Қорытынды. Қорытындылай келе адам организмінің құрылысы күрделі және оның ішіндегі әрбір микро және макро организмдердің өзінің адам үшін рөлі зор.Қазіргі таңда,жаңа технологиялардың дамуы адамның көру,есту және тірек-қимыл аппараттарының бұзылуына әкеп соғуда.Мәселен ұялы телефонға телміріп ұзақ уақыт отырудың әсерінен көру және есте сақтау процесі төмендейді,сонымен қатар кішкене экранға үңіліп қарау қажеттілігі туындайтындықтан адам омыртқасының қисайып,тірек-қимыл аппараттарының қызметінің бұзылуына әкеп соғады.Күнделікті өмірде құлаққаптарды көп қолдану есту аппаратының нашарлауына әкеп соғуда.Адамның әр организмі белгілі бір қызмет атқарады және де сол қызметтің өздеңгейінде дұрыс атқарылуы үшін міндетті түрде әрбір жан белгілі түрдегі әр түрлі мүшелерге (көру,есту,ішкі мүшелер,жүрек,асқазан және т.б.) арналған гигиеналарды жасап жүргені дұрыс.Адамның бір организмінің әлсіреуі,өз қызметін дұрыс атқара алмауы адамның әрі қарайғы дамуы мен өмір сүруінде қиындықтар туғызуы мүмкін.Және оларды қайта қалыпқа келтіру мол қаражат,уақыт,шыдамдылық қажет.Сол себептен адам баласы тәніне де керекті уақыт бөліп,оны күтіп жүруі шарт.Денсаулық-адамның ең басты байлығы!