Әдеби KZ
— Сөз жоқ, батыр халық! — деді Перовский, — тек бастары бірікпейді. Ру-ру
боп үнемі таласады да жатады. Көрінгенге бағынуларының бас себебінің өзі де
осында... — Василий Алексеевич кенет картаға бұрылды. Есіне патша ағзамның
Кенесары Созаққа бір жетінің ішінде жетіпті, деген сөзі түсті. Ол картадан көзін
алмай, — орта жолда Бетпақдала, атпенен осынау жерді олар қалай бір жетіде
алды? — деді.
Генс күлді.
— Бір жеті емес, бес күннің ішінде, Кенесарының жетінші сентябрь күні
Ұлытау маңында болғаны хақ. Оны хан сайлады ма, сайламады ма білмеймін,
сол күні Алашаханның қабірінің жанында сұлтанды қолдайтын рудың бар
ақсақал, билерінің жиналуы рас. Ал он екінші сентябрь күні ол аурудан сау
қалған әскерімен Созақтан бір-ақ шықты. Кенесарының күшінің өзі осы
шапшаңдығында, құлан, киік секілді туған даласының ой-шұқырын жақсы
білетіндігінде...
— әйтсе де бес күнде... Перовский кенет картаға қайта бұрылды. — Сонда ол
қай жолмен жүрген? Бетпақдаладан құс болып ұшып өтті ме? Қазақтың Сырға
баратын ескі жолы мынау Балқаш көлі жағасы арқылы өтеді... Не болмаса
Қарақұмды басып отырады. Бірақ оған ат емес, түйе керек.
— Кенесары бұ жолы Алашаханның бұдан төрт жүз жыл бұрын салған ескі
сүрлеуімен жүріпті. Оны маған кеше бізге хат әкелген бір сарбазы айтты. Егер
білгіңіз келсе...
Перовскийдің есіне ақ патшаның өзінің Арал теңізіне екі айда жеткені
жайындағы кекесіні тағы түсті. Ол қабағын сәл шытты да, «көрсет» деп басын
изеді.
— Біріншіден, ол бұл жорыққа басшы етіп Арқаның батырларын емес, құм
кешіп үйренген Шөмекей, Табын, Төртқара руларының таңдаулы жігіттерін
270
Әдеби KZ
алған... — Генс картаның жанына келіп, оны ұзын көрсеткішпен шұқылай, сол
жорыққа дәл өзі қатынасқандай тәптештеп сөйлеп кетті. — Олар мына Қара
Кеңгірдегі Алашахан мазарынан шығып, Ұлытаудан жүз отыз шақырымдай
жердегі Қара Жарға келіп түнепті. Одан Сарысудың құмайтты оң жағын жағалап
отырып, жиырма екі шақырымдай жердегі Таймас батырдың моласын басып,
қырық бес шақырым тұратын мына Қыз моласы деп аталатын тұсқа келіп
азырақ ат шалдырыпты.
— Бұл ара шөпке кедей, суға жарымаған жер секілді ғой?
— Дұрыс айтасыз, — деді Генс, — қазақ жылқысы мұндай жерде де оттай
алады... Сосын жиырма жеті шақырымдай жердегі мына Сарт моласынан сәл
төменірек, Сарысудың Тасөткел деп аталатын тұсынан әскер арғы бетке өтіп бір
түнепті... Таң ата қалың қол қайта көтеріліп Сарысудың сол жақ жағасымен
жүріп отырып, отыз шақырымдай жерде тұратын Қара Қыпшақ бейітіне келіп
тағы да ат шалдырыпты. Бұдан әрі көп кешікпей Көкжиде дейтін өркеш-өркеш
құмды өңір басталады. Бұл арада тақыр сордағыдай емес, өркеш-өркеш
шағылдардың арасындағы сай, ойпаттарда жүзген, жыңғыл, шеңгел, баялыш,
сексеуіл өседі. Кей жерлерінде биіктігі бес сажындай жиде ағаштары да
шоғырлана кездеседі. Анда-санда сұрғылт түстес кішкентай қояндар мен
ирелеңдеген шағын сұр жыландар көзге түседі. Оқта-текте үйірімен айдаланы
басына көтеріп сатырлай шапқан қара құйрықты да көруге болады. Осы
шағылдардың арасындағы жерді құлаш бойы қазсаң, тұщы су шығады. Осы
арамен Көкжиде қойнауынан отыз шақырымдай жердегі Жаман қорғанға
жетесің.
— Бұл Қоқан хандарының қазақ жеріне салған алғашқы қорғаны ғой? — деді
Перовский ойлана.
271
Әдеби KZ
— Иә, — Генс әлденені есіне түсіргендей сәл кідірді де, қайта сөйлеп кетті. —
Бұл биіктігі төрт, қалыңдығы бір жарым кездей, төрт бұрышты шым дуал.
Көлденеңі жиырма бес сажындай, ұзындығы да сондай. Дуалды қоршай
тереңдігі үш жарым, көлденеңі екі кездей ор қазылған. Бір кезде Қоқан
хандары бұл қорғанды қазақтардан керуен жолын қорғау үшін салса, соңғы
кезде қазақ ауылдарын шабу алдында тоқтайтын бекінісі еткен. Осы Жаман
қорғанда бір түнеп Кенесары қолы әрі қарай жүріпті. Бархандар бұдан әрі
кішірейе түседі, бірақ мал оты жоқтың қасы. Қазсаң әлі де тұщы су шығады.
Жаман қорғаннан Сарысудың сол жағын жағалай Қызыл жыңғыл арқылы отыз
бес шақырымдай жер өткеннен кейін Сандыбайға өштесіп Қара Кеңгірден
көшіп кеткен Бәтеш батырдың Телікөлдегі қыстауының үстінен шығасың. Осы
қыстаудан кейін, жаз-ғы-тұрымғы қар суынан ғана пайда болатын, Сарысуға
құятын, Боқтықарын деген жылға кездеседі. Егер соның құмайтты жағасымен
жүріп отырсаң, қырық шақырымдай жердегі Айнамкөл деп аталатын көгал
шөпті, қамысты Қарасуға кездесесің. Одан әрі қарай Бетпақдала басталады.
Генс сәл тоқтап, картаға қарады да:
— Ұмытып бара жатыр екенмін ғой. Жаман қорған мен Бәтеш қыстауының
арасында мынау Шұңқыр құдық деп аталатын үш құдық жатыр. Бұл
құдықтардың суы тұщы, мөлдір, бірақ ішінде шылау шөп көп. Оларда түрлі
микробтар, инфузориялар бар. Байтабын батыр бастап келе жатқан қол
ыстыққа шыдай алмай осы құдықтарға тоқтап су ішкен екен, шетінен
ауырыпты... — Ауырған әскерінің көбін Қызыл жыңғыл бойына қыстауға келген
Найманның Бағаналы еліне Кенесары қалдырып кетіпті.
Генстің жас кезінде жағрафиялық экспедициямен осы араны сан кезгенін
білетін Перовский оның сөзін бөлген жоқ. Тек тыңдауда болды.
272
Әдеби KZ
— Бетпақдала алыстан қараған адамға, жан-жағынан он бес сажындай
биіктене көтеріліп бір тұтасқан қызыл күрең жар секілденіп көрінеді. Алғашқы
көрген кісіге ол бір түрлі суық, сұсты... — Тек ішіне кіргенде ғана аздап көңілің
орныққандай болады. Сөйтсе де ұшы-қиыры жоқ тақыр адамның зәресін алмай
қоймайды, — деді Генс сөзін қайта бастап, — осындай ешбір өсімдігі жоқ құм
мен тақырды басып жүріп отырсаң жетпіс шақырымдай өткенде Терісаққан
деген суы құмға сіңіп кеткен сайға кездесесің. Одан жиырма шақырымдай
жерде алдыңда Айдарлы құм сайы жатады. Бұл арада ошаған, түйе жапырақ
секілді аздаған өсімдік кездеседі. Дәл осы жерде Шыңырау деп аталатын терең
құдық бар. Суы мол. Бірақ Кенесары әскері бұл араға кідірмей, болдыра
бастаған аттарына түркмендерше қойдың құйрығын жегізіп...
— Қу далада құйрықты қайдан алып жүр? — деді Перовский, — әлде бұл
арада ел бар ма?
— Жоқ. Олар жүз атқа жүз қой таңып алып жүріпті... Содан Бетпақдаланы
көктей жүз жиырма шақырымдай жер өткенде көлденеңдей кездесетін Шу
өзенінің Бесқұлан деп аталатын өткеліне келіп тоқтапты. Ар жағында Сырдария
жері. Бірақ әлі де құм, әлі де тақыр. Суы ащы, шөбі аз. Бесқұланнан он алты
шақырымдай жерде Ақжайықтан көлі бар. Бұ да ащы көл. Одан Иней мен Құлан
қабақ адырларын басып отырып он жеті — он сегіз шақырымдай жердегі мына
Қосқұдыққа келесің. Бұның да суы ащы, шөбі мардымсыз. Қосқұдықтан отыз
шақырым барханды құмды басып отырып, мына сусыз Шұбар деген сайдың
бойындағы Жаманқұдыққа жетесің. Бұның суы сәл тұщылау, бірақ түйе болмаса
жылқы ішуге келмейді. Бұдан жиырма бес шақырымдай жерде Берді би
моласы бар. Бұл арада тұщы сулы кішкентай сай бар. Жағасында азын-аулақ
өсімдік те жоқ емес. Кенесары қолы Бесқұлан өткелінен кейін кідірмей жүріп
отырып, тоқсан шақырым құмды, шөлді жерді күннің ыстығына қарамай бір-ақ
273
Әдеби KZ
күнде алған. Осы кейде Берді би моласы, кейде Құл деп аталатын сайда ат
шалдырып, өздері түні бойы тынығып, таң ата ар жағында жиырма бес
шақырым жердегі Созақтың түбінен бір-ақ шыққан. Күн шықпай бекіністі
қоршап алыпты. Созақ датқасы Бабажан тіпті қаннен-қаперсіз жатса керек, бір
нөкері келіп «жау келіп қалды, тұрыңыз!» десе, «Созаққа Кенесарыдан бөтен
жан бата алмайды. Кенесары қайда, Созақ қайда!» деп жауап беріпті. Нөкері:
«Келген сол Кенесарының өзі!» — десе, «Шырағым, жылағысы келген бала
әкесінің сақалымен ойнайды. Ұлытауда хандығын тойлап жатқан Кенесары құс
болып ұшып келмесе, қайдан келеді, ойыныңды қой!» — деп ақырыпты.
Перовский езу тартып күлді.
— Ұлытаудан Созаққа дейін алты жүз шақырымдай құмды, шөлді жерді бес
күнде өтіпті деген сөзге Бабажан түгіл, мен де сенбес едім. Тек мұндай жүріске
күніне жүз жиырма шақырым жер алатын қазақ аты ғана жарайды.
— Қазақ жігіттері ше? — Генс те күлді. — Алғашқы саяхатымда салт атқа
мінемін деп менің де артым ойылып қалған. — Генерал-майор қазір қазақ
өлкесін отарлауға келген жан секілді емес, қазақ жерін зерттеуге келген
қарапайым ғалым тәрізді. — Бірақ сол жолы мен бұл халықтың көп
этнографиялық материалдарын, ертегі, дастандарын өте көп жазып алдым... —
Кенет ол Перовскийге күлімсірей қарады, — сіз Шу өзенінің мына өткелін
Бесқұлан, ал мына төбелерді Иней, Қабан деп неге атайтынын естігеніңіз бар
ма?
Орынбор шекара басқармасының бастығы генерал-майор Генстің соғыстан
көрі, тарихи, этнографиялық жағдайды сүйе әңгіме ететінін білетін Перовский, іс
жайында сөйлесуге асығып тұрса да, оның көңілін қалдырғысы келмей:
— Білмеймін, — деді, — бірақ білетін адамның сөзін тыңдауға бармын...
274
Әдеби KZ
Қазір аңызын тыңдауға ықылас қойып тұрған осы жұмсақ мінезді көрінген
граф Перовскийдің, осыдан он екі жыл өткеннен кейін, қалың қолмен келіп,
қазақ даласын қанға батырып Ақмешітті алатынын кім білген! Генс жолдасының
ықыласына риза болып Бесқұлан туралы бұдан отыз жыл бұрын жазып алған
аңызын айтып берді.
— Алашаханның жақсы көретін баласын тағы құлан үйірі басып өлтіріпті, —
деді Генс аңызды есіне түсіре, — қатты қапаланған әрі мейлінше ашуланған хан,
құлан біткенді қыруды бұйырады. Кімде-кім оларды қырып бітірсе соған
ғажайып көп сыйлық пен ең сұлу кіші қызын бермекші болады. Домбылақ деген
батыр ханның тілегін орындаймын деп уәде береді. Өзінің Иней, Қабан деген
жүйрік аттарын мініп құландарды қуады, қайда қашса да қоймай
бейшараларды қырады. Ақырында бес-ақ құлан қалады. Олар Шу өзенінен өтіп
құмға қашады. Осы құландардың Шудан өткен жерін Бесқұлан дейді. Құмға
қуып шыққан батырдың аттарының жете алмай зорығып өлген жерлерін Иней,
Қабан деп атапты. Ханның қызын алам деп құм арасында қаңғып өлген
Домбылақ батырдың моласы деп қазақтар Шудың теріскей жағындағы моланы
көрсетеді... Расында да бұл мола тым көне... Оған сенуге де болады.
— Қазақ жерінде не көп, мола көп. Және бәрінің де аты бар. Жақсы көрген
адамын атаусыз тастамайды, — деді Перовский, — өлген соң бізге де жер атын
қояр ма екен? — Кенет ол қолын сілтеді, — мейлі, өлгеннен кейін не десе о
десін... Ал әзірге... тірі жүрген кезімізде патша ағзам алдындағы борышымызды
дұрыс атқаралық. — Енді Перовский сөзін тұжыра сөйледі, — ең алдымен Бұхар
ханы мен Қоқан ханының арасындағы соғысқа неге кірісті, сол жайында
Кенесарыдан түсінік сұраңыз. Ал Кенесарының бұл ісі Россия империясының
оңтүстіктегі сауда-саттық жұмысына орасан зиян келтіреді. Сондықтан біздің
275
Әдеби KZ
хатымызды алысымен Қоқан хандығына қарсы ұрысын тыйып, Россия жеріне
тез қайтатын болсын.
— Бұған Кенесары сұлтан ренжімей ме? «Өз бетіммен қимылдауға
мүмкіндік бергілері келмейді екен», деп ойлап қалмай ма?
— Ойласа ойласын. Бүйту ең алдымен Кенесарының өз басы үшін керек.
Россия патшалығына өз еркімен бағыну деген сөз, өз еркіменен жауларынан
кек алу деген сөз емес. Россия патшалығына бағыну, тек Россия мүддесін ғана
көздеп қана өмір сүру. Мұны Кенесары дұғадай жаттап алуға тиісті.
— Жақсы.
Генс сәл ойланып тұрды да, стол үстінде жатқан өзінің папкасынан бір
қағазды алып Перовскийге ұсынды.
— Бұл не?
— Менің хатыма Кенесарының жауабы.
Перовский мен Кенесарының бітімге келгенін естісе де Батыс Сібір генерал-
губернаторы шекарадағы Кенесарыға жататын ауылдарды шабуын тоқтатпаған.
«Қасым төре қарақшылары Россияға бағындым деп құр алдап жүр, ал
дұрысында патшаға қарсы әрекетін күшейтуде», — деп соғыс министрі
Чернышевке арыз да еткен. Әбден ызаланған Горчаков өзінің бір хатында
Перовскийге: «Кенесарыны Сібір шекаралығынан мүлдем алып кет, не болмаса
маған оны өзінің ұясында құртуға рұқсат ет», — деп жазған. Бұған Перовский:
«Сұлтанды кінәлі деген қорытындыға келе алмаймын, өйткені ол Орынборға
қарағаннан бері, қол астымдағы жұртты ашуландырар ешбір іс істеп жүрген
жоқ. Оны ел тонады деген сөз бір-екі казактың көрсетуіне ғана негізделген. Бұл
дүдамал куәліктер Кенесарының айыпты екенін дәлелдей алмайды» — деп
жауап берген. Бірақ Орынбор шекара комиссиясының председателі генерал
276
Әдеби KZ
Генс анығына жеткісі келіп, «Горчаковтың сізге тағып отырған кінәсі рас па?» —
деп Кенесарыға түсінік беруін сұрап арнаулы хат жіберген.
Қазір Генстің Перовскийге берген қағазы сол хатқа қайтарған сұлтанның
жауабы еді.
Перовский қағазды алып даусын шығара оқи бастады:
— «Патша ағзам берген манифестен кейін мен Россияға қарсы қол көтерген
емеспін. Бұ жағынан адал екеніме бір құдайдың өзі куә. Жауларым мені сіздің
алдыңызда қаралағылары келеді. Егер керек десеңіздер, үкімет алдында
өзімнің тіпті кінәсіз екенімді дәлелдеп шығуға бармын. Жауларым мені өте жек
көреді, менің сіздермен тату болғанымды көргілері келмейді», — Перовский
қағазды Генске қайтарып берді, Кенесары шынын айтып тұрғаны сөзсіз. Бірақ
жауы тым көп... Түбі оның жазығы болмаса да жазықты етеді. Бұны тек князь
Горчаков қана емес, ең алдымен қазақ сұлтандарының өздері-ақ атқарып
шығады.
— Сондықтан да Кенесары сегіз адамды өзіне өте қас санайды. Алғашқы
жазған хаттарының бірінде солай деген..
— Кім-кім сонда олар?
— Батыс Сібір генерал-губернаторлығына жататын Құдайменді ұлы
Қоңырқұлжа, Күшік ұлы Құлжан, Кішкентай ұлы Аққошқар, Жауғашар, біздің
Орынбор губерниясына жататын Жантөре ұлы Ахмет, Жаппастың биі хорунжий
Жанғабыл, Жағалбайлы биі Күкір, Созақ датқасы Бабажан... Бұларды ол тек
қазақты Россия мен Қоқанға сатты деп жек көрмейді, өз бастарының қамы үшін
елге тым қаталдықтарын да еске алады. Және өзге сұлтандардай, байлардай
бұл сегізі Кенесары жағына шығып көрген емес, көтерілісшілердің шЇу
дегеннен-ақ табан тірескен жаулары. Әсіресе Қоңырқұлжа мен Ахмет.
277
Әдеби KZ
— Бұл екеуінің жан аяспас жау болатындары да түсінікті, Кенесары Батыс
Сібірдегі ереуілін Қоңырқұлжа аға сұлтан болып отырған Ақмола приказын
шабудан бастаса, Орынбор жерінде сұлтан-правитель Ахмет Жантөриннің
еншісіне тиген Торғай, Ырғыз өзендерінің бойына туын тігіп отыр.
— Кенесарының да тістескен жауы осы екеуі. Өзге сұлтандарды жек көрсе
де, ел бірлігін сақтаймын деп, немесе өз жағына тартуға тырысып онша тие
қоймайды. Ал бұл екеуінің атын естігенде... — Генс сәл езу тартты, — Кенесары
өз ордасында отырғанның өзінде де, қылышын қынабынан суырып алады
деседі көрген жұрт.
— Тым ашулы екен. Түбі Кенесары бұл екеуінің басын жұтпай тынбас!
— Мүмкін бұл екеуі Кенесарының басын жұтар?
— Ол мүмкін емес. Кенесары өлсе, біздің қолымыздан, не Қоқан, Хиуа
хандығы секілді бөтен жұрттың қолынан өледі. Қара қазақ қазақтың Россияға
бағынғаны тиімді екенін, түбі бұның прогрестік маңызы бар іс екенін қайдан
білсін, тәуелсіздігімізді, елдігімізді құртты, жерімізді алып жатыр деп қана
ұғады. Кімде-кім оның сол тәуелсіздігін, жерін Россияға, немесе Қоқан, Хиуаға
әперуге көмектессе, сол — қара халықтың жауы. Қоңырқұлжа мен Ахмет сол
жауының ең бастылары, реті келсе қазақтың екі жігітінің бірі оларды бауыздай
салудан тайынбайды. Осы Ахметтің әкесі Жантөрені бір мың сегіз жүз он
төртінші жылы Көтібар батыр бастаған көтерілісте, өзінің артында келе жатқан
қарадан шыққан күзетшісі найзамен түйреп өлтірген. — Перовский сәл ойланды
да қайта сөйледі, — ал Кенесары сол қара халықтың көбінің түсінігінше елінің,
жерінің қорғаны. Оны көзінің қарашығындай сақтайды. Сондықтан да қашқын
башқұрт Кенесары қарауылының бастығы...
Перовский оның атын есіне түсіре алмай сәл кідірді.
— Батырмұратты айтасыз ба?
278
Әдеби KZ
— Иә. Сол Батырмұраттың сұлтанға төніп келген қылышты жалаңаш
қолымен ұстай алуы — нағыз ерлік емес пе?! Бұндай жанқиярлық тек шын
берілген адамнан шығады. Ал мылқау құлы Қараүлек Кенесарының
жауырынына өрмелеп шығып қалған жыланды жалаңаш қолымен лақтырып
жіберем деп, күптей боп ісіп кетіп, бір жеті жатыпты. Бір білгір балгердің
емдеуінің арқасында әзер тірі қалыпты. — Перовский басын шайқады, — жоқ,
Кенесарыдай батыр, Махамбеттей ақын адамын халық сұлтандарына оп-оңай
бере қоймайды. Егер Кенесары жау қолынан қаза табар болса, оның ажалы
басқа ұлттан келеді.
Осы кезде Перовскийдің адъютанты есіктен кіріп:
— Сұлтан-правитель Ахмет Жантөрин, — деді, — сіздің шақыруыңызбен
келіп тұр.
Орынбор әскери губернаторлығына жататын Жайықтың күншығыс жағын
басқаратын Жантөре ұлы Ахмет, Жантөре ұлы Арыстан, Айшуақ ұлы
Баймұхамед сұлтан-правитель Перовскиймен ауыз жаласқан дос. Олар
«Кенесарыны Орынбор жерінен қуу керек, егер өзіңіздің әскеріңіз жетпейтін
болса, біз жәрдемдесейік» деп сан айтқан. Бірақ бұған Перовский көнбеген.
Орынбор маңындағы мұжықтар көтерілген аласапыран кезде, қазақтармен
қырылысуды дұрыс көрмеген. «Россия империясына қараған қазақтарды,
Ахмет пе, Арыстан ба, Кенесары ма, қай сұлтан басқарса да, бәрібір, тек бізге
бағынып тыныш жүрсе болғаны емес пе», — деп ойлаған.
Патша ағзам сөзінен кейін Перовский кеше үш сұлтан-правительді шақыруға
мәжбүр болды. Қандай генерал болғанмен патша ағзамның жарлығын
орындамайтын құдіреті қайсы, егер соғыс министрі Чернышев «Горчаковпен
қосылып Кенесарыны құртыңдар» деп шын бұйрық беріп қалса, қолында сол
279
Әдеби KZ
бұйрықты орындарлық қандай күш барын білгісі келген. Сұлтан-правительдің
шақырылған себептері де осы еді.
— Арыстан мен Баймұхамед сұлтандар келген жоқ па?
— әзір келген жоқ.
— Онда Ахмет Жантөрин кірсін.
Үйге Ахмет кірді. Бұл бойшаңдау келген, кең танау, сүзеген бұқаның көзіндей
шатынаған үлкен көзді, қара сұр, орта жастан асыңқырап бара жатқан кісі.
Иығында Россия әскерінің подполковниктік погоны бар. Орысша оқыған,
кезінде Орынбордағы Неплюевтың әскери училищесін бітірген. Ол әскерше
амандасып, қолын көтеріп есік алдында тұра қалды.
— Подполковник Жантөрин сіздің шақыруыңызбен келді, генерал мырза.
— Жоғары шығыңыз, сұлтан-правитель.
Бұлар қол алысып амандасқаннан кейін, Перовский бірден шақырған шар-
уасына кірісті.
— Сұлтан Ахмет, сіз Кенесарының қазір Қоқан жерінде соғысып жатқанын
білесіз ғой?
— әрине.
— Кенесары Қоқан ханымен неге соғысып жатыр? Сіз бұл жайында не
естідіңіз? Мүмкін, Хиуа ханының өтінішін орындап, Бұхар ханын жеңіп бермек
пе?
— Кенесары ондай ақымақ емес. Мәделіханды өлтіріп Нұрасулла Қоқанды
өзіне бағындырғаннан кейін Кенесары Хиуа ханымен Қоқандағы қазақ жерін
саған алып беремін деп астыртын сөз жүргізген. Ондағы ойы Бұхар ханы
Нұрасулла тым күшейіп кетпес үшін Бұхар мен Хиуа арасын шатыстыру.
Кенесарыға тартуға күміс ер-тоқымды арғымақ пен он бес мылтық жіберген
Хиуа ханы Аллақұл, Кенесары менің жағымда болады екен деп Бұхарға қарсы
280
Әдеби KZ
соғыс ашты. Бірақ бұл соғыстың қызығын Қоқан көрді, Хиуа мен Бұхар
қырылысып жатқанда, биыл Қоқан қаласының адамдары көтеріліске шығып,
Қоқаннан бұхарлықтарды қуып, Мәделіханның туысы Шерәліні хан етіп көтерді.
Мұны көрген Кенесары Қоқан хандығын қайтадан күшейіп кеткенше, Ташкент
құшбегісінің қарамағындағы жеті мың шаңырақ қазақ аулын өзіме қосып
алайын деп, осы айдың он бесінде төрт мың қолмен Ташкентке қарай аттанды.
Менің хабаршымның айтуы бойынша, Кенесары қазірдің өзінде-ақ Жаңақорған,
Жөлек, Ақмешітті басып алған көрінеді. Бұ күнде ұрыс Созақта жүріп жатыр
деседі. Кенесары босатқан кей қазақ ауылдары бері қарай көше бастаған
тәрізді.
— Бұдан бізге келер қандай зиян бар? — деді Перовский Генске қарап, — бір
мың сегіз жүз отыз төртінші жылы Қасым төренің баласы Саржан Россия
империясы қарамағынан қырық мың үйлік қыруар елді алып қашса, бүгін
Қасым төренің екінші баласы Кенесары сұлтан сол қырық мыңнан Қоқан
хандығының қарамағында қалған жеті мың үйді кейін қайтарамын деп соғыс
ашуда. Бұл Россия империясының жеңісі емес пе?
— Жоқ, бұл Кенесары сұлтанның жеңісі, — деді кенет тұнжырап кеткен
Ахмет, — қазір оның қарамағында Найман, Бағаналы, Арғын, Табын, Тама,
Шекті, Шөмекей, Байбақты, Қыпшақ рулары бес мың ауыл, яки екі жүз елу мың
шаңырақ болса, оған Қоқан хандығынан жеті мың шаңырақ көшіп келіп тағы
қосылса қанша күш жиналғаны? Ал, Кенесары тірі тұрғанында Россияға дос
болмайды.
— Неге?
— Оның көксегені Абылайдың заманы. Бар қазаққа өзі хан болмақ!...
— Жарайды, — деді Генс, — Кенесары хандықты көксесін, ал сонда... —
генерал-майор қабағын сәл шытты, — жаңа өзің айттың ғой, оның қарамағында
281
Достарыңызбен бөлісу: |