Көз тамшылары Сапа көрсеткіштері: Стерильділік



бет1/3
Дата26.12.2023
өлшемі15,14 Kb.
#144058
түріҚұрамы
  1   2   3


Орындаған:Қази Гүлмарал
Тфп21-003
Көз тамшылары
Сапа көрсеткіштері:
1.Стерильділік (орауышты
ашқанға дейінгі)-асептикалық жағдайда дайындау,стерильдеу
Микроорганизмдерге тұрақтылығы (орауышты ашқаннан кейін)-ерітінділер құрамына консерванттар енгізу
Көз тамшыларының және басуға арналған
ерітінділердің стерильділігін қамтамасыз ету үшін, оларды асептикалық жағдайда дайындайды.
Микроорганизмдерді және олардың спораларын ұстап қалатын мембранды және терең қабатты
фильтрлер көмегімен (стерильді фильтрлеу) стерильдейді.

2.Химиялық тұрақтылық-ерітінді құрамына буферлі еріткіштер,


антиоксиданттар және басқа тұрақтанғыштар енгізу.
Жылумен стерильдеу кезінде гидролиз, сабындану, дәрілік заттардың тотығуы реакцияларының жылдамдығы артады. Сондықтан көптеген көз тамшыларын тұрақтандырады.
Шаншуға арналған ерітінділердегідей, шартты түрде, тұрақтандыруды қажет ететін көзге арналған ерітінділерді үш топқа бөледі: әлсіз негізбен және күшті қышқылдан тұратын тұздар, күшті негізден және әлсіз қышқылдан түзілген тұздар, жеңіл тотығатын заттар.

3.Комфорттылығы (көз ерітінділердің осмостық қысымы және рН


мәні көз жасы сұйықтығына сәйкес келуі)-ерітінді құрамына изотондаушы заттар,буферлі еріткіштер енгізу.Көптеген көз тамшылары инстилляциялау кезінде қолайсыз сезім, әдебиеттерде көрсетілгендей, дискомфортты құбылыстар, көзге арналған ерітінділердің осмостық қысымы және pH мәнінің көз жасы сұйығының мәндеріне сәйкес келмегенімен түсіндіріледі.
Көз жасы сұйықтығының осмостық қысымы нормада, қан плазмасының және (0,9 %) натрий хлориді ерітіндісің осмостық қысымына сәйкес.

4.Әсерін ұзарту-ерітінділер құрамына пролонгаторлар енгізу


Сулы ерітінділерді жиі инстилляциялау, құрамында лизоцим бар көз
жасы сұйықтығын жуып, соның әсерінен инфекциялық процестің пайда
болуына жағдай жасайды.
5.Механикалық қоспаның болмауы-фильтрлеу.
Көзге арналған ерітінділердің механикалық қоспамен
ластануы көздің кілегей қабығын қатты тітіркендіреді, механикалық
қоспалардан көзге арналған ерітінділерді (N 3) шыны фильтр, қағаз немесе мембранды фильтрлер арқылы сүзеді.
6.Рационалды орауыш-тамызғыш –флакондар
Көз тамшыларын сыйымдылығы 5-10 мл
флакондарда, резина тығынмен және металл қалпақтармен бекітілген күйінде босатылады. Мұндай орауышта көз тамшыларын жиі қолданған кезде,микроорганизмдермен ластануы мүмкін, яғни қойылатын талаптарға жауап бермейді. Көз тамшыларының орауышы олардың стерильділігін қамтамасыз етуі және қолданғанда ыңғайлы болуы керек.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет