Көру өткірлігін зерттеу және көзілдірікті таңдау


Науқасты зерттеуге қажетті қалыпқа келтіреді



бет2/3
Дата28.03.2023
өлшемі19,14 Kb.
#76942
1   2   3
Науқасты зерттеуге қажетті қалыпқа келтіреді

Көру өткірлігін зерттеу және түзетуші шыныны таңдау үшін пациентке оңтайлы қалыпты айтып береді.

Пациентті Ситцев кестесінен 5метр қашықтықта орындыққа отырғызады.

Көру өткірлігін зерттеу және түзетуші шыныны таңдау үшін зерттеушінің оңтайлы қалпын айтып шығады.

Зерттеуші кестенің жанына пациетке көруге кедергі келтірмейтіндей қалыпта тұрады

Зерттеу жүргізу кезінде пациентпен қарым қатынасады

Зерттеу кезінде қарайтын жақты айтып отырады.

Пациенттен Ситцев кестесіне қарауын өтінеміз

Көру өткірлігін зерттеу және түзетуші шыныны таңдау зерттеуін жүргізеді

Определяет остроту зрения обоих глаз/Екі көздің көру өткірлігін анықтайды

Пациенттен сол көзін бетіне қатты баспай ақ қалқаншамен жабуын сұраймыз. “Сізге жақсы көрініп тұрма?” деп сұраймыз.
Көру өткірлігі жақсы пациенттерге 10-шы қатардағы оптотиптерді көрсетеміз. Көрсеткіш таяқшаның соңы көрсетілген белгіден 1см төмен орналасуы қажет. Әр белгіні көрсету экспозициясы 2-3сек. Оптотиптерді ретімен емес, шашыраңқы көрсетеміз. Барлық жауап дұрыс немесе сол қатарда 2 қате болса көру өткірлігі 1,0 деп бағаланады.
Көру өткірлігі төмен пациенттерге оптотиптерді жоғарғы бірінші қатардан бастап көрсетеміз. Көру өткірлігі рұқсат етілген дұрыс айтылған белгілер қатарымен бағаланады (алғашқы екі қатарда барлық белгілер көрсетіліп, аталуы қажет, 3шіден 6қатарды қоса алғанда 1 қате немесе белгінің аталмауы рұқсат етілген, 7ші қатардан соңына дейін 2қатеге рұқсат берілген)

Байқау көзілдірігін науқастың бетінде дұрыс ұстайды.

Зерттелушіге байқау көзілдірігін кигізіп, винттердің көмегімен бет пен мұрын размеріне сәйкестендіреді, көзілдіріктің ортасы қарашықтарға сәйкес болуы тиіс.

Мөлдір емес қалқаншаны оң көзге түзетуші шыны таңдау үшін дұрыс орналастырады.

Сол көздің алдына байқау көзілдірігіне мөлдір емес экран қойылады.

Оң көздің көру өткірлігін түзету үшін бірінші шыныны дұрыс таңдайды.

Зерттелушінің оң көзінің алдына +0,5Д жинақтаушы линза қойылып, көрудің калай өзгергенін сұайды (нашарлады немесе жақсарды)

Оң көздің көру өткірлігін түзету үшін шыны түрін дұрыс таңдайды

егер көру өткірлігі жақсарса- зерттелушіге интервалы +0,5Д жинақтаушы линзалар қойылады, егер көру өткірлігі нашарласа- зерттелушіге интервалы -0,5Д шашыранды линзалар қойылады.

Оң көздің көру өткірлігін түзету үшін линзаның оптикалық күшін дұрыс таңдайды.

Шыныларды таңдау жалғасады егер:
-зерттелуші-миоп жақсы көру өткірлігіне күші аз шынымен жеткенге дейін;
-зерттелуші-гиперметроп жақсы көру өткірлігіне күші жоғары шынымен жеткенге дейін

Мөлдір емес қалқаншаны сол көзге түзетуші шыны таңдау үшін дұрыс орналастырады.

Оң көздің алдына байқау көзілдірігіне мөлдір емес экран қойылады.

Сол көздің көру өткірлігін түзету үшін бірінші шыныны дұрыс таңдайды.

Зерттелушінің сол көзінің алдына +0,5Д жинақтаушы линза қойылып, көрудің калай өзгергенін сұайды (нашарлады немесе жақсарды)

Сол көздің көру өткірлігін түзету үшін шыны түрін дұрыс таңдайды

егер көру өткірлігі жақсарса- зерттелушіге интервалы +0,5Д жинақтаушы линзалар қойылады, егер көру өткірлігі нашарласа- зерттелушіге интервалы -0,5Д шашыранды линзалар қойылады.

Сол көздің көру өткірлігін түзету үшін линзаның оптикалық күшін дұрыс таңдайды.

Шыныларды таңдау жалғасады егер:
-зерттелуші-миоп жақсы көру өткірлігіне күші аз шынымен жеткенге дейін;
-зерттелуші-гиперметроп жақсы көру өткірлігіне күші жоғары шынымен жеткенге дейін

Көру өткірлігін түзетудің соңғы бағалауын жүргізеді.

Әр көзге оптимальды шынылар таңдалғаннан кейін, оң көздің алдындағы экранды алып, науқасқа көзілдірікпен екі көзбен Сивцев кестесіне қарауды өтінеді, бұл ең жақсы көру өткірлігіне сәкес келеді. Дәрігер науқастан «көзілдірікпен жақсы көредіме, өзін осы көзілдірікте жақсы сезінеме, көздері ауырмайма, жағымсыз сезімдер жоқпа» деп сұрайды. Науқас көзілдірікпен жақсы сезінсе дәрігер рецепт жазып береді. Субъективті жағымсыз жағдайлар болса шыны күшін пациентке ынгайлы болғанша жарты диоптридан төмендетеді немесе екі көздің шынылар күшін теңестіреді (күшті шыныны азайту арқылы). Осыдан кейін көзілдірікке рецепт тағайындалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет