Көру талдағышының шеткі бөліміне көздің торлы қабығы жатады, онда таяқшалар мен құтылар бар. Таяқшалар жарық сәулесін, ал құтылар түстерді қабылдайды



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата08.03.2023
өлшемі0,68 Mb.
#72563
1   2   3   4
Байланысты:
10 Тәжірибелік жұмыстар әдістемесі

Жұмысты орындау. Көздің өткірлігін анықтау үшін 12 жолды, көлемі әр түрлі мөлшердегі 
әріптерден тұратын Сивцев кестесі пайдаланылады. Кестенің сол жағында әр жолдағы әріптердің 
қалыпты жағдайда көріну қашықтығы (Д) жазылған. 
Қалыпты жағдайда 1-қатардағы әріптер 50 м, 10-қатардағы 5 м қашықтықтан анық көрінеді.
Көздің өткірлігін жақсы жарықтандырылған кестені 5 м қашықтыққа қойып тексереді. Егер 
зерттелуші адам 10-қатардағы әріптерді жақсы көре алса, көздің өткірлігі (V) 1-ге тең болғаны. Егер 
зерттелуші 1- жолдағы әріпті ғана көре алса, 5-ті 50 метрге бөліп, көздің өткірлігі 0, 1-ге тең екенін 
білуге болады. Көздің өткірлігі (V) кестенің оң жағында жазылған. 
Сурет 4 Мариот тәжірибесінің сызбасы 


Әріп танымайтын балалардың көру өткірлігі Сивцевтің түрлендірілген кестесінің көмегімен 
анықталады. Онда әріптердің орнына қатары мен мөлшерлеріне сәйкес түрлі ойыншықтардың 
суреті берілген.
 
4-жұмыс. Аккомодация көлемін анықтау 
Әр түрлі қашықтықта орналасқан заттардың бейнесін анық көру қабілетін аккомодация дейді. 
Аккомодация көз бұршағының жарық сындыру қабілетінің өзгеру негізінде іске асады. Қалыпты 
жағдайда аккомодация мөлшері А=
1
/
L
=10 Д. 
Жұмысты орындау. Аккомодация мөлшерін анықтау үшін зерттелуші адам бір көзімен 
кестедегі ең ұсақ шрифтерді оқи алатындай ең жақын қашықтықты анықтайды да, формула 
бойынша аккомодация көлемін шығарады. 
А=
1
/
L
.
Мұндағы А - аккомодация көлемі; L - метр өлшемімен көрсетілген шрифті оқи алу 
қашықтығы. 
 
ТЕРІ ТАЛДАҒЫШЫ 
 
Тері - организмдегі рецепторлардың көп орналасқан жері. Онда жанасуды (Мейснер денешігі), 
қысымды (Паччини денешігі), температуралық әсерлерді - суықты (Краузе құтысы), ыстықты 
(Руффини денешігі) сезетін рецепторлар бар. Тері ауырсынатын тітіркендіруді де сезеді. 
Ауырсынатын тітіркендіргіштерді терідегі жүйкенің жалаңаш ұштары қабылдайды. Терінің жанасу 
және ауырсыну сезімдік, рецепторлық қызметі ұрықтық кезеңнен - ақ басталады. Тері 
рецепторларынан қозу қыртыс асты орталықтарға жұлын – таламустық жолдар және лемниск 
сезімтал талшықтар арқылы келеді, қыртыс бөлімі-артқы ортаңғы (постцентралис) қатпарында 
орналасқан. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет