Көз тамшылары Сапа көрсеткіштері: Стерильділік



бет2/3
Дата26.12.2023
өлшемі15,14 Kb.
#144058
түріҚұрамы
1   2   3
Байланысты:
Қази Гүлмарал 4 сабақ

2.Параметрлері:
Көз тамшылары - Guttae ophthalmіcaе. Көз тамшылары сулы немесе
майлы ерітінділер, дәрілік заттардың майдағы суспензиясы.
Көз тамшыларын стерильді пипетка көмегімен көздің шырышты
қабығына енгізеді. Қысқа мерзім аралығында қолдану есебімен көз
тамшыларын аз (5-10 мл) көлемде белгілейді.
Көз тамшылары түрінде әртүрлі дәрілік заттардың ерітінділері
қолданылады. Олардың көбі тұрақсыз және жоғары температура, жарық, микрофлоралар және басқа факторлардың әсерінен өзгереді немесе бұзылады.
Жиі көз тамшыларын витаминдермен (аскорбин қышқылы, тиамин
бромиді, рибофлавин), алкалоид тұздарымен (атропин сулфаты, пилокарпин гидрохлориді және басқалар), антибиотиктермен (бензилпенициллин,левомицетин, неомицин және басқалар), мырыш сульфатымен, борқышқылымен, сульфацил-натриймен белгілейді.
Көз тамшыларына, көзге басуға арналған ерітінділерге келесі талаптар қойылады: стерильділік, тұрақтылық, қарусыз көзбен көрінетін механикалық қоспалардың болмауы және изотондық
Көзге арналған дәрілік түрлердің сапасын бағалау. Көз тамшылары
мен көзге арналған ерітінділердің сапасын қамтамасыз ету құралдары мен
тәсілдерінің қазіргі кездегі көрсеткіштері 24 кестеде көрсетілген.
Көзге арналған дәрілік түрлердің технологиясын жетілдіру
бағыттары.
Көзге арналған дәрілік түрлердің сапасын және технологиясын
жетілдіруді келесі бағыттармен дамытқан ұтымды:
- көз тамшыларын фильтрлеу, дозалау, орамдау, стерильдеу үшін
ықшамды, жоғары өнімді, сенімді және қарапайым қондырғылар мен
аппараттарды дамыту;
- жаңа жетілген қосымша заттарды биоадекватты табиғи полимер
коллаген, полисахарид аубазидан, карбопол және басқа қосымша
заттарды консервант, тұрақтандырғыш, буферлі еріткіштер,
пролонгаторлар ретінде қолдану;


3.Операция:
офтальмологиялық ерітінділерді өндірудің технологиялық схемасы
1-кезең шикізат, аралық өнімдер
Автоматты желілерде көз тамшыларын өндіру ,өндіріс процесінде бақылау "Ботлпак" материалдары жұмыс істейтін және қосалқы заттар
2-кезең шикізатты дайындау: таразы шикізат мөлшері тазартылған су
3-кезең инъекцияға арналған суды дайындау: кері осмос орнату, өлшегіш.Стерильділік, пирогенділік, еріту көлемі.
4-кезең бу жейдесі бар реакторды, сүзгіні ,Миллипорды дайындау және сүзу " шикізатты кіріс бақылауы, еріту режимін бақылау, сүзу кезіндегі қысым, жартылай өнімді бақылау
5-кезең полиэтилен құтыларын дайындау және оларды толтыру."Ботлпак" желісі толтыру көлемін бақылау,дайын өнімді орау 6-кезең Бумаларға ампулаларды таңбалау және буып-түю, буманы қолдануға арналған нұсқаулықтар,жазулар салуға арналған Автомат, буып-түю үстелі жиынтықтылығы, қорапты таңбалаудың дұрыстығы, топтық этикеткалар
7-кезең қорапқа бумаларды буып-түю үстелі жиынтықтылығы, басып шығарудың дұрыстығы (атауы, көлемі, серия нөмірі) дайын өнімді бақылау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет