5 Қызметтер көрсету
5.1 Өнім берушінің қызметтерді көрсетуі Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын Шартқа
1-қосымшада көрсетілген мерзімдерде жүзеге асырылады.
5.2 Өнім беруші Тапсырыс берушіге осы Шартқа қосымшаларда көрсетілген талаптарға дәл
сәйкестікте қызметті толық тапсыруы шартында Қызмет көрсетілді деп есептеледі.
6 Кепілдік
6.1 Өнім беруші Тапсырыс берушіге үздіксіз, сапалы және уақтылы Қызмет көрсетудің
қамтамасыз етілуіне кепілдік етеді.
6.2 Өнім беруші техникалық ерекшеліктің (Шартқа 2-қосымша) Қызметтерінің қателерін, жете
өңдеулері мен басқа да сәйкессіздіктерін ақысыз түзетуге кепілдік береді.
6.3 Тапсырыс беруші берілген кепілдікке байланысты барлық шағымдары туралы Өнім
берушіге жазбаша түрде жедел хабарлауға міндетті, одан кейін Өнім беруші, осыған
байланысты барлық шығыстарды қоса алғанда, өз есебінен кемшіліктерді жою шараларын
Тапсырыс беруші хабарламасында айқындалған мерзімде қолдануға тиіс
6.4 Егер Өнім беруші хабарламаны алып, кемшіліктерді жою шараларын уақтылы қолданбаса,
Тапсырыс беруші Шарт бойынша Өнім берушіге қатысты өзінің басқа құқықтарына ешқандай
нұқсан келтірмей және Өнім беруші есебінен қажетті санкциялар мен кемшіліктерді жою
шараларын қолдана алады.
Достарыңызбен бөлісу: |