Блейк пен Мутанның «басқаруды (көшбасшылықты) бағалау торын» жазыңыз.
Басқарушылық мінез-құлықтың ең танымал моделі «Басқаруды бағалау торы» алғаш рет 1960 жылдардың басында пайда болып, кейін бірнеше мәрте нақтыланып, қайта қаралдыОл – ұйымдық оқытулар мен дамыту бағдарламаларында кеңінен қолданылып келе жатқан модель. «Басқаруды бағалау торы» (кейін «Көшбасшылықты бағалау торы» деп қайта аталды) ұйымдардың өз мақсатына жетуіне көшбасшының екі факторы - өндіріске мудделілік пен адамға мүдделілік арқылы қалай көмектесетінін түсіндіру үшін әзірленді. Бұл факторлар модельде көшбасшылық бағдар түрлері ретінде сипатталғанмен, олар осы тарау бойы талқыланған міндет пен қарым-қатынасқа негізделген көшбасшылық мінез-құлыққа ерекше жақын.Өндіріске мүдделілік көшбасшының ұйымдық міндеттерге қол жеткізуге қаншалықты мүдделілік танытатынына қатысты болады. Ол бірқатар іс-әрекетті, мәселен, саяси шешімдерге, жаңа өнімдер шығаруға, процесс мәселелеріне, жұмыс жүктемесіне, сондай-ақ сатылым көлеміне көңілбөлуді қамтиды. Өндіріске мүдделілік ұйымның өніміне қызметімен шектеліп қалмай, ұйым қол жеткізуге ұмтылатын кез келген дүниеге қатысты болуы мүмкін Ал адамға мүдделілік көшбасшының ұйым мақсаттарына жетуге тыры- сатын адамдардың қамын қаншалықты ойлайтынын білдіреді. Бұған ұйым ішіндегі адалдық пен сенім, ізбасарлардың жеке бас қадір-қасиетін арттыру, жұмыс істеуге қолайлы жағдай жасау, әділетті жалақы құрылымын ұстану және түзу әлеуметтік қарым-қатынасты қолдау кіреді.
«Көшбасшылықты (басқаруды) бағалау торы» өндіріске мүдделілік пен адамға мүдделілік өзара қиылысатын екі осі бар модельді біріктіреді. Көлде- нең ось көшбасшының нәтижелер үшін алаңдаушылығын, ал тік ось көш- басшының адамға алаңдаушылығын қамтып көрсетеді. Әрбір ось 9 балды шкала түрінде берілген, ондағы 1 деген баға ең төмен деңгейдегі аландау- шылықты, ал 9 ең жоғары деңгейдегі алаңдаушылықты білдіреді. Әр ось- тегі ұпайларды өзара қиыстыру арқылы көшбасшылықтың әртүрлі стилін құрастырып шығуға болады. «Көшбасшылықты бағалау торы» бес негізгі көшбасшылық стилін кескіндейді: өктемшіл билік (9,1), ізгілікке негіздел- ген менеджмент (1,9), әлсіз менеджмент (1,1), теңдестірілген менеджмент (5,5) және ұжымдық менеджмент (9,9).