Көшпелі өркениет құндылықтары



бет20/28
Дата06.01.2022
өлшемі467,53 Kb.
#13430
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   28
Шапан



Шапан

Қазақстан мен Орта Азия халықтарының ұлттық киімі . Оны қалың адам арасына жүн, мақта салып, астарлан немесе қос астарлан сырып тігеді. Ол негізінен тік жағалы, ішінара қайырма жағалы да болады. Шапан: сырмалы шалан, қаптал шапан, қималы шапан деп бөлінеді.

Қызкеліншектерге арналған қималы шапанды түрлі-түсті масатыдай тігіп, жаға-жеңіне, етегі мен екі өңіріне зер ұстайды. Түйме орнына асыл тастар орнатылған күміс қапсырма (ілгек) тағады. Қазіргі кезде түрлі-түсті масатыдай екі өңірі мен жеңі кестеленген немесе зер ұсталған жадағай (арасына жүн, мақта салмай) шан айдар тігіліп сатылады. Қазақ халқының арасында сыйлы адамдарға сыйлық ретінде шапан кигізу дәстүрі кең тараған.

Қамзол

18- 19 ғасырларда қазақ халқы арасында кең тараған ұлттық киім. Қамзол туралы мәліметтер 19 ғасырдың ортасынан бастап кездеседі. Қамзол тек қазақта ғана емес, басқа да түркі елдерінің киім үлгілерінде кездеседі. Әйелдер киімінде қамзолдың орны ерекше, ол әрі жылулық, әрі сәндік міндеттерін атқарады. Қамзолдар астарлы, жеңсіз жеңіл жаздық киім. Етектері мен жағалары тас, оқа, күміс тиындарымен (сөлкебай)әшекейленген, бұйымдар қадап, әртүрлі әткеншектер ілінген.



Құлақшын

Ерлердің баскиімі. ("Бұлғын, құндыз, жанат, түлкі, қарсақ, суыр т.б.") аң терілері мен бұзау, қозы- лақтың бұйра терісі (елтірі) сияқты үй жануарларының терілерінен тігіледі. Төбе жағы екі түрлі тәсілмен пішіледі. Бірнеше сайдан тұратын үшкіл, етек жағы тік төртбұрышты болып келген немесе етек жағы қусырылып тігіліп, оған дөңгелек төбе қондырылған түрі. Теріге өлшеп пішіліп астарының арасына жүн, мақта салып, сырып тігіледі. Сыртын терімен тыстап, қалыпқа кигізіп, керіп қояды.



Киіз етік

Қыстыгүні киетін қысқыаяқкиім. Оны киізді қалыпқа салып басып шығару әдісімен жасалады. Етіктің басы мен қонышын бөлек, екі бет етіп пішіп алып, тігістіктеріне былғарыдан немесе жақсы иленген қайыстан сыздық салып отырып қайып, қусырып тігеді. Етіктің басын былғарымен қаймалайды, қонышын жұқа былғарымен оюлап көмкереді. Өкшелігіне сірі салып бүрмелеп , сыртын, басының үстіне өрнектеп қайып тігеді. Киіз етіктің де басын былғарымен жұлықтайды. Басына қалып салып отырып, табандығын бүрмелеп, былғары ұлтарақша салып, ұлтан, өкше қағады. Киіз етік аяз тартпайды, өзі әрі жұмсақ, әрі жеңіл, әрі сәнді.



Ішік

Ішік — қазақтың ұлттық киімдерінің бірі, оны елтіріден, сеңсеңнен, әр түрлі аң терілерінен тігеді, сырты матамен тысталады. Ішік тігілетін терінің түріне қарай: елтірі ішік, сеңсең ішік, қасқыр ішік, түлкі ішік, пұшпақ ішік, орман ішік, жанат ішік, бұлғын ішік т. б. деп аталады. Ішік тігетін теріні шел майынан, көк етінен арылтып алған соң ашыған айран жағын илейді. Тері әбден иі қанғанда ирек ағатпен тарап, қолмен уқалап, керіл-созыл жұмсартылады. Ішікті жөрмеп тігеді және тігістерінің бәрі тірінің тақыр жағына қарайды. Жұқа терілерді мақта жіппен тіксе, ал қалың терілерге жүн жіп пайдаланылады. Ішіктің іші дайын болған соң, оның тақыр бетіне бидай шүберек көктейді де барқыт, шұға, пүліш сияқты қалың тыстық маталармен тыстайды.



Дереккөздер

  1. ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, V том

  2. ↑ Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8

  3. ↑ Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9

  1. Алматыкітап "Қазақ халқының ұлттық киімдері" 2007 жыл, Ханият Б.; Сужикова А





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет