Көшпенділер 3



Pdf көрінісі
бет4/32
Дата27.01.2017
өлшемі2,05 Mb.
#2789
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Әдеби KZ 

мекені осы Елек бойына да қол сұғуға кіріскен. Елек сорындағы тұзды Россияға 

жеткізетін  жаңа  жол  салудан  басталған  әрекет  Жаңа  Елек  пен  Орынбордың 

арасына  жиырма  тоғыз  бекініс  орнатуға  дейін  барды.  Бірте-бірте  Үшөзеннің 

бойы  мен  Рын  құмының  жағалығы  да  казак-орыстарға  берілді.  Бұл  араларға 

бекіністер, қалашықтар салынып, Табын руы біртіндеп өзінің сегіз мың шаршы 

шақырымдай  ең  оңды  мал  жаятын  жерінен  айырылды.  Міне,  осы  оқиғалар 

Жоламан батырдың атқа қонып қалың Табынды соңынан ертуіне себеп болды. 

Жоламан ең алдымен патша өкіметінен жерін қан төгіспей тату-тәтті келісіммен 

алуға ниеттенді. Осы үмітпен ол 1822, яғни Жылқы жылы Орынбордың әскери 

губернаторы  Эссенге  ата-мекенімізді  қайтарып  бер  деп  хат  жазды.  Бұған  еш 

жауап келмеді. Эссен жауап орнына қазақтарды құмға қарай сырғыта түсу үшін 

есаул Падуровты бас етіп арнаулы жасақ шығарды. 

 

Азғантай  адаммен  аттанған  Падуров  қолға  түсті.  Эссеннің  қылығын  қорлық 



санаған  Жоламан  Петербургтағы  Бірінші  Александр  патшаның  өзіне 

әбілғазының әрінғазы сұлтаны мен Сырым батырдың баласы Жүсіпті уәкіл етіп 

жіберді.  Патша  бұларды  қабылдамады,  әрі  Петербургтен  қайта  шығартпай 

қойды. 


 

Бір  жыл  өткеннен  кейін  Жоламан  Эссенге  тағы  хат  жазды,  өзінің  ата-мекен 

жері жайындағы өтінішін айта келіп, әрінғазы мен Жүсіпті, Орынбор түрмесінде 

жатқан  Құндақ  баласы  Төленбайды  қоя  берсе,  есаул  Падуровты  босататынын 

білдірді.  Бұл  хат  та  жауапсыз  қалды.  Бір  ай  өткеннен  кейін  әбден  күйінген 

Жоламан  Эссенге  үшінші  хатын  жолдады...  Әскери  губернатор  бұл  жолы  да 

жөнді жауап бермеді, тек қолындағы тұтқындардың төлеуі деп үш жүз жиырма 

жеті сом ақша жіберді «және бұдан былай қарай арамыздағы келіссөз Серғазы 

хан арқылы жүргізілсін» деді сол сүлесоқ қалпында. 


37 

Әдеби KZ 

 

Бұл  қорлыққа  шыдай  алмаған  Жоламан  ақырында  атқа  қонды.  Соңынан 



сарбаздарын ертіп, үш жыл бойы Елек маңайына салынған бекіністер мен жаңа 

орнап жатқан қалаларды шабуылдаумен болды. 

 

Бұған  жауап  ретінде  патша  үкіметі  жасақ  үстіне  жасақ  шығарды.  Оқ-дәрілі  



мылтық  пен  көк  құрыш  қылышқа  шыдай  алмай  Жоламан  әскері  сан  жеңілді. 

Бірақ  туған  жердің  кең  даласы  қорған  болған  жігіттер  қашан  да  көп  шығынға  

ұшырамай құтылып кете берді. 

 

Жайықтың  күншығыс  жағына  шеңгелді  қолын  мол  сұғып  желіккен  патша 



үкіметі  енді  Ор  мен  Троицк  қаласының  арасына  жаңа  жол  салды.  Осымен 

байланысты  Арғын,  Алшын,  Қыпшақ  руларының  он  бес  мың  шаршы 

шақырымдай ең шұрайлы жерін басып алды. Бұл рулар енді кешегі өз жерінен 

бүгін шөп шауып, мал оттатуға рұқсат алу үшін патша қызметкерлеріне көп ақша 

төлейтін  болды.  Мал  қайғысы  —  жан  қайғысы  дейтін  қазақ  кең  жайлау, 

шалғынды даласынан айрылып, не істерін білмеді. Ақырында барып Ақ Жайық 

өзені  мен  Қараөткел  ортасын  жайлаған  Арғын,  Қыпшақ,  Алшын,  Найман,  Уақ, 

Керей  рулары  ауық-ауық  ақ  патша  отаршылық  саясатына  қарсы  ереуілге  шыға 

бастады.  Әскер  тұрған  бекіністерді  шауып,  ақ  патшаға  берілген,  Россия 

империясының  қол  астына  кіріп  алған  Бөкей,  Уәли,  Сәмеке  тұқымдарынан 

шыққан  сұлтан-правительдердің  ауылдарын  талады.  Алайда  өзара  бақастық, 

бәсеке,  алауыздық  сияқты  дерт  жайлаған  бұл  рулардың  қоқан-лоқы 

ереуілдерін, қазақ даласының әр тұсына әскерлі бекініс орнатып үлгірген патша 

губернаторлары  басып  тастап  отырды.  Жайық  өзенінің  күншығыс  жағындағы 

Орта  жүз  бен  Кіші  жүз  рулары  өткен  жылы  ғана  жаппай  бас  көтерген  еді.  Бұл 

1835, яғни Қой жылғы ереуіл Қараөткел мен Жайық арасындағы ең үлкен ереуіл 

болды.  Бірақ    бұл  көтеріліс  те  нәтижесіз  аяқталды.  Алайда  қол  бастаған 

батырлар  енді  жауды  жеке  шауып  жеңе  алмайтындарына  көздері  жетті.  Бүкіл 



38 

Әдеби KZ 

қазақтың  бірігуі  керек  екенін  түсінді.  Бірақ  үш  жүздің  қазағын  тегіс  кім 

басқармақ? әр ру жеке отау тігіп өзі би, өзі қожа болғысы келді. Ортақ өгізден — 

оңаша  бұзау.  Бұл  әр  рудың  басты  адамдарына  қолайлы.  Сондықтан  олар  енді 

біріктіруден  гөрі  бытыратуға  құмар.  Әрине,  әр  рудан  шыққан  алуан-алуан  қол 

бастар батыр, топ жарар шешен бар, бірақ бар рудың тақымы толар, ақылы мен 

ерлігіне бас ұрар бірде-бір көсемі жоқ. Қала берді, әр жүздің бас иер батыры да 

жоқ. Батыр дегендері тек өз рулары үшін ғана. Мұндай жағдайда бар қазақтың 

басын  кім  қосады?  Кім  тұлғасы  болады?!  Сондықтан  да  көп  жұрт  Ақтабан 

шұбырындыдан соң қазақты ел етіп қайта көтерген Абылайханның ұрпақтарына 

көздерін тігуде еді. Қалмақтардың бетін қайырған соң, ұзақ жылдар бойы, Орта 

жүздің шын мәнісіндегі әміршісі болып келген Абылайды Үш жүздің бас көтерер 

адамдары  1770  жылы  ақ  кигізге  көтеріп  хан  сайлады.  Бірақ  Екінші  Екатерина 

патша  өзінің  1778  жылы  24  майда  берген  Указында  оны  тек  Орта  жүздің  ғана 

ханы  етіп  бекітті.  Неге  Абылайдың  өтінішін  қабылдамағаны  жайында  осы 

Указды  Орынбор  губернаторына  жолданған  сол  жылғы  жиырма  бірінші 

сентябрьдегі  сенат  коллегиясының  хатында  көрсетілген.  Онда  бар  қазақты  бір 

ханға  билетіп,  басын  қосудың  қауіпті  екенін  ашып  айтқан.  Тағы  осы  хатта 

Абылайдың Россия императорына бағынғанына патша бекінісінің бірінде антын 

бергеннен кейін ғана оған хандық грамотасы мен құндыз ішік, түлкі бөрік, күміс 

қылыш  тапсырылсын  делінген.  Бірақ  Абылай  патшаның  бұл  талабын 

орындамады.  Указбен  танысуға  өзі  келмей,  ағасы  Жолбарысты  жіберді.  Ол 

сендерге бағынамын деп Россия мен Қытай императорларын бірдей алдап, ал 

шын мәнісінде Үлкен Орда ханы болып жүре берді. Бірақ бұл кезде Әбілқайыр, 

Нұрәлі  ұрпақтары  басқарған  елдердің  көбі  патшаға  шын  бағынған-ды.  Ал 

Абылайхан  өлгеннен  кейін  1782  жылы  хандыққа  оның  үлкен  баласы  Уәли 

бекітілді. Ол бірден Россия патшасының отаршылық саясатына мойын сұнды. Ал 


39 

Әдеби KZ 

Абылайдың өзге ұрпақтары, әсіресе қалмақ әйелінен туған баласы Қасым төре 

бұған  көнбеген-ді.  Абылайдың  Үш  жүзді  бірдей  аузына  қаратқан  хандық 

мәртебесін көксеген Қасым төре, оның үлкен балалары Есенкелді, Саржан алыс-

жұлыстан  бір  күн  тыйылмаған...  Қалың  бұқара  Шыңғысхан  ұрпақтарының 

мұндай  шерменін  қайдан  білсін,  өзінің  тәуелсіздік  тілеген,  жерін  қорғаған 

күресіне  Абылай  ұрпақтарының  ежелгі  арманы  сәйкес  келіп,  басымызды 

осылар  қосар  деген  үмітті  көкейлеріне  тұмардай  таққан.  Бұл  кезде  патшаның 

отаршылық  саясаты  шегіне  жетіп,  қазақ  елінің  қай  тұсында  болса  да  ереуілге 

шыққандар  тобы  көбейе  түскен.  Мың  бұлақ    қосылса  өзен  болады.  Басқара 

білер  кісі  болса  мына  ру-ру  боп  көтерілген,  тәуелсіздігін  аңсаған  халық  бір 

тудың  астында  біріксе,  дүлей  толқынды  теңіз  тәрізді  ғажайып  күшке  айналуы 

сөзсіз.  Ал  сол  күшті  кім  басқарады?  Қасым  төре  балалары  сонау  Қаратау 

маңында.  Және  қазір  олардың  тасы  өрге  домалайтындай  халде  емес  екенін 

бүкіл Арқа, Жайық біледі. Қоқанмен тіл табысар күн бар ма? Тіл табысқан күннің 

өзінде  оның  өрісі  ұзақ  боларына  кім  сенеді?  Былтыр  жаздағы  Ташкент 

құшбегінің  қылығы  тағы  қайталанбасына  кімнің  көзі  жеткен?  Сауда  адамында 

пәтуа жоқ, қазақ елін садақа етіп, өз пайдасын көздеп отырған сонау алыстағы 

Қоқан  ханына  сенгенмен  не  пайда?  Сенбегенде  не  істеу  керек?  Россия 

патшалығымен  біріктік  дегенді  сылтау  қылып,  ел-жұртын  қанап  жатқан  қарға-

құзғын сұлтандардың жемі болуға көне бересің бе? Көнбеске шара бар ма? Іш 

қазандай  қайнайды,  күресуге  дәрмен  жоқ.  Орға  тірелген  жеріміз  осы  шығар. 

Енді аяғыңды еппен баспасаң омақатқаның. 

 

Жоламан  батырдың  бағанадан  бері  ойын  шырмаған  осылар.  Өзі  қатты 



сасқан  күйде...  «Жоқ,  бір  жолын  табу  іс-ақ.  Таппасқа  болмайды.  Өйткені 

соңымнан ерген мынау қалың Табынның тағдыры үшін менен басқа кім жауап 



40 

Әдеби KZ 

бермек? Жөн сілтей алмайды екем, о баста-ақ жұртты жел көтерген толқындай 

ұйқы-тұйқы етпеуім керек еді». 

 

Жоламан  әрі  ойлап,  бері  ойлап  бір  шешімге  келді.  «Көп  қорқытады,  терең 



батырады».  Бар  қазақтың  басының  бірлігі  бізге  қорған  бола  алады.  Бірақ  ол 

оңайға  түсе  ме?  Қазақ  сонда  кімнің  соңынан  ереді?  Елге  тұтқа  бастысы  кім? 

Абылайдың  туын  көтеріп  жиырма  жылдан  бері  Сібір  губернаторымен, 

Қоңырқұлжа,  Зілқара  аға  сұлтандармен  алысқанда,  Қасым  төре,  Есенкелді, 

Саржанның  соңдарынан  бар  ерте  алғандары  Алтын,  Тоқа,  Уақ,  Алтай 

руларының ауылдары ғана! Ал менің соңымнан ерген Табыннан басқа кім бар? 

Бар  қазақтан  жұртқа  тұлға  болар  бір  батыр  ұл  шықпағаны  ма?  Неге  батыр  ұл? 

Ақылгөй  шешен  болса  да  жетпей  ме?  Жоқ,  қазақ  құр  ділмарға  ермейді. 

Батырлықты  сүйер  жауынгер  халық  ел  басқарар  ақылдылығы  мен  жау  түсірер 

ерлігі болмаса, басын имейді. Алты алашқа аян ондай кім бар? Осындай бір ұл 

табылса,  намыс  дегенді  былай  қоя  тұрып,  өзі  де  оның  қол  астына  кіруден 

тартынбас еді. 

 

Алдында  қол  бастаған  әкесі  мен  ағалары  болғандықтан  Кенесарының  бұл 



тұста  бәлендей  аты  шыға  қоймаған.  Қазақта  ол  кезде  не  көп,  батыр  көп, 

Кенесарының  кейбір  ерлігі  ағалары  айбарының  тасасында  қала  беретін. 

Сондықтан  Жоламан  оған  тоқтамады.  «Кім  бар?»  деген  арманды  сұрағына 

жауап таба алмай басы әңкі-тәңкі болды. 

 

Дәл осы сәтте оның жанына Байтабын келді. Байтабын үлкен апасынан туған 



Кіші  жүздің  Есентемір  руындағы  жалғыз  жиені  еді.  Жанындай  жақсы  көретін. 

Әйтсе  де  ел  қамын  ойлаған  Жоламан,  қиын-қыстау  қатерлі  нартәуекел  іске 

көбінесе  Байтабынды  жұмсайтын.  Өйткені  Байтабын  шексіз  батыр,  епті, 

айлакер.  Тапсырған  істі  тап-тұйнақтай  етіп  орындап  қайтады.  Бірақ  өзгеге  сыр 

бермегенмен, Жоламан да Байтабын оралғанша жанын қоярға жер таппайтын. 


41 

Әдеби KZ 

Тек жалғыз жиені қатерлі сапардан аман-есен келгенде ғана барып, жаңбырдан 

кейін  ашылған  аспандай  жадырап  сала  беретін.  Бүгін  де  осындай  халде  еді. 

Байтабынды  көрісімен  көңілі  көтеріліп  қуанып  қалған.  Міне,  енді  жанына 

келген жиенін маңдайынан иіскеді. 

 

— Сен оралғанша мылтықтың аузында тұрғандай болдым ғой.  



 

Жауынгер  болып  қалған  жас  жігіт  нағашысының  әлі  де  мұны  бала  көріп 

маңдайынан иіскегенінен қысылып: 

 

— Түу, көке-ай... — деді күлімсірей қызарып. 



 

Жоламан бойын тез жинап алды. 

 

— Шыққан әскер көп пе екен?   



 

— Екі топ. Бірі — жүзге таман кәрі қылыш 

1

 . Елек бойымен жоғары көтеріліп 



келеді.  Бәрінің  мойынында  бір-бір  карабін  мылтық.  Басқарып  келе  жатқан 

қоржынды Қара Бураның өзі. 

 

Қазақ  ат  қоюға  қандай  шебер.  Адамның  бойындағы  бір  жақсылығын,  не 



кемістігін  тауып  алады  да  соған  сәйкес  не  мазақтайтын,  не  кекесін,  немесе 

мадақтайтын бір ат таба қояды. Байтабынның қоржынды Қара Бура деп тұрғаны 

хорунжий Карпов. Бұл өзі зор денелі, кеуде, білектерін жүн басқан ашушаң қара 

кісі.  Әрине  бұған Қара  Бура  деген  ат  дұрыс  келеді.  Ал  қоржынды  деген  сөздің 

хорунжийден  шыққанын  қазақ  әлдеқашан  ұмытқан.  Сондықтан  қоржын  артып 

жүрмейтін  Қара  Бураны  неге  қоржынды  дейтіндерін  өздері  де  білмейді.  Сірә 

бұлар  да  руға  бөлінетін  шығар.  Шұбыртпалы  Ағыбай  деген  тәрізді,  бұның  да 

қоржынды делінуі содан болар дейтін де қоятын. 

 

Карабин  мылтықтың  оқтауы  жылдам  болмағанмен,  ол  кездегі  ең  мықты 



қару.  Жоламан  сарбаздарында  бұл  мылтық  атымен  жоқ.  Жігіттердің  қолында 

сойыл-шоқпар,  садақ.  Тек  кейбіреулерінде  ғана  Хиуа  шеберлері  істеген  ұзын 

                                                 

1

 К ә р і  қ ы л ы ш — карательный отряд деген мағынада. 



42 

Әдеби KZ 

мойын  білтелі  мылтық.  Сондықтан  сарбаздардың  жаумен  қоян  қолтық 

келгенше ең көп пайдаланатындары садақ. Ер басына ілген өрнекті кигіз жарғақ 

қорамсаларда бірнеше жебелер қатар тізілген. Сап жағы ғана көрінеді. Бас жағы 

төменде. Олардың кейбіреулерінің ұштары жылан уымен немесе аусыл болған 

сиырдың сілекейімен суарылған. Қолмен ұстауға болмайды. Бұл жебелер тиген 

жаудың  тірі  қалуы  екіталай.  Ежелден  садақ  тартып  үйренген  қазақ,  осы 

атамзаманғы  қарумен  де  зеңбірек  пен  карабинға  қарсы  шығуына  қарағанда 

тәуелсіздік арманы ажалдан күшті болғаны да әйтпесе... 

 

Жоламан алдағы айқастың қаншалық қиынға түсетінін күні бұрын аңдап тұр. 



Ол беліндегі Қорасанда жасалған көк семсерін сәл қозғап қойды да: 

 

— Зеңбіректері бар ма екен? — деді. 



 

— Жоқ, онысы жоқ. 

 

— Мұнысы жақсы екен. 



 

— Бірақ, күкірт оқ-дәрісі көп деседі. Өзім көре алмадым. Көрген жігіттер қос 

ат  жегілген  артқы  арбада  қара  кигізге  оралған  бір  күбі  оқ-дәрі  бар  дегенді 

айтады. 


 

—  Бұны  да  еске  алған  жөн.  Білтелі  мылтықты  бір  сарбазға  тапсырармыз. 

Атары  тек  сол  қара  кигізді  арба  болсын.  —  Жоламан  кенет  бірдеме  есіне 

түскендей  Байтабынға  бұрыла  қарады.  —  әлгі  ақ  көз  Жәбірейілі  мен  маңқа 

әлексалдысы көзге түспеді ме? 

 

Жоламанның  ақ  көз  Жәбірейіл,  маңқа  әлексалды  деп  тұрғаны  Елек 



бойындағы  бекеттердің  Гаврилло,  Александр  деген  урядниктері.  Ашуланғанда 

көзі  ағарып  кететін  Гаврилло  мен  мұрнынан  мыңқылдап  сөйлейтін  Александр, 

Елек  бойының  қазақтары  арасында  белгілі  қан  ішер,  тас  мінез  қатал 

урядниктер.  Көптен  бері  қазақ  ереуілшілерімен  айқасып  әдеттенгендіктен, 

бұлар алаңғасарлау Карповтен гөрі дала ұрысының тәсілін біледі. Елек маңымен 


43 

Әдеби KZ 

әбден  таныс.  Айла,  қулықтары  да  бар.  Ереуілшілермен  кейде  итжығыс  түсіп 

жүретін сұмдар. Жоламан оларды сондықтан да сұрап тұр. 

 

— Екеуі де Серғазы ханның жасақтарымен бірге.  Бұлар да жүзге таман кісі. 



Он  шақты  іштесерлері 

1

   бар,  өзгелерінде  қисық  қылыш,  болат  ұшты  найза. 



Бұлар бізге Үшөзен тоқырауынан кеп тимек. 

 

— Амалдары айқын. Қышқаштай екі бүйірден алмақ қой. 



 

— Солай тәрізді. 

 

— Дегендері болса игі ед-ті!.. — Жоламан  кенет Байтабынға тесіле қарады.  



— Ақбөкенді көре алдың ба? 

 

Тегеурінді  жігіт  бұл  сұрақтан  иығын  қара  тас  басқандай,  әп-сәтте  жүдей 



қалды. 

 

— Жж-жоқ... 



 

Ақбөкен  Табын  руының  бір  момын  адамының  жалғыз  қызы.  Бесіктен 

шықпай жатып нағашысы Жоламан оны Байтабынға айттырған-ды. Өзі аққудың 

көгілдіріндей  әдемі  болып  өсті.  Мал  баққан  ата-ананың  осы  жалғызына  бір 

үлкен аста Серғазы ханның көзі түседі. Аста бәйгеден келген Табын руының аты 

шулы  қара  көк  ақалтекесінен  көрі,  ханды  осы  атқа  шапқан  сегіз  жасар 

бүлдіршіндей  ерке-шора  қыз  таң  қалдырады.  Қыздың  бой  тұлғасы  өзгеше  еді. 

Анау-мынау  бала  жігіттер  шыдай  алмайтын  алыс  ат  жарысына  сегіз  жасар 

Ақбөкен  шыдады.  Қыз  тани  білетін  Серғазының  қырағы  көзі  осы  сұлу  пішінді 

балдырған жасты бірден шалады. Түбі осы қыздан бір ғажайып көрікті, не өнері 

асқан  әйел  шығатынын  айтпай  ұғады.  Содан  кейін  барып...  ас  бітпей  хан  

Ақбөкеннің  әкесіне  өзін  төлеңгіт  етіп  алатынын  білдіріп  «біздің  ауылға  көш» 

деді.  Хан  әмірі  екі  болған  ба,  үш-төрт  күннен  кейін  момын  Жантемір  Серғазы 

ауылына көшті. Ханға төлеңгіт болған адамның, өз бетімен қыз беріп, қыз алуға  

                                                 

1

 І ш т е с е р — штюцер мылтықтың қазақша аты. 



44 

Әдеби KZ 

құқы  жоқ.  Бәрін хан  шешеді. Жантемір  де  осы  салтты  сақтап  азын-аулақ  алған 

қалың  малын  Жоламанның  туған  апасы,  Байтабынның  жесір  қалған  шешесі 

Күнкейге  қайтып  берген.  Ауылдас  болып,  өзінің  Байтабынға  айттырылғанын 

білетін Ақбөкен оған деген отты сезімі оянбаса да, біртүрлі жылы тартып, іштей 

оны  өзіндік  санап,  жақсы  көре  бастаған.  Кенет  тағдырының  неге  өзгергенін 

анық  түсінбесе  де  әйтеуір  бір  сұмдықтың  болғанын  сезіп,  қимастықпенен 

жылай-жылай кете барған. 

 

Бұл уақиға бір тайпы елдің биі, сұлтаны Жоламанға қатты батқан. Өр көңілді 



батыр, намысқа шауып өте қорланған. Бірақ амал не, іш қазандай қайнағанмен, 

ер  намысынан  көрі  ел  намысын  жоқтар  заманда  ханға  қол  жинап  қарсы  шыға 

алмады.  Әйткенмен  іштегі  ыза  өшпейтін  кекке  айналған.  Жоламан  батырдың 

Серғазы ханға өте-мөте өшігуінің де бір себебі осы еді. 

 

Сөйткен  Ақбөкен  үріп  ауызға  салардай  асқан  сұлу  қыз  болды.  Жүйрік 



үйретер өжеттігі де жұрт аузындағы жырға айнала бастаған. Өмір деген теңіз де, 

адам  желкен  қайық  тәрізді,  тағдыр  желі  айдаса  кездеспей  тұрмайды.  Кіші 

жүздің көп рулары кей жылдары бас қосып қалған қан жайлауларда Байтабын 

мен  Ақбөкен  де  үш-төрт  рет  ұшырасқан.  Бір  кездегі  балалық  жылы  сезім  енді 

лапылдаған жалынға айналған. Бірақ жастар ашық қауышып кете алмаған. Екеуі 

осындай  қайғы  шешілмеген  өре-шөреде  жүргендерінде,  Ақбөкен  он  алтыға 

жетті.  Кәрі  тарлан  Серғазы  алыстан  болжаған  екен.  Бүкіл  Жайық,  Елек,  Жем 

бойының  жігіттеріне  арманға  теңелген  Ақбөкенді  Серғазы  ханның  өзі 

тоқалдыққа алады екен деген сыбыс бір күні елге жайылды. Ханның тоқал алуы 

жұртқа  бәлендей  қауесет  хабар  емес,  бірақ  осы  суық  сөзден  Байтабын  біреу 

қойнына жылан салып жібергендей ыршып түсіп, сенделіп барып жер бауырлап 

жатып  алды.  Бұл  хабарды  естіген  Жоламан  Байтабыннан  қатты  қиналды.  Ыза 



45 

Әдеби KZ 

мен кек, қорлық бәрі жүрегіне біздей қадалып, жанын қоярға жер тапқызбады. 

Үйінде жатқан жиенін шақырып алды да жұрт көзінше: 

 

— Бізге қарсы Орынбордан солдат шықты деген сыбыс бар. Серғазы төбеттің 



аулына  астыртын  барып  қайт,  анығын  біл.  Және  біздің  губернаторға  жазған 

хатымыздан не дерек бар екен, соны да сұрастыра кел, — деді. 

 

Жұрт кетіп, Байтабын екеуі оңаша қалғанда: 



 

—  Қарашығым,  бақыт  деген  бір  қоңыр  қаз,  ер  жігіт  оған  тұзақ  сала  ма,  тор 

құра  ма,  ұстай  білуі  керек,  —  деп  күрсінген.  —  Сен  қос  қылаңды  ал  да, 

Серғазының  аулына  жет.  Ақбөкен  көнсе  алып  қаш,  көнбейтін  түрі  болса... 

Серғазы  сұмырай  қашан  ұзатып  алмақшы  екен,  соны  біл, сегіз  жүз  жылқымды 

құрбан етсем де, ауылын шауып, құдай қосқан қалыңдығыңды тал түсте тартып 

әперем. 

 

Қос қылаңы — Жоламанның ұшқан құспен жарысар бедеулері еді. Байтабын 



жұрт көзіне түспес үшін, қасына жігіт ертпей, сол түнде-ақ жүріп кеткен. Серғазы 

аулына  жақындағанда,  ханның  бүгін-ертең  Ақбөкенді  алмақ  болып  жатқанын 

естіді.  Оның  үстіне  Жоламан  аулын  шабуға  осыдан  үш  күн  бұрын  екі  жасақ 

шыққанын  білді.  Бұл  жақта  енді  аялдаса  аулының  қан  болатынын  түсінді. 

Ақбөкен  арманы  қаншама  жанын  жегенмен,  ел-жұртын  апатқа  қимады.  Қос 

қылаңды  кезектете  ауыстырып  мініп,  кейін  шапты.  Біреуін  зорықтырып  жолға 

тастап, екіншісімен жеткен еді. 

 

—  Қалай  жолыға  алмадың?  —  деді  Жоламан  жиенін  жұбатайын  деген 



ойменен. 

 

—  Көке,  ел  қырғынға  ұшырағалы  тұрғанда,  —  деді  Байтабын  жүдей,  —  өз 



кеудеме қадалған шөңгені ойлағым келмеді. 

 

—  Айналайын  құлыным,  ел  қамын  ойлар  азаматтың  сөзін  айтып  тұрсың. 



Алайда өзіңе бекем бол, жазылмайтын жара жоқ... 

46 

Әдеби KZ 

 

— Жоқ, көке, бұл жара жазылмайды. 



 

—  Жазылмайды,  дейсің  бе?  Түсінбей  келдім  бе,  жараң  тым  ауыр  екен. 

Жарайды, осы айқастан сау шықсақ, турармыз Серғазының түндігін!.. 

 

Жетіқарақшы  шөміштене,  жұрт  қорғаны  ақсақалдар  да  жиналды.  Бәрі  дөң 



басында  дөңгелене  отырып  кеңеске  кірісті.  Жоламан  бар  жайды  айтып  беріп, 

ақыл  сұрады.  Бие  сауымындай  кеңесіп  үлкендер  қауымының  шешкені  мынау 

болды:  Табын  көшіне  енді  бұл  арада  қалуға  болмайды,  бала-шағаны  қырып 

алмас  үшін,  тоқ  етер  шешімге  келгенше  қалың  ел  осыдан  күншілік  жердегі 

Мұғажар  тауының  батыс  саласындағы  ну  жыңғылға  көшіп,  әзірге  бой  тасалай 

тұрғаны  жөн.  Қазір  найза  ұстаған  мың  сарбаз  бар.  Бес  жүзін  саралап  алып 

жауды  осы  арада  қарсы  алу  керек.  Ал  қалған  бес  жүзі  —  заман  қандай,  заң 

қандай, — жау жасағы торып алдарынан шығар болса, төтеп беру үшін көшпен 

бірге аттануға тиіс. Жоламан ойынша солдаттар осы араға таң ата жетуге тиісті. 

Мүмкін  ат  ауыстырып  отырса  түнделетіп  те  келіп  қалулары  ғажап  емес. 

Сондықтан көш қозғалысымен жауды жаңылдыру үшін, он шақты жігіт әр жерге 

көптеген  от  жағып.  ауыл  әзір  қозғала  қоймағанын  аңғартар  жалған  көрініс 

жасауға осы арада қалғаны дұрыс... 

 

Осындай шешімге келген ақсақалдар өздерінің көштеріне қарай беттеді. 



 

Жоламан мен Байтабын жігіттерін бөлуге кірісті. Найза ұстаған, білте мылтық 

асынған  сарбаздар  алдарынан  сап-сап  болып  өтіп  жатты.  Кейбіреулерінің 

арқаларына  таңған  қалқандарының  дөңгелек  күміс  шұғымдары  ай  сәулесімен 

ойнап  жалт-жұлт  етеді.  Жоламан  оң  қолын  көтерген  сап  көшке  бұрылып,  сол 

қолын көтергені осы төбенің етегінде қалып жатыр. 

 

Бие  сауымы  өтпей,  қалатын  жауынгерлер  таңдалып  алынып,  көштің  алды 



қозғала бастады. Үрейлі атүсті өмірге дағдыланған жұрт, үн-түнсіз шұбырып кете 

47 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет