Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет39/316
Дата25.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#125998
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   316
Әдеби KZ
 
 
жеткіліксіз. Бастары қосылмай жүрген рулары болмаса, соңынан тұтаса ерген елі 
жоқ. Ал ел деген не? Ойынан шықпасаң, сенен үрки жөнелуге бар. Мына Ақжол 
бидің 
айтып 
отырғанын 
ескермей 
көрші, 
бүкіл 
Ар- 
ғын, Найман, Қоңырат болып ши шығаруға дайын. Барақ баласы Жәнібектің, Болат 
баласы Керейдің күткені де осы. Көптен бері Жәнібек пен Керей осы рулардың 
сөзін сөйлеп, сойылын соғып өздеріне баурап жүр. Азғантай мүлт кетсең, 
оқыралаған өгіздей мөңки тулап, жұртты бөліп әкеткелі тұр. Сонда не істеу керек? 
Арғыннан қорқып Қыпшақ батырының сөзін аяқсыз тастау керек пе? Жоқ, өйтуге 
болмайды. Қазіргі арқа сүйерім, бұрынғыдай Маңғыт емес, жошын Қыпшақ! 
Қыпшақ менің қазір қанды шоқпарым. Оны дұрыс сілтей білсем, әлі де болса 
талай Жәнібек, Керейлердің басын домалата алам. Демек, шешім қандай болуға 
тиісті? Екі жақ менен бірдей жауап күтуде ғой». 
Әбілқайырдың іркіп отырған ойын кенет сықырлай ашылған есік үні бұзып 
кетті. Хан төмен түсіп кеткен басын көтеріп есік жаққа қарады. Жақында қайтыс 
болған Шах-Будақ сұлтаннан туған жеті жасар немересі Мұхамед-Шайбани екен. 
Атасы хан, нағашысы бүкіл Алтын ханның бас батыры Домбалық батыр 
болғандықтан, Әбілқайырдың бұл немересі өз балаларынан да анағұрлым ерке, 
тентек. Және хан да оны ерекше жақсы көретін. Бала есік алдында тұрған 
пасбандарға 
1
, үй іші толған бек, сұлтан, әмір, хакім, батырларға қарамастан үйге 
кірген бетімен өзгелерді баса-көктей алтын тақтың жанына бір-ақ жетті. Атасы 
Әбілқайырға еркелей: 
— Тарланкөк тым асау екен, бие сауымдай мезгіл шаптым. Бірақ мені түсіріп 
кете алмады, — деді мақтана, — бәрібір мен оны үйретіп аламын! 
— Кезің келгенде бұл дозақтың отына сен де күйерсің, әзірге ойнай бер. Бара ғой. 
— Қайдағы дозақ? — Бала атасына еркелей қарады. — Мен хан болғанда ол 
дозақты жұмаққа айналдырам. Көр де тұр? 
1
П а с б а н — (көне түркі тілі) күзетші деген сөз. 


41 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет