Көшбасшылық теориясы пәнінен емтихан сұрақтары Адами машықтарды жазыңыз



бет47/82
Дата14.10.2023
өлшемі1,49 Mb.
#114530
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   82
Байланысты:
Емтихан көшбасшы 6В05146- биология

Осал тұстары
Кошбасшылықты оқыту мен дамыту бағдарламаларында пайдаланы- латынына қарамастан, ситуациялық көшбасшылықтың бірқатар әлсіз тұсы да бар. Төмендегі сыни пікірлер аталған ұстанымның осал тұстарын атап корсетеді, сондай-ақ көшбасшылықты зерттеп, жүзеге асыруда онын жалпы пайдасы жайында әлдекайда объектив тұжырым қалыптастыруға көмекте- седі. Бұл ұстанымның болжамы мен пайымын негіздейтін санаулы ғана зерт- теу жұмысының жүргізілгені ситуациялық көшбасшылыққа катысты ай- тылатын алғашқы сын. Ситуациялық көшбасшылықтың қыр-сырын зертте- ген докторлык диссертациялар көп болғанмен, олардың біразы жарияланган жок. Осы тәсіл жөнінде жеткілікті зерттеулер жүргізілмеуі оның теориялык негізі туралы мәселені көтереді (Fernandez & Vecchio, 1997; Graeff, 1997; Meirovich & Gu, 2015; Vecchio & Boatwright, 2002; Vecchio, Bullis, & Brazil, 2006). Онын жарамдылығына біз сенімді бола аламыз ба? Бұл тәсілдің шы- нымен де онімділікті арттыратыны рас па? Ізбасарларға ықпалы бойынша ол озге де көшбасшылық ұстанымдардан жақсы жағынан ерекшелене ме? Устанымды тестілеуден өткізу нәтижесінде жарияланган зерттеу корытын- дылары аз кезде жогарыдагы сұрақтарға толыққанды жауап беру киын.Ситуациялык кошбасшылыкка катысты келесі сын ізбасарлардың даму денгейі моделінің екіұшты тұжырымдалуына қатысты айтылады. Модель авторлары дамудын төрт түрлі денгейін құрауда іске бейілдіктің білікпен қалай үйлесетінін анықтап түсіндірмейді (Graeff, 1997; Yukl, 1989). Осы модельдін ен алгашкы нұсқаларының бірінде Херси мен Бланшар (1969) бейілдіктін (әзірліктің) төрт деңгейін бейілсіздік пен қабілетсіздік (1-ден- гей), бейілдік пен қабілетсіздік (2-деңгей), бейілсіздік пен қабілеттілік (3-деңгей) және бейілдік пен қабілеттілік (4-деңгей) ретінде аныктады. SLII® моделінде көрініс тапқан соңғы нұсқасында ізбасарлардың даму ден- гейі D1 санатында - білігі төмен, ал бейілі күшті D2 санатында - едәуір бі- лікке ие, алайда іске бейілсіз, D3 санатында - орташа немесе жоғары білікті, дегенмен әртүрлі бейіл танытуы мүмкін, ал D4 санатында білігі де, бейілі де күшті ретінде сипатталады.Ситуациялык көшбасшылық ұстанымының авторлары әр даму денге- йінің құрылымындағы өзгерістерді теориялық тұрғыда негіздеп түсіндір- мейді. Сондай-ақ олар білік пен бейілдін әртүрлі даму деңгейлерінде калай таразыланатынын да ұғындырмайды. Бланшар мен оның әріптестері атап откендей, білік пен бейілдін әр даму денгейінде калай тұжырымдалатынын бекіту үшін тереңірек зерттеулер жүргізілуі кажет. Ізбасарлардың даму ден- гейі жоніндегі екіұштылыққа қатысты сынның тағы бірі модельде бейіл- діктін өзі калай тұжырымдалатыны жайында айтылады. Мысалы, Графф (1997) тұжырымдаманың өте түсініксіз екенін алға тартады. Ал Бланшар мен онын әріптестері (2013) болса ізбасарлардың бейілдігі сенім мен моти- вациядан тұратынын, алайда бейілдікті анықтауда бұл екеуінін озара калай үйлесетіні түсініксіз екенін мәлімдеді. SLII® модельге сүйенсек, бейілдік D1-де жогарыдан басталып, D2-де төмендейді, D3-те ауыспалы болып, D4- те кайта котеріледі. Интуиция тұрғысынан алғанда, ізбасарлардың бейілді- гін төменнен орта және жоғарыға қарай жылжып жатқан үздіксіз процесс негізінде сипаттау ақылға қонымдылау болатын сияқты.
SLII® моделінде бейілдіктің калай өзгеретініне катысты Бланшар мен онын әріптестері (1993) келтірген аргумент бойынша, әдетте жұмыска кі- ріскенде ізбасарда мотивация мол болып, жаңа нәрсені үйренуге әзір тұрса, уакыт оте келе олар енжар күйге түсіп, түңіліп кетуі мүмкін. Бұдан соң олар оздеріндегі сенімділік не мотивациянын немесе екеуінің де бірдей аздыгын сезе бастайды да, ен сонында өте сенімді қалыпка келіп, мотивациясы арта- ды. Бірак неге бұлай? Істі үйреніп жатқан ізбасарлар неліктен бейілсіздік таныта бастайды? 2 және 3-даму деңгейлерінде бейіл неліктен төмендейді?
Даму денгейлері тоңірегіндегі екіұштылыққа қатысты түсініктеме Томпсон мен Гласенін (2015) енбегінде кездеседі: каржылық ұйымдардагы 80 жетекші мен 357 ізбасар катыскан зерттеуде олар ситуациялык кошбас- шылыктын ертеректегі моделі жасаған болжамдардың шындыкка жанаса- тынын аныктады, ойткені білік пен бейілге катысты кошбасшылар мен із басарлардын бағалауы өзара сәйкес келген. Осы бағалаудағы көшбасшылар мен ізбасарлар арасындағы екіжақты келісімді анықтаған авторлар мұның манызын ерекше айтып өтті. Ізбасарлардын бейілдігі қалай тұжырымдалатынын негіздейтін косым- ша зерттеу нәтижелерінсіз ситуациялык көшбасшылықтың бұл қыры түсі- ніксіз күйі қалады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет