Көшпенділер 2



Pdf көрінісі
бет7/26
Дата12.03.2017
өлшемі1,71 Mb.
#9265
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26
Әдеби KZ 
 
Қырық  мың  қолмен  Сыбан  Раптанның  келе  жатқанын  Гәуһардан  естіген 
Әбілқайыр  дабыл  қақтырып  бар  әскерін  сапқа  тұрғызып,  «тәуекел!»  деп  Сыбан 
Раптанға қарсы жүрген. Бұл жолы Сыбан Раптан емес, оны Әбілқайыр ойламаған 
жерден  шапты.  Әскері  шұбалаңқы  келе  жатқан  Жоңғар  қонтайшысы  күтпеген 
жерден  тиген  жаудан  шүу  дегенде  сескеніп  қап,  сәл  кейін  шегінсе  де,  қазақ 
қолының  анағұрлым  аз  екенін  көріп,  тез-ақ  есін  жиған.  Жоңғар  әскерінің  соңғы 
шептері  де  жетіп,  Кіші  жүздің  жігіттері  қанша  ерлік  көрсетіп  қарсыласқанмен  де, 
ерікке  қоймай,  қазақ  әскерін  кейін  қарай  ығыстыра  түскен.  Енді  бұларды  жеңуге 
айналдым  ғой  деп,  ақырғы  қимылына  кіріскен  кезде,  кенет  «Қабанбай!», 
«Қабанбай!»  деп  ұрандасып,  қамыс  арасынан  Қабанбай  батыр  бастаған 
Найманның екі сан қолы Жоңғар шебіне дәл өкпе тұсынан тиген. Әуелде Арқаның 
қалың әскері келіп қалған екен деп абыржыған Сыбан Раптан, бүйірінен тиген жау 
жаңадан жеткен шағын жасақ екенін түсінісімен, тез-ақ бойын жинап алған. 
 
Жоңғар  қолы  қайтадан  шабуылға  шықты.  Ұрыс  шиеленісе  түсті.  Күн  екіндіге 
таяп  қалған  кез.  Қазақтың  бұдан  басқа  әскері  жоқ  екеніне  көзі  жеткен  Сыбан 
Раптан,  өзінің  көптігін  көріп,  әскеріне  «бірде-бір  қазақ  жауынгері  құтылушы 
болмасын,  жан-жағынан  қоршап  алыңдар!»  деп  бұйрық  берді.  Жоңғар  әскері 
қонтайшысының бұйрығын орындаған. Ұрысқа қызу кіріскен Әбілқайыр өздерінің 
қоршауда  қалғанын  күн  батып  бара  жатқанда  бір-ақ  білді.  Қандай  қақпанға 
түскендерін  аңғарған  Кіші  жүздің  жігіттері  қашып  құтыла  алмайтындарын 
түсінісімен-ақ, өлімге біржолата бел буған. Жастықтарын ала өлмек болды. Қазақ 
жігіттерінің ерлігі, қайсарлығы бұрынғысынан он есе, жүз есе арта түсті. Жауының 
оңай  берілмейтініне  көзі  жеткен  Жоңғар  жауынгерлері  де  барын  салды.  Екі 
жақтан  да  бірдей  батыл  қимыл,  қан-жоса  кескілесу  басталды.  Бірақ  Әбілқайыр 
қолының  жан-жағынан  темір  қоршау  бірте-бірте  тарылып,  қазақ  жігіттерінің 
шеңберден шыға алмай қырылатыны шындыққа айнала бастады. Сонда да әйгілі 
Адай,  Тама,  Найман  жігіттерінің  қоршауында,  маңына  жан  жуытпай  жүрген 
Әбілқайыр  «жеңілдім»  деп  қол  көтермеді.  Бұған  ызаланған  Сыбан  Раптан 
«қазақтың  бірде-бір  жауынгері  тірі  қалмасын!»  деп  тағы  жарлық  берген.  Қанды 

70 
Әдеби KZ 
көрген қасқырдай, қазақты қыруға әбден құнығып алған Жоңғар қонтайшысының 
бұл  бұйрығын  орындар  ма  еді  —  қайтер  еді,  кенет  солтүстік  жақтан  «Аруақ!», 
«Аруақ!», «Ақжол!», «Ақжолдаған!» айбарлы ұран шықты. Бұл кезде күн де батып 
бара жатқан-ды. Ойламаған жерден айбарлы ұран естілгенде Сыбан Раптан шын 
сасып  қалды.  Сәмекенің  қолы  жеткен  екен  деп    ойлады.  Ал  бұл  жеткен  —  бар 
болғаны  үш  мың  жауынгері  бар  Батыр  Баян  еді.  Ол  Іле  бойында  бұрын  да 
қалмақпен сан айқасқан, сан жеңген, жау жағына бұрыннан белгілі батыр. Ақбоз 
атын  қол  алдында  көсілдіре  салып  келе  жатқан  жігітті  көргенде,  жоңғарлар 
«Батыр  Баян!»  деп  шу  ете  түсті.  Жау  шебінің  бір  жағы  шетіней  бастады.  Сол 
шетінеген тұстан Әбілқайыр әскері қоршаудан босанып шыға берді. Бұл кезде қас 
қараюға айналған. Заматта қараңғы түсіп кетті. Енді екі жақ та ұрыстарын тоқтатып 
кейін шегінді. Осылай Батыр Баянның ойда жоқта пайда болуының арқасында бір 
қырғыннан  сау  қалған  Әбілқайыр  әскері,  майданда  тең  жартысын  көмусіз  тастап 
әрі  шегіне  берді.  Батыр  Баянның  әскерін  қосқанның  өзінде  қолының  саны  бар 
болғаны он мыңға жетер-жетпес. Мұндай шағын күшпен үш есе көп жоңғарға не 
істейсің? 
 
Сәмекенің алыста жатқанын білмеген Сыбан Раптан Әбілқайыр қолын қумады. 
Артымнан Сәмеке әскері түре соғар деп қорықты. Содан, екі әскер екі жаққа қарай 
шегінді. Көп кешікпей жаңбыры жоқ, қары жоқ, күпілі адамның өкпесінен өтетін, 
бүкіл Сыр бойының жұртына мәлім күзгі қара суығы да басталады. 
 
 
 
 
Сауран қаласы Отырар, Сығанақпен қатар салынған қазақ елінің көне бекінісі. 
Бұл қамал  жағалай қазылған, ұзындығы жиырма бес, тереңдігі он бес кез, тіп-тік 
ормен қоршалған. Ордың түбінен қамалдың жоғарғы ернеуіне дейінгі биіктігі елу 
гяздай 1
1
.  Оның  үстіне  әр  әмір,  әр  дәуірде  бұл  шаһардың  қорғанын  өзінше 
күшейте  түскен.  Сондықтан  да  қамалдың  ғасырлар  бойы  келе  жатқан 
қабырғаларын Шыңғыс хан шабуылы кезінде де тас атқыш машиналар бұза алмай 
                                                 
1
 Г я з — кез деген сөзден шыққан. 

71 
Әдеби KZ 
қойған деген лақап бар. Аңызға қарағанда, Сауран шаһарына Шыңғыс хан әскері 
кіре алмаған. Тек қаланы қорғаушылардың бірі қалмай аштан қырылғаннан кейін 
барып, монғол басқыншылары ие болған. 
 
Түркістанды  тастап  кеткен  Елшібек  батыр,  түнде  қамыс  арасында  тығылып 
жатып,  күндіз  жүріп,  үш  күн  дегенде  серіктерімен  осы  Сауран  бекініске  әзер 
жеткен. 
 
Қала  хакімі  Тұрсынбек  жоңғарлардан  қорқып  әндижанға  қашып  кетіп,  шаһар 
тұрғындары  әбігерде  екен.  Бұл  маңайға  әйгілі  Елшібек  батырдың  келгеніне  олар 
қуанып қалды. Бір дауыстан бәрі шаһарды қорғау жұмысын Елшібекке тапсырды. 
Батыр бірден жауға тойтарыс беру жабдығына кірісті. 
 
Жер  бетін  әділетсіздік  билеген  сонау  қу  заманда,  тарих  қиянаты  әлсін-әлсін 
қайталана  беретін.  Осы  сұрғылт  балшықты  ұлы  бекініс  сол  қиянатты  әр  жүз  елу 
жылдар арасында үзбей көріп отырған. Ол қиянатты Шыңғысхан кезінде де, Ақсақ 
Темір,  Әбілқайыр,  Абдолла  шабуылдарында  да  бастарынан  өткізген.  Міне,  бүгін 
жоңғар басқыншылары да сол қиянатты тағы қайталамақ. Ал қала тұрғындары бірі 
қалмай  қырылғандарынша,  шаһарларын  жауға  бермей  қорғап  келген.  Бүгін  де 
сүйтпек. 
 
Бір кезде осы бекініс үстінде тас мүсін тәрізді күзетте Орақ батыр тұрған. Содан 
жүз  елу  жыл  кейін,  құл  мен  күңнен  туған,  жалаң  төс  батырлар  Қияқ  пен  Тұяққа 
кезек  келген.  Қазір  қорған  үстінде  осы  қос  батырдың  ұрпағы,  алпамсадай  алып 
денелі, құрыштай берік Науан ұста тұр. 
 
Науан  ұстаның  бар  күн  көрісі  —  көрігі  мен  балғасы.  Арманы  —  арғы  бабасы 
Орақ  пен Қияқ,  Тұяқ  салған  әділеттік  пен  ерлік жолын  адал  ұстау.  Ал  халқы  үшін 
жан қиған ерлер жайындағы ел аңызы оның ана сүтіменен қанына сіңген. 
 
Аңыз?  Жоқ,  Қияқ  пен  Тұяқ  ерлігі  аңыз  емес,  шындық!  Оны  ұрпақтан  ұрпаққа 
ертегі етіп ел айтады, сол батырдың қаны тамған сұрғылт топырақты  жер айтады. 
Бастарына  қойылған  құлпы  тас  пен  ерліктерін  өткізген  осынау  берік  қамал  — 
бекініс жыр етеді. 

72 
Әдеби KZ 
 
Ата-бабасының  ерлігі  ұмытпастай  боп  ұрпақтарының  жүректерінде  сақталып, 
мойындарына тұмар болып тағылған. 
 
Күзетте тұрған Науан ұстаның қасына Елшібек батыр мен Бұқар жырау келді. 
 
Мұсылманша  хат  танитын  Бұқар  жырау  —  қазақ  тарихы  қамтылған  көне 
кітаптарды көп оқыған әйгілі шежіре.  Ұлы арманының бірі сол халқының ерлігін 
үлкен  дастан  ету  еді.  Ол  қазақ  елінің  басынан  өткен  күндерін  ғана  емес,  бүгінгі 
күресін  де,  ерлігін  де  жырламақ.  Үш  айдан  бері  Сауранның  жауға  берілмей 
тұрғанын естіп, кеше қара түнді жамылып, жау шебінен өткен. Содан бері қаласын 
жаудан  қорғаған,  аштыққа  да,  ажалға  да  көнген  қара  бұқара  жұртын  көріп, 
мұқалған көңілі бір жасарып қалған. Жыр шумағы бірінен соң бірі келіп, қиялында 
дастан да туа бастап еді. 
 
— Арсыз ба, Бұқар-еке! — деді Науан ұста қос қолын кеудесіне қойып. 
 
Бұқардың майдан басына келгенінен хабардар жұрт лезде жиналып қалды. 
 
— Барсыңдар ма, өрендерім! — Бұқар сүйсінгендей барлық жұртты көзімен бір 
шолып  өтті  де,  Науанға  бұрылды.  —  Арғы  аталарың  Қияқ  пен  Тұяқ  батырлардың 
ерлігіне  қанық  едім,  өз  ерлігіңді  көзіммен  көргелі,  шыбын  жанымды  шүберекке 
байлап, әдейі іздеп келдім, арысым... 
 
—  Халқыңыздың  халі  қыл  үстінде  тұрғанда  келгеніңіз  —  бізге  он  сан  қол 
қосылғаннан кем болмас! — деді Науан ұста. — Ісіміз оң болар. 
 
—  Айтқаның  келсін!  —  кенет  Бұқар  жырау  төңірегіне  бұрыла  қарады.  —  Бір 
кезде  осы  Сауранды  Абдолла  әміршіден  сенің  бесінші  аталарың  Қияқ  пен  Тұяқ 
қорғап еді, қазір, Науан ұста, жоңғардың жолында өзің тұрсың. Шапқан  жаудың 
екпініне  қарағанда  біз  әлдеқашан  құрып  кетуге  тиісті  едік,  ел  болып  әлі  келе 
жатырмыз, құдайдың бұнысына да шүкіршілік! 
 
— Уа, жырау! — деп Науан ұста сәл алға аттады. — Жаңа өзіңіз айттыңыз ғой, 
менің бабаларым осы Сауранды қорғаған деп. Бүгін жау жағы тыныш жатыр ғой, 
қажыған көңілге қуат бере ме екен, солардың ерлігін айтсаңыз қайтер еді? 
 
Жұрт шулап қоя берді. 
 
— Иә, жырау!.. 

73 
Әдеби KZ 
 
— Бабаларымыздың ерлігін үлгі етелік!.. 
 
— Налыған көңілге нәр болсын! 
 
Халқының өткен ерлігін бір айтатын кез осы екенін ұққан жырау, көп күттірмей, 
сөзін бастап та кетті. 
 
—  Қазақтың  басынан  қандай  сорақы  күндер    өтпеген,  —  деді  толғанып.  — 
Соның бірі осыдан жүз елу жылдай бұрын Тәуекел ханның тұсында болып еді. 
 
Бұхар әміршісі Абдолла өз ордасында отыр. Кенет көзі күлімсіреп, сұлу мұрты 
тікірейе қалды. Ойда-жоқта бірдемеге қуанып кеткендей. Бірақ әміршісі ашуланса 
кенет  көзі  күлімсіреп,  бетіне  қан  жүгіре  бастайтынын  көп  жылдан  бері  білетін 
ақылшысы  Хасен-єожа  тағы  да  жазықсыз  біреудің  қаны  төгілгелі  тұрғанын  ұқты. 
Уәзір әміршісінің бұл қасиетіне үйрене алмай-ақ қойған. Алдында тұрған көжекті 
жер алдында аждаһаның сілекейі көзінен жас боп ағады дейді. Әміршінікі де сол 
тәрізді  қылық...  Сонда  бұл  жолы  кімді  жұтпақ?  Қазір  хан  сарайында  Хасен-
єожадан  бөтен  жан  жоқ.  Сонда...  Мұның  қандай  жазығы  бар?  Бар  айыбы  — 
Бабасұлтаннан  Талас  бойындағы  ұрыста  Шағайдың  жеңіліп  қалғанын  естірткені 
ме? 
 
Абдолла  кенет  орнынан  тұрып,  терезе  алдына  барды.  Мұнара  биіктігінен  хан 
сарайының  етегіндегі,  қалың  бау-бақшаға  бөленген  Бұқар  шаһарының  қиыр 
шетіне  көз  жіберді.  Әр  жерде  сыртын  сан  түрлі  бояуларымен  өрнектеген, 
ернеулері  құран  сүрелерімен  безенген  күмбезді  мешіттер,  Калон,  Чар,  Минер 
мұнаралары, Ұлықбек салдырған салтанатты медреселер көрінеді. Хан сарайының 
ауласы өрік, жүзім, алма, алмұрт, інжір ағаштарымен сыңсыған жасыл бау... Ағаш 
арасы  сылдырап  аққан  күміс  қоңырау  бұлақтар.  Бұл  өзбек  елінің  Самарқанттан 
кейінгі  үлкен  шаһары.  Бір  кезде  бұл  шаһарды  Самарқантпен  бірге  Абдолланың 
бабасы  Мұхамед-Шайбани  Ақсақ  Темір  ұрпағынан  тартып  алған.  Мұхамед-
Шайбани қаза тапқаннан кейін, Бұқар қайтадан Ақсақ Темір ұрпақтарына көшкен. 
1557 жылы, яғни хаджри есебі бойынша 964 жылы, жиырма төрт жасар Абдолла 
екінші  рет  жаулап  алды.  Содан  кейін  ол  Бұхарды  өзінің  астанасы  еткен.  Осылай 
Бұқар хандығы туған. 

74 
Әдеби KZ 
 
— Бұхар әміршісі Абдолла өзбек халқының қанын қандай сорса, Сырдарияның 
орта шеніндегі қазақ елінің де қанын сондай сормақ болды. Бабалары Әбілқайыр 
мен Мұхамед-Шайбанидың қазақ жерінен шыққанын сылтау етіп, Сыр бойындағы 
қалаларын өзіме қаратамын деп талай рет шапты, — деді жырау. 
 
Абдолла  терезе  алдынан  кейін  бұрылып,  жан-жағына  ойлана  қарады.  Бірақ 
оның кірпік қақпай тесірейе қалған шегір көзіне — зәулім сарай еденіне төселген  
қырмызы  қызыл  парсы  кілемдері  де,  әшекейлі  өрнекті  сафьян  орындықтар  да, 
қабырғада ілулі тұрған болат аспаптары мен алтын зерлі қылыш, қанжарлары да, 
бұрыштағы дөңгелек арша үстелінің үстіне шәрбат ішуге қойылған фарфор кеселер 
де, имек мойын күміс құмыралар да — бірде-бірі көрінбеді. Оның шегір көзі хан 
сарайының  мәрмәр  қабырғаларын  тесіп,  әлдеқайдағы  көкжиекке  шаншыла 
қарағандай. 
 
—  Қожа,  сенен  ақыл  сұрағым  келіп  тұр,  —  деді  ол,  тағы  көзі  күлімдеп.  —Дос 
боламын  деп  ант  берген  жауым,  басқа  жауларыма  достық  көрсетсе,  мен  қандай 
шара қолдануым керек? 
 
— Ондай алдамшы достардың басын алған жөн, тақсыр хан. 
 
—  Солай  де...  Біздің  жаққа  шыққан  Шағай  мен  оның  баласы  Тәуекел,  қас 
жауым  Бабасұлтан  мен  Бұзахұрдың  бастарын  маған  әкеп  бергілері  келмеді.  Ал, 
олардың басын қазақ қалаларын жаулап алған соң мен кесуім керек... 
 
Бабасұлтанның  опасыздығын  сылтау  еткен  Абдолла  бір  мың  бес  жүз  сексен 
екінші  жылы,  тамыздың  сегізі  күні  Сауран  бекінісінің  етегіндегі  қалың  тоғайдың 
арасына кеп шатырын тікті. 
 
Таң  атып  келе  жатқан  мезгіл.  Бір  кездегі  атақты  Әбілқайыр  бабасының 
лашкерлеріндей,  кілең  көк  темір  құрсанған,  төгілген  жал,  құлаш  құйрық  жүйрік 
мінген елу мың әскер лек-лек боп, бекіністі қоршай сапқа тұра бастады. Шаһардың 
сол  жағында  ақ  боз,  қара  көк  сәйгүлік  мінген,  бастарындағы  болат  дулығалары 
шығып  келе  жатқан  күнмен  шағылысқан  Ұбайдулла  сұлтанның  жауынгерлері. 
Теріскей  жақта  күн белгісі  бар  қара  туды  желбіретіп  ұстаған  Абдолланың  баласы 
әбді-Мумин сұлтанның лашкерлері. Түстері суық, қаһарлары ызғарлы. Күнгей тұста 

75 
Әдеби KZ 
Ұбайдулланың  баласы  Асфандияр  сұлтанның,  ірбіз  басының  суреті  салынған 
алқара  көк  туының  астына  Абдолла  қарамағындағы  Келдеш  би,  Жандәулет  би, 
Тұрсын  би,  Бике  би  секілді  белгілі  әмірлердің  жігіттері  тізілген.  Дені  қазақ 
руларынан  шыққан  әмірлер  болғандықтан,  бұлардың  әскерлерінің  сырт  бейнесі 
Дәшті  Қыпшақ  сыпайларына  ұқсайды.  Найзаларының  басына  ту  етіп  тұтам 
қылшық байлап алған. Тақымдарының астында бұзаубас шоқпарлары. 
 
Сауран  шаһарының  құбыласындағы  тоғайлы  алаңында  Абдолла  әміршінің 
алқызыл  жібек  шатыры  көрінеді.  Бұ  жақта  да  қалың  әскер.  Бұл  әскерлер 
өзгелердікінен гөрі салтанатты. Жігіттерінің киген сауыттары да ерекше зерленген. 
Белдерінде  кілең  қорасан  болатынан  соғылған  Бұхардың  ұзын  қисық  қылышы. 
Иықтарында ұзын мойын білтелі бұқар мылтығы. Әскер кейпі сәнді де, сұсты да. 
 
Шаһар  бекінісінің  үстіндегі  кереге  көз  алаңдардағы  қала қорғаншылары:  қала 
хакімі  әбді-Саттар,  Қияқ,  Тұяқ  батырлар...  Кенет  бүкіл  әлемді  басына  көтере 
барылдаған керней үні шықты. Оған шиқылдаған зұрнаның ащы даусы қосылды. 
Жүздеген  дауылпаз  қағылып,  заматта  дүние  біткен  әлем-тапырық  үнге  толды  да 
кетті. 
 
...  Енді  Бұхар  әміршісінің  қызыл  жібек  шатырының  ар  жағындағы  шағын 
тоғайдан  бір  топ  салт  аттылар  көрінді.  Үстеріндегі  болат  сауыттары  күнге 
шағылысып  жалт-жұлт  етеді.  Жалаңаш  қылыштарын  бастарына  көтере  ұстаған. 
Қорасан құрышының жүзінде күн сәулесі емес, ажалдың суық ызғары ойнағандай. 
Ең алдында өн бойы күміс шынжырлы сауытпен жабылған есік пен төрдей ақ боз 
ақалтеке  арғымақ  мінген,  қырықтарға  жаңа  жеткен,  сұлу  мұртты,  тұлғалы  адам 
келе жатыр. Өзгелерден бұның құр ғана айбарлы пішіні, атқа тәкаппар отырысы, 
асыл  қару-жарағы  ғана  емес,  тағы  да  бір  айырмасы  бар.  Астындағы  ақбоз 
тұлпарының тоқпақтай кекілінің үстіне көне заман ғұрпымен «бақ құсы» — аппақ 
сүттей  тұрымтайды  отырғызып  алған.  Егер  тұрымтай  жау  көргенде  қорқып  ұшып 
кетпесе, батырдың жолының оң болары хақ. Ал жау қарасын көргеннен тұрымтай 
қаша  жөнелсе,  онда  батырға  бұл  айқас  қауіпті.  Бақсы-балгерлер  заманында 
жаман ырымнан сескеніп батырлар атының басын кейін бұрады. 

76 
Әдеби KZ 
 
Атты жасақ шеткі әскер алдына жете бергенде, қайта дабыл қағылып, керней, 
зұрналар қайтадан ішегін тарта барылдап, шиқылдап, бүкіл әлемді азан-қазан етті. 
 
Қамал  басындағы  жұрт  бұл  топ  Бұхар  әміршісі  Абдолланың  тобы  екенін, 
бәрінің алдында ақбоз ақалтекесін ойнақтатып келе жатқан айбынды баһадурдің 
өзі екенін біліп сескене қалған. 
 
Әмірші тобы сол қылыштарын көтерген қалпында Абдолланың соңынан құрық 
тастам  жерде  жұбын  жазбай  желе  шауып,  қорғанды  қоршаған  қалың  әскердің 
алдынан тоқталмай өтіп келеді. Жан-жақтарына қарар емес. Тек Абдолла топтың 
алдында  тұрған  сұлтандарын,  батырларын,  билерін  көргенде  ғана  соларға  қарай 
мойнын  бұрады.  Әмір,  сұлтандар:  «Мәртебелі  болыңыз,  ұлы  баһадур!»  деп 
бастарын иіп тәжім етеді. Әмірші атын ойнақтатқан қалпында әскер алдынан өте 
берді.  Соңынан  еріп  келе  жатқан  топтың  үстінен  алтын  ай  бейнесі  салынған 
Мұхаммед пайғамбардың жасыл туы бүкіл аспанды жапқысы келгендей, желмен 
ойнап желпілдейді. Ақ боз арғымақтың кекіліндегі «бақ құсы» байлап қойғандай 
тырп етер емес. 
 
 —  Біз  жеңіліп,  ол  жеңеді  екен,  халайық,  —  дейді  құстың  ұшпағанын  көрген 
біреу. 
 
Енді Абдолла тобы әбді-Саттар тұрған қабырғаның тұсынан өтіп бара жатыр. Екі 
топтың арасы садақ оғы жетер-жетпестей мөлшерде. 
 
— Ол бізді жеңгенше... 
 
Қала  хакіміне  таяу  тұрған  Қияқ  батыр  сөзінің  аяғын  айтпай  қайың  садағына 
сауыт бұзар жебесін салып жіберіп, Абдоллаға қарай шірене тарта бастады. 
 
— Атпа! — деді бір зор дауыс. 
 
Қияқ батыр «әттең, әттең!» деп, жебесінің ұшын жерге қаратты. 
 
—  Олай  болса!  —  деді  ағасының  сол  жағында  тұрған  Тұяқ  батыр  садағын 
көтере беріп, тартып қалды. 
 
Құладын  қауырсынына  байлаған  қозы  жаурын  жебе  зу  етті.  Көзді  ашып-
жұмғанша,  Бұхара  әміршісінің  астындағы  ақ  боз  сәйгүліктің  кекілінде  отырған  ақ 
тұрымтай жалп етіп жерге ұшып түсті. 

77 
Әдеби KZ 
 
— Мерген екен! — деді Абдолла жүзінен ешбір қобалжу белгісін көрсетпей. — 
Тұрымтай  өзі  ұшқан  жоқ  атып  құлатты  ғой,  бұл  санаққа  алынбайды.  Басқасын 
отырғызыңдар. 
 
Нөкер кейін шауып, заматта қайта оралды. Әмірші атымен қатарласа желіп, ақ 
боз жүйріктің кекіліне басқа бір ақ тұрымтайды отырғызды. 
 
Абдолла ертеңіне тағы майданға шықты. 
 
Тағы  күн  шығып  келе  жатқан  кез.  Қамал  үстінде  баяғы  адамдар...  Тағы  көк 
темір  асынған  қалың  әскер.  Кенет  дабыл  қағылып,  керней,  зұрналар  ішін  тартып 
барылдап,  бүкіл  әлемді  азан-қазан  етті.  Тағы  кешегідей  сес  көрсетіп,  жалаң 
қылыштарын  басынан  жоғары  көтере,  нөкерлерін  соңынан  ертіп  жасыл  туын  
желбірете, қамалды жанай ақ боз ақалтекесін ойнатқан Абдолла әмірші... Бірақ бұ 
жолы  кешегідей  емес,  алыс  кетіп  барады.  Сірә,  Тұяқ  мергеннің  жебесінен 
қорыққандай. 
 
Абдолланың ақ боз атының кекіліндегі ақ тұрымтай алыстан бір үн естігендей 
қанатын  қағып  жіберді  де  кенет  жоғары  көтеріле  берді.  Қас  қаққандай  уақыт 
өткенше  ол  қамалға  таяй  түсті  де,  кенет  кілт  бұрылып  кейін  ұшты.  Шамасы,  ат 
кекіліне қайта барып қонбақ. Бірақ ол ойнағысы келгендей, ойламаған жерден бір 
бұтаға барып қонды. 
 
— Ұстап әкеліңдер, — деп бұйырды Абдолла. 
 
Бір нөкері шапқан бойы, жерден теңге алғандай, бұта басындағы тұрымтайды 
қолымен алып, қағып кейін қарай зымырады. 
 
—  Лашкарға  емес,  құсқа  обал  болды-ау!  —  деп  өкінген  дауыс  шықты. 
Сөйткенше  болған  жоқ,  Тұяқ  қолындағы  садағын  көздемей  тартып  қалды. 
Абдоллаға  жүз  қадамдай  қалған  лашкар  қолындағы  тұрымтаймен  бірге  жерге 
жалп  етті.  Абдолла  қорған  жаққа  таңдана  қарады  да,  атының  басын  кейін  бұра 
сала, шатырына қарай шаба жөнелді. 
 
—  Жау  тұрымтайының  денесі  біздің  жерімізде  қалды,  жақсы  ырым!  —  деді, 
бағанадан бері болып жатқан оқиғаға үн-түнсіз қарап тұрған әбді-Саттар сұлтан. — 

78 
Әдеби KZ 
әйтсе де, ат кекілінде отырған тұрымтай кенет неге бізге қарай ұшты? — Ол Тұяққа 
сезіктене қарады. 
 
Тұяқ  сәл  езу  тартты  да,  қолын  аузына  апарып,  нағыз  бір  бала  күніндегі  құс 
шақыратын әдеті есіне түскендей, ақырын ысқырды. 
 
Хакім езу тартып күлді. 
 
—  Сенің  құпияңды  ешкім  білмей-ақ  қойсын  —  деді  ол,  —  құс  денесі  біздің 
жерде қалды. Бұған халық та сенсін... 
 
— Жау қандай айла қолданғанмен, қамалды ала алмады, — деді Бұқар жырау. 
—  Басқыншылары  қара  түнде  ұрланып  келіп,  қабырғаға  баспалдақ  қойса, 
қорғаушылар үстерінен майлы от-дәрі лақтырды. Бекініс астынан жау ор да қазып 
көрген,  бірақ  Сауран  бекінісінің  қабырғалары  он  бес  кездей  жер  астынан 
қаланғандықтан,  одан  да  ештеңе  шықпады.  Терең  жыра  өткізіп,  Сырдың  суымен 
қаланы тұншықтыруды да ойлады. Қала биікте тұрғандықтан, суы жоғары көтеріле 
алмай,  ернеуінен  асып,  Абдолланың  өз  шатырын  су  әкете  жаздады.  Осылай 
арпалыста  үш  ай  өткенде,  Сайрамнан  азық-түлік  келу  тоқтатылды.  Абдолла 
тонаған  жұрт  Сайрамға  жиналып,  қала  маңында  бүлік  көбейді.  Енді  онсыз  да 
тамаққа  жарымай  жүрген  Бұхара  әскерінің  халі  тіпті  қиынға  айналды.  Азық-
түліктен  ада  бола  бастаған  әскердің  арасында  «осы  соғыс  кімге  керек?»  деген 
күңкіл де туа бастады. Көп кешікпей бар астық бітті. Әскер ашаршылыққа ұрынды. 
Енді жігіттер зеребе ұстасып, ұтылған серіктерінің атын сойып  жеуді шығарды. 
 
Сауранды  қоршап  болған  Абдолла  қорғанды  алудың  жаңа  жолын  ойлай 
бастады.  Ең  алдымен  ол  бір  күні  түнде  Бұхар  аймағының  әмірі  Камалиддин 
Хұсаиндиванға  ат  шаптырды.  Тезірек  Сауранға  азық-түлік  пен  Рухади  ұста  құйып 
жатқан «Қара бура» тас атқыш қазанын жеткіз деп бұйырды. 
 
Жер арасы шалғай, жәрдем тез келе қоймады. Абдолла әскерінің халі күннен-
күнге нашарлай түсті. Әскер арасында бүліншілік те шығуға таяды. 
 
Бұл  соғыстың  қажеті  жоқ  екеніне  көзі  жеткен  кей  жігіттер  қазақ  даласына 
қашты.  Сонау  Бұхара  мен  қазақ  жерінің  түйіскен  тұсында,  Сырдария  мен 
Амударияның  қамысты  жағаларында  өзбек,  қазақ,  түркімен,  қырғыз  жігіттерінен 

79 
Әдеби KZ 
құрылған  бірнеше  аламан  жасағы  пайда  болды.  Олар  тек  қана  бай  мен 
манаптардың  мал-мүлкін  талап  қоймады,  Сауранды  қоршаған  Абдолла  әскеріне 
бара жатқан, азық-түлік тиелген керуендерді де шапты. 
 
Абдолла әскерінің халі күннен-күнге қорқынышты бола бастады. 
 
Бір күні  әмірші үстіне жаман шапан киіп, түсін өзгертіп, әскер шебін аралады. 
Топ жігіттің жанынан өтіп бара жатып, олардың не сөйлесіп тұрғанын естімек боп 
тоқтай қалды. 
 
— Қашан бітер екен бұл соғыс? — деді бір жас дауыс. 
 
— Сауранды ал, сосын бітеді, — деп жауап берді кәрі жауынгер. 
 
— Сауранды алсаң, «Сайрамды ал!» дейді. Сонда менің табарым не? Соғыстан 
олжа етіп алып барған азғантай матаң мен ақшаңды елге қайтысыменен, «соғысқа 
керек» деп салық жинаушы тартып әкетеді. 
 
— Берме! 
 
— Бермей көр! 
 
— Бәрі алладан және өзіңнен... 
 
—  Өзіңнен?  Топ  итті  жолбарыс  басқарса,  біраздан  кейін  иттер  жолбарысқа 
айналады. Топ жолбарысты ит басқарса, жолбарыстар түбі ит боп кетеді. Бізден не 
шығады, ит боп кеттік қой. Әйтсе де Мұрат балуан өз жолын өзі тауыпты... Аламан 
боп  жүрген  көрінеді.  Жақында  хан  керуенін  тонапты.  Енді  ханның  өзі  кездессе 
екен дейтін көрінеді. 
 
— Неге? 
 
— Оған сақтап жүрген оғым бар депті... 
 
— Ақырын... 
 
Абдолла әрі қарай жүре берді. Бір адамды жазалағанмен не шығады? Біреуінің 
басын  кессең,  оны  наразы  болады.  Онының  басын  кессең,  жүзі  бүлік  шығарады. 
Қазір  әскер  арасы  қураған  қурай  секілді,  болмашы  ұшқын  түссе  болғаны  лап  ете 
қалғалы тұр. 
 
Қиын  жағдайдан  әміршіні  Бұхардан  келген  жәрдем  құтқарды.  Екінші  Жұмаді 
айының  оны  күні  бірнеше  «Қара  бура»  тас  атқыш  қазандары  мен  тоқсан  түйеге 

80 
Әдеби KZ 
тиелген  азық-түлік  жетті.  Абдолланың  жарлығы  бойынша,  төрт  қазан  Сауранның 
сыртында  төрт  жерге  орнатылған.  Әбден  ыза  болған  әмірші  «Қара  бура»  тас 
атқышы дайындалып бітісімен-ақ радендазанларға (зеңбірекшілерге) «Атыңдар!» 
деп  бұйрық  берді.  Дабыл  қағып,  зұрна,  кернейлер  барылдай  жөнелді.  Ал  «Қара 
бура» қазандары астынан көтерілген бу мен жалыннан гүрсілдей ақырып, қойдай-
қойдай  тастарды  ғасырлар  бойы  мызғымаған  қамал  қабырғаларына  дүңк-дүңк 
ұрды. Кенет ақырзаман орнағандай дүние жүзі әлемтапырық  болып кеткен. Енді 
«Қара  буралар»  қала  ішіне  атылып,  әр  жерде  өрт  шыға  бастады.  Сонда  да  қала 
қорғаншылары  «көндік!»  деп  қол  көтермеді.  Қияқ  пен  Тұяқ  басқарған  екі  жүз 
мерген  қорғанға  таяу  қойылған  тас  атқыш  жанындағы  сарбаздарға  оқты  қардай 
боратты. 
 
Дүние  осылай  астан-кестең  боп  жатқан  кезде  Сауранға  Яссыдан  хат  таситын 
көгаршын  ұшып  келген.  Көгаршынның  мойнына  байланған  қағаздан  Сауран 
тұрғындары  өздерін  құтқарып  алуға,  Ноғайлы  елінен  жиналған  қалың  қолмен 
Бабасұлтан  мен  Бұзахұр  келе  жатыр  деген  қуанышты  сөзді  оқыды.  Бұл  сөз  қала 
қорғаушыларының  рухын  көтеріп  тастады.  Енді  олар  «Бауырларымыз,  сендер 
жеткенше  қаланы  бермейміз»  деп,  бүкірейген  шалы  мен  еңбектеген  баласына 
дейін  қайтадан  қамал  үстіне  шықты.  Бұлардың  бағына  қарай,  кейінгі  күндерде 
«Қара  буралар»  да  даусын  сирек  шығара  бастаған.  Өйткені,  қазандарды 
қыздыратын Бұхардан алып келген майлары таусылуға айналып еді. 
 
— Ал, Яссыдан келген хабар жалған хабар еді,  — деді Бұқар жырау. — Оқиға 
былай  болған:  Бабасұлтан  мен  Бұзахұр  сұлтан  Абдолладан  қашып  Мұғажар 
тауларын  бөктерлей  отырып  Сарайшыққа  жеткен.  Бірақ  осының  алдында  ғана 
Ноғайлы  елі  бағынып  отырған  Астрахань  хандығы  құлап,  Астрахань  қаласы  бұл 
уақытта  айбарлы  орыс  патшасы  жандаралдарының  қолына  көшкен.  Астрахань 
хандығының  билері  орыс  патшасының  қол  астына  енген.  Бұларға  көнгісі 
келмейтіндердің  біразы  Қырымға,  Герей  ханның жеріне  қашқан,  ал  кейбіреулері 
Ноғайлы елін паналаған. 

81 
Әдеби KZ 
 
Бұхар  хандығына  қарсы  күресуге  Түркістан  сұлтандарына  әскер  беруге  қарсы 
болған  осы  Астрахань  билері  еді.  Бұлардың  сөзін  Маңғыт  руының  беделді 
ақсақалдары, шонжарлары қолдады. 
 
—  Ноғайлы  елінің  жігіттері  орыс  патшасынан  Астраханьды  қайтарып  алуға 
керек, — деді Астрахань билері, — Ноғайлы жұртының мұң-мұқтажы осы жерде, 
күші  мол  Қырым  ханына  жететін  жолда.  Біз  Қырым  ханымен  бірігіп,  Ноғайлы 
жерін  сақтауымыз  керек.  Айдаладағы  Абдолламен  соғысып  біздің  қандай 
шаруамыз бар? 
 
Ақырында  Ноғайлы  еліне  келіп  көп  әскер  аламын  деген  Бабасұлтан,  шағын 
қолмен  ғана  үй  ішін  ертіп,  өз  басын  өлімнен  әзер  құтқарып,  Түркістанға  қарай 
беттеген. 
 
Сауран қорғаушыларына жеткен «Бабасұлтан келе жатыр» деген осы хабар еді. 
Бірақ  әлдекімнің  дуалы  аузыменен  өзгеріп  жетті.  Қастығы  ма,  достығы  ма,  кім 
білсін?... 
 
—  Бабасұлтанның  келе  жатқанын  Абдолла  да  естіді,  —  деді  Бұқар,  анталаған 
жұртқа қарап, — дереу Тәуекелді жұмсады. 
 
Ол он күн өткеннен кейін Бабасұлтанды өлтіріп, қолға түскен баласы Латифты 
алдына  салып  айдап  Сауранға  келді.  Жібек  шатырының  алдында,  хан  тағында 
отырған  Абдолла  әміршінің  аяғының  астына  Бабасұлтан  мен  Жалмұхаммед 
аталықтың бастарын тастай салды да, өзі бір тізерлеп тәжім етті. 
 
Абдолла  әмірші  түрегеліп,  аяғының  астында  жатқан  жауларының  бастарына 
көз  жіберіп  сәл  тұрды  да,  үстерінен  аттап,  анандай  жерде  тізе  бүгіп  отырған 
Тәуекелдің қасына келді. 
 
— Ең қас жауыңды өлтірген адам ең жақын туысқаныңнан да қымбат! — деді 
сұрлана қарап. — Тәуекел сұлтан, сен енді маған бауырым Ұбайдолла мен Дүстем 
сұлтаннан  кем  емессің.  Осы  еңбегің  үшін  өзімнің  туған  қалам  Африкентті 
сыйладым. 
 
— Көп рахмет, мәртебелі әміршім, — деп Тәуекел орнынан түрегелді. 

82 
Әдеби KZ 
 
Абдолла  жиди  бастаған  бастарды  бұзылып  кетпес  үшін,  балға  толы  күбіге  
салдырды.  Сол  мезгілден  бастап,  Бұхар  әміршісінің  бас  жауының  құрығаны  үшін 
үлкен  той  басталды.  Түні  бойы  Сауран  қорғаншылары  жау  жағының  у-шуын,  
шаттана шырқаған ән-күйін естіп шықты. Шараптан әбден еліріп алған бір лашкар 
қамал  етегіне  кеп:  «Бүгінгі  түн  сендердің  ақырғы  түндерің!  Ертең  жан  біткеннің 
бәрі  жоқ  болады!»  деп  айқай  салды.  Қамал  басында  тұрған  бір  жігіт  ашу  қысып 
кетіп, оған қарай қолындағы қамыстан жасалған оқ-дәрісін лақтырды. Мас лашкар 
үстіне  түсіп,  лап  етіп  жанған  оқ-дәрімен  бірге  лапылдап  өртеніп  шыр-көбелек 
айналды да қалды. 
 
Кешеден  бергі  қанды  оқиғадан  хабары  жоқ  сұлу  күн  әдеттегісіндей  тағы  да 
әлем  бетіне  алтын  нұрын  төге  шықты.  Дүние  жүзін  тағы  да  мерейлі  шаттық 
биледі... 
 
«Қара бура» гүрсілі сәл тоқтап, болмашы тыныс алған, шоғырланған тобылғы, 
баялыш арасындағы қара торғайлар көтеріліп келе жатқан күнді құттықтағандай, 
әлемді тәтті бір әуенге бөлей, ән шырқатты. 
 
Жібек шатырынан Абдолла әмірші де шықты. Ол нөкерлеріне әмір берді. 
 
Көп кешікпей қамалға қарай қара күбі қойылған ат-арба бара жатты. Арбамен 
қатарласа  қол-аяғы  кісендеулі  Латиф  сұлтанды  бір  кісіге  сүйретіп,  бір  кісіге 
айдатып қамал етегіне Құлбаба көкілташ та жетті.  Қамал үстінде әбді-Саттар  мен 
Сауран биі Жанболат төре тұр. Қастарында Сауран ақсақалдары, Қияқ  пен Тұяқ... 
Аяқ-қолы  кісендеулі  сүйретіліп  келе  жатқан  туған  інісін  көргенде,  әбді-Саттар  бір 
мезет екі қолымен бетін басып тұрып қалды. 
 
—  Уа,  ағайын!  Асқар  тау,  сенде  бір  мін  бар,  асуға  жол  бермейсің.  Тасыған  су, 
сенде мін бар, өтуге өткел бермейсің. Сауран  шаһарының жақсылары, сендерде 
де  бір  мін  бар,  жеңілгеніңді  көрмейсің!  —  деп  бастады  Құлбаба  көкілташ,  — 
жеңілгенің  емей  немене,  Ноғайлыдан  әскер  әкеледі  деп  сенгендерің  Бабасұлтан 
болса, алдарыңда тұр... 
 
— Бабасұлтан қайда? 

83 
Әдеби KZ 
 
—  Денесі  қайда  дейсіңдер  ме?  Бәріміз  баратын  қара  жерде...  Ал  алтын  басы 
мына бал салынған қара күбіде... 
 
әбді-Саттар інісіне қарап: 
 
— Мына қақпастың айтып тұрғаны рас па, Латиф сұлтан? — деді дір-дір етіп. 
 
— Рас... 
 
—  Естідіңдер  ме,  ағайын?  —  деді  дауыстап  Құлбаба  көкілташ.  —  Енді  сенетін 
кімдерің қалды? Одан да тағдырдың дегеніне көніп, өз еріктеріңмен  беріліңдер! 
Сонда ғана ұлы мәртебелі Абдолла әмірші күнәларыңды кешеді. 
 
— Ал берілмесек не істейсіңдер? — деді Жанболат төре дауыстап. 
 
—  Ең  алдымен  өз  көзіңше  мына  тұрған  бауырың  Латиф  сұлтанды 
бауыздаймыз,  әбді-Саттар  мырза!  Содан  кейін  барып  зынданда  құрт-құмырсқа 
жеп жатқан Тахир сұлтанның басын аламыз. 
 
— әбді-Саттар сол сазарған қалпынан өзгермеді: 
 
— Сосын? 
 
—  Сосын...  Осы  қамалды  қоршап  алып,  бірің  қалмай  аштан  өлгенше,  той 
тойлап, би билеуде боламыз.  
 
Кенет  Латиф  сұлтан  шынжырын  сүйрете  алға  ұмтылды  да,  бар  даусымен 
айқайлап жіберді. 
 
— Біз үшін Сауранды бермеңдер! Абдолла Сауранды алғаннан кейін сендерді 
де өлтіреді. Бәріміздің қанымызды ішпей тынбаймын деген анты бар? 
 
— әкет кейін, мына жолбарысты! 
 
Екі  жігіт  Латиф  сұлтанды  орнынан  қозғалта  алмады.  Еңгезердей  лашкар  оны 
тізесінен  таяқпен  ұрып  құлатты  да,  бәрі  жабылып  кейін  сүйрей  жөнелді.  Ол 
сүйретіліп бара жатып: 
 
—  Кешірім  етеді  деген  сөздеріне  сенбеңдер!  —  деді  бар  даусымен.  — 
Шыдаңдар!  Берілмеңдер!  Көп  кешікпей  сендерге  жәрдемге  Яссы,  Сайрам, 
Отырар, Ақрұқ...Бүкіл қазақ даласы келеді. 
 
Бұқар жырау осы тұсқа келгенде, тыңдап тұрған жұрт толқып кетті: 
 
— Аруақтарыңнан айналайын бабаларым-ай?! 
 

84 
Әдеби KZ 
 
— Өлтіріп жатса да шаһарды жауға бермепті ғой. 
 
— Біз де солардай болуымыз керек! 
 
Жырау сөзін қайта бастап кетті. 
 
 
 
 
Ертеңіне  күн  шыға  тағы  дабыл  қағылып,  зұрна,  кернейлер  барылдап, 
әдеттегідей, бар әлемді басына көтерді. 
 
Абдолла  шатырынан  шықты  да,  әлдекімге  қолымен  әмір  етті.  Сол  сәтте  ең 
үлкен «Қара бура» гүрс етіп атылды. Бұ жолы оның аузынан қамалға тас орнына 
сірі  қапшық  ұшты.  Бұнда  Бабасұлтан,  Тахир,  Латиф  сұлтандар  мен  Жалмұхаммед 
аталықтың  бастары  бар  еді.  Қапшық  жарылып  кетпесін  деп  сыртынан    кигізбен 
қаптаған.  Ішінде  Абдолланың  қолынан  жазылған  «үлкен-кішілеріңе  қарамай 
бәріңнің  де  бастарыңды  дәл  осылай  кесермін»  деген  хат  бар  екен.  Сауран 
тұрғындары  ақ  кигізге  сап,  төрт  басты  әбді-Саттар  мен  Қияқ,  Тұяқ  батырлардың 
алдына алып келді. 
 
Денесі  жоқ  төрт  басты  қала  тұрғындары  қадірлеп,  мұсылман  ғұрпымен 
жерледі. Бабасұлтан хикаясы осылай бітті. 
 
Өліктерін жерлегеннен кейін, Ноғайлыдан күш келмейтініне көзі жеткен әбді-
Саттар кешке қарай Қияқ пен Тұяқты шақырды. 
 
— Жігіттер! — деді ол. — Сауранды көп болса екі аптадай ғана қорғауға күшіміз 
жетеді.  Ашаршылық  жайлай  бастады...  Бірақ,  жаудың  да  халі  бізден  артық  емес. 
Күздің  қара  суығы,  жауын-шашын  басталғалы  тұр.  Ар  жағында  қыс  та  таяу... 
Абдолланың  әскерінің  дені  ыстық  жақтан.  Бұл  араның  қара  суығына  шыдай 
алмайды.  Және  күзгі  батпақты  жолмен  азық-түлік  жеткізу  де  оларға  оңайға 
түспейді. Күзге дейін шыдасақ, Абдолла қоршаудан еріксіз босатады. 
 
— Босатпай жүрсе қайтеміз? — деді Тұяқ. 
 
— Онда бәріміз де қырыламыз. 
 
Үшеуі бір сәт үнсіз қалды. Қияқ бір ой түбіне шомып кеткендей,  жерден көзін 
алмай тұрып-тұрып, әлден уақытта басын көтерді. 

85 
Әдеби KZ 
 
Менің бір ойым бар. 
 
— Сөйле, батыр. 
 
— Бақанын алсаң, шаңырақ жерге құлайды... 
 
— Сонда... сен... 
 
— Анада бір ыңғайы кеп қалып еді... 
 
— Қалайша? 
 
— Менің жебем өзгелердікінен екі есе алысқа ұшады.  Тек әлдекімнің «атпа!» 
дегенінен кідіріп қалдым. Бекер тыңдаған екем. Соған өзім де қатты өкінем... Ал 
қазір  Абдолла  бізге  аспандағы  жұлдыздан  да  алыс...  Қолымыз  жетпейді.  Оның 
шатырын  жұмақты  қорғағандай  қорғайды.  Майданға  үнемі  қалқанмен  шығады... 
Менің ойым Абдолла емес, басқа адам жайында. О да Бұхар әскерінің бір тірегі... 
 
— Кімді айтып тұрсың, батыр? 
 
—  Тәуекел  сұлтанды...  Хақназар  ханды  Жасылкөл  жағасында  өз  қолымнан 
қойдым. Хан өлер алдында маған Тәуекел туралы бір құпия сыр айтып еді... 
 
—  Онда...  Өзің  білесің,  батыр...  Жастығына  қарамай  Тәуекел  Абдолланың  оң 
қолы  екені  рас.  Және  Тәуекелдің  соңынан  ерген  қазақтар  да  аз  емес.  Қыс 
түскенде,  Абдолланың  өзге  әскері  шыдай  алмағанмен,  бұлар  шыдайды.  Мен 
Тәуекел жасақтарынан сол жағынан қауіптенемін. 
 
— Рұқсат етіңіз, сұлтан, онда біз жолға шығайық. 
 
— Рұқсат, жолдарың болсын! 
 
—  Сол  күні  түнде  Абдолланың  туған  ағасы  Ұбайдолланы,  оның  баласы 
Асфандиярды, Абдолланың жалғыз ұлы әбді-Муминды, ақылшысы Хасенєожаны, 
егер  ақылға  көнбесе  Тәуекел  сұлтанды  да  жансыз  барып  өлтіруге,  Саураннан 
жұпыны киінген бес тас жүрек жолға шықты. Бұлар кетісімен, бие сауымдай мезгіл 
өтпей  әбді-Саттар  сұлтанның  әйелі  Айнар  Сұлтан-Бике  үйінің  терезесінен  жау 
жағына  хат  тасушы  көгаршын  ұшты.  Көгаршынның  қауырсынына  байланған 
қағаздан  Айнар  Сұлтан-Бикенің  әкесі  Ұбайдолла  өздеріне  жіберілген  бес  жігіттің 
хабарын  білді.  Әбді-Муминды,  Асфандиярды,  Хасенєожаны  өлтіруге  келген  үш 
жігіт  бірден  қолға  түсті.  Сол  сағатта  бастары  кесілді.  Ал  Ұбайдолланы  өлтіруге 

86 
Әдеби KZ 
келген Тұяқ қауіпті дер кезінде сезіп қап, ұстауға шыққан лашкарлармен атысып, 
қоршаудан әзер құтылды. Өлдім-талдым дегенде таң ата Сауран қамалына жетті. 
Ешкімнің  қолына  түспей  Тәуекелді  аңдып,  Яссы  жағына  тек  Қияқ  қана  өтіп  кетті. 
Бірақ бұ да алдынан күтіп тұрған жасақтан құтыла алмады. 
 
 
 
 
Тәуекел  бұл  күндерде  Шағай  сұлтанның  қарамағындағы  қосынмен  Яссы 
бекінісін шаппақ боп жатқан. Қол-аяғы байлаулы Қияқты Тәуекелдің алдына алып 
келді.  Жаңа  соққан  алдаспанын  сынамақ  боп,  сұлтан  шатырының  алдында  бір 
құшақ жас тобылғыны шапқылап тұрған. Ол қылышын тастамай тұтқынның қасына 
келді.  Жігіттің  қандай  қылмысы  барынан  бұрыннан  да  хабардар  еді.  Енді 
тұтқынның  сымбатты  дене  бітісіне,  өткір  көзді  қайсар  жүзіне  сұқтана  қарады. 
«әбді-Саттар сұлтан менің басымды алдыруға кімді жіберуді білген  екен. Жеркене 
қараған  келбеті  қандай  сұсты?  Бұған  мен  не  жаздым?  Нәсілі,  себебін  білген  жөн 
болар... Бостан-бос мені өлтіруге шықпаған шығар... Және өзінің жасы да менімен 
теңдес пе, қалай?» 
 
Тәуекел сұлтан ызалана қараған Қияқтан көзін алмай біраз тұрды да: 
 
— Атың кім? — деді. 
 
Қияқ та көзін тайдырмай: 
 
— Атым Қияқ, әкем Жаубасар батыр! — деді. 
 
Тәуекел мырс етіп күлді. 
 
—  «Жаман  иттің  атын  бөрібасар  қояды».  Жаубасар  деген  батырды  естісем 
құлағым керең болсын. Қай рудансың? 
 
Арғынның батыр руы Алтаймын. 
 
— Алтайдың қай биінің баласымын дедің? 
 
— Жаубасар деген құлының баласымын. 
 
ә!.. Қаншаға келдің? 
 
—  әкем  марқұм  Шағай  сұлтанның  өгей  баласы  Тәуекел  туған  күні  сен  де 
туғансың дейтін... 

87 
Әдеби KZ 
 
«Өгей  баласы»  деген  сөзді  естігенде,  біреу  жүрегіне  қанжар  салып  алғандай, 
Тәуекел сұрланып кетті. Осындай жанына бататын бір суық сөзді ол бала кезінде 
де  бір  естігені  бар...  Бірақ,  одан  бері  көп  жыл  өтті  ғой...  Нағашы  әкесі 
әбілқасымның  үйінен  әкесі  Шағайдың  қолына  қайтып  келгелі,  мұндай  жанын 
күйдірер  лебіз  құлағына  тиіп  көрген  жоқ...  Ал  мынау  құлдың  айтып  тұрғаны  не 
сандырақ? 
 
Ол қылышымен Қияқтың қол-аяғын байлаған шылбырды қиып жіберді. 
 
— Отыр! — деді бұйырып. — Ал сөйле білгеніңді! 
 
— Мына жат көздерің кетсін... 
 
—  Жақсы,  олай  болса  шатырға  кір,  —  деді  Тәуекел  Қияққа,  сосын  күзетші  
жігіттерге бұрылды. — Сендер сыртта қалыңдар. 
 
Сұлтанның  айтқанын  орындап  күзетші  лашкарлар  сыртта  қалды.  Тек  шеткі, 
қабағы қатыңқы мосқал лашкар ғана, қылышын қынабынан суырып, есік алдына 
барып  күзетке  тұрды.  Іштегі  сөз  сыртқа  тегіс  жетпегенмен,  жан  күйігінен  ашына 
шыққан кейбір үндер талмаусырап күзетшіге естіліп жатты. 
 
Тәуекел үйге Қияқты алып кіргеннен кейін, дереу сөзге кіріскен. 
 
—  Ал  айтшы,  маған  қастық  ойлардай  қай  бауырыңды  өлтірдім,  қай 
қалыңдығыңды қорладым? 
 
— Қазақ баласы деген бауырымды өлтірдің, қазақ қызы деген қалыңдығымды 
қорладың!  Абдолла  әміршіге  еріп  туған  еліңді  қан-жоса  еттің.  Сол  үшін  мен  сені 
өлтіруге тиісті едім. 
 
— Туған елімнің қанымен менің қолым боялған жоқ. Бабасұлтанды өлтірсем, о 
да сенің ата жауың! Шарабхана оқиғасын ұмыттыңдар ма? 
 
 —  Иә,  ол  солай...  Бірақ  Бабасұлтан  қазақ  еліне  Түркістан  уәлиетін  соғыссыз 
қайтарып берді ғой, Абдолла оны соғыспен тартып алмақ. Сол ма сенің жаныңның 
ашығаны? Молда, қожа басының сақинасы бар адамды «қаны тасып кетіпті» деп 
тамырынан  қан  ағызып  емдейді.  Қазақтың  қаны  тасып  кетті  дегенің  бе, 
халқыңның қанын судай ағызғаның? Қолым қанды емес дейсің, Кендірлік, Кеңгір 
бойының  ауылдарын  шауып,  ақырғы  күн  көріс  малын  Абдолла  әскеріне  әкеп 

88 
Әдеби KZ 
бергеніңде де қолың қанды болмады ма? Бабасұлтанға ерген Түркістан уәлиетінің 
қазақ  жігіттерін  Жыланшық  өзенінің  бойында  қан-жоса  етіп  қырғаныңда,  екі 
қолың  бірдей  өз  бауырларыңның  қанына  боялған  жоқ  па  еді?  Яссыны  шапқалы 
отырсың,  сонда  кімді  мұқатпақсың?  Баяғы  бір  сорлы  қазақ  елі  емес  пе?  Осының 
бәрін Жаубасар құлдың баласы Қияқ түсінгенде, Шағай сұлтанның асыранды ұлы, 
Тәуекел, сен неге түсінбейсің? 
 
Қияқ  батырдың  жер-жебіріне  жете  айтқан  сөздері  жанына  сегіз  таспалы 
қамшының  осуындай  батып  тұрған  Тәуекел,  «Шағай  сұлтанның  асыранды  ұлы» 
деген  сөзді  естігенде  жүрегі  тағы  қабынып  кетті.  Беліндегі  қанжарына  қолының 
қалай барғанын білмей қалды. Әйтсе де ол өзін-өзі ұстап: 
 
—  Жарайды,  егер  менің  қолым  туған  елімнің  қанымен  былғанса,  жауының 
қанымен  жуып  ағартуға  бармын,  —  деді  даусы  қырылдай  шығып,  —  бұны 
соңынан ұғысалық. Ал сен бір емес, екі емес менің бетіме «Шағай сұлтанның өгей 
баласы» деген ауыр сөзді кінә етіп бастың. Бұл қай сөзің? Егер жалған айтып, жала 
жапсаң... — Тәуекел сөзін аяқтамай тоқтады. 
 
— Жақсы, сен сұрадың, мен айтайын. Жалған болса халқы Хақназар деп атаған 
Ақназар  ханның  аруағы  атсын.  Бұл  сөзді  сол  ханның  өз  аузынан  естідім.  Менің 
анам аты күңге лайық Қойсана болса, сенің анаңның аты ханшаға лайық Күнсана 
екен,  —  деп  бастаған  Қияқ,  өзінің  Тәуекел  жайында  білгенін  тегіс  айтып  берді. 
Анасы  Күнсананы  өгей  әкесі  Шағайдың  қалай  өлтірген  жерін  естігенде,  Тәуекел 
қанжарын суырып алып, ақырып жіберді. 
 
—  Тоқтат!  —  деді  ол.  Тәуекел  есік  алдындағы  күзетшінің  тым  таяу  тұрғанын 
жаңа ғана аңғарды. — Егер енді бір сөз айтар болсаң... 
 
Қияқ  кілт  тоқтады.  Тәуекел  де  сол  жалаңаш  қанжарын  жоғары  көтерген 
қалпында  демін  әзер  алып,  мелшиді  де  қалды.  Әлден  уақытта  барып  қанжарын 
қынабына салды. 
 
—  Осыншама  құпияны  білгенің  үшін,  тірі  қалмауға  тиісті  едің...  Әйтсе  де,  бір 
жолға  кештім.  Ал  сен  айтқан  сырды  басқаның  аузынан  естір  болсам,  маған 
өкпелеме! 

89 
Әдеби KZ 
 
Тәуекел  жедел  басып  барды  да,  «Садық»  деп  дауыстады.  Үйге  күзетшілердің 
басшысы ұзын бойлы, ашаң жүзді лашкар кірді. 
 
— Садық, — деді Тәуекел, — мына жігітті ауқаттандыр да, астына ат беріп, қас 
қарая барар жағына апарып сал. Өзіңнен бөтен тірі жан білмесін. 
 
— Құп! 
 
Тәуекелдің  көзі  кенет  есік  алдындағы  күзетшінің  алыстау  барып  тұрғанын 
шалып қалды. Енді ол сыбырлап сөйледі. 
 
— Ал мынау Жарқын сарбазды... бүгін түнде жоқ ет! 
 
— Құп! 
 
— Сұлтан сыбыры өзі жайында екенін күзетші де сезді. Іші мұздап кетті. Әйтсе 
де, сыр бермеді.  Қас қарая Садық тұтқынды шығарып салуға кеткен кезде, бұ да 
басқа жолмен Сауранға қарай тартты. Садықтың қайтып келіп,  өзін өлтіруін күткен 
жоқ.  Ол  атын  анда-санда  сәл  тынықтырып,  түні  бойы  шауып  отырып,  таң  ата 
Сауран  түбіндегі  Шағай  сұлтанға  жетті.  Естіген  сөзінің  бәрін  айтып  берді.  Сұлтан 
ләм-мим  демей,  үн-түнсіз  тыңдап  шықты.  Қашқын  бар  білгенін  жеткізіп  болып, 
мұндайда айтылатын алғысты күтіп, басын төмен ие бергенде дәл жүрек тұсынан 
кеп  алмас  қанжар  қадалды.  Қашқын  сәл  еңкейе    берді  де,  етпетінен  құлап  түсті. 
Жалғыз  рет  аунауға  ғана  мұршасы  жетті,  көзі  шарасынан  шыға  жаздап  бір 
ышқынды да, созылып жүре берді. Шағай еңкейіп Жарқынның кеудесіне қадалған 
қанжарын алды да, жанына жүгіріп келген  дәйекші жігітке: 
 
—  Мынаның  өлімтігін  шығарып  тастаңдар!  —  деді.  —  «Біреуге  ор  қазба,  өзің 
түсерсің» деген осы. 
 
Сәске  көтеріле  Шағай  Абдолланың  шатырына  кірді.  Ханға  кәрі  сұлтанның  не 
айтқаны  белгісіз.  Тек  қаһарына  мінген  Абдолла  Тәуекелге  жендеттерін  жіберіп, 
ұстап  әкелуге  бұйырғанында,  сұлтан  өз  шатырында  болмай  шықты.  Хан  үш  түн 
өткесін барып, Тәуекелдің Дәшті Қыпшақ жеріне қашқанын естіді. 
 
Сөйткенше күздің қара суығы да келді. Сауранды ала алмайтынына көзі жеткен 
Абдолла, әкесі Ескендірдің қатты науқас екенін сылтау етіп Бұхарға қайтты. 

90 
Әдеби KZ 
 
—  Халық  табандылығы  деген,  міне,  осы!  —  деді  енді  Бұқар  жырау,  —  Бұхар 
ханының  көк  темір  құрсанған  атақты  әскері  де  азғантай  қала  тұрғынына  ештеңе 
істей алмаған! Табанды болсаң жоңғарлар да кейін шегінеді. 
 
Халық тағы шулап қоя берді. 
 
— Табанды боламыз! 
 
— Біріміз қалғанша шаһарымызды бермейміз! 
 
— Жауға құл болғанша, өлгеніміз жақсы! 
 
Шу басылған кезде бір жас жігіт: 
 
— Сосын не болды! — деп сұрады, — Қияқ, Тұяқ батырлар қайтадан Абдоллаға 
қарсы соғысқа қатысты ма? Бабасұлтан ұрпақтары не істеді? Жауынан әкелерінің 
кегін қайтара алды ма? 
 
— Бабасұлтан ұрпақтары емес, халық өз кегін Абдолладан сан рет қайтарды, — 
деді Бұқар жырау. — Бабасұлтан хикаясы сонымен тынған. Құмкентке таяу, Үшбас 
пен  Қарабас  өзендерінің  тоғысқан  қойнауында  осы  оқиғадан  жиырма  бес  жыл 
өткеннен кейін, сұлтанның кенжесі Ысқақ «әкемнің өлген жері»  деп, мешіті мен 
медресесі  бар  «Баба»  деген  шағын  қала  салдырған.  Өз  басының  қамы  үшін 
халқын  қанды  қырғынға  ұшыратқан  Бабасұлтанның  атын  қазірдің  өзінде  ешкім 
білмейді.  Ал  Қияқ  пен  Тұяқтың  аты  халқының  жүрегінде  сақталып  келеді. 
Олардың ерлігі әсіресе соңынан хан болған Тәуекел тұсында ерекше көзге түсіп... 
— деп келе жатты да Бұқар жырау кілт тоқтады. 
 
Өйткені  осы  кезде,  қамал  үстін  гүрсілдеп  жарылған  зеңбірек  оттары  қаптап 
кетті. 
 
—  Тезірек  тығылыңдар?  —  деуге  ғана  Елшібектің  шамасы  келді.  Жұрт  жапа-
тармағай  бекіністің  зеңбірек  оғы  өтпейтін,  қалың  шым  қуыстарына  жүгірді. 
Елшібек те біреуіне кіріп үлгірді. — Бәсе, тым тып-тыныш бола қалып еді, біздерді 
алдап ұрғылары келген екен ғой! 
 
Иә,  тарих  әділетсіздігі  қайталап  отырған.  Бір  кезде  Сауран  бекінісіне 
Шыңғысханның тас атқыш қарулары, Абдолла ханның Рухади ұста жасаған «Қара 
бура»  бу  қазаны  қойдай-қойдай  шойын  тастарын  лақтырса,  бүгін  жоңғар 

91 
Әдеби KZ 
басқыншыларының швед унтер офицері Ренат пен Қытай шеберлері құйған болат 
зеңбіректерінің  қорғасын  оқтары  жауып  тұр.  Сонау  алыс  кезеңде  осы  бекініске 
тоқпақ  жалды  аласа  жылқы  мінген  Жошының  қанішер  жауынгерлері  сұр 
топырақты  көкке  көтеріп,  «гу-гулеп!»  атой  салса,  бүгін  сол  жылқының  тұлпар 
тұяқты  тұқымын  мінген  жоңғар  жауынгерлері  шабуылға  шықты!  Бәрінің  де 
мақсаты  біреу-ақ:  шаһардың  күлін  көкке  шығарып,  халқын  қырмақ,  ұлын  —  құл, 
қызын  —  күң  етпек!  Осыншама  өшігердей  бұларға  айдалада,  Түркістанның 
сұрғылт  даласында,  өзімен-өзі  болып,  тыныш  жатқан  осынау  еңбекші  жұрт  не 
істеді  екен?  Бар  жазығы  егінін  егіп,  бақшасын  суарып,  өз  алдына  өмір  сүргісі 
келгені ме? Иә, солай... Бұл күштілер заңы: адамды адам жеу керек. Адамды адам 
құл  етуі  керек.  Күшті  күшсіздің  жерін,  малын  тартып  алып,  әлсіздің  ар-намысын 
аяғының астына таптауды арман етеді. Сол үшін Сыбан Раптан да жорыққа шықты, 
сол  үшін  арлан  қасқырдың  соңынан  ерген  аш  бөлтіріктері  де  шамасы  жеткенше 
қазақ елін қойдай қырып, ыстық қанына тойынуға асығады. 
 
Зеңбірек  оқтары  бекініс  үстіне  кеп,  тынбай  жарылып  жатыр.  Сыртқа  шығарар 
емес. 
 
Елшібек  қамал  саңылауынан  қала  сыртындағы  далаға  қарады.  Ұран  салып, 
қаптап келе жатқан жау атты әскерін көрді. Кейбір тобы ұзын-ұзын басқыштарды 
көтеріп,  қатарласа  шауып  келеді.  Елшібек  жау  ойын  бірден  түсінді.  Зеңбірек 
оқтары  бас  көтертпей,  қала  қорғаншылары  қуыста  тығылып  тұрғандарында, 
жоңғар  жауынгерлері  басқыштарын  қабырғаға  сүйей,  атыс  басылысымен  бекініс 
үстіне  шықпақ.  Зеңбірек  отын  қалқан  етіп,  шабуылға  шығу  —  жоңғарларға  Ренат 
үйреткен Европа әдісі еді. 
 
—  Сақ  болыңдар!  —  деді  Елшібек  айқайлап.  —  Зеңбірек  тоқтасымен,  жау 
жоғары өрмелейді! Аямаңдар! Бекініс үстіне бірде-бір жоңғар шықпасын! 
 
 
Зеңбіректер  кенет  тына  қалды.  Қабырғаға  басқыштарын  сүйеп  үлгірген 
жоңғарлар, енді құмырсқадай қаптап, жоғары қарай тырмысып, көтеріле берді. 
 
Тарих жамандығын ғана емес, жақсылығын да қайталауға тиіс. 

92 
Әдеби KZ 
 
Шыңғыс хан, Мұхамед-Шайбани, Абдолла кезіндегідей Сауран қорғаншылары 
тағы  ғажайып  ерлік  көрсетті.  Жауға  қарсы  білтелі  мылтық,  шоқпар,  сойыл, 
алдаспан,  алмас  қылыштарымен  қатар,  қара  тас,  қазан-ошақ,  қолға  түскен  қатты 
заттың  бәрі  жұмсалды.  Бірде-бірін  қамал  үстіне  шығармады.  Қорғаншылар  
ерлігіне  шыдай  алмаған  жоңғарлар  қамал  түбіне  көптеген  өліктерін  қалдырып, 
кейін  қашты.  Сонда  ғана  барып  Бұқар  жырау,  өзіне  таяу  қамал  шетінде,  кіндік 
тұсына  жау  найзасы  қадалған  Науан  ұстаны  көрді.  Жүгіріп  қасына  барды. 
Найзасын  суырып  алайын  деп  еді,  сұп-сұр  боп  кеткен  ұста  оның  қолын  кейін 
итерді. 
 
—  Тимей-ақ  қой,  —  деді  даусы  әзер  шығып,  —  бәрібір  өлемін.  Өкінбеймін...  
жоңғардың  құрығанда  жиырмасын  жайраттым  білем.  Әттең  дүние,  әңгімеңізді 
тегіс ести алмай кеттім... — Елшібекке қарады. — Ана артымда қалған жалғызыма 
айт:  Әкең  бабаларының  жолынан  тайған  жоқ  де...  —  Соны  айтты  да,  Науан  ұста 
сылқ етіп құлап түсті. 
 
Жоңғарлар  сол  күні  де,  келесі  күні  де осы  тәсілмен  сан  рет  шабуылға  шықты. 
Бірақ  бекіністі  ала  алмады.  Ақыры  күздің  қара  суығы  басталған  кезде,  Сауранды 
тастап, Яссыға қайтуға мәжбүр болды. Бұқар жырау да осы оқиғаға арналған «Тас 
қамал»  атты  дастанын  шығарып  еліне  қайтты.  Әттең  не  керек,  асыл  мұрасын 
сақтап әдеттенбеген көшпелі ел бұл асылын да бізге жеткізе алмады. 
 
 
 
 
Келер  жазды  күткен  Батыр  Баян  жігіттері  де  бұ  жолы  елдеріне  қайта  алмай, 
Қазалыдағы Әбілқайыр Ордасына қыстап қалған. 
 
Қабанбай батыр мен Гәуһар осы Кіші жүз жерінде қосылды. Бұлар неке қиярын 
азынаған дауылды түнде жау малын айдап алудан бастады. 
 
Қазақтың  ежелгі  ата  мекен  қонысы  Жетісу  мен  Сырдария  бойындағы  сан 
қаласын, сар даласын Жоңғар басып алған, бейбіт қазақ елі босып көшкен атақты 
«Ақтабан  шұбырынды,  алқа  көл  сұламаның»  аяғы  ақ  түтек  боран,  ақ  жорға 
борасын,  сары  аяз,  қызыл  шұнақ  үскірік  қысқа  ұласты.  Бүкіл  дүние  жүзінің 

93 
Әдеби KZ 
айдаһары  Сыр  бойына  жиналып,  аузынан  қар  боратып,  ысқырынып  жатқандай, 
қатты  боран  бірде-бір  толастамады.  Жау  шауып  сорлаған  елге  сопақ  астау  тап 
болды. Жығылған үстіне жұдырықтың кері кеп, жеті ағайынды жұт жетті. Арамнан 
жиналған  ас  болмайды.  Халықты  жылатып  тартып  алған  қазақтың  қыруар  малы, 
шөп  жетпей,  мың-мыңдап  қырылды...  Жоңғарлар  бар  табысынан  айрылды.  Ал 
қазақ  елінің  бұл  жылғы  көргенін  қағаз  бетіне  түсіру  мүмкін  емес  еді.  Тек  сан 
айқасты  басынан  кешкен  батыр  ел  бұл  апаттан  да  тегіс  қырылмай,  әупірімдеп 
аман қалды. 
 
Жоңғар  қырғынынан  қазақ  елі  тек  екі  жыл  өткен  соң  барып  есін  жиып, 
басқыншыларға қарсы тұруға жарады. 
 
Ең алғашқы жеңісті Кіші жүздің Тайлақ батыры мен оның жиені — Ұлы жүздің 
Ошақты  руынан  шыққан  Саңырақ  батыр  әкелді.  Бұлар  Бұланты  мен  Бөленті 
өзенінің ортасындағы «Қара сиыр» деген жерде Жоңғардың қалың қолын бетпе-
бет  айқаста  ойсырата  жеңді.  Көп  жоңғар  осы  арада  қаза  тапты.  Жоңғар  мен 
қалмақты бір санайтын қазақ «Қара сиырды» енді «Қалмақ қырылған» деп атады. 
Бұл жеңіс қазақ елінің рухын көтерді, қанды кекке шақырды. 
 
Жыл  өткеннен  кейін,  үлкен  бір  айқаста,  ауыл  адамдары  «Сабалақ»  деп  ат 
қойған,  он  сегіз  жасар  түйеші  «Абылайлап!»  ат  қойып,  жауын  қашырып,  бүкіл 
еліне  «Абылай»  деген  атпен  әйгілі  болды.  Сонда  барып,  Әбілқайыр  хан  бұл 
Абылай  баяғы  Бұқар  жырау  екеуі  барлауда  жүргенде  кездестірген  Төле  бидің 
түйешісі әбілмансұр екенін білді. 
 
Осы кезден бастап қазақ елі ел боп бірігіп, жоңғарға қарсы жаппай атқа қонды. 
 
Үш жүздің әскері жауымен алғашқы рет Балқаш көлінің күнгейіндегі Алакөлдің 
тұсындағы Хан тауы деген жерде кездесті.  Үлкен Орда ханы Болат пен бар қазақ 
әскерін  басқарған  Кіші  жүздің  ханы  Әбілқайыр  үлкен  жеңіске  жетті.  Шұно-Дабо 
басқарған қалың жоңғар жеңіліп, Іле өзенінің бойымен шығысқа қарай қашты. Бұл 
жеңісті қазақ жұрты артынан, жоңғарлар аңыраған «Аңырақай» жеңісі деп атады. 
Алакөл  жағасындағы  ұрыс  болған  жерде  қырқа,  белес,  асуларға  «Әбілқайыр», 
«Сұмқайтты», соңынан «Сұңқайтты» болып өзгерген ат қойды. 

94 
Әдеби KZ 
 
Бірақ  қазақ  елі  бұл  жеңісін  ұлғайта  алмады.  Осы  ұрыстан  кейін  Болат  хан  о 
дүниеге  сапар  шегіп,  Үлкен  Орда  ханын  сайлайтын  жағдай  туды.  Түрік-монғол 
дәстүрі  бойынша  «Үлкен  Орда»  ханы  болуға  тек  бәйбішеден  туған  балалардың 
ғана  хақы  бар.  Қазақ  елі  бұл  дәстүрді  берік  ұстап  келген.  Ал  Әбілқайыр  болса 
Жәнібек  ханның  тоқал  әйелдерінен  тараған  ұрпаққа  жатады.  Осы  себепті  жұрт 
Үлкен Орда ханы етіп, Болаттың шаңыраққа ие баласы Әбілмәмбетті сайлады. 
 
Бұған намысқой Әбілқайыр ашуланып, бар әскерімен майданнан кейін шегінді. 
Өзінің  Ордасын  енді  ол  Қазалы  қаласынан  көшіріп,  Торғай  бойындағы  арғын-
қыпшақтың бас батыры, туған жездесі Шақшақтан шыққан Қошқар ұлы Жәнібектің 
жеріне іргелес Ырғыз өзенінің бойына әкеп тікті. 
 
Болат  қайтыс  болғаннан  бері  өзін  Орта  жүздің  ханы  санаған,  жетпіс  бес  мың 
жылқы біткен Сәмеке де қалың әскерімен Арқа жеріне беттеді. 
 
 
 
 
Кермиық  сары  дала  өлік  тәрізді  үрейлі,  моладай  азынаған  суық.  Ашулы  жел 
қырдың  құмды  топырағын  бетке  әкеп  ұрады.  Ұшы-қиырына  көз  жетпес  бозғылт 
шөлдің  шетіндегі  тақырда  жел  қуып  әкелген  адамның  бас  сүйектері  жатыр. 
Атамзаманда  қырылғандардың  бастары,  езу  тұстары  мен  кеңсірік  сүйектері 
мылжаланып қалған. Мүмкін, Шыңғысхан нояндары, әлде Әбілқайыр лашкарлары 
шапқан  сыпайлардың  сүйектері  шығар.  Құмда  көшіп  жүрген  қазақ  ауылдарын 
шүршіт  жендеттері  тұтқындағанда  кескен  бастар  болуы  да  ғажап  емес.  Әйтеуір 
көне заман қияпаттарының қалдығы. 
 
Ал бұл бастардың қатарында тағы бөтен бастар көрінеді. Бұлар әлі күнге күйіп, 
жаңбырға  жуынып  үлгірмеген.  Күмәні  жоқ,  жоңғар  қонтайшылары  қырған 
адамдардікі. Әрі кетсе алдыңғы жылы болған қанды оқиғалардың куәлары. 
 
Өгей анадай түнерген аспанға Бұқар жырау түксие қарады. Ол бүгін де сапарға 
жалғыз шыққан. Кейде осылай жалғыз жүру жыраудың әдетіне айналған, өзімен-
өзі  сырласатын  оңаша  сәттер  өткен-кеткенге  көз  жіберуге  де  қолайлы,  алдағыны 
болжауға  да  ыңғайлы.  Ал  сар  даласы  болса,  үстіндегі  топырағын  жел  ұшырған 

95 
Әдеби KZ 
адам  сүйектерін  алдына  жайып  тастап,  желмен  бірге  халықтың  ұзақ  шежіресін 
боздап, жырау көңілін тыншытар емес. 
 
Ымырт  үйіріле  бастады.  Бұқар  ай  туғанша  көзінің  шырымын  ала  тұрмақ  боп, 
атын тұсап тастап, ерін жастық, тоқымын төсек етіп, сексеуілдің түбіне қисая кетті. 
Бірақ гуілдей соққан кәрлі жел  ұйқы бермеді. Жырау енді шалқасынан түсіп, дәл 
үстінен қара қазандай төңкерілген қап-қара аспанға қарап жатып, халқы жайында 
мазасыз ойға шомды. 
 
Көне  заманда  өткен  арғы  бабаларының  жазу,  сызу  таңбалары  әлдеқашан 
ұмытылған.  Тек  ел  көкейінде  олардың  қайғылы  армандары  ғана  қалған.  Кім 
біледі,  халық  мұны  да  ұмытар  ма  еді,  қайтер  еді,  тек  зар  жақ  жыраулары 
ұмыттырмаған.  Сөйтіп,  ел  шежіресі  ұрпақтан  ұрпаққа  жалғасып  отырған. 
Халықтың  жырауларды  төбесіне  көтеріп  құрмет  тұтатын  себебі  де,  сірә,  осыдан 
болса  керек.  Бұқар  жырау  да  солардың  бірі.  Сауран  қорғанысы  жайында  жазған 
«Тас қамал» дастаны кейін сан ұрпаққа тарады. Осы дастаннан ұрпақтардың тағы 
бір  білгені:  жоңғар  шабуылы  басталмастан  бұрын  орыс  саудагерлерінің  әкеп 
сатқан мушкеттері мен оқ-дәрілері Сауран бекінісінің жауға берілмеуіне себепкер 
болғаны. 
 
Егер  сол  бір  мушкеттер  мен  оқ-дәрілер  қазақ  еліне  дер  кезінде  көбірек 
сатылса,  шүршіт  зеңбірегі  тыныш  жатқан  елдің  ойран-асырын  шығара  алмас  еді. 
Әттең не керек, игілікті істің көбі — мезгілі өткен соң барып істеледі. 
 
 
 
Жоңғар  шапқыншыларына  тойтарыс  беру  үшін,  ең  алдымен  бар  халықтың 
басын қосу керек. Ол үшін осы елді бөле-жарып жеке билеп жүрген, есіл-дерті хан 
тағына  жету  боп  келген  қаптаған  сұлтан,  би,  шынжыр  балақ,  шұбартөс 
мықтыларды  біржолата  тізгіндеу  арман.  Мұндай  қамал  бұзарлық  қасиет  қандай 
ұлдан табылады? Бұқар жырау кенет басын көтеріп алды. Оның көз алдына баяғы 
өзі көрген Төле бидің жас түйешісі — жыртық шекпенді әбілмансұр тұра қалды. 
 
Жоқ,  қазір  бұл  әбілмансұр  емес,  Абылай.  Және  бұл  қазір  түйеші  емес,  бар 
қазақ  даласына  әйгілі  жас  сұлтан.  Иә,  оның  алғашқы  аяқ  алысы  да  Шыңғыс 
тұқымына лайықты аяқ алыс еді. Өзін құлдықтан құтқарған Ораз құлды бауыздап 

96 
Әдеби KZ 
өлтірді.  Содан  кейін  барып,  құлашын  алысқа  сермейтінін  аңғартқысы  келгендей, 
ана жылаған баласын уататын, қанішер атасының атын алды. 
 
Бұқар жырау тағы күрсінді. Осынау қатал заманда осы Абылай тәрізді қатыгез 
адамның ел тізгінін ұстағаны, мүмкін, жөн де шығар?.. 
 
Құс  ұшып  өте  алмас  шексіз  сар  далада  халықтың  қаны  телегей-теңіз  боп  тағы 
төгілгелі  тұр-ау! Қазақ  халқының  алдында  бір  ғана жол  бар.  Ол  —  қан  майданда 
баяғы бабаларынша аянбай шайқасу. Сол шайқаста жан беру, не ел болып, елдігін 
сақтап қалу. Басқа жол жоқ. 
 
Ана жолы  Әбілқайыр  ханның  өтінішімен  Бұқар  жырау  Хақназар  тұсындағы Ақ 
Орда  шежіресін  айтып  берген.  Сонда  бір  аңғарғаны  —  Кіші  жүз  ханы  қан 
майдандағы  халықтың  ерлігінен  көрі,  хан  тағының  маңындағы  тартысқа  көбірек 
көңіл  бөлген.  Ал  кеше  жырау,  Науан  ұстаның  тілегі  бойынша,  Сауран  бекінісін 
өткен  заманда  қалай  қорғағанын  жыр  еткенде,  жұрт  халықтан  шыққан  Қияқ  пен 
Тұяқ  батырлардың  қимылын  құныға  тыңдаған.  Бұқар  жыраудың  бір  тұжырғаны: 
хан,  сұлтан,  билерді  қызықтыратын  тарих  бар  да,  халықты  қызықтыратын  тарих 
бар  екен.  Ол  халықтың  өз  тарихы,  өзінің  арасынан  шыққан,  елі  мен    жері  үшін 
күрескен қаһармандарының ерлігі. 

97 
Әдеби KZ 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет