Көшпенділер 3



Pdf көрінісі
бет22/32
Дата27.01.2017
өлшемі2,05 Mb.
#2789
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   32
Әдеби KZ 

екі  жүз  елу  мың  үй  бар  деп,  әр  үйде  төрт  адамнан  болсын...  Сонда  бір 

миллиондай кісі бір Кенесарыны хан етеміз деп бізбен күреске шығып жүр ме? 

Осыншама  адамды  қорқытып  соңыңнан  ергізе  алмайсың.  Жоқ,  Ахмет  сұлтан, 

мұндағы  әңгіме  әлдеқайда  тереңде.  Әлгі  миллион  адамның  ақ  патшаға  қарсы 

наразылығы  мен  Кенесарының  хан  болсам  деген  арманы  ұштасып  жатыр. 

Мұндай  жағдайда  біз  Кенесарыны  емес,  әлде  адасып,  әлде  шауып  алады  деп 

қорқып  сол  сұлтанның  соңынан  еріп  жүрген  жұртты  еске  алуға  тиістіміз. 

Кенесарыны құртамыз деп миллион адамды құртуға болады ма? 

 

— Болады! Неге болмайды?! — деді кенет Ахмет қаттырақ дауыстап жіберіп. 



 

— Өзіңмен бір туған қазағың болса да ма? 

 

— Мейлі. Қазағым болсын, шүршітім болсын. Айтқаныма көніп, айдағаныма 



жүрмейді екен, қырып тастау керек!. 

 

Генс оған ренжи қарады. Алдында тұрған адам, кенет генералға адам емес, 



қан  құмар  қорқау  секілді  болып  көрініп  кетті.  «Халықты  босқа  қырмау  керек» 

деп  ұлтымыз  бөлек  біз  ара  түскіміз  келеді,  ал  мынау...  Генс  кенет  Ахметке 

«Халық  сендей  сұлтандарды  неге  жек  көретіні  енді  түсінікті  болды.  Әкең 

Айшуақ  ханның  баласы  Жантөрені  халық  өлтіріп  еді.  Байқа,  Ахмет,  сенің  де 

ажалың  халық  қаһарынан  келмесін!»  —  дегісі  келіп  кетті.  Бірақ  Перовский 

бұрынырақ: 

 

—  Жарайды,  біз  мына  генерал  мырза  екеуміз  Кенесарыны  өзімізге  қан 



төкпей  бағындыруды  жөн  көріп  едік,  —  деді.  —  Егер  ондай  мүмкіншілік 

болмайды  екен,  —  күш  жұмсауға  да  бармыз.  Сонда  Кенесары  жасағын 

талқандауға әлдерің жете ме? 

 

Қуанғаннан Ахметтің көзі жарқ ете қалды. 



 

— әбден жетеді. Кенесарыда қазір сегіз мыңдай атты әскер болса, мына біз 

Жантөренің сұлтан-правитель екі баласы Ахмет пен Арыстан үш мың жауынгер 


282 

Әдеби KZ 

қарсы қоя аламыз. Жантөренің інісі сұлтан-правитель Баймұхамед екі мың адам 

береді. Жаппас ұлы Жанғабылдан, Кенесарыға қосылмай қалған Ор бойындағы 

Төртқара, Жағалбайлы руларының биі Күкір, Биғажаннан мың адамнан шығады. 

Кенесарының  қасы Қыпшақ  биі  Жаңбыршының  Балғожасы  мың  сыпай  берсе... 

Сонда  қанша  болдық?  Тоғыз  мың  ба?  Бұған  Орынбор  әскери  губернаторы  екі 

мың  солдат  қосса,  құлшынып  отырған  Батыс  Сібір  әскерісіз-ақ  Кенесарыны 

биыл күзде жоқ етуге болады. Тек рұқсат етілсін. 

 

—  Жақсы,  —  деді  кенет  Перовский,  —  өзге  сұлтандар  келсін.  Кешке 



кеңеселік. Жолдан шаршаған шығарсыз, әзірге тыныға тұрыңыз. 

 

Ахмет шығып кеткеннен кейін Перовский: 



 

— Көрдің бе, мәртебелі досым, — деді Генске, — қазақ жерінде феодалдық, 

рулық  дәстүрдің  қандай  мықты  екенін?  әр  сұлтан,  би  қарамағындағы 

руластарының жігітін өз солдаттарындай жұмсай алады. Қазақ та бір, қой да бір

тек алдарына түсетін серкесі болсын! 

 

—  Жоқ,  —  деді  Генс  қабағын  сәл  шытып,  —  қазақ  дарынды  халық,  батыр 



халық, әттең бақытсыз халық.  

 

Перовский жауап қайырғанша адъютант тағы үйге кірді. 



 

— Генерал мырза, — деді ол әлденеге сәл қызарып, — қазақтың тамаша екі 

сұлу қызы келіп тұр. Кет десем, сізге кірмей кетпейміз дейді. Бірі орысша судай 

біледі. 


 

Перовский  мен  Генс  біріне-бірі  қарады.  Қазақ  қызының  орысша  сөйлеуі 

екеуіне де таң дүние. 

 

— Кірсін, — деді Василий Алексеевич. 



 

«Қыз»  деген  сөз  жас  кезінде  бозбалашылықты  басынан  көп  өткізген 

Перовскийге  жылы  тиді  ме,  ол  еріксіз  жағасын  жөндеп,  тікірейген  сарғылт 


283 

Әдеби KZ 

мұртының  ұшын  сәл  шиыршықтай  әдеміледі.  Генс  пен  Перовский  біріне-бірі 

қарап күліп жіберді. Жүйрік ат шаппаса да қырындайды деген. 

 

Осы  кезде  үйге  сәндене  киінген  екі  қыз  кірді.  Бірінің  басында  сәукеле, 



сонысына  қарағанда  жас  түскен  келіншек  секілді.  Үстеріндегі  киімдері  бай 

қыздарынікіндей торқа мен дүрия болмаса да, көз тартарлықтай әдемі. Қызыл 

шибарқыт  қамзол,  аяқтарында  қызғылт  кәкимә  етік,  ақ  патсайы  шытырман 

көйлек.  Келіншектің  қасындағы  қыздың  басында  қызыл  түлкі  үкілі  бөрік, 

белдеріндегі күміс белбеу бұлардың Арқадан шыққандарын аңғартады. 

 

—  Сау  саламатсыздар  ма,  мәртебелі  генерал  мырзалар,  —  деді  сәукелелі, 



шашы жерге түскен келіншек. Қасындағы қыз орысша білмегендіктен ескі Арқа 

дәстүріменен екі қолын кеудесіне апарып, басын иді. 

 

—  Өздеріңіз  де  амансыздар  ма,  қарақтарым?  —  Генс  бірінші  болып 



амандасты. — Қайдан жүрсіңдер! Аттарың кім? 

 

—  Менің  атым  —  Алтыншаш,  жанымдағы  қыздың  аты  Күміс.  Кенесары 



аулынанбыз, — келіншек орыстың таза тілімен түсінік берді. 

 

Қазақ қызының орысша осыншама әдемі сөйлегеніне таң қалған Генс: 



 

— Орысшаны қайдан үйрендің? — деді. 

 

Алтыншаш  әкесі  Тайжанды  атқаннан  кейін  қалай  орыс  арасына  түскенінен 



бастап,  ең  ақыры  Кенесары  батыры  Байтабынға  ерге  шыққанына  шейін 

жасырмай,  бар  өмірбаянын  әдемі  орыс  тілімен  айтып  берді.  Орысша  сөйлеп 

тұрған кімнің қызы екенін енді ұққан Перовский; 

 

— Бізде қандай шаруаң бар? — деп сұрады. 



 

—  Құрметті  генерал,  сізді  әділетті  жан  деген  соң  келіп  тұрмын,  —  деді  ол 

кенет көзіне келген жасын сүртіп, — өткен жылы Кенесары сұлтанның айдалып 

кеткен бар туыс-жақынына патша ағзамның амнистиясын алып бердіңіз... Менің 

ондай  үлкен  тілекті  сізден  талап  етер  қақым  жоқ,  тек  аяңыз  деп  өтінемін...  Ең 


284 

Әдеби KZ 

болмаса  Туринскіге  жер  аударылған  аға-інілерім  мен  апа-сіңлілерімнің 

амандығын білдіріп беріңіз... 

 

Генс көзінен жасы сорғалап тұрған келіншекті аяп, теріс бұрылып кетті. 



 

Ал Перовский: 

 

—  Жаныңдағы  баланың  қандай  шаруасы  бар?  —  деді  Алтыншаштың 



өтінішіне бірден жауап бере қоймай, сылтауратып. 

 

Алтыншаш Күмістің де басынан өткен уақиғаны жасырмай тегіс айтып келді 



де: 

 

— Бұ да сіздерді әделетті дегенге, Қоңырқұлжа аға сұлтанның үстінен шағым 



айтып келіп тұр. Осындай озбырлық істеген адам ешбір жаза тартпай кете бере 

ме дейді. Әкесі әбдіуақитты да сол Қоңырқұлжа сыпайлары өлтірді. 

 

— Қандай айуандық! — деді Генс Күмісті аяп кетіп француз тілінде. 



 

—  Иә,  дала  заңы  айуандықпен  шектес  келеді!  —  деді  Перовский  де 

французша жауап қайырып. 

 

Алтыншаш елең ете қалды. Ол французша да білетін. Алтыншашты қызметші 



қыз  етіп  үйіне  алған  генерал-майор  Фондерсон  орыстың  ақсүйектерінен 

болатын.  Олар  үй-іштері  боп  көбінесе  французша  сөйлесетін.  Жетім  қыз 

Алтыншашқа бес жылдың ішінде амал жоқ, жат тілді де үйренуге тура келген. 

 

Алтыншаштың елең еткенін аңғарып қалған Перовский: 



 

— Сен немене, француз тілін де білесің бе? — деді. 

   Алтыншаш генералдардың өзара сөздерінің куәсі болғысы келмеді. 

 

— Жоқ... — деп төмен қарады... 



 

— Онда неге елең ете қалдың? 

 

— Сөздеріңізге түсінбеген соң таңданғаным ғой...  



 

— ә... 


285 

Әдеби KZ 

 

Француз  тілін  білмеймін  дегенінен  Алтыншаш  соңынан  көп  пайда  көрді. 



Генералдардың сан құпия сырларын естіп, Кенесарыға қарсы қолданылмақшы 

шараларды күні бұрын біліп отырды. 

 

—  Бұлардың  өтінішіне  қандай  жауап  беруге  болады?  —  деді  Генс 



Перовскийге тағы да француз тілінде. 

 

— Мына келіншектің әкесі жөнінде патша ағзамға жазып, не болмаса соғыс 



министрі  Чернышев  арқылы  бірдеме  білуге  болар.  Ал  Қоңырқұлжаға  не 

істейсің?  Ол  Горчаковтың  қарамағындағы  адам  ғой...  Қысқасы,  өтініштеріңді 

ақылдасып көрерміз деп шығарып салу керек. 

 

— Бұлар екінші рет қайта келе ала ма?.. Біздерді де алдамшы жандар екен 



ғой деген ойда өмір-бақи кетпей ме. 

 

—  Алдамшы  жандар  екенімізді  бірден  білгеннен  көрі,  соңынан  білгендері   



дұрыс  емеc  пе?  —  Перовский  езу  тартып  күлді.  —  Өйткені  бізге  де,  оларға  да 

жеңіл тиеді. 

 

— Жоқ, — деді Генс, — Бұлар екеумізді орыс генералдары деп сенім тұтып 



келіп тұр. Мен бұларды сіз айтқандай алдап шығара сала алмаймын... 

 

— Сонда не істемексіз? 



 

—  Азия  ісі  департаменті  арқылы  мына  қыздың  туыстарының  қайда  екенін 

білуге тырысамын, ал Қоңырқұлжаны жауапқа тартуларын талап етем. 

 

Перовский тағы да күлді. 



 

— Россия кеңселерінің мұндай істе асықпайтынына әлі көзің жеткен жоқ па 

еді? Бұл қыздар сенен жауап келгенше ауылдарында қартайып та өлер... 

 

— Ауылға барғаннан кейін бұл қыздардың қайтып келуі екіталай... Көнсе осы 



жерде  қалуларын  сұраймын.  Жауабын  тездетуге  тырысамын.  Оның  үстіне  бұл 

екеуі де менің жетімханама керек. 



286 

Әдеби KZ 

 

Генс  үйінде  қазақтың  жетім  балаларына  арналған  баспана  ашқан.  Оларға  



орысша-қазақша сөйлей білетін тәрбиеші алуды көптен бері ойлап жүр еді. 

 

Генерал-майордың ойына түсінген Перовский: 



 

— Мейлің, өзің біл, — деп күлді. 

 

Генс қыздарға қарап: 



 

—  Өтініштерің  туралы  тиісті  кісілермен  хабарласалық.  Жауап  келгенше 

ыңғайлы  көрсеңдер  менің  үйімде  болыңдар.  Қазақ  балаларына  ашқан 

жетімхана бар, сонда қызмет істеңдер, — деді. 

 

Алтыншаш сәл ойланды да, бірдемеге бел буғандай бірден: 



 

— Жақсы, — деп жауап берді. 

 

Келіншектің неге тез көне қалғанын Генс те, Перовский де түсіне қойған жоқ. 



Оның  ойын  жанындағы  Күміс  те  аңғармады.  Бірақ  ол  біраздан  бері  сырлас 

болып алған құрбысының көңілін жыққысы келмеді. Аз уақыт Орынборда бола 

тұруды теріс көрмеді. 

 

Сол күні Генс қыздарды өз үйіне әкеп жетім балалармен таныстырды, кешке 



таман  бұлардың  ісі  жайында  департаментке  хат  жазды.  Және  Перовскийдің 

тапсыруы бойынша Кенесарыға да «Қоқан хандығына қарсы соғысты тоқтатып, 

Орынбор шекарасына қайтып келіңдер» деген бұйрық жіберді. 

 

Кенесары бұл хатты он сегіз күн соғысып Созаққа кірген күні алды. Ол келесі 



аптада  қалың  қолымен  Ташкентке  аттанбақшы  еді.  Амал  жоқ,  айтқандарыңа 

көнем деген Орынбор бастықтарына уәдесі бар сол себепті Қоқан хандығымен 

бітім жасап, кейін қайтуға мәжбүр болды. Бірақ Кенесары кейін қайтуын қайтса 

да, өзінің енді ештеңеге еркінің жоқтығына іштей күйініп, патша генералдарына 

кектене қалды. 

 

   



 

 


287 

Әдеби KZ 

ІІ 

 

 



Зиректік,  ойшылдық,  сезімталдық  —  ана  сүтімен  бірге  бітетін  қасиеттер. 

Мұны  адам  сатып  ала  алмайды,  егер  жүрегінде  осы  бір  қасиеттердің 

ұшқындары болса ғана өмір, қоршаған қоғам оны не ұлғайта түседі, не өшіреді. 

 

Жасынан  өнер  мен  ғылымды  өнеге  еткен  Есіркеген  төрт  жыл  Семейде 



орысша оқығанда көп жағдайды түсінді... Әсіресе туған ел-жұрттың надандығы, 

қамқорсыздығы  жүрегіне  шоқ  тастап,  мазасын  ала  берді.  Бұл  жәйттер 

Есіркегенді құр қайғы, шерге бөлеп қана қоймай, еліне қамқорлық етерлік жол 

іздетті.  Енді  ол  орыс  халқының  тарихына,  мәдениетіне,  өсу  жолына  үңіле 

қарады.  Өз  елінің  бұл  халықтан  қаншалық  кейін  қалғанын  ойлана  түсті. 

Ойланған  сайын,  ортағасырлық  мешеуліктен  қол  созуы  қажетін,  қыс  қатты 

болған  бір  жұттан  соң-ақ  дәулеті  сарқылып  шыға  беретін,  мал  соңында  өткен 

көшпенділік  тұрмыс-тан  гөрі  егіс  салатын  отырықшылық  өмірге  қарай 

икемденуі керектігіне көзі жете түсті. 

 

Есіркеген  өз  сана-сезіміне  азық  болар  тағы  да  бір  сырлы  дүние  ашты.  Ол 



сонау  Орталық  Россиядан  қазақ  жеріне  жаңа  қонысқа  көшіп  келген  орыстың 

қарашекпен мұжықтары мен ақ патшаға қарсы қол көтергені үшін Семей секілді 

алыс бекініске жер аударылған декабристер — орыс офицерлері мен оқымысты 

адамдарының  қазақ  халқына  деген  жанашырлық,  достық  көз  қарастары  еді. 

Халық пен халықтың еш уақытта жауласпайтынын, оларды араздастыратын тек 

үстем  таптың  қанаушылық  саясаты  екенін  түсініп,  оның  жүрегінің  түкпірінде 

орыс халқына деген бір әдемі жылы сезім туа бастаған. «Халық пен халық тату 

болса, ақ патша не істейді? Ал Қытай, Қоқан, Хиуа, Бұхардан қорлық көріп басы 

қосылмай  жүрген  қалың  қазаққа  түбі  тағдыры  да,  қайғы,  қуанышы  да  бір, 

сүйеніш  болар  ел  керек.  Оған  орыс  жұртшылығынан  жақын  кім  бар?  әрі 



288 

Әдеби KZ 

мәдениетті,  әрі  қуатты.  Достасса  қорған  бола  алады?  Бірақ  сонда  еліміздің 

тәуелсіздігі  не  күйге  ұшырайды.  Мүмкін  ел  тәуелсіздігі  де  сақталар.  Кенесары, 

Ағыбайлардың  түсінбей  жүргендері  бар  шығар.  Жоқ,  сан  айқастан  өткен  бұл 

батырларды  ел  күйін  түсінбей  жүр  деуге  менің  қандай  қақым  бар?..  Бұл  бір 

ақылға салатын жағдай». 

 

Осындай  күйде  жүргенде  Есіркеген  Семейдегі  орыс  мектебін  бітіріп,  қыс 



келе  Петербург  кадет  корпусына  түсетін  болды.  Бұл  бір  мың  сегіз  жүз  қырық 

бірінші, қазақша Сиыр жылы еді. Оқуға қар жауа баратындықтан ол жаз шыға өз  

аулына  келген.  Жүрегін  көкейкесті  арман  торлаған,  ел  қамын  ойлар  жігіт  — 

ойпат  үстінде  ерте  шығып,  ерте  солатын  сарғалдақ  гүл  тәрізді,  ерте  пісіп,  ерте 

қартаяды.  Сексеннен  аттап  селкілдей  бастаған  Масан  қарт  жиырмаға  жаңа 

ілінген  немересінің  ой  сорған  бозғылт  жүзіне  қарап,  оның  жанын  жеген  бір 

кеселдің  бар  екенін  бірден  ұқты.  Бірақ  келген  беттен  тіс  жарып  бәлендей 

демеген. 

 

Немересі туған жерінің жасыл шалғынына әбден аунап-қунап мауқын басып, 



құрбы-достарымен  біраз  ойын-сауық  құрып,  бабына  келгендей  кезде  ғана  бір 

күні оңашада: 

 

—  Қарағым,  іште  жатқан  қайғы  Ескендірдің  қос  мүйізі  тәрізді,  сыртыңа  



шығармасаң  кеселге  айналдырады,  —  деді  байсалды  үнмен,  —  қабағыңның 

шырынан  ішіңе  бір  сарсудың  байланғанын  аңғарамын...  Кәріге  айтылатын  сыр 

болса жасырма, қолымнан іс келмесе, тілімнен ақыл келер... аянбан. 

 

Көпті көрген қарт атамен өзінің де сөйлескісі келіп жүр еді. Есіркеген бірден 



ақтарыла қалды. 

 

— Қайғым бар екені рас, ата. Өз қайғым емес, ел қайғысы. 



289 

Әдеби KZ 

 

— Ел қайғысы! Лебізің жылы тиді. Ел қамын ойлар артымда тұяғым жоқ па 



деп  қынжылатын  едім.  Құдай  тағала,  мүсіркеген  екен.  Мұныңа  да  шүкір.  Ал 

сөйле. 


 

— Төрт жыл қалада оқыдым, ата. Жас адамға төрт жыл төрт күнмен тең ғой... 

Ал маған... Әлде мен сондай сарыуайымшыл болып тудым ба, төрт жылым төрт 

жүз жылдай ұзақ соқты... Егер адам ойы теңізге айналар болса, менің ойымнан 

бүкіл дүниені қоршаған тірі пенде жүзіп өте алмас мұхит пайда болар еді... 

 

— Иә, айта бер... сонша ұшан теңіз мұхитта жүзіп не көрдің... 



 

— Халқымның сол мұхит суына парапар көз жасын көрдім. 

 

— Халқыңның көз жасын көру ғажап іс емес. Мен оны ес білгелі көріп келе 



жатырмын.  Көру  бар  да,  көмек  беру  бар.  Сол  көз  жасты  құрғатар  не  жол 

таптың? 


 

— Жол біреу-ақ тәрізді. Тіл мен діні бөлек болғанмен, жері мен тағдыры бір 

орыс жұртшылығымен бірлеспей бізге жарық сәуле жоқ секілді. Сары далаға ие 

екенмін  деп  тағы  құландай  қысы-жазы  көшіп  жүре  бергенмен  ештеңе  оңар 

емес.  Бүйте  берсе  түбі  надандық  жеңеді.  Біз  де  мәдениетке  құлаш  ұруымыз 

керек. Ал мәдениет орыс жұртшылығында. 

 

— Оларда құр ғана мәдениет емес, қиянат та бар ғой, ұлым...  — Қарияның 



көзі  кенет  жарқ  етіп  бір  ұшқын  көрсетті  де,  қайта  сөне  қалды.  Ол  енді  жүдей, 

ойлана  сөйледі,  —  әр  жыраның  өзінің  бір  күйкентайы  болады.  Сұрқия  заман 

бізді  осылай  сұрқия  ойлы  етіп  жаратқан  шығар.  Асыл  тастан,  ақыл  жастан, 

мүмкін  сенің  айтып  отырғаның  дұрыс  болар,  бірақ  ел-жұртың  не  дейді?  Кәрі 

қыран  көре  алмағанды,  жас  қыран  іледі,  тек  айтарым:  қанына  тартпағанның 

қары  сынсын  дейді  қазақ.  Аңшы  қуған  киіктей,  сұм  тағдырдан  зәресі  ұшқан 

азғантай халқың бар, тек соның қарғысына қалма... 


290 

Әдеби KZ 

 

— Халық кейде түсінбей де қарғамай ма? Кенесарыны біреу қарғайды, біреу 



ардақтайды... 

 

— Дұрыс айтасың. Кенесарының жауы да көп, досы да аз емес. Кейде оның 



қылығына мен де түсінбеймін. Ал саған түсіну тіпті қиын. 

 

—  әйтсе  де  сол  Кенесары  ойына  мен  түсінгім  келеді.  —  Есіркеген  сәл 



үндемей  қалды  да  қайтадан  сөйлеп  кетті.  —  Жаз  аяқталып  келеді,  қар  түсе 

Петерборда  болуым  керек,  —  деді  ол  жерді  шұқылай  отырып,  —  Петерборға 

Омбы арқылы баруға да болады... Орынбор жағымен де жететін жол бар... 

 

— Сонда осы арадан Орынбор аттанбақсың ба? 



 

—  Иә,  Қараөткел  дуанынан  Атбасарға  түсіп,  ар  жағында  Қарақойын 

Қашырлы  арқылы  Ырғыз  құласам...  Жолай  Кенекеңе  жататын  елдерді  басып, 

ондағы жұрттың қандай күйде екенін өз көзіммен көрсем... 

 

— Ел күйінен ер арманын білу қиын емес. Бірақ бұл жолың тым қауіпті жол. 



Петерборға  оқуға  бара  жатқан  Жамантай  аға  сұлтанның  жігіті  екеніңді  сезіп 

қалса, Кенесары адамдары сені тірі жіберері екіталай. 

 

— Ол қауіпті өзім де түсінемін, бірақ өз жолыңды таңдау үшін, әр тайпаның 



көңіл мұңын анық білген жөн ғой деймін... 

 

 — әлбетте. 



 

Орынборға Кенесары ауылдары арқылы жүруді Есіркеген оқуға барам деген 

күннен-ақ  шешкен.  Бұл  жолды  таңдауында  ел  күйін  білуден  өзге  бір  арманы 

бар.  Ол  арманы  —  Күміс.    әбдіуақиттың  үй  ішінің  ол  Кенесары  жағына  шығып 

кеткенін  сол  жазда-ақ  естіген.  Бірақ  олар  тірі  ме,  өлі  ме  хабардар  емес-ті. 

Әсіресе  Күміс  жайын  өте  білгісі  келетін.  Қоңырқұлжаға  ойда  жоқтан  ойыншық 

болған осы бір аяулы замандасқа деген аяныш әйтеуір көңіліне маза бермейтін. 

Кейде  осы  аяныш  оны  бір  жылы  тәтті  сезімдерге  де  жетелейтін.  Кенесары  

ауылдары арқылы жүрсем, сол әбдіуақит үй іші туралы бір хабар естірмін деген 


291 

Әдеби KZ 

үміт, бүліншілікшілердің қолына түсіп қалармын-ау деген қауіпке бой бермеді. 

Кәрі атасымен ел жайын, өзінің келешек арман жайын ұзақ әңгіме ете отырып, 

ақыры Петерборға Орынбор арқылы жүрмек болып шешкен-ді. 

 

Енді  міне,  мынау  сар  даланы  кезіп  келе  жатқан  үш  салт  аттының 



ортасындағы  аққұба  жігіт  осы  Есіркеген.  Астында  оқтаудай  боп  жараған  күзен 

күрең.  Басын  шұлғып  тастап,  жіті  басып  аяңдағанда,  екі  жағындағы  —  шабдар 

байтал мен кәртаң тартқан қаракөк ат — желе түсіп, әзер еріп келеді. 

 

Есіркеген  ауыл  жігіттерінше  киінген.  Басындағы  пұшпақ  бөркі  мен  үстіндегі 



бұлғын  жағалы  лұқпан  шапаны  ауқатты  үйден  шыққанын  аңғартқандай. 

Жанындағы  пұшық  сары  мен  денелі  ат  жақты  қара  сұр  жігіттің  үстінде  кедей 

қолы  жұпыны  киім.  Кең  жеңді  көне  шекпен,  қырқыла  бастаған  жеңіл  елтірі 

тымақ пен көне далбағай. Екеуінің сырт бейнесі, ортадағы ауқатты жігіттің жай 

атқосшы серіктері екенін сездіреді. Бұл үшеуі ауылдан шықпай жатып, Кенесары 

жасағы  кездесіп  қалса,  сонау  Ұлытау  бойындағы  Найман  руындағы 

нағашыларына  бара  жатырмыз  деп  айтуды  келіскен.  Есіркегеннің  жанындағы 

жігіттердің  сырт  пішіндері  бәлендей  көзге  түсер  болмағанмен  екеуі  де  өнері 

асқан жандар. Пұшық сары даусы кернейдің үніндей созылған әнші, қара сұры 

жамбасы  жерге  тимеген  балуан.  Екеуінің  борышы  біреу-ақ  Есіркегенді  сау-

саламат Орынборға жеткізіп салып, қыс түспей Қарқаралыға қайта оралу. 

 

Қарқаралы  жақтан  шыққандарына  бір  аптадан  асып  кеткен.  Қонақ  десе 



құшағын  жая  түсетін  қазақ  ауылдары,  алыс  жақтан  «нағашылап»  бара  жатқан  

жігіттерден  қонағасын  аяр  емес,  бір  ауылға  түстенсе,  бір  ауылға  қонып, 

Арғынаты  баурын  да  көмкерлеп  қалды.  Жол  енді  осы  арадан  күнбатысқа  кілт 

бұрылады. Енді жігіттерге «нағашыларымыз» Жем, Ырғыз бойындағы Тама руы 

деуге  тура  келді.  Тоқтаған  ауылдары  бұған  сенеді.  Өйткені  түрлері  де, 

астарындағы аттары да ұры-қарыға ұқсамайды және ағайын қуып жүре беретін 



292 

Әдеби KZ 

қазаққа  «Жем,  Ырғызда  нағашымыз  бар  еді»,  —  деген  сөз  майдай  жағады. 

«Пәле,  жиен  болсаңдар,  осындай  алыстан  іздейтін  болыңдар»,  —  деп  оларды 

қошеметтей түседі. 

 

Жол  күнбатысқа  қарай  бұрылысымен-ақ  бірден  өзгере  бастады,  жаз 



аяқталып,  сарғылт  тартып  қалған.  Арқаның  көк  шалғынының  орнына  қуаң 

тартқан  бидайық  пен  бозаң  шөп,  ши  мен  шілең  жиі  кездеседі.  Күн  райы  да 

өзгеріп,  енді  жолаушылардың  беттерін  салқын  жел  өбетін  болды.  Бірақ  даусы 

қарлықпайтын пұшық сары жол қысқарсын дегендей жағы бір тынбайды. Біресе 

күлдіргі  өлең  айтады,  біресе  қайғылы  зар  төгеді.  Ал  Есіркеген  өлең  айтқан 

сайын  атын  тоқтатып  қойып,  қалтасынан  қойын  дәптерін  алып  әр  өлеңнің 

сөздерін, кім шығарғанын, қандай жағдайда айтылғанын жазып алады. 

 

—  Қайтесің  пұшық  сарының  айтқанының  бәрін  қағазға  түсіріп,  —  дейді  оң 



жағындағы қара сұр, — бұда не көп, өлең көп... 

 

—  Үрім-бұтаққа  керек,  —  дейді  Есіркеген,  —  халық  мұрасынан  қымбат 



қазына жоқ, бәрі қағаз бетіне түсірілуі қажет. 

 

Пұшық  сары  Есіркегеннің  сөзінен  қанаттанып  кетіп,  кенет  ер  үстіне  бір 



жамбастай қоқилана отырып алды да, тағы да бір әнді шырқап кетті. 

 

 



Бүлдірді ала ауыздық ел арасын

Найза мен сойыл шешті дау таласын. 

Соншама өштескенде, бауырларым, 

Тозудан, айтшы, басқа не табасың? 

 

 

 



Ат төбеліндей аз қазақ 

Бір-біріңді қырғанда 

Қай мұратқа жетесің?! 


293 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет