Көру,есту және тірек-қимыл аппараттарының жас ерекшеліктері


Көру аппараты және оның жас ерекшелігі



бет2/3
Дата22.10.2023
өлшемі23,21 Kb.
#120550
1   2   3
Байланысты:
Қазиданова Үміт Физиология бөж

Көру аппараты және оның жас ерекшелігі.
Көз-сезім жүйесі рецептордан,көз жүйесінен,өткізу жүйесінен және үлкен ми сыңары қыртысының шүйде аймағында жатқан орталықтан тұрады.
К ө з ж а сының безі жаңа туған нәрестеде толық жетілген, бірақ оған келетін жүйке талшығы әлі жетілмегендіктен алғашқы 3-5 айға дейін жылағанда көз жасы шықпайды. Нәрестенің көзінің қозғалысы екі көзіңде бірдей емес, тіпті бір көзін жұмып, екінші көзін ашуы да мүмкін. Көзін жыпылықтату қабілеті өте нашар болады. 2 айға толғанда ғана екі көзі бірдей қозғалады, яғни сәйкес қимылдай бастайды.Көзге затты жақындатқанда баланың екі көзін бірдей жұмуы тек 1 жасқа жақыңдағаңда сәйкестеледі. 2-3 жаста көздерінің қозғалысы толық үйлеседі.3-6 жаста көзінің қарашығының диаметрі ересек адамның қарашығымен теңеседі. Дегенмен қарашық рефлекстері мектеп жасына дейін нашар болады да, бастауыш сынып оқушыларында толық жетіледі.3 жаста көз алмасы ересек адамның көзінің 90% болады. 6 жаста ересек адамның көзімен теңеседі.Сәбидің сауытша клеткалары жетілмегендіктен бала 1 жасқа дейін заттың түсін анық көре алмайды.2 жастан әрі қарай баланың фоторецепторлары жетіле бастайды да, заттың түсін анықтай алады. Ең алдымен сары, сосын жасыл, қызыл, көк түсті заттардың бояуын, кейіннен басқаларын анықтайды. Сауытшалар 3 жаста толық қызмет атқара бастайды.4-6 жаста балалар барлық түсті айырады, бірақ тәжірибесі аз болғандықтан, ересек адаммен салыстырғанда заттың түсін тану қабілеті нашарлау келеді.
Есту аппараты және оның жас ерекшелігі.
Есту анализаторының арқасында біздің миымызда дыбыстық сезімдер және абстрактілі,деректі ойлау,жан-жағымен қарым-қатынас жасау жүзеге асады.
Жаңа туған балада дыбыстарды есту қабілеті алғашқы жылдың ішінде қарқынды түрде жетіледі.Бала 1 жастан аса мүзыкалық қарапайым әуенді аздап ажырата алады. 6 жастан аса дыбыс орталығы ересек адамның дыбыс орталығындай болып, талдау және талқылау қабілеттері жоғарылайды. 6 жаста дыбыс есту шегі 22000 герц болады, яғни ересек адамнан анағұрлым жоғары. 7-13 жаста баланың дыбыс анализаторының барлық бөлімдері ересек кісінің дыбыс анализаторындай, бірақ есту қабілеті анағұрлым жоғары болады.Ең жоғарғы есту өткірлігі 14-19 жаста байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет