Көру қабілеті бұзылған балалар


Көру қабілеті бұзылған балаларды топтастыру



бет2/3
Дата02.12.2023
өлшемі93,7 Kb.
#132482
1   2   3
Байланысты:
көру қабілеті бұзыған балалар

Көру қабілеті бұзылған балаларды топтастыру

Көру қабілеті бұзылған балалар үш топқа бөлінеді: 1-топ мүлдем көрмейтін балалар;

2-топ көру деңгейі төмен балалар;

3-топ көру деңгейі функционалдық бұзылған балалар. 

Көруі бұзылған балалардың көзінің бұзылу себептері мынандай:туғаннан соқыр, көруі бұзылған, жүре бара пайда болу.

Себептері

  • Туғаннан: ішкі даму жағдайы тұқым қуалаудан, зақымдану әсерінен, созылмалы ауруға шалдығудан болады.
  • Жүре бара: көру мүшесінің ауруға ұшырауы,организмнің жалпы асқынып ауруы,мидың трамвалық соққыға ұшырауы (әсіресе көру аймағы) мұнда (бастың жарылуы,көздің жарақаттануы,көзге тиген қатты соққы). Көруі бұзылған тұлғалардың жалпы қоршаған ортамен қарым-қатынаста өзіндік сипаты анық байқалады. Көруі бұзылған тұлғалар соқырлар, нашар көретін.
  • Соқырлар - көру қабілетінен мүлдем айырылған тұлғалар немесе толықтай көру түйсігі мүлдем бұзылған тұлғалар. Бұлар бұзылу дәрежесіне қарай абсолюттік және практикалық соқыр. Бұл екі көзі соқыр көрмейтін көру түйсігі мүлдем болмайтындар (түсті ажырату және жарықты түйсінуі болмайды). Ал практикалық соқыр бұлар жарықты және түсті аз да болса түйсініп қабылдай алады. Жарықты қараңғыдан айыру зат пішінін ажырату, оны қабылдай алу аз да болса саңылау болады.
  • Нашар көретіндер - көруі бұзылған тұлғалар, бірақ көзілдіріктің көмегімен көре алатын тұлғалар.

Оқыту әдістері

1-топтағы балаларға брайль жүйесінде оқытылу ұсынылады. Брайль жүйесі – бұл бедерлі нүкте арқылы оқыту мен жазу. Аталған жүйемен оқыту үшін арнайы құралдар (прибор, брайль дәптері, грифель) қолданылады. 1-топтағы балаларға брайл жүйесін үйретпес бұрын ет сезім қабілеттерін дамытумен жұмыстану керек. Баланың ет сезім мүшелері дамыса, қалыптасса бедерлі нүктелерді сезуіне, әріптер мен сандарды тез үйренуіне көп көмегін тигізеді.

Ет сезім мүшелерін дамытуға түрлі әдістерді пайдалануға болады. Үлкен заттан бастап, ұсақ затқа дейін ауысу. Мысалы: жіпке тізілген үлкен моншақтан бастап, ұсақ моншаққа дейін төмендеу және оған ілгекті де алуға болады. Сабаққа қатысты үлестірмелі материалды грифелмен бастыру, құрастырмалы, бұрандалы заттармен, жіптің түрлерімен, өсімдік дәндері мен дақылдарын пайдаланға т.с.с. көрнекі заттармен жұмыстануға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет