Көшбасшылық теориясы пәнінен емтихан сұрақтары Адами машықтарды жазыңыз


Тұлғалық қасиеттерге негізделген ұстанымның күшті және осал тұстарын жазыңыз



бет67/82
Дата14.10.2023
өлшемі1,49 Mb.
#114530
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   82
Тұлғалық қасиеттерге негізделген ұстанымның күшті және осал тұстарын жазыңыз.



КҮШТІ ТҰСТАРЫ
Тұлғалық қасиеттерге негізделген ұстанымның бірнеше нақты күшті тұстары бар. Біріншіден, бұл көзқарас интуиция тұрғысынан тартымды. Ол «көшбасшы - алдыңғы шепте жүріп жол бастайтын адам» деген түсінігіміз- бен толықтай сәйкес келеді. Жалпы, баспасөзде және қоғамдастықта «көш- басшы адамның ерекше бір түрі, ол әдеттегіден тыс дүние жасай алатын талантты адам» деген пікір қалыптасқан. Тұлғалық қасиеттерге негізделген ұстаным осы көзқараспен үйлесімді, өйткені ол «көшбасшы өзгеше және бұл өзгешелік олардың бойындағы тұлғалық қасиетінде жатыр» деген ал- ғышартқа құрылған. Жұртшылық өз көшбасшысын талантты адам ретінде көргісі келеді, тұлғалық қасиеттерге негізделген ұстаным осы қажеттілікті қанағаттандырады.
Ұстанымның екінші мықты жағы – оны негіздейтін зерттеулер бір ғасыр бойы жүргізіліп келе жатыр. Аталған ұстаным негізінде жүргізілген зерттеу- лердің ауқымы мен тереңдігіне басқа ешқандай теория таласа алмайды. Бұл бағыттағы зерттеулердің мықтылығы мен ұзақтығы осы ұстанымға дәйекті- лік деңгейін береді, басқа ұстанымдарда осы дүние жетіспейді. Зерттеулер- дің көптігінен әртүрлі тұлғалық қасиеттердің көшбасшылық процесіндегі маңызды рөлін көрсететін бірқатар дерек пайда болды.
ОСАЛ ТҰСТАРЫ
Күшті тұстарымен қоса, тұлғалық қасиеттерге негізделген ұстанымның осал жағы да бар. Ең әуелі, ол көшбасшылыққа тән ерекше қасиеттің нақты тізімін бекіте алмады. Соңғы 100 жылда орасан көп зерттеу жүргізілгенімен, олардың нәтижесі кейде әртүрлі және екіұдай болып келді. Оның үстіне, анықталған тұлғалық қасиеттер тізімінің шегі жоқ секілді. Мұны көптеген тұлғалық қасиеттер түрі берілген 2.1-кестеден анық көруге болады. Шын мәнінде, бұлар зерттелген көшбасшылық тұлғалық қасиеттердің бір мыса-
лы ғана. Аталған ұстанымның тағы бір кемшін тұсы ситуацияларды ескермеуін- де. Стогдилл (1948) бұдан 60 жыл бұрын айтып кеткендей, ситуациялық әсерді де тендей ескермесе, көшбасшыға тән тұлғалық қасиеттер жиынты- тын бөліп алу киындау. Белгілі бір тұлғалық қарым-қабілеті бар адам бір жағдайда көшбасшы атанғанымен, екінші бір жағдайда басшы болмауы мүмкін. Кейбір адам бойында оның көшбасшы болуына ықпал ететін қасиет кездесіп, бірақ сол көшбасшылықты ұзақ уақыт бойы ұстап тұруға мүм- кіндік беретін қасиеттің ұшыраспауы мүмкін. Басқаша айтқанда, ситуация көшбасшылыққа әсер етеді. Сондықтан көшбасшылық қасиеттердің әмбе- бап жиынтығын көшбасшылық жүзеге асып жатқан жағдайдан бөліп алып қарастыру қиын. Алғашқы екі осал тұстан туатын үшінші кемшілік: бұл ұстаным ең маңызды көшбасшылық қасиеттердің айтарлықтай субъектив анықтамала- рына алып келді. Тұлғалық қасиеттер туралы зерттеу нәтижелері кең әрі ауқымды болғандықтан, осы деректердің мағынасы субъектив түрде жиі интерпретацияланды. Бұл субъективтілік «өзіңе көмектес» мағынасындағы тақырыптық кітаптар мен практикаға бағытталған менеджмент оқулықта- рында көп кездеседі. Мәселен, бір автор ең негізгі көшбасшылық қасиет ре- тінде амбиция мен креативті, ал енді бірі эмпатия мен салқынқандылықты атауы мүмкін. Екі жағдайда да көшбасшылық қасиеттерді анықтауда негіз болып тұрған жайт автордың субъективті тәжірибесі мен бақылауы. Бұл кітаптар маңызды көшбасшылық қасиеттерді анықтап, сипаттайтындықтан, оқырманға пайдалы болуы мүмкін, бірақ осы тізімдерді жасауда пайдала- нылған әдістер әлсіз. Авторлар көпшіліктің нақты көшбасшылық қасиеттер жиынтығы жайындағы сұранысына жауап беру үшін тізімдер жасады, алай- да оның өзі мықты, сенімді зерттеулерге негізделмеген еді.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет