Көшбасшылық теориясы пәнінен емтихан сұрақтары Адами машықтарды жазыңыз



бет4/82
Дата14.10.2023
өлшемі1,49 Mb.
#114530
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82
Байланысты:
Емтихан көшбасшы 6В05146- биология

Көшбасшының мінез-құлқы
1-сызбаның орта тұсында көрсетілгендей, көшбасшыға тән алты мінез-кұлық немесе іс-әрекет адаптивті көшбасшылык процесінде манызды рол атқарады. Хейфец пен оның әріптестерінің (Heifetz, 1994; Heifetz & Laurie, 1997) енбектеріне негізделе отырып, бұл мінез-кұлық түрлері кеш- басшыға озгелерге күрделі тосқауылды және соған қатысты сөзсіз туындай- тын озгерістерді ексеруге комектесуде жалпы нұскаулык болып саналады. Адаптивті кошбасшылык процесінде басшының кандай мінез-құлқы алдын- гы орында екеніне катысты жалпы тәртіп бар болганмен, бұл мінез-кұлык түрлерінін басым бөлігі өзара тұтасып, бір уақытта көрсетілуі керек. Барлыгы жинақтала келе, мұндай мінез-құлық түрлері адаптивті көшбасшы болудын алғышартын ұсынады.
Адаптивті жұмыс
Адаптивті көшбасшылық моделінің (11.1-сызба) оң жағында көрсе- тілгендей, адаптивті кошбасшы атқаратын процесс адаптивті жұмыс деп аталады. Бұл - адаптивті көшбасшылықтың көздеген мақсаты және басты назарда болатын мәселе. Адаптивті жұмыс көшбасшы мен ізбасарлардын арасындағы коммуникациялык процестерден туындайды, алайда оны кебі- не ізбасарлар атқарады. Идеал түрде бұл адамнын өз міндетіндегі, басым- дыгындагы және құндылықтарындағы рөлі ыктимал өзгеріспен бетпе-бет келген кезінде өзін кауіпсіз сезіне алатын қолайлы ортада қалыптасады.Модельге сәйкес, колайлы орта дегеніміз адаптивті жұмыс жүзеге асатын орын. Ол адамдар карсы алдындағы адаптивті кедергілерді енсере алатын нактылы немесе виртуал кеңістік. Қолайлы орта адаптивті процесс кезінде манызды рол аткаратындықтан, көшбасшы оны куруга және сақтан калуга елеулі күш-қуат жұмсайды.



  1. Адаптивті көшбасшылықтың анықтамасын жазыңыз.



Адаптивті көшбасшылық ұғымының негізін салушы еңбек болып саналатын Хейфецтің LeadershipWithoutEasyAnswers (1994) атты кітабы алғаш жарияланғаннан бастап, бұл көзқарас көшбасшылық жөніндегі әдебиеттер арасында ерекше орынға ие болды. Көшбасшылық туралы әдебиеттерде Хейфец пен оның әріптестері «адаптивті көшбасшылық – адамды күрделі міндеттерді орындауға және табысқа жетуге жұмылдыру тәжірибесі» деген пікір білдіреді (Heifetzetal., 2009, p. 14). Бұл анықтама көшбасшылықтың көшбасшы позициясы немесе қасиеттерімен емес, оның мінез-құлқымен байланысты екенін тұжырымдайды. Адаптивті көшбасшы өзгелерді жұмылдырып ынталандырып, ұйымдастырып, бағыттап және назарын бір нысанаға аударады (Heifetz, 1994). Концепциялық тұрғыдан алсақ, адаптивті көшбасшылық процесі төрт түрлі көзқарасты біріктіреді: жүйелік, қызмет етуге бағытталған, биологиялық,психотерапиялық. Адаптивті көшбасшылық басшының адамды бейімделуге, яғни проблема, қиындық және өзгеріспен бетпе-бет келіп, оны шешуге ынталандыруы жөнінде әңгіме қозғайды. Адаптивті көшбасшылық адамнан қоршаған орта өзгерісіне жауап ретінде талап етілетін бейімделушілікке негізделеді. Қарапайым тілмен айтсақ, адаптивті көшбасшы адамды өзгеріске дайындап, ынталандырады.Бұл ұстанымның артықшылықтары кеңінен белгілі болғанымен, оның теориялық тұжырымдамасы әлі де қалыптасу үстінде.«Адаптивті көшбасшылық» деген атау, құдды, көшбасшының қалай бейімделетінімен байланысты болып көрінгенмен, бұл көзқарас, негізінен, көбіне ізбасарлардың бейімделуі жайында болады. Адаптивті көшбасшылық «адамдарды күрделі қиындықтарды еңсеріп, өсе түсуге жұмылдыру процесі» ретінде анықталады (Heifetzetal., 2009, p. 14). Күрделілік теориясы секілді, адаптивті көшбасшылық – күрделі ситуациялардағы үйренуге, креативтілікке және ізбасарлардың бейімделуіне қолдау көрсететін көшбасшы мінез-құлық түрі.
Адаптивті көшбасшылық – бірқатар аспектіні, оның ішінде ситуациялық кедергілерді, көшбасшының мінез-құлқын және адаптивті жұмысты қамтитын күрделі процесс. Бұл процесте адамды адаптивті жұмысқа тартуға назар аударылады. Адаптивті қиындықтарға қарсы тұру үшін жұртшылықты (ізбасарларды) жұмылдыруға түсірілген осынау бірегей екпін адаптивті көшбасшылықты тұлғалық қасиеттерге, машықтарға,мінез-құлыққа және шынайылыққа негізделетін өзге көшбасшылық ұстанымдарынан мүлде ерекше етеді. Адаптивті көшбасшылық адамнан ортаның өзгерісіне жауап ретінде талап етілетін адаптация мен көшбасшының осынау өзгеріс кезінде оларға қалай қолдау көрсете алатынына негізделеді.
Жалпы алғанда, адаптивті көшбасшылық көптеген ситуацияда қолдануға болатын бірегей прескриптивті көшбасшылық ұстанымын алға тартады. Алдағы уақытта адаптивті көшбасшылықтың тұжырымдамасын айқындау және оның қалай жұмыс істейтініне қатысты тұжырымдар мен болжамдарды негіздеу үшін терең зерттеу жүргізілуі қажет.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет