Бағыт-мақсат теориясының күшті және осал тұстарын жазыңыз.
КҮШТІ ТҰСТАРЫ : Бағыт-мақсат теориясының бірқатар күшті тұсы бар. Біріншіден, ол әр- түрлі көшбасшылық мінез-құлық ізбасарлардың разылығы мен өнімділігіне қалай ықпал етерін түсінуде пайдалы теориялық негіз ұсынады. Бұл - міндет пен қарым-қатынасқа негізделген мінез-құлық түрлерін қарастырған алдыңғы зерттеулердің аясын кеңейту арқылы көшбасшылықтың концепциялық тұрғыда әртүрлі нұсқаларын (мысалы, нұсқау беруші, қолдау көрсетуші, іске қатысушы, жетістікке бағытталған) нақтылап берген алғашқы теориялардың бірі болды. Бағыт-мақсат теориясының екінші оңтайлы қыры күту теориясының мотивация қағидаларын көшбасшылық теориясына кіріктіруге тырысуында. Көшбасшылықты зерттеу ұстанымдарының басқа ешбірі мотивацияға осылайша тікелей қатысты болмайтыны себепті бұл аспект бағыт-мақсат теориясын бірегей етеді. Теорияның үшінші, бәлкім, ең басты күшті қыры оның көп жағдайда қолданысқа қолайлы модельді ұсынуында. Бұл модель көшбасшының ізбасарларға қандай маңызды жол арқылы көмек көрсететініне екпін түсіре ерекшелейді. Көшбасшыны мақсатқа жетер жолды айқындап, кедергі атаулыны жоюға немесе ізбасарлардың оны айналып өтуіне көмектесуге шақырады. Қарапайым тілмен айтсақ, теория көшбасшылықтың басты мәні ізбасарларға мақсатқа жету жолында бағдар беріп, үйрету екенін жетекшілердің есіне салады. ОСАЛ ТҰСТАРЫ Бағыт-максат теориясының бірқатар күшті қыры бар болғанмен, оның осал тұстары да жетерлік. Біріншіден, оның аса күрделі болғаны, әрі көшбасшылық аспектілері мен соған қатысты шартты жағдайлардың көптеген түрін біріктіретіні соншалық оны интерпретациялау шым-шытырық ой- ларға алып келуі мүмкін. Мәселен, бағыт-мақсат теориясы түрлі деңгейде құрылымдалған міндеттер, айқындалған мақсаттар, қабілетті ізбасарларжәне түрлі деңгейдегі ресми билік қалыптасқан ұйымдар үшін көшбасшылық стиль түрлерінің қайсысы сәйкес келетіні жайында болжам жасайды. Теорияның екінші осал тұсы оның жарамдылығын тексеру мақсатында жүргізілген көптеген эмпирикалық зерттеу жұмысының кейбірі ғана теорияны негіздеді Мәселен, бір зерттеуде міндеттер екіұшты болғанда көшбасшының нұсқау беруші мінез-құлқы ізбасардың разылығына оң әсер ететіні мақұлданса, енді бір зерттеу бұл байланысты құптай алмады. Оған қоса, бұл теорияның барлық аспектісіне бірдей көңіл бөлінген жоқ. Нұсқау беруші және қолдау көрсетуші көшбасшылықты қарастыратын зерттеулер көп жүргізілсе, өзге көшбасшылық мінез-құлқы сирек зерттелді. Бағыт-мақсат теориясына қатысты айтылатын үшінші сын- бұл теория көшбасшылықтың жүзеге асу немесе қабылдану жолында гендерлік айырмашылықтарды есепке алмайды Гендерлік бірегейліктің нұсқау беруші, қолдау көрсетуші және іске қатысушы көш- басшылыққа әсері жайында зерттеулер жүргізілгенмен, олар бағыт-мақсат теориясына кіріктірілген жоқ.Бағыт-максат теориясының тағы бір кемшін тұсы оның көшбасшы мінез- құлқы мен ізбасар мотивациясы арасындағы қарым-қатынасты жеткілікті түрде түсіндіре алмайтынында. Бағыт-мақсат теориясының бірегейлігі мынада: ол күту теориясының қағидаларын қамтиды, алайда көшбасшылықтың әлгі қағидалармен қаншалықты байланысатынын түсіндіруге келгенде осалдау. Бағыт-мақсат теориясына қатысты айтылатын соңғы сын оның практи-калық нәтижесі хақында. Теорияға сүйенсек, тәлімгерлік ету, бағыт-бағдар көрсету, нұсқаулық беру, ізбасарларға мақсатты анықтап және айқындауға көмектесу, сондай-ақ олардың мақсатқа жету жолында кедергілерді айналып өтуіне жәрдем беру көшбасшы үшін маңызды.