Күрделі сөздер



бет2/4
Дата15.03.2023
өлшемі309,14 Kb.
#74609
түріҚұрамы
1   2   3   4
Байланысты:
Сөзжасам морфология

Күрделі сөздер бірнеше топқа бөлінеді: 1) Біріккен сөздер (көкжиек, ешқашан, қонақжай, Жетіқарақшы, сексен, Екібастұз, қыстыгүні,биыл т.б. ); 2) Қос сөздер (ата-ана, үлкен-кіші, ине-жіп); 3) Тіркесті сөздер (отыз бес, көк ала, Алматы қаласы); 4) Қысқарған сөздер (колхоз,медколледж, ҚазМУ).

Біріккен сөз сыңарлары дыбыстық құрамын сақтай отырып, бір мағынаға ие болатын сөздер. Мысалы: аққұтан, Темірқазық, киікоты, ханталапай, т.б. Біріккен сөздер әрқашан бірге жазылады: кәсіпорын, ақкөгершін, бұзаубас, т.б.

  • Біріккен сөз екі түрлі болады:
  • 1) кіріккен сөздер;
  • 2) біріккен сөздер.
  • Кіріккен сөз – сыңарлары дыбыстық өзгеріске түсіп, біртұтас лексикалық мағына беретін сөздер. Мысалы, қол+қап = қолғап, ендігіден+әрі = ендігәрі, сегіз+он = сексен, бұл+жыл = биыл, алып+бар = апар, тұрып+кел = түрегел, ащы+тас = ашудас, жаздың+күні = жаздыгүні, Орнын+басар = Орынбасар, Өмірі+ұзақ = Өмірзақ, солай+етіп = сөйтіп, т.б.
  •  
  • Түбір тұлғасы дыбыстық өзгеріске ұшыраған біріккен сөздер дәстүр бойынша бірге жазылады: күздігүніқолғанат, бүгін, қонақасыт.б.
  •  
  •  

Қос сөздер екі сөздің қосарлануынан не бір сөздің қайталануынан жасалады. Қос сөздің екі түрі бар: 1) қайталама қос сөздер; 2) қосарлама қос сөздер.

  • Қос сөздер екі сөздің қосарлануынан не бір сөздің қайталануынан жасалады. Қос сөздің екі түрі бар: 1) қайталама қос сөздер; 2) қосарлама қос сөздер.
  •  
  • Қайталама қос сөздер бір сөздің қайталануынан жасалады: жиі-жиі, әрең-әрең, ойдым-ойдым, мая-мая, көзбе-көз, үйір-үйір, т.б.
  •  
  • 1) Қайталама қос сөздердің жасалу жолдары: қосымшасыз-қосымшалы сөздердің қайталануы: тау-тау, қатар-қатар, биік-биік; таудай-таудай, айта-айта, жүгіре-жүгіре, т.б.
  • 2) бір сыңары қосымшалы, бір сыңары қосымшасыз түбірдің қайталануы: жан-жақтан, үй-үйді, бетпе-бет, апа-жезделі, т.б.
  • 3) бір түбірдің әртүрлі қосымша жалғанып қайталануы: жөнді-жөнсіз, айтар-айтпасы, тұрар-тұрмастан, қолы-қолына, т.б.
  • 4) екінші сыңары бірінші сыңарына еліктеу арқылы жасалған қос сөздер: ет-мет, ат-мат, шай-пай, түйе-мүйе, т.б.
  • 5) екінші сыңары дыбыстық өзгеріске ұшырап жасалған қос сөздер: жарқ-жұрқ, сарт-сұрт, жалт-жұлтт.б.
  • 6) күшейткіш буын арқылы жасалған қос сөздер: тап-таза, мөп-мөлдір, сұп-суық, аппақ, көкпеңбек, жып-жылтыр, теп-тереңт.б.​​​​​​​


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет