1-сызба адаптивті көшбасшылықтың басты құрамдас бөліктерін, онын ішінде ситуациялык киындыктар, көшбасшының мінез-құлқы және адаптациялану әрекетін, сондай-ақ олардың өзара қалай сәйкесетінін ви- зуалды түрде көрсетіп береді. Эвристикалық тұрғыдан алғанда, бул модель адаптивті көшбасшылық процесін айқындауға, сондай-ақ модельде сипат- талган концептілер мен қағидаларды тексеру және нақтылау мақсатында эмпирикалык зерттеу жүргізуге негіз береді. Ситуациялық қиындықтар 1-сызбаның сол жагында корсетілгендей, көшбасшылықтың бул түрі басшылардын үш түрлі ситуациялық қиындыкты енсеруін талап етеді. Оларга, негізінен, техникалык сипаттагы киындыктар немесе проблемалар, әрі техникалык, әрі адаптивті аспектіге ие киындыктар және адаптивті си- паттагы киындыктар жатады. Техникалык киындыктарды енсеру манызды болғанмен, адаптивті кошбасшылык адамдардын адаптивті киындыктарды енсеруіне көмек беруді карастырады. Техникалық қиындықтар Техникалық қиындықтар нақты түрде анықталган, ұйымдық рәсім- дер аркылы жүзеге асыруга болатын белгілі шешімі бар, жұмыс орнындагы, коғамдастыктагы немесе өз бойындағы проблемалар. Оны сарапшыларнемесе, Хейфец айтпақшы, заманауи ноу-хауга негізделген машықтар немесе рәсімдер «жиынтыгына» ие адамдар шеше алады. Техникалық қиындыктарга келсек, адам оның шешімін табу үшін көшбасшыға жүгінеді және көшбасшынын сол проблеманы шешетін күш-қуаты барын мойындайды. Маселен, салық есебімен айналысатын фирманың кызметкерлері салықты есептеуге арналған жаңадан енгізілген бағдарламалық жасақтамаға көңілі толмаса, әлгі компаниянын басшысы бағдарламалық жасақтаманың мәселелерін қарайды. Оның осал тұстары мен проблемаларын аныктап, жасақтаманы ұсынған компанияга хабарласып оны Фирмадағы есепшілердін кажеттілігіне сай етіп өзгерте алады. Бұл мысалдағы проблема анык, оның колжетімді шешімі бар. Фирманың басшысы бұл проблеманы ұйымның белгілі кұрылымдары мен рәсімдері арқылы шешетін күш-қуатқа ие. Кызметкерлер әлгі техникалық проблеманы шешу үшін басшының көмегіне жүгінуде және онын соны шешетін күш-қуаты барына сенеді.