Көру талдағышының шеткі бөліміне көздің торлы қабығы жатады, онда таяқшалар мен құтылар бар. Таяқшалар жарық сәулесін, ал құтылар түстерді қабылдайды


-жұмыс. Эстезиометрия (жанасу сезімталдығын анықтау)



Pdf көрінісі
бет4/4
Дата08.03.2023
өлшемі0,68 Mb.
#72563
1   2   3   4
 
5-жұмыс. Эстезиометрия (жанасу сезімталдығын анықтау) 
Дененің әр жеріндегі жанасуды қабылдайтын рецепторлардың орналасу жиілігі бірдей емес. 
Сондықтан жанасу сезімталдығы анықталады. Зерттеу Вебер циркулі немесе эстезиометрмен 
жүргізіледі. Эстезиометрдің екі ұшын теріге тигізгенде екі сезім туады, енді екеуінің арасын 
біртіндеп жақындатып отырып тактилдік сезімнің табалдырық мөлшерін табады. Табалдырық 
Сурет 5 Сивцев кестесі 


мөлшері (күші) деп екі сезім тудыратын эстезиометр ұштарының (терінің тітіркендірілетін екі 
нүктесінің) минималдық ара қашықтығын айтады. Жанасу сезімталдығы неғұрлым жоғары болса 
оның табалдырық күші соғұрлым төмен болғаны. 
Жұмысты орындау. Вебер циркулін немесе эстезиометрді алып оның екі ұшын теріге бір 
мезгілде тигізіп, екі сезім тудыратын минималды ара қашықтықты табады. Бұл қашықтықты 
азайтқанда бір ғана сезім пайда болады. Саусақ ұшындағы, білезіктегі, білектегі, мойындағы, 
мұрындағы тактилді сезімнің табалдырық мөлшеріне кері шама оның сезімталдығын көрсетеді. 
Сезімталдықты тексергенде циркульдің екі ұшының температурасы және өткірлігі бірдей болуы 
керек және бір мезгілде теріге тигізілуі қажет. Тәжірибені екі рет орындап, оның орташа 
арифметикалық саны алынады. 
 
Сурет 6 Эстезиометрлер
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет