Көшпенділер 3



Pdf көрінісі
бет7/32
Дата27.01.2017
өлшемі2,05 Mb.
#2789
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   32
Әдеби KZ 

сегіз жүз жиырма екінші жылғы уставы бойынша Орта жүз өкіріктерінен алатын 

мал  салықтарын  да  жинауды  кешіктіріп  келді.  Ал  Қоқан,  Хиуа  хандықтары 

болса,  олар  қазаққа  қандай  қиянат  жасамады  десеңші!  Бір  ғана  Шымкент 

уәлаятынан өзі өткен жылы сексен мың сом күміс ақшамен зекет алған жоқ па. 

Ал хараж салығынан келетін пайданы қайда қоясың? Он бес, жиырма тақип жер 

бір  қош  болады.  Бір  қоштан  жылына  орта  есеппен  елу  бес  пұт  бидай  хараж 

алынады. Сонда әр уәлаяттан ең кем дегенде қырық мың күміс ақшадай пайда 

түседі. Бұл — бұл ма, Мұхамбет пайғамбардың діні бойынша әр қырық қойдан 

бір  қой  садақа  алынатын  болса,  біз  әр  үйден  жылына  алты  қой  садақа 

алмаймыз ба? Ал  шөптен, көмірден, сексеуілден алынатын хараждарды қайда 

қоясың!  Хараж  бен  зекеттен  басқа  да  пайда  аз  ба?  Олар  бекіністердің 

қабырғаларын, қақпаларын жөндеулері керек. Қоқан бектерінің бау-бақшасын, 

салған  қауын-қарбыздарын  қарап,  ал  соғыс  бола  қалса,  өздерінің  ат-көлігімен, 

қару-жарағымен төлеусіз-құнсыз қызмет істеуге міндетті. 

 

Осы  салмақтың  бәрін  де  қарамағымыздағы  қазақ  ауылдары  көтеріп  келе 



жатқан жоқ па? Иә, көтеріп келеді... Бірақ үнін шығармай жүр ме? 

 

Бұған: 



 

Келі түбім деп алады, 

Кеусенім деп алады. 

Ұтыра зекет деп алады, 

Қошақ зекет деп алады. 

Арқадан келген сор Найман 

Аң-таң болып қалады, — 

 

деп Жанкісі жыраудың Қоқан ханы әлімге айтқаны айғақ емес пе?.. 



72 

Әдеби KZ 

 

Осылардың бәрін Саржан да, Бегдербек те біледі. Сондай қорлықты бастан 



кешкен  қазақ  әскер  жинап  басы  қосылар  жағдай  туса  ең  алдымен  ауызды 

Қоқанға  салмағанда  кімге  салады?  Бүгінгі  күнге  дейін  шыдап  келсе,  онысы 

Қоқан  Россия  патшасына  қарсы  жәрдем  берер  деп  сеніп  келгені.  Түбі  ең  күшті 

жауы  Россия  патшасы  екенін  Қасым  төре  балалары  біледі.  Егер  оның 

отарлығынан  құтыла  алса,  Қоқан  хандығынан  құтылуды  оңай  деп  ойлайды 

бұлар. Сондықтан да жәрдем күтеді. Ал Қоқан хандығының берген жәрдемі ана 

жылғы...  Мұндай  жәрдемнен  қазаққа  келер  пайда  жоқ.  Енді  бұлар  бізсіз 

бастарын  қоспақ.  Жоқ,  басын  біріктіре  алған  дұшпаның  қайралған  қылышпен 

тең,  абайлап  ұстамасаң  қолыңды  алып  түседі.  Іштегі  шұбар  жыланды 

асыраудың қажеті жоқ, одан дер кезінде арылған жөн». 

 

Саржан сұраққа қарсы сұрақ қайтарды. 



 

— әлде сіз біздің Россия патшалығымен ұрысқанымызды ұнатпайсыз ба? 

 

—  Бекер  үйдейсіз,  —  деді  сөзін  соза  құшбегі.  —  Егер  мынау  ақ  сақалым 



орыстың қанымен боялса арманым жоқ. Бірақ қазір мәселе онда емес... 

 

— Енді неде? 



 

Бегдербек Саржанға күлімсірей қарады. 

 

— Қазақта мақал бар емеc пе... «Өзім асыраған күшігім өзімді қапты» деген? 



 

Саржан тұнжырап кетті. 

 

— Қай күшік қай күшікті асырағанын анықтасақ нетті. 



 

Құшбегі бұрынғысынан да күлімсірей түсті. 

 

— Қазақта тағы да бір мақал бар емес пе, дастарқан қасында отырып қонақ 



аяғын алшақ көсілмес болар деген? 

 

—  Иә,  сөзіңіз  дұрыс,  кей  қонақ  аяғы  сонау  Созақ,  Сайрам, Ақмешітке  дейін 



көсіліп  жатқан  жоқ  па?  Ондай  масыл  қонақ,  масыл  ағайынға  аяғыңды  тарт 

дейтін, әттең дүние-ай, күштің жоғы-ай!.. 



73 

Әдеби KZ 

 

Бегдербек Саржанды сөзінен ұстады. 



 

— Бас қосып, күш жинау дегендегі мақсатың сол екен ғо й. 

 

Қызу  қанды  Саржан  абайсызда  от  басып  алғанын  түсінді.  Айтылған  сөз, 



атылған  оқпен  тең,  қайтып  алар  дәрмен  қайсы.  Осы  ағаттығынан  іштей 

ызаланып,  сазарды  да  қалды.  Ал  Бегдербек  болса  жауының  түпкі  сырын  оңай 

ашқанына  мәз  болып,  енді  шындап  күлімсіреді.  «Бас  қосып  күш  алса,  өзіңе 

тарпа  бас  салайын  деп  тұрған  жауды  қалай  босатып  жіберуге  болады?  Жоқ, 

кешірілген жау — ең қауіпті жау». 

 

—  Алдияр  тақсыр,  —  деді  енді  Есенгелді  сөзге  кірісіп,  —  жерді  шұқылай 



берсең  шұңқыр  болады,  денеңді  шұқылай  берсең  жара  түседі...  Елімізден, 

жерімізден  айырылып  жүргенде  не  етесіз  біздің  жанымызға  жара  салып? 

Россия патшасына қарсы шығамыз деп сізбен бірге бір қайыққа мініп едік, сол 

қайықтың бір жағаға жетуі керек те еді. Айран сұрай келіп, шелегіңді жасырма 

дегендей,  шын  ойымызды  айтайық.  Ташкенттік  өзбек  ағайынға  сонау 

Сарыарқаның  жерін  қорға  деу  қиын,  ал  ақ  патшадан  тартып  әпер  деу  тіпті 

орынсыз.  Сыбырлап  сөйлегенді  құдай  естімей  ме,  орыс  солдатын  жеңетін 

Қоқанда да күш жоғы өзіңізге аян. Сондықтан біздің өтінішіміз... 

 

— Жаңағы Саржан мырза айтқан ғой? 



 

—  Иә,  мал  ашуы  —  жан  ашуы,  жер  ашуы  —  ел  ашуы.  Қазақ  ел  болып  бас 

қосса, кім біледі, бір кемерге жетіп те қалар ма еді, қайтер еді... Алдияр тақсыр, 

жаралы  жолбарыс  жарасыз  жолбарыстан  ер  келеді.  Біз  қазір  жаралы 

жолбарыспыз. Жауымызға аямай шабуымыз заңды. 

 

«Иә, мен де сендердің жаралы жолбарыстай  пиғылдарыңнан қорқамын, — 



деді  ішінен  Бегдербек,  —  сондықтан  да  сендерді  темір  шынжырда  ұстау  ең 

тиімді әдіс».  

 

Бірақ Есенгелдіге өзгеше сұрақ берді. 



74 

Әдеби KZ 

 

—  Жарайды,  Қаратау,  Шу,  Сыр  бойының  қазақтарының  басын  қосуға  біз 



рұқсат  берейік  делік.  Сонда  қолдарыңнан  не  келеді?  Ол  күш  тым  жеткіліксіз 

емес пе? 

 

Орта  Сыр,  Шу,  Сарысу  қазақтарының  басын  қосуға  сіздер  мүмкіндік 



берсеңіздер,  Аяқ  Сыр,  Арал  теңізі,  Үстірт,  Маңғыстау  қазақтарының  бізбен 

бірігуіне Хиуа ханы қарсы болмас деген үмітіміз бар. Хиуа хандығының Россия 

империясынан қорғаныс ететін алдыңғы шебі қазақтың жері емес пе? 

 

Он тоғызыншы ғасырдың бас кезінде, Мұхамед Рахым ханның тұсында Хиуа 



хандығы үлкен мемлекетке айналған. Солтүстікте Сырдарияның Аралға құятын  

сағасынан  бастап  Оңтүстіктегі  Ауғанстан  шекарасына  дейін  осы  хандыққа 

бағынышты  болатын.  Бұған  Мұхамед  Рахым  мен  оның  әкесі  Елтезер  қазақтың 

алауыздығын пайдаланып, Сырдарияның Аралға құятын сағасын, Арал теңізінің 

маңайын,  Үстірт,  Маңғыстауды,  сол  жерлерде  паналайтын  Кіші  жүздің  біраз 

руын  өзіне  бағындырып  алған.  Хиуа  ханының  қарамағындағы  қазақтардың 

көрген  күні,  Қоқан  хандығындағы  қазақтардікінен  де  сорақы  еді.  Қит  етсе 

қырып-жойып,  байлап-матап  Ауғанстанға  апарып,  қатынын  күңдікке,  еркегін 

құлдыққа  сататын.  Бір  ғана  мың  сегіз  жүз  жиырмасыншы  Ұлу  жылы  Хиуа 

ханының  әскері  қазақ  ауылдарын  шауып,  жүздеген  адамдарын  өлтіріп,  алпыс 

бес  мың  қойын  он  бес  мың  түйесін,  жеті  мың  жылқысын,  мыңға  жуық  сұлу 

деген  қыз-келіншектерін  тартып  алып  кеткен.  Кіші  жүз  ауылдары  Хиуа 

хандығына  қарсы  талай  рет  бас  көтерген.  Бірақ жігері  құм  болып,  дегендеріне 

жете алмаған. 

 

Бір  мың  сегіз  жүз  жиырма  бесінші,  Тауық  жылы  Мұхамед  Рахым  өлгеннен 



кейін  Хиуа  ханының  тағына  оның  үлкен  баласы  Аллақұл  отырды.  Табынды 

басқарып  келген  Айшуақ  ұлы  Серғазы  сұлтан  осы  Аллақұлға  жалғыз  қызын 

беріп, Хиуаның қол астына кіріп, соның арқасында Кіші жүздің ханы аталған. 


75 

Әдеби KZ 

 

Бірақ  бұл  кезде  Россия  патшалығы  Хиуаға  да  көзін  тіге  бастап  еді.  Өз 



хандығына  қауіп  төнгенін  сезген  Аллақұл  екі  мемлекеттің  ортасында  жатқан 

Үстірт,  Маңғыстау,  Арал  теңізі,  Сырдарияның  аяқ  шенін  жайлаған  қазақ 

ауылдарын Россия патшалығына қарсы қойып, өзіне қалқан етуді көздеген. 

 

Есенгелдінің  айтып  отырғаны  осы  екенін  құшбегі  де  түсінеді.  Сөйтсе  де 



сұлтандардың түпкі сырын аша түсейін деген оймен: 

 

— Жарайды, Қоқан ханы мен Хиуа ханы қазақ ағайынның пайдасын жоқтап 



Ұлы  жүз  бен  Кіші  жүзге  өз  бастарын  қосып  жасақ  жинауға  мүмкіндік  берсін 

делік.  Бірақ,  бұ  да  аз  күш  қой.  Қазақта  сан  жағынан  Орта  жүз  басым.  Біздің 

есебімізде  Қараөткел,  Семей,  Торғай,  Жайықтың  солтүстік  пен  күншығыс 

шебінде, аздаған Кіші жүздің руларын қосқанда бір миллион сегіз жүз мың жан 

бар. Тегіс Орта жүз десеңіздер болады. Ал сол Орта жүз қайда қалады? 

 

— Кіші жүз бен Ұлы жүз басын біріктірсе Орта жүз орта жолда қалмайды. — 



Есенгелді  шын  ойын  айтты,  —  Абылай  атамыздың  үш  жүздің  басын  қосып,  ақ 

туын тіккен жер емес пе, күреске дайын тұр. 

 

Құшбегі жымия езу тартты. 



 

«Дәмелерің  алыста  екен!  әрине  бар  қазақтың  басын  қостырып  қойсақ 

сендерге Қоқан да, Хиуа да төтеп бере алмас. Россия айдаһары да оңайлықпен  

жұта  алмас.  Жоқ,  қымбатты  сұлтандарым,  біз  сендер  ойлағандай  ақымақ 

емеспіз.  Россия  да,  Қоқан  да,  Хиуа  да  сендерді  майшелпек  етіп  асай  бергісі 

келеді.  Оған  қазақтың  малы  да,  жері  де  жетеді.  Бізге  сендердің  бір 

болғаныңнан алауыз болғаның тиімді». 

 

Алаяқ Бегдербек бұл ойын тағы да жасырып, күлімсіреген үстіне күлімсірей 



түсті. 

 

—  Бұған  Серғазы  хан  қалай  қарайды?  Ортақ  өгізден  оңаша  бұзау  артық 



демей  ме?  Бүкіл  қазақты  біріктіргеннен  гөрі  Кіші  жүзді  өзінің  бауырына  басып 

76 

Әдеби KZ 

отырғанын жақсы көрсе қайтесіңдер? Онда Аллақұл хан қайын атасының сөзін  

жерге  тастай  ала  ма?  —  Құшбегі  қиқылдай  өтірік  күлді.  —  Өзі  жас  тоқалын 

жақсы  көреді  дейді  ғой.  Кейде  оймақтай  дүниенің  алтын  аймақтан  да  артық 

құны болатын әдеті... 

 

—  Серғазы  Кіші  жүздің  ханы  емес.  Аллақұл  оған  ондай  ат  бергенмен 



Серғазыға тек Табын мен Шекті рулары ғана бағынады. Бұның өзі екі ұшты жәйт. 

Табын руының көпшілігі қазір Жоламан сұлтанның соңында... 

 

«Бәсе,  өзім  де  ойлап  ем,  өзі  қазақ  бола  тұра  бір  тайпы  ел  қалай  бір  ханға 



бағынып жүр деп... Жоламан дегендері де осы Қасым төре балалары секілді, өз 

алдымызға ел боламыз, хан боламыз деп көксеген біреу шығар». 

 

Бірақ құшбегі Жоламан жайын тез ұмытты. Ол сөзді кенет күлкі-сықақ арнаға 



бұрды. 

 

—  әкесін  бір  тайпа  елге  хан  етердей  Серғазы  мырзаның  қызы  қандай  еді? 



Басы алтын, арты күміс пе екен? 

 

Мұндай  сұраққа  жауап  беруді  ар  көріп  Есенгелді  де,  Саржан  да  үндемеді.  



Бұлардың ренжіп қалғанын аңғармағандай құшбегі күлімсіреген қалпында: 

 

—  Қазақ  сұлтандары  хан  болудың  жеңіл  әдісін  тапқан  екен,  —  деп 



қалжыңдай түсті. — Мүмкін Қасым төренің де сұлу... 

 

Саржан  қолын  семсер  сабына  қалай  апарғанын  аңғармай  қалды.  Есенгелді 



сабырлы  қимылмен  Саржанның  қарын  қысты.  Бегдербек  сұрланып  кетсе  де,  

ештеңе  сезбегендей  күлімсіреп  сөзді  бөтен  жаққа  бұрды.  —  Мүмкін  Қасым 

төренің Серғазы секілді хандарды жақтырмауының бөтен де себебі бар шығар. 

Қызын беріп, хандықты сатып алу — сұлтандарға ұнасымды іс емес қой. 

 

«Жоқ,  жоқ,  деді  бірақ,  ол  ішінен,  кенет  бойын  алып  кеткен  дірілін  әзер 



басып,  бұлардың  көзін  тез  құрту  керек...  япырмай,  кісі  қабылдайтын  үйге 

қарулы адамды кіргіздірмеуді бұрын қалай ойламағанмын? Бұны бұдан былай 



77 

Әдеби KZ 

қарай  қатты  еске  алу  керек  екен.  Кім  біледі,  ашу  үстінде  Саржан  секілді  бір 

ноқай...» 

 

Құшбегі өзінің ағат сөйлеп қалғанын бірден аңғарды. Намысқой Саржанның 



оқыс  қимылынан  іштей  жаман  шошыды.  Енді  ол  бұдан  әрі  сұлтандармен 

әңгімелесудің еш қажеті жоқ деп тапты. Бәрі де айқын болды. Тек сұлтандар сес 

алып кетпесін деп бұрынғысынан да бетер күлімсірей түсті. 

 

— Ел қамын ойлаған ер азаматтардың ашуын да, өкпесін де түсіне алмасақ 



қалай жұрт билей аламыз? — деді ол ана екеуінің бетіне ашық жүзбен қарап, — 

Саржан  мырза,  сіздің  күйігіңізге  де  түсінем,  сол  себепті  кейбір  қызба 

сөздеріңізді  де  кешірем.  Өзбек  қазаққа  дос  ел.  Дос  болмаса  Мәмет  әлім 

құшбегі  алты  мың  әскерін  ертіп  Арқаға  бара  ма?  —  Ол  енді  ұялғандай  жерге 

қарады,  —  қолынан  келмеген  іске  ол  айыпты  емес.  Мәмет  әлімнің  күнәсін 

кешіріңдер. Ал сіздердің тілектеріңізді бүгін кешке хан иеме жеткізем. 

 

— Егер ханзадасыз шешілмейтін болса, — деді абайлап сөйлеп Есенгелді, — 



біз өзіміз де о кісімен дидарласамыз ба, қайтеміз? әрине, сіз рұқсат етсеңіз... 

 

Бұл  сөзге  Бегдербек  қуанып  қалғандай  ишарат  көрсетті.  «Өздерінің  тілегін 



пайдалану керек. Қайткенмен де бұлардың тағдырын бүгін түнде шешкен жөн». 

 

Ал сұлтандарға: 



 

—  Бұларың  табылған  ақыл,  —  деді.  —  Хан  иеме  сіздерді  қабылдатуды  өз 

міндетіме алайын. Тек о кісі ертең Қоқанға қайта жүріп кетеді. Сондықтан бүгін 

жолығып  қалғандарың  жөн.  Мүмкін  хан  ием  сіздерді  кеш  шақырып  қалар, 

жігіттеріңіз жата берсін, ал өздеріңіз ұйықтамай менен хабар күтіңіздер... 

 

Ташкент  құшбегінің  дуан  сарайы  қонақтар  жататын  рабаттан  әжептәуір 



қашық болатын. Бұл екеуінің ортасында сыңсыған жеміс ағашы, гүлдер алаңы, 

тынбай аққан лайлы сулы атжал жатыр. 



78 

Әдеби KZ 

 

Есенгелді  мен  Саржан  Бегдербекпен  әзірге  қош  айтысып  диуан  сарайдан 



шығып,  құшбегінің  ішкі,  сыртқы  есіктердегі  күзеттерінен  өтіп,  өздері  жатқан 

рабатына  беттей  беріп  еді,  оларды  бір  теректің  жанында  шұбыртпалы  Ағыбай 

батыр мен Саржанның он тоғыз жасар ұлы Ержан күтіп тұр екен. Ержан әкесіне  

тартқан  ат  жақты,  ақсары,  талдырмаш  келген  бала  жігіт.  Әкесінен  гөрі  көзі 

шегірлеу,  бойы  шағындау.  Арқа  салдарынша  киінген.  Басында  үкілі  құндыз 

бөрік,  үстінде  жібек  белбеумен қыналған  оқалы  мол  жеңді  барқыт  шапан  мен 

жарғақ шалбар, аяғында күміс зерлі биік өкше етік. 

 

Шұбыртпалы  Ағыбай  Қасым  төре  балаларының  соңынан  ерген,  кедейден 



шыққан батыр. Биыл отыз төртте, зор денелі, түкті қабақ, қара сұр, шүңірек көз 

кісі.  Қолдары  бақандай  ұзын,  саусақтары  анау-мынау  адамды  маңдайынан  бір 

шерткенде үнсіз қатыратындай салалы, жұп-жуан. Сақал-мұрттан ада дерлік, тек 

иек астында селдір ғана сақалсымақ бірдеңе бар. Құрдасы Кенесарыдан бастап 

үзеңгілес  серіктерінің  бәрі  оны  «көсе»  деп  атайды.  Сырт  бейнесі  ызбарлы,  бір 

көргеннен-ақ күш иесі екені танылады. 

 

Үстінде  мол  тігілген  қара  шекпен.  Басында  да  түйе  жүн  қара  далбағай, 



бұтында  қара  құлын  терісінен  иленген  жарғақ  шалбар.  Аяғында  кең  қоныш 

саптама  етік.  Белінде  тізесіне  тиетін  қайқы  қара  қылыш  пен  қап-қара  болат 

семсер. Тек арқасына үнемі таңулы жүретін болат қалқаны ғана бозғылт. 

 

Ағыбайдың ең сүйікті қаруы тоғыз буынды, жез сақиналы жуан қайың найза. 



Атқа  мінгенде  құлан  терісінен  бұзау  тіс  етіп  өрілген  қайыспен  қанжығасына 

байлап  алады.  Ал  жай  жүргенде  қолына  ұстайды.  Бұл  найзасын  Ағыбайдың 

жақсы көретіні соншалық, ол күндіз қолынан бір түсірмейді, түнде басына жас-

танып жатады. Батырдың денелілігі соншалық, биіктігі кіші-гірім түйедей, атақты 

Ақылағына мінгенде, есекке мінген өзбектей, тізесі атының қолтық тұсын соғып 

тұрады. 


79 

Әдеби KZ 

 

Үсті-басы қара қоңыр, темір тор сауытты Ағыбайдың түсі орасан суық, сонау 



шүңет  көздер  қайтпас  қайсарлық,  таусылмас  қайрат  отындай  жанады.  Қандай 

жүректі жан болса да, Ағыбайды алғаш көргенінде алпамсадай ызбарлы түрінен 

сескенбай  қалған  емес.  Ал  әлдеқалай  түнде  кездескен  адам,  ертегінің  дәуін 

көргендей жүрегі жарылып кете жаздайтын. Оның есінде батыр түн ұйқысынан 

шошып оятар бір құбыжық секілді өмірбақи қалатын. 

 

Қарқаралыдан шыққан Ағыбайдың әкесі Олжабай батырға бір боталы түйе, 



жауға  мінер  бір  ат,  балаларына  сүт  болар  жалғыз  сиырдан  бөтен  мал  бітіп 

көрген  емес.  Ал  шешесі  Есіл  бойындағы  Тарақты  руының  қызы  еді.  Бұ  да 

адуынды,  батыр  мінезді  әйел  болатын.  Олжабай  балалары  ер  жетпей  дүние 

салды.  Шешесі  Дәметкен  Ағыбай,  Манабай,  Танабай,  Мыңбай  атты  төрт 

баламен  жесір  қалды.  Ең  үлкені  Ағыбай  ол  кезде  онға  жаңа  жеткен. 

Балаларының  аттары  кілең  «баймен»  бітсе  де  Олжабай  дүние  салғанда 

бұлардың  бар  малы  боталы  жалғыз  қара  інген  болды.  Жоқшылықтан  бөтен 

серігі  жоқ  қайратты  Дәметкен,  төрт  баланың  қамы  үшін,  ағайынның  бермесін 

күшпен  тартып  алуға  кірісті.  Қолына  сойыл  ұстап  өзіндей  кедей  адамдарымен 

бірігіп қараңғы түнде бай ауылдардың сояр соғымын барымта етті. 

 

Балапан ұяда не көрсе ұшқанда соны іледі, осындай өжет ананың баулуында 



қанаттанған  Ағыбай  да  батыр  болып  өсті.  Он  сегіз  жасынан  Қасым  төре 

балаларының  соңынан  ерді.  Отыз  төртке  келгенше  басынан  талай  айқасты 

өткізді.  Қазір  Ағыбайдың  суарылған  көк  темірдей  әбден  пісіп,  мейлінше 

қайралған кезі. 

 

Есенгелді мен Саржан асықпай аяңдап өздерін қобалжи күтіп тұрған Ағыбай 



мен Ержанның қасына келді. Ағыбай гүл-бақшаның ортасында әлдеқалай тұра 

қалған  қара  жартас  тәрізді.  Анандайдан  дөңкие  көзге  түседі.  Саржандар  келе 

жатқан  жаққа  тесіле  көз  тастауына  қарағанда  қобалжып  тұрғаны  айқын.  Бірақ 


80 

Әдеби KZ 

сырын  сыртына  шығармай,  үн-түнсіз  қатып  қалған.  Бұлар  жақындаған  кезде 

Ержан Есенгелдіге қарап: 

 

— Көке, сөйлесе алдыңдар ма? — деді. 



 

Есенгелді жүре жауап берді. 

 

— Сөйлестік, қалқам... Енді Мәделіханның өзімен дидарласпақпыз... 



 

Бұдан артықты сұрауға болмайды. «Мәделіханның өзімен дидарласпақпыз» 

деулеріне  қарағанда  құшбегімен  жөнді  бәтуәға  келмеген  ғой  деді  де  қойды 

Ержан ішінен... 

 

Рабатқа  келгеннен  кейін,  өздерінің  жатар  бөлмелеріне  кіріп  алып,  ағалы-



інілі  екі  сұлтан  ұзақ  кеңесті.  Құшбегі  қанша  жылы  сөйлеп  шығарып  салғанына 

қарамастан,  екеуі  де  бір  сұмдықты  сезген-ді.  Кеңесе  келіп,  «есің  барда  еліңді 

тап»  деген  ақылды  еске  алып,  Мәделіханмен  сөйлескеннен  кейін,  бір  сәт  те 

кешікпей  елге  жүріп  кетуді  ұйғарды.  Жан  алайын  деп  тұрса  да  іші-бауырыңа 

кіріп  жылы  сөйлейтін  өзбек  бектерінің  сайқал  ұстамдылығы  бұларға  да  аян. 

Бегдербек жайылып төсек, жазылып жастық болған сайын, ағайынды сұлтандар 

сескене түсті. Бірақ өзгелерді шошытпайық деп өздерінің күдіктерін қастарына 

ерген төлеңгіттеріне ашпады. Тек Ағыбайды ғана шақырып ап: 

 

—  Батыр,  —  деді  Саржан  неге  екені  белгісіз  кенет  толқып  кетіп,  —  біз 



Мәделіханнан  оралғанша  Ержанды қасыңнан  тастама.  Және  аттарыңа  сақ  бол, 

өзбек бақташылары бөтен жаққа әкетіп жүрмесін. 

 

Жігіттер  мініп  келген  аттар  көршілес  керуен  сарайдың  ауласына  қойылған-



ды,  ал  ер-тоқымдары  осы  рабаттың  шыға  берісіндегі  бір  бөлмеге  үйілген. 

Бағушылар өзбек адамдары, тек төлеңгіттер анда-санда барып қарап тұратын. 

 

Ағыбай  Саржанның  неге  бүй  дегенін  саралап  сұрамады.  Жалғыз-ақ  ішінен 



бір сырды түйді де: 

 

— Құп болады, — деп шығып кетті. 



81 

Әдеби KZ 

 

Күн  бесінге  таяп  қалған.  Босқа  сарылып  отырмайын  деп  Есенгелді  қалың 



ойға  шома  қалтасынан  тәспиғын  шығарып,  сыртылдатып  тарта  бастады.  Ал 

Саржан  анандай  жерде  жатқан  кілем  боқшантайынан  қол  басындай  қайрағын 

алып,  белін  шешті  де,  қынабынан  ақ  семсерін  суырып,  қанды  айқас 

алдындағыдай әдетімен өткірлеп қайрауға кірісті. 

 

...Есенгелді  мен  Саржан  кеткеннен  кейін  құшбегі  ұзақ  уақыт  үн-түнсіз 



отырды.  Қанша  ойланбайын  десе  де  болмай-ақ  қойды.  Саржанның  бағанағы 

семсеріне  қолын салған қимылы көз  алдына елестей берді.  Тіпті кенет сол ақ 

семсер  қынабынан  жарқ  етіп  суырылып  көкірегіне  қадала  түскелі  тұрған 

тәрізденіп  кетеді.  Қанішер  адамның  тегі  қорқақ  келеді.  Бегдербек  қанішер  де, 

қорқақ  та  еді.  Осы  гүлдене  түскен  дәулетті  кентке  қолы  жетісімен  Бегдербек 

Ақмешіттің  хакімі  Жақыпбекпен  тізе  қосып,  ең  алдымен  Сыр,  Созақ,  Шу 

бойындағы  қазақ  ауылдарын  бұрынғыдан  да  бетер  қысымның  астына  алды. 

Өзінің  тас  жүректігімен  Мәделіханға  ұнап,  Қоқан  ханының  бас  қолбасшысы 

дәрежесіне  дейін  көтерілмек  ойы  бар.  Бүгінгі  қимылдары  сол  көтерілудің 

алғашқы сатылары. 

 

Ал бұл — Бұхар ханының да Ташкенге көзін тіккен кезі еді. Бегдербек болса 



Бұхар  елінен  қатын  алған.  Оның  үстіне  болашақ  —  жер  астынан  жік  шығарып, 

екі  құлағы  тік  шыққан  Қоқанда  емес,  ежелгі  көне  Бұхар  әмірлігінде  тәрізді. 

Бегдербек  мұны  да  еске  алды.  Сондықтан  сұм  құшбегі  Мәделіханды  жар 

басына  итере  салуға  дайын,  өйткені  Қоқан  ханының  біраз  мінезі  оған  аян... 

Әсіресе  қызба,  нәпсі  құмарлық  қасиеттері.  Ал  Ханпадшайым  —  әйел 

жыныстысының  күн  мен  айы.  Оны  көрсе  періштенің  де  ақ  жолынан  таюы 

ықтимал.  Адам  Атаның  жұмақтан  қуылуына  себепкер  болған  Хауананың  көркі 

де  осындай-ақ  шығар.  Бір  көрген  адамның  Ханпадшайымға  қызықпауы 

екіталай.  Аппақ  қардай  ақшыл  бетін  аударып,  тостағандай  қарақат  көзін 


82 

Әдеби KZ 

күлімдетіп бір қарағанда, көңілдегі қайғысын ұмытпас бірде-бір еркек дүниеден 

табылмас. 

 

Бегдербек  осы  Ханпадшайымның  Мәделіханға  тоқал  шеше  екенін  де  еске 



алды.  Бар  кәптің  өзі  осында  еді.  Нәпсіқұмар  Мәделіхан  осы  сұлу  тоқал 

шешесімен тіл тапса, екеу ара күлкі-қуанышы жарасса... Әрине, олардың сырын 

жасырар  тас  қабырғалар  бар.  Бірақ  осы  тас  қабырғалар  құшбегінің  арқасында 

болған  оқиғаны  Бұхар  әміріне  жеткізсе...  Құшбегінің  бар  арманының  өзі  сол 

емес пе! Ісләм дінін аяққа басып, өз әкесінің тоқалымен көңіл қосқан күнәліні 

кім  қорғай  алады?  Мұхамед  пайғамбардың  салған  жолы  қатаң.  Мұндай  ханға 

бүкіл  Ісләм  әулеті  қарсы  тұрады  емес  пе?  әрине  қарсы  тұрады...  Сөйтіп, 

Бегдербек  Бұхараға  Қоқанды  жығып  бермей  ме?  Жығып  береді.  Осы  еңбегі 

үшін Бұхар әмірі де оны ұмытпас. Мүмкін бүкіл Қоқанды билетер?.. 

 

Бегдербектің  Мәделіханның  келуін  асыға  күткен  тағы  да  бір  себебі  бар.  Ол 



Қасым  балаларының  тағдырымен  байланысты.  Әрине  Қоқан  ханының  бұған 

тікелей  қатынасы  жоқ.  Бірақ  болғалы  тұрған  қанды  уақиғаны  соның  әмірі  етіп 

көрсетсе  қайтер  еді?  Сақтықта  қорлық  жоқ,  егер  бұл  істің  өзінен  шыққанын 

Абылайдың көкжал ұрпағы біліп қалса, әңгіменің аяғы неге барып соғарын кім 

біледі?  Есенгелді  мен  Саржанға  қадалар  ақ  семсер  өзіне  қадалмасына  кім 

кепіл?  Абылайдың  отыз  бір  ұл,  қырық  қызынан  тараған  бықып  жатқан  бүкіл 

ұрпағының  қаһарынан  қалай  құтылып  кете  аласың?  Көптен  кім  шықпайды, 

олардан  да  бір  Бегдербектің  шықпасына  кім  куә?  Ал  егер  күнәні  Мәделіханға 

аударса, оған не істейді? Ташкент құшбегіндей іргелес ел емес, тоғыз таудың ар 

жағындағы  дәу  үйі  тәрізді,  Қоқан  ханының  салтанат  сарайының  тоғыз  есігінен 

өтіп Мәделіге жеткенше кім бар, кім жоқ... 


83 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет