Әдеби KZ
Мойныңа бұғау онсыз-ақ
Түсейін деп тұрғанда.
Кімге ерлік етесің?
Еcіркеген өлеңді естігенде түсі бір түрлі қуқылданып өзгере қалды.
— Бұл кімнің өлеңі?
— Атығай Ырым ақынның.
— Қай жағдайда шығарған?
— Ана жылы Атығай Қарауыл мен Алтын, Тоқа жерге таласып көп жігіттер
сойылға жығылғанда...
Есіркеген одан әрі ештеңе сұраған жоқ. Өлеңді жазып та алмады. Кенет
қалың ойға шомды. «Ырым ақын?.. Мен естімеген ақын екен... Сірә, бай мен
батырды, би мен сұлтанды, ру бастықтарын мақтап күн көрмейтін жан болуы
керек. Ел арасында жүріп айтысқа түсіп жүлде алудан да алыс болар... қазақтың
ала ауыздық зиян екенін түсінетін мұндай сөз шыққаны бір жақсы ырым екен...
Осылай жұртты оята беру керек. Бар келешек халқымыздың оянуында. Бар
өнерді соған салу дұрыс жол. Ел бірлігі — ел теңдігі. Бірақ «Мойныңа бұғау
онсыз да түсейін деп тұрғанда...» деген сөзінде бір үлкен сыр жатыр-ау. Бұл
сөзімен нені айтпақ? Ел болып бірігіп Кенесарыға қосылып, Россия патшасына
қарсы шық демек пе?.. Иә, солай сынды. Бейшара, біздің келешегіміз Россияға
қосылуда екенін білмей ме?»
Сары пұшық кенет Есіркегеннің ойын бөліп жіберді.
— Мінекей ауылға да жетіп қалдық, — деді ол дауыстап жіберіп — бүгін
осында түнеп шығалық.
Ауыл дегендері ылдидағы көл жағасында отырған отыз шақты үй болып
шықты. Табын руының бір бөлегі екен. Жаз сонау Атырау теңізіне дейін көшіп,
294
Әдеби KZ
қыс осы маңды қыстайды екен. Биыл алысқа көше алмай, Кіші жүз бен Орта жүз
жерінің ортасындағы Қызыл діңгек маңайын жайлап қалыпты. Себебін
сұрағанда, қонып жатқан үйлерінің иесі қаба сақалды қара шал:
— Былтыр жаз құмда көшіп жүргенімізде малымыздың тең жартысын Хиуа
ханының сарбаздары барымталап әкетті. Қалған жартысын қыс түсе осы арадан
Қоқан сыпайлары шауып алды. Осы ауылда тіпті тігерге тұяқ қалмаған үйлер
бар, алысқа көшуге бізде қазір жағдай жоқ, — деді. Сөйтті де өзінің
қонақтарына айран мен ірімшіктен басқа қонақасы бере алмай отырғанына
қысылғандай төмен қарап, — бұл үйде де бір сиыр мен үш ешкі ғана қалды.
Алыстан келе жатқан жолаушылар екенсіңдер, қой сою керек еді, — деп
міңгірледі.
Есіркеген шалды аяп кетті.
— Қысылмаңыз, отағасы, барға мәзір, жоққа әзір... Біз ықыласыңызға да
ризамыз...
— Иә, жоққа жүйрік жете ме, — деп шал ауыр күрсінді, — ренжімесеңдер
болғаны... Шабыншылықтан кейін бұл ауылдардың көтерілуі де оңай болмас...
Амал не, басқа түскен басбақшыл, құдай тән бергенге дән берем деген екен,
бізді де өлтірмес.
Таңертең ертемен Есіркегендер жүрер алдында шал тағы да:
— Дұрыстап қонақасы бере алмағандарымызға өкпелемеңдер, қарақтарым,
заман солай болған соң істерің бар ма, — деді мұңайып, — жедел жүріп
отырсаңдар сәске болмай Қаражыңғылдағы Алтай руының бай ауылдарының
біріне жетіп қаларсыңдар, біз бере алмаған қонақасыны сол ауылдан
ішерсіңдер.
Есіркегендер жұпыны ауылды сырттай жүріп келеді. Кеше ымырт үйіріле
жеткендіктен байқамаған екен, көл жағасында отырған осынау отыз үйдің, ауыл
295
Әдеби KZ
деген құр аты екен. Бір-екі түйе, он шақты сиыр болмаса, көзге түсер мал жоқ.
Ауыл иттерінің құйрығы қайқы болушы еді, бұлардың иттерінің де жүні
жығылып, құйрықтары салбырап кеткен. Есіркегеннің іші удай ашыды. «Сірә
балық аулап күн көреді-ау бұл ауыл», — деді ол ойға шома беріп.
Қарттың түндегі сөзін естігеннен кейін, ол түні бойы көз ілмей шыққан. Қазір
де сол ой шумағын жалғай түсті. «Жоқ, жоқ, қайткенмен де Россия қол астына
тезірек кіру керек. Сонда ғана бұл халықтың жаны қалады. Хиуа, Қоқан құр
малын ғана талайды ғой, ал Қытай ауына ілігер болсаң, еліңді біржолата құртып
жібереді. Есіркеген енді тарихқа көз жібере ойланды. — Бір мың жеті жүз елу
алтыншы жылы еді ғой, өзіме қарсы бас көтердің деп Қытай боғдыханы әрі
айбынды, әрі айбарлы мемлекет құрып, бүкіл Жоңғар өлкесін билеп отырған
Торғауыттардың миллиондай халқын қырып, Жоңғар мемлекетін тарихтан
мәңгі құртып жіберген жоқ па еді. Сондай хал қазаққа келмесін кім біледі?
Ежелден өштескен Қытай боғдыхандары, өз елін аямағанда бізді аяр ма? Жоқ,
жоқ, Россияға бас ию керек, сонда ғана өзге ел жандары бізді тонауды қояды».
Бұл кезде күн де көкжиектен көтеріле бастады. Ұшы-қиыры жоқ қау жапқан
кең далада ұшқан құс, жүгірген аң көрінбейді, тек көде шөпті қуалай бірен-
саран бөдене жорғалап, күн шыққанға қуанғандай шегірткелер ғана
шырылдайды.
Сәске кезінде құбыла жақтан жел тұрды. Жолаушылардың мұрындарына бір
жылымшы иіс келді.
— Бұл не? — деді қара сұр жігіт, — мал қырып жатыр ма біреу? Қан иісі
тәрізді ғой мынау иіс...
Есіркеген жауап қайырған жоқ, атын тебініп қап, алдындағы адырға қарай
шаба жөнелді. Серіктері де аттарына қамшы басты.
296
Әдеби KZ
Бұлар адыр басына шыға келді де, алдарында пайда болған көріністен
шошып кетіп, кілт тоқтай қалды. Дәл адырдың етегінде шие көмкерген тулай
аққан жіңішке өзен жағасында ақ боз үйі аралас қалың ауыл отыр екен... Бірақ
ауылдың сиқынан жан шошырлық. Дауыл соғып құлатқандай жапырая қалған
лашық, күрке. Шаңырағы жерге түскен ақ отау, қараша үйлер. Әр жерде сұлаған
өлік, оны қоршап жоқтау салған топ-топ әйелдер... Жылаған бала, ұлыған ит. Бір
топтан екінші топқа қарай өліктің басына құран оқуға бара жатқан бірді-екілі ақ
сәлделі молдалар көзге түседі. Ауыл шетінде бір қауым топ күрекпен зират
қазып жатыр. Кәрі-жасы аралас. Қазақ аулына таянғаннан-ақ елдің көркі боп
көзге түсетін үкілі қыз, сәукелелі жас келіншектің бірде-бірі көрінбейді...
Осыншама қалың елдің маңында мал дейтін мал да жоқ. Бірен-саран күлге
аунап шөгіп жатқан түйелер мен бұзауларын ерткен он шақты сиыр жүр. Ері
мойнына кеткен екі-үш шідерлі ат оттауға қарай шоқаңдап барады. Ауылдың
жалпы көрінісі түнде ғана жау шауып кеткенін аңғартады.
— Япырмай, бұл не сұмдық, — деді пұшық сары ішегін тартып, — мына
ауылды да жау шапқандай ғой.
— Иә, — деді қара сұр күрсініп, — бұл ауыл да босағасы босаған ауыл болды
ғой.
— Жоқ, шаңырағы құлап жерге түскен ауыл деңіз! — деді Есіркеген көзіне
келіп қалған жасын серіктерінен жасырмай алақанының сыртымен сүртіп, сөйтті
де кенет атын тебініп қап, қазақтың ескі дәстүрімен «ой, бауырымдап!» ауылға
қарай шаба жөнелді. Серіктері де «ой, бауырымға!» басып соңынан ерді.
Есіркегендер бұл ауылда бір күн болды. Өліктерін қойысып келесі күні жүріп
кетті. Ауыл ақсақалы қобызшы Кәрібай деген шал бұлар келісімен болған
уақиғаны айтып берді. Бұл — Алтай руының Кенесарыға еріп Арқадан көшіп
келген бір аулы боп шықты. Бұрын кәзіргі Атбасар дуаны салынып жатқан Есілге
297
Әдеби KZ
құятын Жабайы өзенінің маңын қоныс етіп келген екен. Ол араға бекініс салына
бастағаннан кейін қоныс іздеп амалсыз Кенесарыға еріп, осынау Қыпшақ
жерінің шетіне көшіпті. Кенесарыға ерді деген аты болмаса оған бәлендей
жәрдем бермепті. Тек қол ұшынан жалғасып, әскеріне қыс соғымдарын, жаз
қару-жараққа деген салығын төлеп тұрыпты. Биыл ғана біраз жігіттері Кенесары
сарбаздарына қосылыпты. Соған өшіккен бе, әлде осы ауыл Кенесарының иек
тірер тілектесі деп біреу-міреу көрсетті ме, әйтеуір Ор қаласынан шыққан ақ
патшаның бір топ «кәрі қылыш» жендеттері кеше күн бата кеп ауылды
шауыпты. Қаннен-қаперсіз жатқан ел, ауыл үстінен гүрсілдей атылған
мылтықтан шошып, қарсыласа алмай қалыпты. Жендеттердің өздері екі жүздей
адам екен, түні бойы істемегені болмапты. Әжетке жарайтын қыз балалардың
бәрін шетінен абыройын айрандай төгіп, осы ажарлы-ау деген жас әйел,
келіншектердің бірде-бірін сау тастамапты. Кеудесінде намысы бар арашаға
түскен жігіттер мен «ау, бұларың не?» деп ақылға салам деген ақсақал,
қарасақал біткеннің бәрін бүкіл жұрттың көз алдында оққа байлапты,
кейбіреулерін қылышпен шауып өлтіріпті. Мұндай қаза болған жанның саны
отызға жуық көрінеді. Қан ішер жендеттер түні бойы дәрменсіз елге істерін
істеп, тек бүгін күн шыға ғана жүріп кетіпті. Бірақ құр кетпепті, ауылдың сұлу
қыз-келіншегі мен түбекте жатқан бар малын айдап әкетіпті. «Барлық Кенесары
жағына шыққандардың көретін күні осы. Бұл бұл ма, бүйте берсеңдер ендігі
жолы біріңді қалдырмай қырып тастаймыз», — деп кетіпті.
— Бұл уақиғаны Кенесарыға естірте алдыңдар ма? — деді қара сұр қанын
ішіне тартып.
— Түнде ауылды шауып жатқанда кісі жібергенбіз. Жер арасы шалғай, егер
шабарманымыз қолға түсіп қалмаса сұлтан аулына таяп қалған шығар, — деді
Кәрібай шал, — бірақ оның қолынан не келеді?.. «Кәрі қылыш» жендеттері Орға
298
Әдеби KZ
қарай беттеді ғой, кездесе алмас... Тек Жантөре үрім-бұтағының ауылын
бөктерлей қуса ұшырасулары мүмкін. — Шал тағы күрсінді, — ой, білмеймін,
ұшыраса қояр ма екен... Тым қиыс жатыр ғой... Және ол тұстағы ел Кенесарыға
қарсы, жөн сілтемес.
Өліктерін қойысып ауылдан шығысымен, түні бойы ұйқы көрмеген
Есіркегендер бір сайға түсіп, аттарын тұсап отқа жіберіп, өздері
қоржындарындағы азын-аулақ астарымен өзек жалғап, күн түс болғанша
ұйықтап тынығып алды. Енді олар Солтүстікке қарай бұрыла түсіп Орынборға
Кенесарының қарамағына жатпайтын ауылдардың үстімен жүрмек болды.
Есіркеген атқа қонысымен-ақ тағы сазара ойға шомды. Жанындағы
серіктерінде де үн жоқ. Қалай үндесін, бағанағы ауылдағы көрген көріністері екі
иіндерінен сегіз батпан ауыр жүктей жерге жанши түсіп, бастарын көтертер
емес. Әсіресе Есіркегеннің қабағынан қан жауған. «Россияға бағыну керек
деймін. Ондағы ойым ұлы халық, мәдениетті халық, өзімен бірге мұратқа
жеткізеді деп сенуімнен шыққан арман. Ал бағанағы ауылға істегені не? Мүмкін
мен ештеңеге түсінбейтін болармын, ақ патшаның да, оның қарапайым
солдаттарының да арманы біреу-ақ шығар. Тезірек қазақты құртып, жерін емін-
еркін пайдалануға асығатын болар. Бірақ бір қолдағы бес саусағың да бірдей
емес қой. Бір Абылайдан шыққан екі ұрпақ — екі бөлек жол ұстаған жоқ па?
Уәлиге қарсы Қасым шықса, Уәлидің баласы Шыңғысқа Қасымның баласы
Кенесары қарсы келіп отырған жоқ па? Сол тәрізді бір Россия патшасына
бағынатын жұртта екі түрлі ой болуы мүмкін ғой»...
әрине, Есіркеген өзінің осы ойынан кейін жиырма жылдай шамасында
тарихқа келген Шыңғыстың баласы Шоқан мен Кенесарының баласы
Сыздықтың да біріне бірі қарсы соғысатынын білмеді. Шоқан — орыс генералы
Черняев жағында, ал Сыздық Қоқан хандығын қорғап шығатыны оның тіпті үш
299
Әдеби KZ
ұйықтаса түсіне де кірмейтін жәйт. Сондай-ақ өзі секілді Шоқанның да Россия
мәдениетіне қанат қағып, туған халқын сол Россияға тартқанын, бірақ артынан
генерал Черняевтің әскері сол халықты Россия патшасына отар етемін деп
қырғанда, не істерін білмей, қызметін тастап Тезек төренің аулына қашатынын
қайдан білсін.
Есіркеген қазір шым-шытырық жұмбақ ойдың шешуін таба алмай шатасуда
еді. «Расымен мен қателесіп жүрмін бе? Түбі жауынан құтыла алмайтынын
білген жаралы жолбарыс тәрізді не болса да айқасып өлем деген Кенесарыныкі
дұрыс па? Мәдениет, прогресс, Россиямен біріксек жарық күніміз шығады деп
жүргенде, халқымыздың еркіндігі түгіл, өзінен айырылып қалмаймыз ба? Егер
қазақты өзіне қосу әдеті, үнемі әлгі ауылға істегеніндей бола берсе өйткен
мәдениеті де, келешегі де құрсын!.. Онда су ішсем де, суан ішсем де
халқыммен бірге боламын. Тек соның күні көкте жүзсін, соның ғана сәулесі
жарқырай түссін».
Осындай шым-шытырық ойда келе жатқан Есіркеген күннің екіндіге таяп
қалғанын жаңа аңғарды. Ол енді бұрылып жан-жағына қарады. Әлі ұшы-қиыры
жоқ кең дала, қау басын ақырын сипай ескен салқын жел, басты шырмаған
сұмдық ой...
— Күн еңкейіп кетті, осы бір тұста ауыл болса керек еді ғой, — деді сары
пұшық сол жақтарындағы көгілдір дөңестерден асыра нұсқап, — аттар да
болдыруға айналды.
— Құр ғана аттар ма, жаны құрғыр да болдырған секілді-ау.
Бұл Есіркегеннің жолдастарына атқа қонғалы айтқан ең алғашқы сөзі еді.
Серіктері тіл қатқан жоқ. Жас жігіттің жүрегінде қандай ауыр кеселдің
жатқанын түсінгендей ақырын күрсінді де қойды.
300
Әдеби KZ
Бұлар енді солға, пұшық сары көрсеткен көгілдір дөңестерге қарай
бұрылды? әрі-бері жүрген соң күн бата, адыр-дөң қоршай біткен жазық далада,
Қарасуды жағалай қонып отырған ауылды көрді. Бұл ауылдың да сиқы таң
қаларлық. Осы араға не жаңа келіп қонған, не болмаса үйлерін жығып көшуге
ыңғайланып жатқан тәрізді. Әйтеуір түйелі жүктің жанында әбігерленген жұрт.
Тек әлгі жығылмаған (әлде жаңа ғана тігіп үлгірген) үлкен үш ақ орданың
есігінің алдында бұл үйлерде өлік бар екенінің белгісі ат құйрығына жалау
байлаған сойылдар мен үй үстін айқыш-ұйқыш етіп таңған қара басқұрлар
көрінеді (өлік бар үйді бұлай білдіру кей руларының ежелгі дәстүрі). Үрген ит,
өрген мал көзге түспейді. Тек көшке арналған түйе мен бірен-саран ырдуан,
пәуеске байқалады. Бірақ ауыл іші жыпырлаған адам. Ауылды қоршай көп салт
атты және тұр. Қолдарында найза, сойыл, шоқпар...
— Бұл ауылда да бір бүлік бар секілді, — деді қара сұр, — бұрылып кетелік.
— Өз еліңнің бүлігінен бұрылғанда қайда барасың? — деді Есіркеген. —
Тәуекел, не болса да бара көрелік.
Бұлар ауылды қоршаған сыпайларға таяғанда алдарына еңгезердей қара
мұртты жігіт өзгелерден бөлініп шыға берді.
— Ей, кімсіңдер? — деді ол астындағы ақбоз атын ұршықтай айналдыра
ойнатып, аналардың сәлемін алмай.
— Өзіміз ғой, — деді Есіркеген, ананың кеудесіне таққан көк шұға белгісінен
Кенесары әскері екенін біліп. — Көрмей тұрсыз ба?
— Көргеніме көрімдік берейін бе? — жігіт үні гүрілдей шықты, ашулы жан
екенін бірден сездіріп алды, — өзіміз дейтін менің екі туып бір қалғаным ба
едің? Қамшы көргің келмесе, одан да тезірек жөніңді айт.
301
Әдеби KZ
— Амандық жоқ, саулық жоқ, берген сәлемімізді алмай жатып, мұншама
түйілгеніңіз не, ағасы, — деді Есіркеген биязы үнмен, — Арқадан келе жатқан
жолаушымыз, Ырғыз бойындағы Табынға нағашылап барамыз.
Арқаның қай тұсынан боласыңдар?
— Қарқаралы жағынан.
— Қаракесексіңдер ме?
— Иә...
— Кесіп алсаң қан шықпас, ел билейтін жан шықпас дейтін Қаракесек
екенсіңдер ғой.
Есіркеген, шамдана қалды, бірақ өзін өзі ұстап сыр бермей тағы да биязы
үнмен:
— Қаз дауысты Қазыбекті естімеген қазақта да жан болады екен-ау! — деді
кекесін күлкісін жасыра қалжыңдаған болып.
Қара мұрт бұл жолы Есіркегенге зілдене қарады.
— Қаракесек ділмәр келетін еді, сен де ділмәр екенсің. Сірә, сол Қазыбек
бидің ұрпағы болмасаң нетсін...
— Жоқ, Қазыбек бидің емес, Масан бидің немересімін.
— әлгі Жамантай аға сұлтанның ақылгөйі Масан бидің бе?
— Иә, дәл соның!
— Қармақ салып ала алмай жүрген алабұғам, аузыма өзің келіп түскен
екенсің, жүр олай болса!
Мұрттының даусы бұл жолы өктем шықты. Кенесары елінің Жамантайға
деген қастық көз қарастың енді өзіне ауғанын Есіркеген бірден сезінді, бірақ
қара мұртпен сөз таластырмады.
Найзаларын қолдарына көлденең ұстаған он шақты салт атты жаяу үш
жолаушыны қоршай, ауыл ортасына қарай жүрді.
302
Әдеби KZ
Бұлар ауылға кіре шеткі қараша үйден қарлыққан кәрі дауысты жоқтау естіді.
Өлік бар жерде бата оқымай өтпейтін қазақтың ескі дәстүрі, Есіркеген қараша
үйге қарай беттеді. Қасындағы жендеттері де қарсы болған жоқ, сыртта тұрып
қалды. Ол үйге кіріп келгенде ең алдымен көргені шоқпыт тымақ, жыртық
шекпен, жылап-сықтап отырған кілең кедей болды. Сол жақта сұлайып қыр
мұрынды, мұрты жаңа тебіндей шығып келе жатқан жас жігіт жатыр. Түрі өлген
адам тәрізді емес жаңа ғана ұйықтап кеткен секілді. Басында екі бүйірін таянып,
ақ шашын жайып; кәрі шандыр бетін жоса-жоса қылып тырнап тастаған
шүйкедей қара кемпір:
Атаңа нәлет хан Кене,
Басыңа түссін ойран-ай,
Суалдырдың көзімнің,
Қарашығын, ойбай-ай! —
деп қарлыққан дауыспен зар еңірейді.
Өліктің кеуде тұсында қарындасы ма, әлде жұбайы ма, бір келіншек отыр.
Жүзі ақ шүберектей, жасқа толы тостағандай қара көзі шарасынан шығардай
боп керегеге қарап қатып қалған. Есіркеген бата оқыды да шығып кетті. Бірақ
әлгі сурет көз алдында тұрды да қойды.
Аздан кейін бұны қара мұрт ауыл ортасындағы алты қанат ақ үйге алып
келді. Белдеуде кіші-гірім атан түйедей ақбоз ат тұр. Бәрі үйге кірді. Төр
алдында жатқан қоңыр киінген, зор денелі кісі басын жастықтан сәл қозғады.
— Ағыбай аға, — деді қара мұрт, — мына жігіттерді ауыл үстінен ұстап
алдық. Жамантай аға сұлтанның елінен көрінеді, Ырғыз маңындағы
нағашыларымызға бара жатырмыз дейді.
303
Әдеби KZ
Қапсағай қоңыр елең етіп басын көтеріп алды. Үй ішінде көлбей жатуына да
себеп бар екен, енді ол малдас құрып отырып еді, басы керегенің ұшына тиер-
тиместей зор денелі бір алып екен. Адамнан гөрі, ертегіде кездесетін дәулер
тәрізді. Тек жалғыз көзді емес, екі көзді және сонау тас қабақты қоңырқай сұсты
түсінде бір жылы шырайдың сазы білінеді. Бұл Кенесарының бас батырының
бірі Ағыбайдың өзі еді «Ағыбай бұл жақта қайдан жүр» деді Есіркеген ішінен.
Бұл маң Кенесарыға қарсы жақтың жері емес пе еді?» әйтсе де бала жастан
үлкенді құрметтеп өскен жас жігіт, сонау төрде отырған шүңірек көзді алыптың
мысы жеңгендей, иіліп сәлем берді.
— Ассалаумағалейкүм.
— Алликімассалам, балам. — Ағыбай жас жігітке тесіле қарады. — Қанды
балақ сұм Жамантайдың кімі боласың?
«ә, Ағыбайдың Жамантайға деген бітпес өші бар деуші еді, рас екен. Үнінде
қаңтарда қатқан мұздай бір мызғымас ызғар жатыр-ау!»
— Жамантай аға сұлтанның қарамағындағы елдің жігіттеріміз. Өзім Масан
бидің немересімін, мына жігіттер ауылдан ертіп шыққан серіктерім.
— ә-ә. Бағың бар бала екенсің. Жамантайдың жақыны болғаныңда бір
жамандыққа ұшырауың кәміл еді. — Ағыбай енді түксиген қабағын сәл ашты, —
Масан қарт әлі тірі ме? Ақ патшаның қолтығына кіріп алдыңдар ғой, ауыл-
аймақтарың күйлі шығар?
— Күйсіз емес. Атам әлі тірі.
— Иә, солай болар, — Ағыбай әлденеге өкінгендей ауыр күрсінді, — отырған
ел отырып қалды ғой... Жем іздеген аш қасқырдай тек мына біздерміз ғой сар
даланы сары бауыр етіп кезіп жүрген...
— Сіздерге де көшпеу керек еді.
Ағыбайдың қабағы жауар бұлттай жабыла қалды.
304
Әдеби KZ
— Сонда Жамантайша ақ патшаның құлы бол демексің бе? Масан қарттың
немересімін дегенге асылдың ұрпағы ма деп қалып едім, алысқа ұша алмайтын
сауысқан боп шығайын деп тұрсың ба, қалай? — Ағыбай тез ашуланса да, тез
қайтты. — Жә, қышымаған жерімді қасымай жайыңа отыр!.. Ал қотан аңдыған
ұялы бөрідей, тізе қосып қайда бара жатырсыңдар?
— Масан атам Бөкей тұқымымен құдандал ғой. Ырғыз бойындағы
нағашыларымызға бара жатырмыз...
— әрине, атаңның сұлтан тұқымымен ілік-шатыс болғанына сен кінәлі
емессің, — деп келе жатты да Ағыбай кенет сөзін басқа жаққа бұрып жіберді. —
Жолай Кәрібай қарттың аулына соқтың ба?
— Соқтым.
— Соқсаң, болған қанды уақиғаны көрген шығарсаң?
— Көрдім.
— Көрсең... Ол сенің Жамантайларың секілділердің ісі.
— Қалайша? Ол ауылды шапқан Ордан шыққан «кәрі қылыш» тобы деп еді
ғой.
— Сонда жендеттерге жол сілтеген кім? Жамантай тәрізді елін сатқан Ахмет
правительдің адамдары. Осы ауылдың би, ақсақалдары.
Аздан кейін Ағыбай батырдың сөзінен Есіркегеннің түсінгені мынау болды:
Кенесары Ор қаласынан войсковой старшина Лебедев бір мың тоғыз жүз
солдатпен Торғай бойына шығуға дайындалып жатыр деген хабар алады. Көп
кешікпей сұлтанға тыңшылары арқылы Сібір мен Орынбор губернаторларының
шекарасында отырған Кенесарыға тілектес ауылдарға екі жүз солдат шықты
деген суық сөз жетеді. Кенесары «солдаттар осы арадан өтеді-ау» деген
ауылдарға «егер олар көрінсе бізге хабар беріңдер», — деп кісілерін
шаптырады. Қазір өздері отырған ауыл, үстерінен Кәрібай қарттың
305
Достарыңызбен бөлісу: |