «Тапсырыс беруші»


 Шарттың қолданыс мерзімі және бұзу талаптары



Pdf көрінісі
бет7/22
Дата15.03.2022
өлшемі71,56 Kb.
#28098
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22
Байланысты:
contract project 6522236

Шарттың қолданыс мерзімі және бұзу талаптары

8.1 Мынадай оқиғалар олардың көбеюi бөлiгінде қызмет көрсету ұзақтығы мерзiмдерiнің

өзгеруiне әкеп соқтырады:

1) Тапсырыс беруші Объектiнiң барлық учаскелерiн пайдалануға тыйым салады, ол өз кезегінде

қызмет көрсетудің кешіктірілуіне әкеп соқтырады;

2) Тапсырыс беруші Өнім берушіге Шартта жоспарланбаған сынақтарды жүргiзу үшiн қызмет

көрсетуді тоқтатуға нұсқау береді. Бұл ретте, егер аталған сынақтар ақауларды анықтамаған

жағдайда, қызмет көрсетуді тоқтату уақыты қызмет көрсету мерзіміне қосылады;




8.2 Егер Өнім беруші банкрот немесе төлеуге қабілетсіз болса, Тапсырыс беруші кез келген

уақытта Өнім берушіге тиісті жазбаша хабарлама жіберіп біржақты тәртіпте Шарт талаптарын

орындаудан бас тарта алады. Бұл жағдайда Шарттың талаптарын орындаудан бас тарту тез

арада жүзеге асырылады, және Тапсырыс беруші егер Шарттың талаптарын орындаудан бас

тарту ешқандай залал келтірмейтін немесе салдарынан Тапсырыс берушіге қойылған немесе

қойылатын қандай да бір әрекеттерді жасауға немесе санкцияларды қолдануға құқықтарды

қозғамайтын шартта Өнім берушіге қатысты ешқандай қаржылық міндет көтермейді.

8.3 Шарт одан әрі оны орындау орынсыз болған жағдайда, тараптардың келісімі бойынша

бұзылуы мүмкін.

8.4 Жоғарыда көрсетілген жағдаяттар негiзiнде Шарт жойылған кезде, Өнім беруші Шарт

бойынша бұзуға байланысты оны бұзатын күнгi iс жүзiндегi шығындар үшiн ғана ақы талап

етуге құқылы.

8.5 Шарт талаптарын бұзғаны үшін қандай да бір санкцияларға зиян келтірместен Тапсырыс

беруші осы Шарттың 7.4-тармағының талаптарын ескере отырып, Өнім берушіге

міндеттемелерін орындамағаны туралы жазбаша хабарлама жібере отырып:

1) егер Өнім беруші көрсетілетін қызметті Шартта көзделген мерзімде немесе Тапсырыс

беруші ұсынған осы Шарттың ұзартылған кезеңі ішінде орындай алмаса;

2) егер Өнім беруші өз міндеттемелерін орындай алмаса, осы Шартты толық немесе ішінара

бұза алады.

8.6 Шарт


1) оның негізінде осы Шарт жасалған сатып алуға қатысты Заңның 6-бабында көзделген

шектеулердің бұзылғаны анықталған;

2) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Өнім берушіге Заңда көзделмеген қолдауды

көрсеткен;

3) уәкілетті орган міндеттемелері тиісінше орындалған шарттарды қоспағанда, Қазақстан

Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы бұзыла отырып Шарт жасасу

фактісін анықтаған;

4) шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу мерзімі өткенге дейін қызмет көрсетілген

жағдайды қоспағанда, шарттың орындалуын қамтамасыз етуді сомаларды енгізбеу арқылы

Шарт жасасудан жалтару жағдайында кез келген кезеңде бұзылуы мүмкін.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет