Көшпелі мал шаруашылығы мен суармалы егіншілік Қазақстан тайпаларының бірыңғай мәдениетінің негізін қалады



Дата15.04.2023
өлшемі17,25 Kb.
#83095
Байланысты:
мадениеттану


Көшпелі мал шаруашылығы мен суармалы егіншілік Қазақстан тайпаларының бірыңғай мәдениетінің негізін қалады. ХХ ғасырдың 20-жылдарының соңы мен 30-жылдарының басындақазақтарды күштеп отырықшыландыру және ұжымдастыру салдарынан орын алған ашаршылықта республика халқының жартысына жуығы қазаға ұшырады. Жергілікті халық
санының күрт кемуіне әкеліп соқты. 1950 жылдардағы ескерілмей жүргізілген тың және тыңайған жерлерді игеру саясаты нәтижесінде құнарлы жерлердің 10 млн гектары эрозияға ұшырады. Сондай-ақ ХХ ғасырдың басындағы қазақтардың жаппай егіншілікке өту себептері. Біріншіден, орыс шаруаларының қоныс аударуы салдарынан мал жайылымдары қысқарып, қала тұрғындарының саны өсті. Екіншіден, қазақтар егіншілікке өтпеген жағдайда қоныстанған аймақтардан күштеп ығыстырылатын қауіпті де ескерді. Егіншілікке өту арқылы қазақтар өз жерінде тұрақтап қалуға әрекеттенді. Кейде қазақтар орыс шаруаларымен тәжірибе алмасып, олардан шаруашылықты жүргізу әдісін үйренген. Қазақ халқының мәдениетіне көрші халықтардың, әсіресе, Еділ маңы, Сібір және Орта Азия халықтарының мәдениеті едәуір ықпал етті.Сондай ақ мұсылмандық мәдениет те айтарлықтай із қалдырды.XV-XX ғасырдың басында Қазақстанда қазақ далаларының ежелгі тайпалары мәдениетінің таңдаулы дәстүрлеріне негізделген бірыңғай мәдениет іс әрекетте болды.

Бүгінде Қазақстан әлемдегі қарыштап алға басқан жас мемлекеттердің бірі. Қазақ халқының ата тарихы жарқын болашаққа ұмтылған елімізге рухани нәр берері анық. Оның тарихы қаһармандыққа толы шежіре. Кез келген халық өсіп тұрған ағаш сияқты, ал халықтың тарихы оның тамырына ұқсайды. Тамыр неғұрлым тереңге барса, соғұрлым ағаштың алатын нәрі де көп болмақ. Жер жүзінде көптеген ұлт өкілдері, көптеген мемлекеттер бар. Олар өз тарихын, кескін-келбеттерін және де этностық құндылықтарын сақтап қалу онай емес. Сол себепті әр мемлекеттегі адамдар өз тарихын, мәдениеттерін, құндылықтарын естен шығармауы тиіс.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет