Байланысты: “Күрделі сөздердің зерттелімі ”Балтабаева Айзада ҚТӘ-21
Ж.Шакенов күрделі сөздерді арнайы зерттеген ғалым. Ол күрделі сөзге төмендегідей анықтама берген : «Күрделі сөз деп екі я одан да артық сөздердің тізбегінен құралып, лексика-грамматикалық мағынасы мен сөйлемдегі қызметі жағынан бөлшектенбей, тұтасымен белгілі бір ұғымның атауы ретінде жұмсалатын тұлғаны айтамыз»- дейді. Мұнда да ғалым күрделі сөздің құрамына лексикалық, грамматикалық тұрғыдағы тұтастығы, сөйлемде бір мүше қызметін атқаруы бір ұғымның аталымы [номинация] қызметін атқаратындығына мән берген [12,53].