Әдеби KZ
Бегдербек күлімсіреді. Оның есіне бағана Мәделіхан мен Ханпадшайымға
арнап берген таңертеңгі қонақасы түсті. Хан мен тоқал шешесі құшбегінің
жомарт дастарқанының екі жағынан қарама-қарсы орын алған.
Шайды Бегдербек өзі құйған. Құшбегі ұсынған көгілдір фарфор кесені алып
Ханпадшайым сыңғырлай күлді.
— Мұхамед әлім еркем, сіз Қоқанға хан болғанмен маған баласыз ғой, —
деді ол, — пәренжемді алып отырсам сөкет көрмейсіз бе?..
Хан жауабын күтпей Ханпадшайым бетінен пәренжесін алды. Қара бұлттың
астынан жарқырап күн шыққандай, ел аузында ертегіге айналған
Ханпадшайымның көркем ақ жүзі көрінді. Тоқал шешесінің сұлулығына таң
қалған Мәделіханның қолынан кесесі түсіп кетті.
— Байқа, тентегім, — деді Ханпадшайым Мәделіханды еркелете күліп, —
мүбәрәк саусақтарыңызды күйдіріп алмаңыз...
Бұдан кейін Мәделіхан шай ішіп отыр ма, у ішіп отыр ма аңғармайтын күйге
жеткен, екі көзін алмай тоқал шешесіне қарай берген.
Шай құйып отырған құшбегі қайдағы жоқ бірдеңені сылтау етіп, далаға
шығып кетіп, қайта оралғанында оңашада қалған өгей баласы мен тоқал
шешесінің арасындағы тек қырағы көз ғана сезетін, бір тілсіз шаттықтың пайда
болғанын аңғарған...
Бегдербек тағы күлімсіреді. Өзі құрған дұзаққа екі көгаршынның бірдей оп-
оңай түскелі тұрғанына ол іштей мәз-мейрам. «Бәсе, ақылды адам қашанда
болса ақымақтан құтылу жолын оңай таппас па! Бұхар әмірі бұған бүкіл
Қоқанды билетпеген күнде де ұпайын түгел етпей ме! Қоқан ханына жылына
төлейтін жиырма мың күміс теңгені, өз пайдасына қалдырса мұртын балта кесе
ме? Жиырма мың жиырма сом емес қой, алты ұлына жаңадан алты шаһар
салмай ма...»
84
Әдеби KZ
Бұл кезде күн де батып кетті. Құшбегі жасыл бақшасында шақырған көкек үні
естілді. Байғұс құс батқан күнмен бірге біреудің өшкелі тұрған бағын
жоқтағандай тылсым білмей ұзақ шақырды.
Құшбегі кәрі белін уқалауға аяқ жағында отырған паша балаға түн ортасы ауа
келуін әмір етті де, Мәделіханның дем алып жатқан бөлмесіне қарай аяңдады.
Мәделіхан әбден тынығып қапты. Келе жатқан түнмен бірге өзін зор қуаныш
күтіп тұрғандай екі көзі күлім-күлім етеді. Құшбегіні шақырғалы отыр екен, бұл
келісімен-ақ екеуі құпия әңгімеге кірісіп кетті.
— Тентек төре бастаған ереуілден кейін қазақ ауылдары үнін өшірген тәрізді
еді, — деді Бегдербек өз қарамағына жататын қазақтардың жалпы жағдайын
сөйлей келіп, — ал қазір Ташкент уәлаятын тағы бір қауіпті қара бұлт қоршағалы
тұр. Бұл бүлікті басқаруға дайындалып жатқан — Қасым төренің балалары.
Қандай кесім айтасыз?
Мәделіханның әкесі Омархан кезінде де ауыр салық, орынсыз қиянатқа
көнгісі келмеген Сыр, Сарысу, Шу бойының қазақтары сан рет бас көтеріп
ереуілге шыққан. Соның ең үлкені Тентек төре атты кісі басқарған көтеріліс
болды. Ол он екі мың атты сарбаз жинап алып, Қоқан ханының қарамағына
енетін бірнеше қалаларды алған. Тентек төре Сайрамды босатып, сол жерге
туын тіккен. Сайрамға Шымкент, әулиеата қалалары қосылған. Бұларға қарсы
Омархан қалың қол шығарған. Тентек төре әскерін екіге бөліп, Сайрам мен
Шымкентке бекініп алып ұзақ соғысқан. Ақырында азық-түліктері таусылып,
амалсыз қарсыласуларын доғарған. Омархан ләшкерлері жеңілген елді қанға
бояп, мал-мүліктерін талап, ойына келгендерін істеп, екі жүзге таяу адамды
дарға тартқан. Сайрам жерін қан сасытқан.
— Хан ием, ауруын жасырған адам өледі. Шыққалы тұрған бүлік жайлы
ашық айтқанымды кешіріңіз, — деді құшбегі, ханның үндемей қалғанына
85
Әдеби KZ
ренжісе де сыр бермей. — Осы бүліктен құтылудың бір-ақ жолы бар. Ол — күні
бұрын қимылдап, ұшқын өртке айналмай тұрғанда басу. Және аямай басу.
Сіздің құрметті әкеңіз Омархан Тентек төрені қалай үйретсе, біз де Қасым
төренің тентек сойыл балаларын солай үйретуіміз керек.
Бегдербектің көз алдына Саржанның бағанағы семсерге ұмтылған оқыс
қимылы тағы елестеп кетті. Енді ол сол семсер суырылмай тұрып қимылдап
қалайын дегендей тым жіті сөйледі.
— Есенгелді мен Саржанның басын алу өз қолымнан да келеді. Бірақ сіздің
рұқсатыңызсыз әрекет істеуге дәтім бармады. Бұзық болғанмен олар да сіздің
хандығыңызға жатады ғой.
Хан үндемеді.
Жоқ, хан жауап қайырудан қорқып отырған жоқ, оның ойы басқада. Құлағы
анда-санда шалып қалған Тентек төре, Қасым төре... Есенгелді, Саржан деген
сөздер тіпті миына кіріп те отырған жоқ. «Ол төрелерде менің қандай шаруам
бар? Бәрінің құнын құшбегі жылда беретін жиырма мың теңге күміс ақшамен
күні бұрын төлеп қойған жоқ па? Мейлі не істесе о істесін, тіпті сол төрелерді
пісіріп жесін, қыңқ десем құдай соқсын»... Қазір Мәделіханның қиялы да, ойы
да басқада. Оның бар арманы, бар көңілі сонау жас тоқал, бедеу шеше
Ханпадшайымда!... «Денесі де ақ жүзіндей аппақ па екен? Қос анары да қолға
қатты, кеудеге жұмсақ па екен? Иә, солай шығар. Бала таппаған әйел ғой, әлі ең
қымбатты жерінің таңы айырылмағаны, анау ақ шәйі көйлек жасыра алмай
тұрған жұмыр сандарынан-ақ аңғарылмай ма? Япырмай, туған әкемнің кешегі
жас тоқалы туралы былай ойлауым күнә емеc пе? Жоқ жұрт көрмеген нәрсе
күнә емес. Жұрт көрмейді деймін-ау, құшбегі ше? Бұл сұм бәрін де сезіп
отырған жоқ па? Иә, сезіп отыр. Бірақ мені осы үшін шақырды ғой? Сонда
қандай қулығы бар. Тоқал шешеме істегелі тұрған күнәм арқылы Есенгелді,
86
Әдеби KZ
Саржан сұлтандардың қанын сатып алмақ па? Мейлі. Жаныңды өртеген
ләззатқа қарағанда айдаладағы түйе жүн шекпен киген қазақтардың басы неге
тұрады? Бәрібір мен де өлемін. Есенгелді мен Саржан да өледі. Өлім туралы
емес, өмір туралы ойлаған жөн. Ал Ханпадшайым шын өмір, шын арман...»
Бұлар сөйлескелі бірталай болған. Түн ортасы да таяу. Мәделіхан біресе
Бегдербек сөзін тыңдайды, біресе тәтті қиялға кетіп үндемей ұзақ отырады.
— Хан ием, қандай шешім айтасыз? — деді құшбегі Мәделіханның тәтті
ойын бұзғысы келмегендей жәдігөйлене күлімсірей сөйлеп.
«Қандай шешім? Иә, Мәделіхан қандай шешімге тоқтауы керек? Жоқ,
Мәделіхан о дүниенің күнәсін бұ дүниенің қызығына айырбастауға міндетті.
Жүрек соны аңсайды. Тоқал шешенің ақ денесін бүгін түнде құшу керек. Күйіп-
жанып бара жатқан нәпсі тек соны тілейді... Ал таңертең Қоқанға қайтқаны
дұрыс. Екі түнге қалуға болмайды. Сезіліп қалуы мүмкін. Ханпадшайым құшағы
қанша қымбат болғанмен, хан тағы одан да қымбат. Әрине жүрегіңді өртеп
бара жатқан сусыныңды тоқал шеше қандырса, оның көңілін мықтап риза еткен
жөн. Досы бар, дұшпаны бар, Ташкентке келген бос пәуескесін сый-құрмет,
тарту-таралғыға тиеп жіберу дұрыс. Бірақ сараң құшбегі қанша мүлік берер
дейсің?» Кенет Мәделіханның көзі күлімдеп кетті. «Арқа сұлтандары қашан да
болса жомарт келеді. Менімен жолығуға арнап шыққан болса, әкелген сый-
құрметтері де бар шығар. Соның барын Ханпадшайымға берген жөн. Хан тек
құшақтауға ғана құмар емес екенін білсін!» Осы ойға бекінген Мәделіхан енді
Бегдербекке қарады.
— Қасым төренің балалары Қоқан ханына бастарын сый ғып тарту үшін ғана
келді ме? — деді.
Есенгелді мен Саржан қазақ елінің дәстүрі бойынша Ташкент құшбегіне ер-
тоқымы, жүген-құйысқаны күміс, жал-құйрығы төгілген, Арқадан келген тоғыз
87
Әдеби KZ
қара жорға, тоғыз боз жорға, әр ер басына байланған тоғыз қара құндыз, тоғыз
қоңыр бұлғын әкелген. Арқаның аңқау батырлары қызыл тастап итті
алдағандай, осы бір кәделі сый-құрметтерімен өздерінің түпкі ойын өткізіп
кетпек болған. Бұлары ақ майды бауыр қосып асаттырғандары. Бірақ әккі тазы
қызыл түлкінің қулығын алыстан сезеді, сұм құшбегі тарту-таралғыны қуана
алғанмен, оларға терең орды қаза берді. Сол оймен ханнан сұлтандардың
әкелген жорғаларын жасырып қалды.
— Қасым төре балалары сый-құрмет көрсетпек тұрмақ, Қоқан ханының
басын олжа етуден үміті болмасын.
Тоқал шешеге Арқа сұлтандарының сыйлығынан ештеңе тарта алмайтынына
ренжіп қалған хан қолын бірақ сілтеді.
— Өздерінің бастарын бағалай білмеген сұлтандардың құны жоқ, не істесең
соны істе, менен рұқсат.
— Бұйрығыңызға бас ием, алдияр ханым.
Мәделіхан енді есіней керілді.
— Түн ортасы ауып бара ма, қалай?... — Ол алдында тұрған тағамнан
шұқылап бірер түйір жеді де, көгілдір жүзім шәрбатынан бір кесесін жұтып
салды, — бүгінгі әңгімеміз осымен бітсін..
— Құп, тақсыр, — хан бетіне Бегдербек бүгіндікке алғашқы рет тікелей
қарады. — Хан ием, Ханпадшайымның қонақ бөлмесі қасыңызда... Екі есік бір
адызда... Күзетті екі есікке де қояйын ба, әлде тек адыздың сыртқы жағына ғана
қояйын ба?
Хан оған сынай қарады.
— Өзіңіз қай жағына қойғыңыз келіп еді?
Құшбегі күлімсіреп төмен қарады.
— Тек сыртына ғана...
88
Әдеби KZ
Хан да күлімсіреді.
— Онда... Сіздің айтқаныңыз болсын.
Құшбегі енді басын төмен иді.
— Сеніміңізге рақмет.
Мәделіхан енді өзін ұстай алмады. Құшбегімен келіскеннен кейін, бұдан
арғы сақтықтың қажеті жоқ деп тапты. Ол бірден Ханпадшайым бөлмесіне
қарай беттеді.
Сұлу тоқал шешесін көргенше асыққан Мәделіхан бұл сәтте өз ниетін ақыл
елегінен өткізбеді. Бұл желік алты жыл өткен соң қандай қанды уақиғаға
апарып соғарын ойламады.
Аяғын асыға басып сырлы есікке қалай таяп қалғанын білмеді.
Ал Бегдербек болса Мәделіхан кетісімен, бөтен адыз арқылы жесір тоқал
жатқан бөлменің тұсына келді. Тек өзі ғана білетін жасырын тесік көзден ақ
мамық төсектен ақ қайран санын жарқ еткізіп атып тұрып Ханпадшайымның
кіріп келген Мәделіханға құшағын жая қарсы жүргенін, екеуінің ұмар-жұмар
бола кеткенін көрді де, тесікті қайта жапты.
Ол дәл осы сәтте Есенгелді мен Саржанның өлімін Мәделіханға жауып, өзін
Қасым төренің алдында айыпсыз етіп көрсете алатынына сенді. Бірақ бұл қанды
оқиға осы түнмен ғана бітпеді. Ләшкәр мен Бегдербек құшбегі: «Сенің
балаларыңның ажалына біз айыпты емеспіз, Мәделіхан айыпты, кел өзара
келісейік» деп Қасым төрені алдап шақырды. Созақтағы Телікөл жағасында
Ләшкәр өз қолымен басын кесіп Ташкентке алып келді. Бұл қантөгіс бір жылдан
кейін болды. Ал қазір... Мәделіхан мен Қасым төренің балаларының бірдей
қақпанына іліккелі тұрғанына құшбегі мейлінше шаттанды. Ол дым көрмеген
адамдай аяғын асықпай басып қонақ қабылдайтын үйге қайтып келді.
Бегдербек өзін күтіп отырған жендеттерге:
89
Әдеби KZ
— Есенгелді мен Саржан мырзаларды хан шақырып жатыр деп ертіп
келіңдер, — деп әмір етті. — Бірақ Саржанның беліндегі семсерді күні бұрын
алыңдар. Ханмен кездесерде қару тағып кіруге болмайды деңдер.
Жендеттер келгенде Есенгелді, Саржан, Ағыбай, Ержан төртеуінен бөтен
жігіттердің бәрі өздеріне берілген бөлмелерінде ұйықтап қалған-ды. Хан әмірін
естіп, Есенгелді мен Саржан киіне бастады. Белбеуіне семсерін тағып жатқан
Саржанға ақ сәлделі, қатқан қара ешік-аға:
— Ханзадаға қарумен кіруге болмайды. Сондай тәртіп бар, — деді
жайбарақат. — Тастап кетіңіз... Қайтып келген соң тағарсыз.
Ешік-ағаның «қайтып келген соң...» деген сөзінен Саржанның көңілі сәл
орнықса да, іштей, семсерін шапанының астынан бағана байлай алмағанына
жаман өкінді. Сұлтандарды әрине ешкім де тінтпейтін еді ғой, ал алда-жалда
қауіп туып қалғандай кез болса, қанды жүзді алмас семсер ең жақын серік емес
пе...
Саржан семсерін баласына ұсынып:
— Беліңе тағып ал... — деді де бірдеңе айтуға оқталып барып кілт тоқтады.
Бұлар далаға шықса, аулада тағы алты адам тұр екен. Бәрі де қарулы.
Бағанадан бері — үн-түнсіз жүрген Ағыбай кенет бірдемеден сескенгендей
болды. Жау тиетінін жылқы ішіндегі жорыққа мінетін ат ең алдымен сезеді
дейді қазақ, үнемі айқаста өскен Ағыбай бірдемеден сескенді ме, кетіп бара
жатқан сұлтандарға:
— Біз де еріп барайық, — деп соңдарынан жүре түсті.
Бірақ ешік-аға алдын кес-кестеп:
— Хан ием, тек Есенгелді мен Саржан мырзаларды ғана қабылдайды, — деді
тағы да жайбарақат үнмен, — өзгелерің ұйықтай беріңдер.
90
Әдеби KZ
— әй, сен өзің... — деп Ағыбай ананы қолымен кейін сырғытып тастап,
сұлтандардың соңынан жүре берем дегенде, Ержан қарынан ұстай алды да:
— Хан бұйрығы солай болса, жамандасып қайтесіз, Ағыбай аға, — деді
қобалжып тұрғандарын жендеттерге сездіргісі келмей, — одан да ат жақты
шолып қайталық.
Ағыбай бөгеліп қалды. Аналар ұзап кете барды. Батыр тісін қайрап тұр. Неге
екенін өзі де білмейді, бір мезет анау Есенгелді мен Саржан мырзаларды
қоршап кетіп бара жатқан ақ сәлделі, қанжар асынған адамдарды қуып жетіп,
семсерін оңды-солды сілтеп, бастарын қағып алғысы келді.
Заты момын Ағыбайға мұндай ашу қайдан пайда болды, өзі де білмейді.
Кенет көз алдына баяғыда өткен бір алыс уақиға елестеді.
әкесі өлген жылы қыс қатты болды. Төрт баламен қалған Дәметкеннің бар
күн көрері сүті бұлақтай боталы інген. Бір күні, үскірік соғып тұрғанда, ол кездегі
Қарқаралы аға сұлтаны Тәуке ұлы Жамантайдың шабармандары келіп, Олжабай
үш жылдан бері ақ патшаға шаңырақ салығын төлемепті деп жалғыз інгенді
ботасынан айырып тал түсте алып кетті. Даладағы үскіріктен де жаман ақырған,
қылыш асынған кілең қаныпезерлерге жесір әйелмен төрт жетім бала не істей
алады, жылай-сықтай қала берген.
Өмірде Ағыбайға деген ең ауыр сын содан кейін басталған. Енесінен
айырылған жас бота боздаса, ең үлкені сегізге келген Манабай, Танабай,
Мыңбай үшеуі ботаның жанына барып қоса боздайды.
Төрт бейшараның даусынан Ағыбайдың сай-сүйегі сырқырайды. Солардың
көз жасын көрмейін деп үйден далаға қашады.
Мұндайда азапқа шыдай алмаған Дәметкен бір күні Ағыбайға:
91
Әдеби KZ
— Қалқам, мына төртеуін бүйтіп еңіретіп қоймайық, — деді. — Ботаны
сойып алайық, балаларға аз күн қорек болсын, күзгі жалғыз тайыншаның еті
таусылуға айналды.
Үш кішкентай баласы ұйықтаған кезде, Дәметкен ауыз үйге ботаны жығып,
төрт аяғын байлап, Ағыбайдың қолына үлкен лөк пышақты беріп:
— Құлыным, обалы ақ патша мен Жамантайға бауыздай ғой, — деп, өз
қолымен бауыздатқан ботаның ажалын көргісі келмей үйден шығып кетті.
Ағыбай пышақты алып ботаның жанына барды. Бірақ ботаның мөлдіреген
көзіне көзі түсіп кетіп еді, ал кәні бауыздауға қолы барсайшы!
әлден уақытта «бауыздадың ба, құлыным!» деп үйге кірген шешесіне ол:
— Апа, ертең сояйықшы, бейшара бір күн болса да жүре тұрсын, — деді.
— Жарайды, қалқам, — деп Дәметкен көзіне келіп қалған жасын қолының
сыртымен сүртті.
Ағыбай ботаны ертеңінде де бауыздай алмады.
Сөйткен Ағыбай, тіпті бейтаныс, жазықтары бары-жоғын білмейтін, сонау
кетіп бара жатқан жасауыл жігіттердің бастарын шауып тастамақ. Бұл қайдан
келген қанқұмарлық, жауыздық?
Жоқ, Ағыбай табиғатынан мұндай болып жаратылмаған. Оны жауды
аямастыққа да, ерлікке де үйреткен өзіне істеген қиянат.
Сол жалғыз түйелерін алып кеткен күннен бастап «шаңырақ салығын» салған
ақ патша мен сол «шаңырақ салығы» үшін жалғыз түйелерін шабармандарына
алдыртып, жас ботасын боздатқан Жамантай сұлтанға деген өшпенділік он үш
жасар бала жігіттің жүрегіне қара қан боп қатқан. Сол өшпенділік Жамантай мен
ақ патшаға қарсы Саржан тобына әкеп қосты мұны. Сол өшпенділік сансыз
айқастарға араластырып жауына рақымсыз болуды үйретті. Міне бір кезде жас
ботаны бауыздауға қолы көтерілмеген Ағыбай, қазір сонау топ адамды қырып
92
Әдеби KZ
салуға бар. Олар өз елінің жауы. Ал елге жау Ағыбайға да жау. Ондайларды
бауыздауға Шұбыртпалыдан шыққан тас жүрек батырдың қолы дірілдемейді.
Ержан ойға беріліп кеткен Ағыбайдың жеңінен ақырын тартып:
— Ағыбай аға, аттарды бір шолып қайтайық, — деді.
Бұлар жылқы жаққа бұрылған кезде, сегіз жендеттің қамауындағы Есенгелді
мен Саржан қонақ қабылдайтын бөлмеге кіре берді. Төрде тәспі тартып тұрған
құшбегіне бастарын ие сәлем берді. Дәл осы сәтте сұлтандардың екі жағында
тұрған екі жендеттің жалаңаш өткір қылыштары жарқ етіп жоғары көтерілді де,
сыр етіп төмен ақты. Төмен иілген екі бас көтерілместен домалап жерге түсті.
Бастарынан айырылған екі дене екі-үш аттап барып сылқ құлады. Екі үш аттап
барып, аунақшып барып тынды.
— Ел болып бас қосуды көксеп жүргендеріңде, өз бастарыңнан
айырылдыңдар ма, сабаздарым, — деп құшбегі кекете күлді. Сөйтті де жерде
жатқан Есенгелді мен Саржанның бастары мен денелерін көрсетіп: — бір-екеуің
мыналарын зынданға апарып тастаңдар! Ал қалғандарың ұйықтап жатқан
жігіттерін жайғастырыңдар, — деді.
Топ жендет әр бөлмеде алты адамнан жатқан үш бөлменің бірінен соң
біріне кіріп он сегіз жігітті қойша бауыздап шықты. Тек Ағыбай мен Ержан аман
қалды. Олардың бағына жендеттер ат қора жағына бармады. Ешік-аға сыртқы
есікті күзетіп тұрған мосқалдау келген жасауылды шақырып алып:
— Сен барып әлгі екеуіне «сұлтандар келді» деп хабар бер деді.
Өздері есік алдында күтіп қалды. Қарулы Ағыбаймен кең аулада кездесуге
жүрексінді.
Мосқал адам ерте кезде қазақ арасынан Қоқан хандығына сатылып келген
құл болатын. Ағыбайды бауыр тартып, жасырын бір-екі рет тілдесіп те қалған.
Ол көрші аулаға барысымен Ағыбайға болған уақиғаның бәрін айтты.
93
Әдеби KZ
«Алысқанмен құр қаза боласыңдар, тез аттарыңа мініп қашыңдар» деді. Ендігі
айқастың орынсыз екенін түсінген батыр жендеттермен ұрыспақ боп қылышын
суырып алып жұлқынған Ержанды еркіне қоймай соңынан ертіп, аттарға
жайдақ міне сап ауладан шыға берді. Ұйқысынан шошып оянып, шылбырына
жабысқан күзетші жігітті, томардай аяғымен теуіп жеберіп, шалқасынан түсірді.
94
Әдеби KZ
ІV
Күншығыс жақты сынық тағадай қоршай көмкерген кәрі Қаратау алыстан
қара-қошқылданып көрінеді. Кей тұстары ат жалды, түйе өркештеніп ирелеңдеп
жатыр. Селдір бу, жеңіл тұманнан ада, ашық аспанмен аймаласқан қатпар тасты
қырқа, адыр үсті көгілдір тартады. Кешкі зауал шақ. Ақырғы сәулесін жартас
басында ойнатып, күн де батып барады. Қаратаудың батыс жақ еңісінде иін
тірескен қалың ауыл отыр. Аралары, ұрыс кезіндегідей, жақын. Қыз емшектеніп
қатар келген жақпар тасты қос адырдың қойнауынан бұлқып атып мөлдір сулы
жіңішке өзен ағып жатыр. Осы өзеннің сағасын құлдилай алқақотан қонған
ауылдың үстінен бықси жанған шала тезектің түтіні көкке көтеріледі. Көл
жағасына өлең қуа қонған көп ауылдың біреуі ғана кілең ақ үйден. Өзгелерінің
дені көнетоз бозғылт, қараша үй, тозығы жеткен лашық, күркелер... Сырт
көріністеріне қарап бәлендей бай деп айту да қиын. Кешкі жайылыстары
бірімен бірі қосылып кеткен әр ауылдың тұсында ойдым-ойдым түйе, қара мал.
Тек көгілдір далаға бұраң-бұраң шимай салып аққан жіңішке өзен бойында
сонау төмендегі жалтыраған көл жағасында шашыраған тас тәрізді жамыратып
жіберген қозылар мен бірге бірталай қой-ешкі көрінеді. Одан әрі Қаратау
қойнауына қарай бозаң, қылаң түсті үйір-үйір жылқы ала-құла боп өріп барады.
Көбі жарау, құлынды жылқы аз. Шамасы олар алыстағы жайылымда тәрізді. Ал
мынау құлын-тайлары ауық-ауық бүйірден бөліне шапқан шағын жылқы
сауынға арнай ауыл маңына ұсталған тәрізді. Сойыл, құрық ұстаған он шақты
жылқышының анда-санда құр-құрлаған айқайы тынық кеште сампылдап
естіледі.
Бұл екі жыл бұрын ата-мекен Қаратау қойнауына, осы жақта қалған Қоңырат,
Қыпшақ рулары мен Бестаңбалы жеріне көшіп келген Қасым төре мен Алты,
|