Күрделі кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеудің педагогикалық жүйесі
Күрделі кемістік дегеніміз әрбірін бөлек алғанда аномальдық дамудың құрылымы мен сипатын анықтайтын бірқатар бастапқы ауытқулардың бірігуі.
Зақымданулар бір-біріне көп қырлы ықпал етеді және олар өзара күшейе түседі. Оның соңынан, басқа бір зақымданулардың қарапайым сомалық қосындысымен салыстырғанда сапалық және сандық тұрғыдан айтарлықтай дөрекілік тұрғысындағы кері салдары болуы мүмкін.
Күрделі кемістіктерге ие балалардың пайда болу уақыты бойынша жіктемесін алғаш рет психолог А.В.Ярмоленко жасап ұсынған болатын.
Туа біткен күрделі кемістіктерге ие балалар:мәселен, көру немесе есіту анализаторлары бірдей уақытта туылғаннан зақым алған немесе өте ерте баалық шақ кезеңіндегі кемістіктерге ие балалар
Жүре пайда болған күрделі кемістіктерге ие болған балалар:мұнда бәрдй уақытта және әр түрлі уақытта кемістіктері пайда болған балалар жатады.
Күрделі кемістіктері бар адамдардың зақымдану деңгейі бойынша жіктемесі:
Екі кемістігі айқын көрінген. Мұнда күрделі кемістік, баланың әлеуметтік бейімделуіндегі қиындықтары мен аномальдық дамуының ұүрылымын бірдей дәрежеде анықтайтын екі бұзылуды қамтиды
Күрделенген кемістік болып, бірқатар бастапқы бұзылуларға ие, бірақ оның біреуі негізгісі, жетекшісі болып, екінші бұзылу айқын көрініс таппаған, бірге жүретін сипатқа ие, негізгі жетекші кемістікке ықпал етеді.
Екі немесе одан да көп кемістіктері жеңіл түрде байқалады, бірақ олардың бірігуі тұрақты екінші сатылық ауытқуды шақырады.
Белсенділік танытатын топ
- Салыстырмалы тұрғыдан бейімделуі жеңіл тип
Бейімделуінде қиындықтары бар балалар
Күрделі зақымданулары бар балалардың даму жетістіктеріне сұйене отырып жіктемесін алғаш ұсынған ағылын ғалымы С.Best
Күрделі кемшіліктерге жүргізілетін клиникалық нейропсихологиялық зерттеулерден күрделі кемшіліктер эндогендік және экзогендік факторлардың әсерінен болатыны белгіленген.
Күрделі кемістігі бар балаларға білім беру тарихына көз тастайтын болсақ, алғаш ол соқыркереңдерді оқытуынан басталған. Алғаш рет 1937ж Паркинсон атындағы соқырларға арналған мектепке Лора Бриджмен атты көзі көрмейтін қыз қабылданады. Оның оқытумен мектеп директоры Самуил Гридли Хоув айналысты. Оның алдында 1825 ж дүние жүзі көзі көрмейтіндерге арғанлған шрифті құрастыруға арналған конкурс жариялады.
Соған Луи Брайль деген алты нүктелі шрифті ұсынды. Бұл шрифті ең басты мүмкіншіліктері бағаланбады. Лораны оқытуда бірінші рет осы шрифті қолдану мүмкіндігін көрсеткен Смауил Гридли Хоув болды. Кейіннен Брайльдік шрифті дактильдік әріптермен сәйкестендіріп Лора дактильдік –жанасу сөйлеуді меңгеріп, басқа адамдармен қарым-қатынас жасайтын болды.
Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға жалпы білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес күрделі кемшілігі бар балалар саралап оқыту түрінде білім алады. Барлық арнайы мектептерде күрделі кемістігі бар балаларға арналған сыныптар ашылған. Күрделі кемшілігі бар балаларға арналған көмекші сыныптар құрылады. Мұндай сыныптардағы бала саны көп болмауы тиіс. Арнаулы топтарда алғашқы екі кемшңлңк топтасқан нашар еститін балалар:саңырау және ақыл ой дамуы кешеуілдеген, саңыраулық және психикалық дамуы кешеуілдеген баллар білім алады.
Дамудағы күрделі кемшілікті зерттеудегі аралас пәндердің маңызы өзекті мәселелердің мазмұнына сай дамуында күрделі кемшіл балаларды оқытудың әдіснамалық түрдегі жүйесі психология, педагогика, медициналық блоктағы пәндер, әлеуметтік педагогика пәндерінің қиылысында қарастырылып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |